Word құжатын InfoPath пішін үлгісіне түрлендіру параметрлері

InfoPath бағдарламасының импорттау шеберін пайдаланып, Microsoft Office Word құжатын Microsoft Office InfoPath пішін үлгісіне түрлендіруге болады. Word құжатын InfoPath бағдарламасына импорттау параметрлеріні өзгерту үшін Импорттау параметрлері тілқатысу терезесіндегі баптауларды пайдаланыңыз.

Сіз нені импорттауды қалайсыз?

Тек қана орналасуды     Егер Word жұмыс кітабын импорттағанда оның орналасуын сақтап қалу керек болса осы параметрді нұқыңыз, бірақ Word пішін өрістері болса, оларды сақтап қалуға болмайды.

Орналасу және пішін өрістері (әдепкі түрлендіру)     Егер Word құжатын импорттағанда оның орналасуын сақтап қалу үшін әдепкі баптауларды пайдалану керек болса, және әдепкі баптауларды пайдаланып оның пішін өрістері мен басқа да элементтерін InfoPath басқару элементтеріне түрлендіру керек болса, осы параметрді таңдаңыз.

Орналасу және пішін өрістері (теңшелетін түрлендіру)      Егер Word құжатын импорттағанда оның орналасуын сақтап қалу қажет болса, осы параметрді таңдаңыз. Сонан соң, Теңшелетін түрлендіру баптаулары дегенді астында қажет болған параметрлерді таңдаңыз.

Теңшелетін түрлендіру баптаулары

Word пішін үлгілерін InfoPath басқару элементтеріне түрлендіру      Егер Word құжатындағы мәтін ұялары, құсбелгі көздері және ашылмалы тізімді өрістерді қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі соларға сай келетін басқару элементтеріне түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз. Мәселен, егер Word құжатында құсбелгі көзі болса, қорытынды пішін үлгісінде да құсбелгі көзі болады.

Қайталама кестелерді табу     Егер Word құжатындағы бір немесе екі бірдей жолдарды қорытынды InfoPath пішін үлгісінде қайталанатын кесте түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз. Егер Word құжатында бірдей мәтінге ие болған бірнеше іргелес жолдар болса, қаріптердің үлкен кішілігіне қарамай сол жолдар бірдей деп табылады. Мәселен, егер көрші жолдардағы үш ұяшықта ЖекеОтбасы, Жеке Отбасы, және Жеке отбасы деген сөздер болса, сол жолдар бірдей жолдар деп табылады. Қайталама кестелерді жасағанда, InfoPath бағдарламасы Word құжатындағы кестеде болған бос жолдардың санын сақтап қалады.

Пішімделген мәтін аумақтарын табу      Егер бірнеше, Word құжатындағы астыңғы сызықтарды қорытынды InfoPath пішін үлгісінің пішімделген мәтін өрістеріне түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз.

Мәтін ұясына түрлендіру

Төменгі параметрлерді түрлендіру үдірісін теңшеу үшін пайдаланыңыз. Бұл параметрлер тек қана Орналасу және пішін өрістері (теңшелетін түрлендіру) параметрі таңдалғанда қатынаулы болады:

Бос, асты сызылған аумақтар      Егер Word құжатындағы бос, асты сызылған аумақтарды қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі мәтін ұяларына түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз. Құжатта қатарынан келген үш яки көбірек астынғы сызықтар ( _ ) болса да, бұл түрлендіру істейді.

Қос нүктелерден кейінгі бос орын      Егер Word құжатындағы қос нүктелерден кейін келетін бос орындарды қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі мәтін ұяларына түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз. Бұл түрлендіру, сондай-ақ, қос нүкте артынан қадамды шегініс шебі мен тұтас штрихты сызықтар яки қатарынан үш немесе көбірек астынғы сызық ( _ ) таңбалары келсе да істейді.

Бос кесте ұяшықтары     > Егер Word құжатындағы төрт таманы жиектермен пішімделген бос ұяшықтарды қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі мәтін ұяларына түрлендіру керек болса, осы құсбелгі көзін белгілеңіз.

Жапсырма мәтін бар кесте ұяшықтары     Егер Word құжатындағы жоғарғы сол бұрышында (яки жоғарғы сол бұрышында, оңнан солға қарай оқылатын тілдерде) жапсырмалар болған кесте ұяшықтарын қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі мәтін ұяларына түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз.

Бірнеше бос орындар төңірегіндегі жақшалар     Егер Word құжатындағы жақшалар [   ] ішіне алынған бірнеше бос орындарды яки қадамды шегіністерді қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі мәтін ұяларына түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз. Егер жақшалар арасында мәтін болса, сол мәтін InfoPath пішін үлгісіндегі толтырғыш мәтінге түрлендіріледі. Егер жақшалар арасында жол үзілімі яки бет үзілімі болса, яки жақшалар арасында 60-тан көп таңбалар болса, жақшалар мәтін ұяларына түрлендірілмейді.

Құсбелгі көзіне түрлендіру

Бір бос орын төңірегіндегі жақшалар      Егер Word құжатындағы жақшалар ішіндегі бір бос орынды [ ] яки астынғы сызығы бар бос орындарды [_] қорытынды InfoPath пішін үлгісіндегі құсбелгі көзіне түрлендіру керек болса, осы параметрге құсбелгі көзін қойыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×