Word Web App бағдарламасында қолтаңба қосуға болады ма?

Word Online бағдарламасында қолтаңба енгізуге арналған пәрмен жоқ, бірақ сіз қолтаңбаңызды сканерлеп, оны құжатқа сурет ретінде қоса аласыз.

Қолмен жазылған қолтаңба жасау немесе кірістіру

Мұны жасау үшін сканнер қажет.

  1. Қолтаңбаңызды бір параққа жазыңыз.

  2. Бетті сканерлеп, оны компьютерге жалпы пішімде сақтаңыз (bmp, .gif, .jpg, немесе .png).

Сканерді қалай падалану керектігін өндіруші нұсқаулығынан немесе веб-беттен қараңыз.

  1. Файлды ашып, сурет өңдеу бағдарламасында кескінді қиып алыңыз.

  2. Файл > Басқаша сақтау параметрінде Компьютер параметрін екі рет басып, кескінді Суреттер қалтасында сақтаңыз.

  3. Құжатқа Word Online бағдарламасы арқылы қолтаңба қосу үшін Құжатты өңдеу > Word Online бағдарламасында өңдеу түймешігін басыңыз. Word Web App бағдарламасында өңдеу пәрменінің көрінісі

  4. Қолтаңбаның құжатқа қойылатын орнын басыңыз.

  5. Кірістіру > Суреттер түймешігін басыңыз.

Word Web App бағдарламасында сурет кірістіру үшін Кірістіру > Сурет түймешігін басыңыз

  1. Қолтаңбаңыз бар суретті таңдап, Ашу түймешігін басыңыз.

Word 2013 бағдарламасы бар болса, қолтаңбамен қосымша әрекеттер жасау үшін соны пайдалануға болады. Жоқ болса, Office бағдарламаларының соңғы нұсқасын қазір пайдаланып көріңіз не сатып алыңыз.

Word Online жаңартуларын жиі жасап тұрамыз. Ең соңғы мүмкіндіктер жайлы хабарламаларды алу үшін Office Online блогына кіріңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×