Word параметрлері (Жиі)

Бұл бөлімде

Word бағдарламасымен жұмыс істеуге арналған ең жиі қолданылатын параметрлер

Office бағдарламаңыздың көшірмесін жекелеңіз

Word бағдарламасымен жұмыс істеуге арналған ең жиі қолданылатын параметрлер

Таңдау ішіндегі құралдардың шағын тақтасын көрсету     Мәтінді бөлектеген кезде Құралдардың шағын тақтасы дегенді көрсету үшін осы параметрді таңдаңыз. Құралдардың шағын тақтасы пішімдеу құралдарына жылдам қатынасты береді.

Ортақ алдын ала қарауды қосу     Құжаттағы пішімдеу өзгертулерінің әсерін алдын ала қарау үшін, осы параметрді таңдаңыз.

Таспада жасақтаушы қойындысын көрсету     2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларындағы таспаның Жасақтаушы қойындысын көрсету үшін осы параметрді таңдаңыз. Таспа — Microsoft Office Fluent пайдаланушы интерфейсі пайдаланушы тілдесуінің бір бөлігі. Жасақтаушы қойындысы XML байланысты мүмкіндіктермен қатар макрос пен пішін жасақтау құралдарын қамтиды. Жасақтаушы қойындысын жасыру үшін осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

Үнемі ClearType қолдану     Әдепкі ретінде таңдалады, мәтінді оқу оңайырақ болу үшін, осы параметр ClearType қосады. Егер осы параметрді өзгертетін болсаңыз, ол параметрлер күшіне ену үшін Microsoft Office Word бағдарламасын қайта іске қосуыңыз керек.

Ескертулер : 

  • Бұл параметр барлық Office бағдарламаларына қолданылады.

  • Microsoft Windows XP жүйесі қосылған компьютерлерде бұл параметрді қосу Windows жүйесінің ClearType параметрін ауыстырады. Бұл параметр Microsoft Windows Vista жүйесі қосылған компьютерлерде қатынаусыз.

Электрондық пошта тіркемелерін толық бейнебеттен оқу көрінісінде ашу     Әдепкі ретінде таңдалған бұл параметр Толық бейнебеттен оқу көрінісіндегі құжаттарды электрондық пошта тіркемесінде ашық кезінде бейнелейді. Басып шығару көрінісіндегі электрондық пошта тіркемесін ашу үшін, осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

Түс схемасы    Бағдарламалардың түс схемасын өзгерту үшін, параметрді тізімнен таңдаңыз.

Қалқыма сөзкөмек мәнері     Қосымша көмекші мәлімет және түймешіктердің атауларын бейнелеуді бақылау үшін тізімнен мәнерді таңдаңыз. Қалқыма сөзкөмектегі мүмкіндік сипаттарын көрсету параметрін көмекші мәлімет және атаулар үшін таңдаңыз, Қалқыма сөзкөмектегі мүмкіндік сипаттарын көрсетпеу параметрін түймешік аттары үшін таңдаңыз немесе Қалқыма сөзкөмекті көрсетпеу параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Microsoft Office көшірмесін жекешелендіру

Пайдаланушы атауы     Пайдаланушы атыңызды өзгерту үшін Аты жолағына атты теріңіз.

Ескерту : Мұнда пайда болатын ат түзетулер мүмкіндіктерін пайдалану арқылы құжаттарды сараптаған кезде жасалған түзетулермен салғастырылады. Жасалған құжатыңызбен салғастырылған автор аты да болады. Мысалы, алдын ала жасақталған мұқаба беттері автор атын қосады, Пайдаланушы аты жолағында пайда болатын аттар автоматты түрде пайдаланылады.

Аты-жөні     Пайдаланушы атыңызбен салғастырылған аты-жөнін өзгерту үшін, Аты-жөні жолағында аты-жөніңізді теріңіз.

Ескерту : Құжаттарды сараптау кезінде қосылған аңғартпалармен салғастырылған аты-жөні мұнда пайда болады.

Office бағдарламасымен пайдаланылатын тілдерді таңдау     2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасында пайдаланылатын тілдерге қажет мүмкіндіктерді қосу үшін Тіл параметрлері түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×