WordArt нысаны немесе мәтінге бояу, құрылым, әсерді қосу немесе жою

WordArt нысаны немесе мәтін көрінісін оның бояуын, құрылымын өзгерту немесе көлеңке, бейне көрініс, жарқындық, үш өлшемдік (3-D) бұру, жақтау секілді әсерді қосу арқылы өзгерте аласыз. Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасында бұл өзгерістерді слайд мәтініне де жасай аласыз.

Осы мақалада

Бояу, құрылым және әсерлер туралы жалпы түсінік

WordArt нысаны немесе мәтінге бояуды қосу немесе өзгерту

WordArt нысаны немесе мәтінге құрылымын қосу немесе өзгерту

WordArt нысаны немесе мәтінге әсерді қосу немесе өзгерту

WordArt нысаны немесе мәтіннен бояуды жою

WordArt нысаны немесе мәтіннен құрылымды жою

WordArt нысаны немесе мәтіннен әсерлерді жою

Бояу, құрылым және әсерлер туралы жалпы түсінік

Бояу — WordArt мәтінінің немесе Office PowerPoint 2007 слайдындағы мәтін әріптерінің ішкі жағы. Мәтіннің бояу түсін өзгерткенде, бояуға сурет құрамы, сурет немесе градиент қоса аласыз. Градиент дегеніміз — түстердің және көлеңкелердің, әдетте, бір түстен екінші түске немесе сол түстің бір реңнен екінші реңге біртіндеп өзгеруі.)

Құрылым — WordArt нысаны немесе мәтіннің әр таңбасының сыртқы жиегі. Мәтін құрылымын өзгерткен кезде, сондай-ақ, сызықтың түсін, енін және мәнерін лайықтай аласыз.

Әсер WordArt мәтініне немесе слайд мәтініне тереңдік немесе айыру қосады. Мәтінге жеке әсерлер тіркесімін мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында қоса аласыз: Excel, Outlook, Word және PowerPoint.

Сондай-ақ, WordArt немесе слайдтағы мәтінді Басты қойындысындағы Қаріп тобынан немесе Office Outlook 2007 үшін Хабар қойындысындағы Негізгі мәтін тобынан параметрлерді қолдана отырып, пішімдей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

WordArt нысаны немесе мәтінге бояуды қосу немесе өзгерту

Мына 2007 Office бағдарламалары үшін: Excel және PowerPoint

  1. Бояу қосылатын WordArt немесе PowerPoint слайдының мәтінін таңдаңыз.

    Бір бояуды мәтіннің бірнеше жеріне қосу үшін, мәтіннің бірінші бөлігін бөлектеңіз де, басқа мәтін бөліктерін таңдаған кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. Сурет салу құралдары бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Мәтін бояуы жанындағы көрсеткіні нұқып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Сурет салу құралдары, Пішім қойындысы

    • Бояу түсін қосу немесе өзгерту үшін, қажетті түсті таңдаңыз. Ешбір бояуды таңдамас үшін, Бояу жоқ түймешігін басыңыз.

      Егер Бояу жоқ параметрін таңдасаңыз, мәтінге алдын ала құрылым қосылмай, мәтін көрінбейді.

      тақырып түсі жоқ түске ауысу үшін, Қосымша бояу түстері параметрін таңдап, не Стандартты қойындысындағы қажетті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысындағы өз түсіңізді араластырыңыз. Егер кейін құжат тақырып өзгертсеңіз, өзгертпелі түстер мен Стандартты қойындысындағы түстер жаңартылмайды.

    • Бояу суретін қосу немесе өзгерту үшін, Сурет параметрін таңдап, қолданылатын суретті қамтитын қалтаны табыңыз да, сурет файлын нұқып, Кірістіру түймешігін басыңыз.

      Егер мәтіннің үзік-үзік бөліктерін белгілеп, сурет бояуын қолдансаңыз, әрбір жеке таңдау толық суретпен толтырылады. Сурет мәтін бөліктеріне жайылмайды.

    • Бояу градиентін қосу немесе өзгерту үшін, Градиент параметрін нұсқап, қажетті градиент түрін нұқыңыз.

      Градиентті баптау үшін, Басқа градиенттік бояулар түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

    • Бояу құрамын қосу немесе өзгерту үшін, Сурет құрамы дегенге нұсқап, қажетті құрамды таңдаңыз.

      Құрамды баптау үшін, Қосымша сурет құрамдары түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

Мына 2007 Office бағдарламалары үшін: Word және Outlook

  1. Бояу қосылатын WordArt мәтінін таңдаңыз.

  2. WordArt нысандарымен жұмыс істеу бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Кескін бояуы параметрін таңдап, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    WordArt құралдары Пішім қойындысының суреті

    • Бояу түсін қосу немесе өзгерту үшін, қажетті түсті таңдаңыз. Ешбір бояуды таңдамас үшін, Бояу жоқ түймешігін басыңыз.

      Егер Бояу жоқпараметрін таңдасаңыз, мәтінге алдын ала құрылым қосылмай, мәтін көрінбейді.

      тақырып түсі жоқ түске өзгерту үшін, Қосымша бояу түстері параметрін таңдап, неСтандартты қойындысындағы қажетті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысындағы өз түсіңізді араластырыңыз. Егер кейін құжат тақырып өзгертсеңіз, өзгертпелі түстер мен Стандартты қойындысындағы түстер жаңартылмайды.

    • Бояу суретін қосу немесе өзгерту үшін, Сурет параметрін таңдап, қолданылатын суретті қамтитын қалтаны табыңыз да, сурет файлын, одан кейін Кірістіру түймешігін басыңыз.

      Егер мәтіннің үзік-үзік бөліктерін белгілеп, сурет бояуын қолдансаңыз, әрбір жеке таңдау толық суретпен толтырылады. Сурет мәтін бөліктеріне жайылмайды.

    • Бояу градиентін қосу немесе өзгерту үшін, Градиент параметрін нұсқап, қажетті градиент түрін нұқыңыз.

      Градиентті баптау үшін, Басқа градиенттік бояулар түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

    • Бояу құрамын қосу немесе өзгерту үшін, Сурет құрамы параметрін нұсқап, қажетті құрамды таңдаңыз.

      Құрамды баптау үшін, Қосымша сурет құрамдары параметрін нұқып, қажетті параметрді таңдаңыз.

    • Әшекейді қосу немесе өзгерту үшін, Әшекей түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

WordArt нысаны немесе мәтінге құрылымын қосу немесе өзгерту

Бұл 2007 Office бағдарламалары үшін: Excel және PowerPoint

  1. Құрылым қосылатын WordArt немесе PowerPoint слайдының мәтінін таңдаңыз.

    Бір құрылымды мәтіннің бірнеше жеріне қосу үшін, мәтіннің бірінші бөлігін бөлектеңіз де, басқа мәтін бөліктерін таңдаған кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. Сурет салу құралдары бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Мәтін контуры жанындағы көрсеткіні нұқып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Сурет салу құралдары, Пішім қойындысы

    • Құрылым түсін қосу немесе өзгерту үшін, қажетті түсті таңдаңыз. Ешбір түсті таңдамас үшін, Контур жоқ түймешігін басыңыз.

      тақырып түсіжоқ түске өзгерту үшін, Қосымша құрылым түстерін параметрін таңдап, не Стандартты қойындысындағы қажетті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысында өз түсіңізді араластырыңыз. Кейінірек құжат тақырыпөзгертсеңіз, өзгертпелі түстер мен Стандартты қойындысындағы түстер жаңартылмайды.

    • Құрылымның қалыңдығын қосу немесе өзгерту үшін, Ені параметрін нұсқап, қажетті қалыңдықты нұқыңыз.

      Қалыңдықты баптау үшін, Қосымша сызықтар түймешігін басып, қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    • Құрылымды нүктелер не пунктирлерге қосу немесе өзгерту үшін, Пунктирлер жолағын нұсқап, қажетті мәнерді нұқыңыз.

      Мәнерді баптау үшін, Қосымша сызықтар түймешігін басып, қажетті параметрлерді таңдаңыз.

Мына 2007 Office бағдарламалары үшін: Word және Outlook

  1. Құрылым қосылатын WordArt мәтінін таңдаңыз.

  2. WordArt нысандарымен жұмыс істеу бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Кескін құрылымы түймешігін басып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    WordArt құралдары Пішім қойындысының суреті

    • Құрылым түсін қосу немесе өзгерту үшін, қажетті түсті нұқыңыз. Ешбір түсті таңдамас үшін, Контур жоқ түймешігін басыңыз.

      тақырып түсіжоқ түске өзгерту үшін, Қосымша құрылым түстерін параметрін таңдап, не Стандартты қойындысындағы қажетті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысындағы өз түсіңізді араластырыңыз. Кейінірек құжат тақырыпөзгертсеңіз, өзгертпелі түстер мен Стандартты қойындысындағы түстер жаңартылмайды.

    • Құрылымның қалыңдығын қосу немесе өзгерту үшін, Ені параметрін нұсқап, қажетті қалыңдықты нұқыңыз.

      Қалыңдықты баптау үшін, Қосымша сызықтар түймешігін басып, қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    • Құрылымды нүктелер мен пунктирлерге қосу немесе өзгерту үшін, Пунктирлер параметрін нұсқап, қажетті мәнерді нұқыңыз.

      Мәнерді баптау үшін, Қосымша сызықтар түймешігін нұқып, қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    • Әшекейді қосу немесе өзгерту үшін, Әшекей түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

WordArt нысаны немесе мәтінге әсерді қосу немесе өзгерту

Бұл 2007 Office бағдарламалары үшін: Excel және PowerPoint

  1. Әсер қосылатын WordArt немесе PowerPoint слайдының мәтінін таңдаңыз.

    Бір әсерді мәтіннің бірнеше жеріне қосу үшін, мәтіннің бірінші бөлігін бөлектеңіз де, басқа мәтін бөліктерін таңдаған кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. Сурет салу құралдары бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Мәтін әсерлері түймешігін басып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Сурет салу құралдары, Пішім қойындысы

    • Көлеңкені қосу немесе өзгерту үшін, Көлеңке параметрін нұсқап, қажетті көлеңкені таңдаңыз.

      Көлеңкені баптау үшін, Көлеңке параметрлері түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

    • Бейне көріністі қосу немесе өзгерту үшін, Шағылысу параметрін нұсқап, қажетті бейне көрініс түрін таңдаңыз.

    • Жарқындықты қосу немесе өзгерту үшін, Жарықтандыру параметрін нұсқап, қажетті жарқындық түрін таңдаңыз.

      Жарқындық түстерін баптау үшін, Жарықтандырудың басқа түстері түймешігін басып, қажетті түсті таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түске өзгерту үшін, Қосымша түстер параметрін таңдап, не Стандартты қойындысындағы қажетті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысында өз түсіңізді араластырыңыз. Егер кейін құжат тақырып өзгертсеңіз, өзгертпелі түстер мен Стандартты қойындысындағы түстер жаңартылмайды.

    • Жиекті қосу немесе өзгерту арқылы мәтінге тереңділік көрінісін беру үшін, Жақтау түймешігін басып, қажетті жақтауды таңдаңыз.

      Жақтауды баптау үшін, Үш өлшемдік параметрлер түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

    • Үш өлшемдік бұруды қосу немесе өзгерту үшін, Үш өлшемдік кескін бұрылысы параметрін нұсқап, қажетті үш өлшемдік бұруды таңдаңыз.

      Үш өлшемдік бұруды баптау үшін, Үш өлшемдік бұру параметрлері түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

    • Мәтін бұрмалауын немесе жолын қосу яки өзгерту үшін, Түрлендіру параметрін нұсқап, қажетті бұрмалау мен жолды таңдаңыз

Ескерту : Бірнеше жеке әсерді қосу арқылы өзгертпелі әсер жасау үшін 2-қадамды қайталаңыз.

Мына 2007 Office бағдарламалары үшін: Word және Outlook

  1. Әсер қосылатын WordArt мәтінін таңдаңыз.

  2. WordArt нысандарымен жұмыс істеу бөлімі астындағы Пішім қойындысында келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Көлеңке әсерлер тобы мен үш өлшемдік әсерлер тобы бейнелері

    • Көлеңкені қосу немесе өзгерту үшін, Көлеңке әсерлері тобында Көлеңке әсерлері түймешігін басып, қажетті көлеңкені таңдаңыз.

      Көлеңке түсін баптау үшін, Көлеңке түсі жолағын нұсқап, қажетті түсті таңдаңыз.

      тақырып түсі жоқ түске өзгерту үшін, Көлеңкенің қосымша түстері параметрін таңдап, не Стандартты қойындысындағы қажетті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысындағы өз түсіңізді араластырыңыз. Егер кейін құжат тақырып өзгертсеңіз, өзгертпелі түстер мен Стандартты қойындысындағы түстер жаңартылмайды.

    • Үш өлшемдік әсер қосу үшін, Үш өлшемдік әсерлер параметрін таңдап, екінші Үш өлшемдік әсерлер түймешігін басып, қажетті параметрді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

WordArt нысаны немесе мәтіннен бояуды жою

Мына 2007 Office бағдарламалары үшін: Excel және PowerPoint

  1. WordArt немесе PowerPoint слайдынан бояуын жою қажет мәтінді таңдаңыз.

    Бір бояуды мәтіннің бірнеше жерінен жою үшін, мәтіннің бірінші бөлігін бөлектеңіз де, басқа мәтін бөліктерін таңдаған кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. Сурет салу құралдары бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Мәтін бояуы жанындағы көрсеткіні нұқып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Сурет салу құралдары, Пішім қойындысы

    • Бояу түсін немесе құрамын жою үшін, басқа бояу түрін таңдаңыз.

      Егер Бояу жоқ параметрін таңдасаңыз, мәтінге алдын ала құрылым қосылмай, мәтін көрінбейді.

    • Градиент бояуын жою үшін, Градиент параметрін таңдап, Градиент жоқ түймешігін басыңыз.

Мына 2007 Office бағдарламалары: Word және Outlook

  1. Бояуы жойылатын WordArt мәтінін таңдаңыз.

  2. WordArt нысандарымен жұмыс істеу бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Кескін бояуы түймешігін басып, Бояу жоқ параметрін таңдаңыз.

    WordArt құралдары Пішім қойындысының суреті

Беттің жоғарғы жағы

WordArt нысаны немесе мәтіннен құрылымды жою

Бұл 2007 Office бағдарламалары үшін: Excel және PowerPoint

  1. WordArt ішіндегі немесе PowerPoint слайдындағы құрылымын жою қажет мәтінді таңдаңыз.

    Бір құрылымды мәтіннің бірнеше жерінен жою үшін, мәтіннің бірінші бөлігін бөлектеңіз де, басқа мәтін бөліктерін таңдаған кезде CTRL пернесін ұстап тұрыңыз.

  2. Сурет салу құралдары бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Мәтін контуры жанындағы көрсеткіні нұқып, Контур жоқ параметрін таңдаңыз.

    Сурет салу құралдары, Пішім қойындысы

Мына 2007 Office бағдарламалары: Word және Outlook

  1. Құрылымы жойылатын WordArt мәтінін таңдаңыз.

  2. WordArt нысандарымен жұмыс істеу бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Кескін құрылымы түймешігін басып, Контур жоқ параметрін таңдаңыз.

    WordArt құралдары Пішім қойындысының суреті

Беттің жоғарғы жағы

WordArt нысаны немесе мәтіннен әсерлерді жою

Бұл 2007 Office бағдарламалары үшін: Excel және PowerPoint

  1. WordArt ішіндегі немесе PowerPoint слайдындағы әсерді жою қажет мәтінді таңдаңыз.

    Бір әсерді мәтіннің бірнеше жерінен жою үшін, мәтіннің бірінші бөлігін бөлектеңіз де, басқа мәтін бөліктерін таңдаған кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. Сурет салу құралдары бөлімі астындағы Пішім қойындысының WordArt мәнерлері тобынан Мәтін әсерлері жанындағы көрсеткіні нұқып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Сурет салу құралдары, Пішім қойындысы

    • Мәтіннен көлеңкені жою үшін, Көлеңке параметрін нұсқап, Көлеңке жоқ түймешігін басыңыз.

    • Мәтіннен бейне көріністі жою үшін, Шағылысу параметрін нұсқап, Шағылысу жоқ түймешігін басыңыз.

    • Мәтіннен жарқындықты жою үшін, Жарықтандыру параметрін нұсқап, Жарықтандыру жоқ түймешігін басыңыз.

    • Мәтіннен жиекті жою үшін, Жақтау параметрін нұсқап, Бедерсіз түймешігін басыңыз.

    • Мәтіннен үш өлшемдік бұруды жою үшін, Үш өлшемдік кескін бұрылысы параметрін нұсқап, Бұрылыссыз түймешігін басыңыз.

    • Мәтіннің жолын немесе бұрмалауын жою үшін, Түрлендіру параметрін нұсқа, Түрлендірусіз түймешігін басыңыз.

Ескерту : Егер бірнеше жеке әсер қосқан болсаңыз, барлық әсерді жою үшін, 2-қадамды қайталаңыз.

Мына 2007 Office бағдарламалары: Word және Outlook

  1. Әсер жойылатын WordArt мәтінін таңдаңыз.

  2. WordArt нысандарымен жұмыс істеу бөлімі астындағы Пішім қойындысында келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Көлеңке әсерлер тобы мен үш өлшемдік әсерлер тобы бейнелері

    • Көлеңкені жою үшін, Көлеңке әсерлері тобында Көлеңке әсерлері параметрін таңдап, Көлеңке жоқ түймешігін басыңыз.

    • Үш өлшемдік әсерді жою үшін, Үш өлшемдік әсерлер параметрін таңдап, екінші Үш өлшемдік әсерлер пәрменінен Үш өлшемдік әсерлер түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×