Word Web App бағдарламасында Өзгертулерді бақылау мүмкіндігін пайдалануға бола ма?

Иә, бірақ есте сақтау қажет екі маңызды нәрсе бар:

  • Word Online бағдарламасында бақыланған өзгерістерді көре алмайсыз, бірақ олар әлі сол жерде. Құжатты бақыланған өзгерістері бар Word Online бағдарламасында ашқанда олар сақталады және енгізілген кез келген өзгерістер де бақыланады. Құжатты Word жұмыс үстелі бағдарламасында ашқанға дейін оларды көрмейсіз.

  • Word Online бағдарламасында Өзгерсітерді бақылау мүмкіндігін қосып немесе өшіре алмайсыз; оны тек Word жұмыс үстелі бағдарламасында орындай аласыз.

  • Өзгерістерді бақылау мүмкіндігі қосулы тұрғанын, ол Word Online бағдарламасының төменгі жағындағы күй жолағынан көрінгенде ғана біле аласыз.

    өзгерістер күйін бақылау

Word Online бағдарламасы, сонымен қатар, комментарийлерді қосу, қарау және жою әрекеттерімен қоса, басқа сараптаушылардан келген комментарийлерге жауап беруге де мүмкіндік береді.

Word жұмыс үстелі бағдарламасы бар болса, Word бағдарламасында ашу пәрменін таңдау арқылы құжатты ашып, өзгерістерді бақылау мүмкіндігін қосыңыз. Тапсырманы орындап, құжатты сақтағаннан кейін, ол Word Online ішінде ашылған жерде сақталып тұрады. Бақыланған өзгерістер сақталады және құжатты Word Online бағдарламасында ашпас бұрын Өзгерістерді бақылау мүмкіндігін қоссаңыз, Word Online бағдарламасында жасалған кез келген өзгерістер де бақыланады.

Word бағдарламасы жоқ болса, Office бағдарламасының соңғы нұсқасын қазір сынап көруге немесе сатып алуға болады.

Кеңес : Office Online бағдарламалары әрдайым жаңа мүмкіндіктермен жаңартылып отырады. Соңғы жаңалықтар мен хабарландыруларды қарау үшін, Office Online блогына жазылыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×