WordArt нысанын кірістіру

WordArt — мәтінді арнайы әсерлер арқылы ерекшелеудің жылдам жолы. WordArt мәнерін Кірістіру қойындысындағы кейінірек реттеуге болатын WordArt жиынтығынан таңдай аласыз.

Туған күніңмен сөзін тортты айнала әріптеп орналастыратын WordArt мәнері.

  1. Кірістіру > WordArt пәрмендерін орындап, қажетті WordArt мәнерін таңдаңыз.

    Кірістіру қойындысындағы WordArt галереясын табу

    WordArt жиынтығындағы A әрпі терілген мәтінге толықтай қолданылатын әр түрлі сипаттарды көрсетеді.

  2. Мәтінді енгізіңіз.

Кеңес : Таңбаларды да WordArt мәтіні ретінде енгізе аласз. Таңба орналастырылатын орынды басып, Кірістіру қойындысындағы Символ жолағын басыңыз және қажетті таңбаны таңдаңыз.

WordArt нысанын реттеу

WordArt нысанын қисайту үшін пішін параметрлерін қолданып көріп және содан соң мәтіннің өзгермегенін байқауыңыз мүмкін. Оның орнына Сурет салу қойындысындағы мәтін параметрлерін пайдаланыңыз. Пішін параметрлері WordArt мәтініне емес, WordArt нысанының айналасындағы ұяшық пен фонға қолданылады. Сөйтіп,қиғаш не дөңгелектенген WordArt мәтінін құру үшінТүрлендіру мәтін әсерін қосу қажет. Ал WordArt мәтінінің түсін өзгерту үшінМәтін бояуы өрісіне өзгеріс енгізу қажет. Осы өзгерістің екеуін де көрсететін WordArt пішіні осы мақаланың жоғарға жағында орналасқан.

WordArt мәтінін бұруғане оның бағытын айнылдыруға болады. Немесе диаграмма тақырыбын ерекшелеу үшін оны WordArt мәнерімен ауыстыруға болады. Word бағдарламасы уақытты үнемдеп, бар мәтінді WordArt пішініне түрлендіруге мүмкіндік береді.

WordArt пішінін алдыңғы нұсқаларда қолданған болсаңыз, WordArt мәнерлері жаңарталып, түстердің жаңа таңдаулары ұсынылғанын байқайсыз. PowerPoint, Project және Excel бағдарламаларындағы WordArt мәнерлері үлкен мәтіндерге оңтайландырылса, Word және Publisher бағдарламаларындағы WordArt мәнерлері кішкене мәтіндерге арнап оңтайландырылған.

Қиғаш не дөңгелектенген WordArt пішінін құру

  1. WordArt мәнерін таңдаңыз.

    Таңдалған WordArt мәнерлері

    Осы әркетті орындаған кезде Сурет салуПішім қойындысы пайда болады.

  2. Сурет салу пішімі қойындысындағы Мәтін әсерлері тобынан Түрлендіру түймешігін басып, қажетті әсерді таңдаңыз.

    Сурет салу пішімі қойындысының Түрлендіру жиынтығындағы мәтін әсерлері

WordArt мәтінінің түсін өзгерту

  1. Өзгерту қажет WordArt мәтінін не әрпін таңдаңыз.

    Ішінара бөлектелген WordArt мәтіні

    Бұл әрекетті орындаған кезде, Сурет салу Пішім қойындысы пайда болады.

  2. Сурет салу қойындысындағы Мәтін бояуы түймешігін басып, қажетті түсті таңдаңыз.

    Сурет салу құралдары пішімі қойындысында табылған мәтін бояуының түсі жиынтығы

Кеңес : WordArt мәтінінің құрылым жиегін өзгерту үшін Сурет салу пішімі қойындысындағы Мәтін контуры жолағын таңдаңыз.

Word бағдарламасында бар мәтінді WordArt нысанына түрлендіру

  1. WordArt пішініне түрлендірілетін мәтінді таңдаңыз.

  2. Кірістіру қойындысындағы WordArt жолағын басып, қажетті WordArt мәнерін таңдаңыз.

    Кірістіру қойындысындағы WordArt галереясын табу

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×