XML кестесінің деректері мен орналасуын пішімдеу

  1. Әзірлеуші қойындысы қатынаулы болмаса, оны бейнелеу үшін төмендегілерді орындаңыз:

    1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Excel параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    2. Жиі қолданылатын санатының Excel бағдарламасымен жұмыс істеуге арналған негізгі параметрлер астындағы Таспада Әзірлеуші қойындысын көрсету параметріне құсбелгіні қойып, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

  2. XML кестесінде ұяшықты таңдаңыз.

  3. Қажет XML құрылымын таңдау үшін, құрылымдалған ұяшықты нұқыңыз.

  4. Әзірлеуші қойындысының XML тобындағы Құрылым сипаттары түймешігін басыңыз.

    Таспадағы XML тобы

  5. XML құрылымы сипаттары тілқатысу терезесінде төмендегілердің біреуін немесе бірнешеуін орындаңыз:

    Баған енін лайықтау    

    1. XML деректерін жаңартқан кезде дәл қиыстыратындай баған ендерін автоматты түрде лайықтау үшін, осы параметрді таңдаңыз. Бұл әдепкі параметр.

      Ескерту :  Бағанның ең үлкен ені бейнебет енінің үштен екісі.

    2. XML деректерін жаңартқан кезде дәл қиыстыратындай баған ендерінің автоматты түрде лайықталуын болдырмау үшін, осы параметрден құсбелгіні алыңыз.

      Баған сүзгісін сақтау    

    3. XML деректерін жаңартқан кезде сұрыптау реті мен қолданылған сүзгілерін сақтау үшін, осы параметрді таңдаңыз. Бұл әдепкі параметр.

    4. XML деректерін жаңартқан кезде сұрыптау реті мен қолданылған сүзгілерін елемеу үшін, осы параметрден құсбелгіні алыңыз.

      Нөмір пішімдеуін сақтау    

    5. XML деректерін жаңартқан кезде нөмір пішімдеуін сақтау үшін, осы параметрді таңдаңыз. Бұл әдепкі параметр.

    6. XML деректерін жаңартқан кезде нөмір пішімдеуін елемеу үшін, осы параметрден құсбелгіні алыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×