ZTEST функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен ZTEST функциясының қолданысы сипатталады.

Z тексеруінің бір жақты ықтималдық мәнін береді. Гипотезалық жиынтық орташа мәні μ 0 берілген жағдайда, ZTEST функциясы үлгілік орташа мән деректер жиынындағы (массивіндегі) бақыланған орташа нәтижелерден үлкен болу ықтималдығын, яғни бақыланған үлгілік орташаны береді.

Екі жақты ықтималдық мәнін есептеу үшін ZTEST функциясы формулада қалай пайдаланылатынын төмендегі "Ескертпелер" бөлімінен қараңыз.

Маңызды : Бұл функция жақсырақ дәлдікті қамтамасыз етуі мүмкін және атаулары қолданысын жақсырақ білдіретін бір немесе бірнеше жаңа функциямен ауыстырылған. Бұл функция кері үйлесімділік үшін әлі қол жетімді болғанымен, қазірден бастап жаңа функцияларды пайдалануды қарастыру керек, өйткені бұл функция Excel бағдарламасының болашақ нұсқаларында қол жетімді болмауы мүмкін.

Жаңа функция туралы қосымша ақпарат үшін Z.TEST функциясы бөлімін қараңыз.

Синтаксис

ZTEST(array,x,[sigma])

ZTEST функция синтаксисінің төмендегідей аргументтері бар:

  • Массив     Міндетті. х мәні салыстырып тексерілетін массив немесе деректер ауқымы.

  • X     Міндетті. Тексерілетін мән.

  • Сигма    Міндетті емес. Жиынтықтан (белгілі) стандартты ауытқу. Егер есепке алынбаса, үлгілік стандартты ауытқу пайдаланылады.

Ескертпелер

  • Егер «массив» дәлелі бос болса, ZTEST функциясы #N/A! қате мәнін береді.

  • «Сигма» аргументі есепке алынған жағдайда, ZTEST функциясы келесі жолмен есептеледі:

    Формула

    немесе «сигма» аргументі есепке алынбаған жағдайда:

    Формула

    мұнда, x – AVERAGE(массив) үлгілік орташа мәні; s – STDEV(массив) үлгілік стандартты ауытқуы, ал n 01 – COUNT(массив) үлгісіндегі бақылау саны.

  • Негізгі жиынтықтың орташа мәні μ0 болғанда, ZTEST функциясы үлгілік орташа мәннің AVERAGE(массив) бақыланған мәнінен үлкен болу ықтималдығын көрсетеді. Қалыпты үлестірімнің симметриясы тұрғысынан, егер AVERAGE(массив) < μ 0 болса, ZTEST функциясы 0,5 мәнінен үлкен бір мәнді береді.

  • Негізгі жиынтықтың орташа мәні μ0 болғанда (кез келген бағытта), үлгілік орташа мәннің μ0 мәнінен AVERAGE(массив) мәніне қарағанда алысырақ болуының екі жақты ықтималдығын есептеу үшін төмендегі Excel өрнегін пайдалануға болады:

    =2 * MIN(ZTEST(массив,μ0,сигма), 1 - ZTEST(массив,μ0,сигма)).

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

3

6

7

8

6

5

4

2

1

9

Формула

Сипаттамасы (Нәтижесі)

Нәтиже

=ZTEST(A2:A11,4)

Гипотезалық жиынтық орташа мәні 4 болғандағы жоғарыда көрсетілген деректер жиынының z тексеруінің бір жақты ықтималдық мәні (0,090574)

0,090574

=2 * MIN(ZTEST(A2:A11,4), 1 - ZTEST(A2:A11,4))

Гипотезалық жиынтық орташа мәні 4 болғандағы жоғарыда көрсетілген деректер жиынының z тексеруінің екі жақты ықтималдық мәні (0,181148)

0,181148

=ZTEST(A2:A11,6)

Гипотезалық жиынтық орташа мәні 6 болғандағы жоғарыда көрсетілген деректер жиынының z тексеруінің бір жақты ықтималдық мәні (0,863043)

0,863043

=2 * MIN(ZTEST(A2:A11,6), 1 - ZTEST(A2:A11,6))

Гипотезалық жиынтық орташа мәні 6 болғандағы жоғарыда көрсетілген деректер жиынының z тексеруінің екі жақты ықтималдық мәні (0,273913)

0,273913

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×