Word 2010 файлдарында мәтінді және басқа деректерді табу және ауыстыру

Word 2010 файлдарында мәтінді және басқа деректерді табу және ауыстыру

Осы тақырыптың кейбір мазмұны кейбір тілдерге қатысты қолданылмауы мүмкін.

Microsoft Word 2010 бағдарламасын мәтінді, пішімдеуді, еже үзілімдерін, бет үзілімдерін және басқа элементтерді табу және ауыстыру үшін пайдаланыңыз.

Құрамында нақты әріптер немесе әріптер тіркесімі бар сөздерді не сөз тіркестерін табу үшін қойылмалы таңбалар мен кодтар пайдалана отырып іздеуді кеңейтуге болады.

Сондай-ақ, құжаттағы нақты орынды табу үшін Өту пәрменін пайдалануға болады.

Не істегіңіз келеді?

Мәтінді табу

Басқа құжат элементтерін табу

Қосымша іздеу параметрлері

Мәтінді табу және ауыстыру

Нақты пішімдеуді табу және ауыстыру

Нақты әріптерді табу үшін қойылмалы таңбаларды пайдалана отырып іздеу

Мәтінді тауып, ауыстыру үшін қойылмалы таңбалар пайдалану

Табу және ауыстыру қажет элементтер үшін қойылмалы таңбалар

Әріптерді, пішімдеуді, өрістерді немесе нақты таңбаларды табу үшін, кодтарды пайдалану

Нені іздеу немесе Ауыстыру жолағында жұмыс істейтін кодтар

Нені іздеутерезесінде ғана жұмыс істейтін код ( Қойылмалы таңбалар параметрі өшірулі кезде)

Ауыстыру жолағында ғана жұмыс істейтін код

Нақты бетке, кестеге немесе басқа элементке өту

Мәтінді табу

Нақты бір сөздің немесе сөз тіркесінің әрбір көшірмесін жылдам іздей аласыз.

  1. Басты қойындысындағы Өңдеу тобында Табу пәрменін таңдаңыз. Я болмаса CTRL+F пернелер тіркесімін басыңыз.

    Өңдеу тобындағы Табу пәрмені

    Шарлау аумағы ашылады.

  2. Құжатты іздеу жолағында табу керек мәтінді енгізіңіз.

  3. Құжатта көру үшін нәтижені нұқыңыз немесе Келесі іздеу нәтижесі және Алдыңғы іздеу нәтижесі көрсеткілерін нұқып, барлық нәтижелерді шолыңыз.

Ескерту : Егер құжатта өзгерту жасасаңыз және іздеу нәтижелері жоғалса, нәтижелер тізімін көру үшін Шарлау аумағында төмен көрсеткіні нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа құжат элементтерін табу

Кестені, сызбалықты, аңғартпаны, түсіндірмені немесе соңғы түсіндірмені я болмаса теңдеуді іздеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Басты қойындысындағы Өңдеу тобында Табу пәрменін таңдаңыз. Я болмаса CTRL+F пернелер тіркесімін басыңыз.

    Өңдеу тобындағы Табу пәрмені

    Шарлау аумағы ашылады.

  2. Үлкейткіш жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін керек параметрді нұқыңыз.

    Іздеу түймешігінің жанындағы көрсеткі

  3. Құжатта көру үшін нәтижені нұқыңыз немесе Келесі іздеу нәтижесі және Алдыңғы іздеу нәтижесі көрсеткілерін нұқып, барлық нәтижелерді шолыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша іздеу параметрлері

Ескі «Табу» тілқатысу терезесін және оның барлық параметрлерін табу үшін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Басты қойындысындағы Өңдеу тобында Табу жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін Кеңейтілген іздеу түймешігін басыңыз.

  • Шарлау аумағында үлкейткіш жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін Кеңейтілген іздеу түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Егер сізге жай «Регистрді ескеріп» сияқты негізгі параметр қажет болса, үлкейткіш жанындағы көрсеткіні нұқуға, содан кейін Параметрлер пәрменін таңдауға болады.

Мәтінді табу және ауыстыру

  1. Басты қойындысындағы Өңдеу тобында Ауыстыру пәрменін таңдаңыз.

    Өңдеу тобындағы Табу пәрмені

  2. Нені іздеу жолағында іздеу және ауыстыру керек мәтінді енгізіңіз.

  3. Ауыстыру жолағында ауыстыру мәтінін енгізіңіз.

  4. Келесісін табу пәрменін таңдаңыз, содан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бөлектелген мәтінді ауыстыру үшін Ауыстыру түймешігін басыңыз.

    • Құжаттағы мәтіннің барлық даналарын ауыстыру үшін Бәрін ауыстыру түймешігін басыңыз.

    • Мәтіннің данасын өткізу және келесі данаға өту үшін Келесісін табу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Нақты пішімдеуді табу және ауыстыру

Таңба пішімдеуін іздеуге және ауыстыруға немесе жоюға болады. Мысалы, нақты сөзді немесе сөз тіркесін іздеп, қаріп түсін өзгертуге болады я болмаса қалың сияқты нақты пішімдеуді іздеп, оны өзгертуге болады.

  1. Басты қойындысындағы Өңдеу тобында Ауыстыру пәрменін таңдаңыз.

    Өңдеу тобындағы Табу пәрмені

  2. Пішім түймешігі көрінбесе, Қосымша пәрменін таңдаңыз.

  3. Нақты пішімдеуі бар мәтінді іздеу үшін Нені іздеу жолағына мәтінді енгізіңіз. Тек пішімдеуді табу үшін жолақты бос қалдырыңыз.

  4. Пішім түймешігін басып, тауып ауыстырылатын пішімдерді таңдаңыз.

  5. Ауыстыру жолағын нұқып, Пішім түймешігін басып, ауыстыру пішімдерін таңдаңыз.

    Ескерту : Сондай-ақ, мәтінді ауыстыру керек болса, ауыстыру мәтінін Ауыстыру жолағына енгізіңіз.

  6. Көрсетілген пішімдеудің әр данасын тауып, ауыстыру үшін Келесісін табу түймешігін, одан кейін Ауыстыру түймешігін басыңыз. Көрсетілген пішімдеудің барлық данасын ауыстыру үшін Бәрін ауыстыру түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Нақты әріптерді табу үшін қойылмалы таңбаларды пайдалана отырып іздеу

Мәтінді іздеу үшін қойылмалы таңбалар пайдалана аласыз. Мысалы, таңбалар жолын іздеу үшін жұлдызша (*) қойылмалы таңбасын пайдалана аласыз (мысалы, «қ*з» деп жазғанда «құз» және «қазан» сөздерін табады).

Мәтінді тауып, ауыстыру үшін қойылмалы таңбалар пайдалану

  1. Басты қойындысындағы Өңдеу тобында Табу жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін Кеңейтілген іздеу түймешігін басыңыз.

    Өңдеу тобындағы Табу пәрмені

  2. Қойылмалы таңбалар құсбелгісін қойыңыз.

    Қойылмалы таңбалар құсбелгісін көрмесеңіз, Қосымша түймешігін басыңыз.

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  4. Элементті ауыстыру қажет болса, Ауыстыру қойындысын нұқып, Ауыстыру жолағына ауыстыру элементін енгізіңіз.

  5. Келесісін табу, Бәрін табу, Ауыстыру немесе Бәрін ауыстыру түймешігін басыңыз.

    Орындалып жатқан іздеуді тоқтату үшін ESC пернесін басыңыз.

Табу және ауыстыру қажет элементтер үшін қойылмалы таңбалар

Ескерту : 

  • Қойылмалы таңбалар параметрі жанына құсбелгі қойылған кезде, Word бағдарламасы көрсетілген нақты мәтінді ғана табады. Параметрлердің автоматты түрде қосылғанын көрсету үшін Регистрді ескеріп және Тек толық сөздерді табу параметрі жанындағы құсбелгілер қол жетімді емес екенін ескеріңіз. Бұл параметрлерді өшіре алмайсыз.

  • Қойылмалы таңба ретінде анықталған таңбаны іздеу үшін таңба алдында кері қисық сызық (\) таңбасын енгізіңіз. Мысалы, сұрақ белгісін табу үшін \? таңбасын енгізіңіз.

  • Қойылмалы таңбаларды және мәтінді топтап, есептеу ретін көрсету үшін жақшаларды пайдалана аласыз. Мысалы, «босатқан» және «болжатқан» сөздерін табу үшін <(бо)*(қан)> таңбаларын енгізіңіз.

  • Өрнекті іздеу үшін \n қойылмалы таңбасын пайдаланып, оны қайта қойылған өрнекпен ауыстыра аласыз. Мысалы, (Әбенов) (Марат) сөздерін Нені іздеу жолағына енгізіңіз, ал \2 \1 сандарын Ауыстыру жолағына енгізіңіз. Word бағдарламасы Әбенов Марат сөздерін тауып, оны Марат Әбенов ретінде ауыстырады.

Табу үшін

Tүрі

Мысал

Кез келген жалғыз таңба

?

с?м терсеңіз,сом және сұм сөздерін табады.

Таңбалардың кез келген жолы

*

«с*м» терсеңіз «сом» және «сатылым» сөздерін табады.

Сөздің басы

<

<(ұйым) деп терсеңіз, «бұйымдар» сөзін емес, «ұйымшыл» және «ұйымдық» сөздерін табады.

Сөздің соңы

>

(ұйым)> деп терсеңіз, «ұйымшыл» сөзі емес, «ұйым» және «бұйым» сөздерін табады.

Көрсетілген таңбалардың біреуі

[ ]

ж[ао]қ деп терсеңіз, «жақ» және «жоқ» сөздерін табады.

Бұл ауқымдағы кез келген жалғыз таңба

[-]

[б-м]ағым енгізсеңіз, «бағым» және «лағым» сөздерін табады. Ауқымдар артуы бойынша болуы тиіс.

Тік жақшалар ішіндегі ауқымдағы таңбалардан басқа кез келген жалғыз таңба

[!x-z]

а[!б-м]ылын терсеңіз, «айылын» немесе «ақылын» сөздерін емес, «асылын» және «ауылын» сөздерін табады.

Нақты n алдыңғы таңба немесе өрнек көшірмелері

{n}

ә{2}ім деп енгізсеңіз, «әкім» сөзін емес, «әккім» сөзін табады.

Алдыңғы таңбаның немесе өрнектің кемінде n көшірмесі

{n,}

әк{1,}ім деп енгізсеңіз, «әкім» және «әккім» сөздерін табады.

n мәнінен m мәніне дейінгі алдыңғы таңба немесе өрнек көшірмесі

{n,m}

10{1,3} енгізсеңіз, 10, 100, және 1000 сандарын табады.

Алдыңғы таңба немесе өрнектің бір немесе бірнеше көшірмелері

@

сат@ы терсеңіз, «саты» және «сатты» сөздерін табады.

Беттің жоғарғы жағы

Әріптерді, пішімдеуді, өрістерді немесе нақты таңбаларды табу үшін, кодтарды пайдалану

Әріптерді, пішімдеуді, өрістерді немесе арнайы таңбаларды табу үшін төмендегі кодтарды пайдаланыңыз. Кейбір кодтардың тек Қойылмалы таңбалар параметрі қосылған немесе өшірілген кезде ғана жұмыс істейтінін ескеріңіз.

Нені іздеу немесе Ауыстыру жолағында жұмыс істейтін кодтар

Табу үшін

Tүрі

Еже таңбасы ( Абзац белгісі )

^p (Қойылмалы таңбалар параметрі қосулы кезде Нені іздеу жолағында жұмыс істемейді) немесе ^13

Taбуляция таңбасы ( Taбуляция таңбасы )

^t немесе ^9

ASCII таңбасы

^ nnn, мұнда nnn – таңба коды.

ANSI таңбасы

^0 nnn, мұнда 0 – нөл және nnn – таңба коды

Ұзын тире ( — )

^+

Қысқа тире ( – )

^=

Екпін дәйегінің таңбасы

^^

Жол үзілімі ( Жол үзілімі )

^l немесе ^11

Баған үзілімі

^n немесе ^14

Бет немесе бөлім үзілімі

^12 (ауыстырған кезде, бет үзілімі кірістіріледі)

Бет үзілімі

^m (Қойылмалы таңбалар параметрі қосулы кезде бөлім үзілімдерін табады немесе ауыстырады)

Ажыратпас бос орын ( Ажыратпас бос орын )

^s

Ажыратпас сызықшық ( Ажыратпас сызықшық )

^~

Қосымша сызықшық ( Қосымша сызықшық )

^-

Нені іздеутерезесінде ғана жұмыс істейтін код ( Қойылмалы таңбалар параметрі өшірулі кезде)

Табу үшін

Tүрі

Кез келген таңба

^?

Кез келген сан

^#

Кез келген әріп

^$

Сурет немесе сызба (тек кірістірілген)

^g

Түсіндірме таңбасы

^f немесе ^2

Соңғы түсіндірме таңбасы

^e

Өріс (өріс кодтары көрінгенде)

^d немесе ^19 немесе ^21

Аңғартпа (аңғартпалар кірістірілген болғанда)

^a немесе ^5

Бөлім үзілімі

^b

Бос орын

^w (кез келген бос орын немесе кәдімгі және ажыратпас бос орындардың тіркесімі және табуляция таңбалары)

Ауыстыру жолағында ғана жұмыс істейтін код

Табу үшін

Tүрі

Microsoft Windows Аралық сақтағыш мазмұны

^c

Беттің жоғарғы жағы

Нақты бетке, кестеге немесе басқа элементке өту

Қойындылар және бет үзілімдері сияқты арнайы таңбаларды және құжат элементтерін іздеуге және ауыстыруға болады. Мысалы, барлық қос еже үзілімдерін табуға және оларды жалғыз еже үзілімдерімен ауыстыруға болады.

  1. Басты қойындысының Өңдеу тобында Табу пәрменінің жанындағы көрсеткіні нұқыңыз да, Өту пәрменін таңдаңыз.

    Өңдеу тобындағы Табу пәрмені

  2. Неге өту жолағында элемент түрін нұқыңыз.

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Нақты элементке өту үшін Элемент түрін енгізу жолағында элемент үшін тиісті анықтайтын ақпаратты енгізіңіз, содан кейін Өту пәрменін таңдаңыз.

    • Көрсетілген түрі бар келесі немесе алдыңғы элементке өту үшін Енгізу жолағын бос қалдырыңыз, содан кейін Келесі немесе Алдыңғы түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×