Word кестесінде формуланы пайдалану

Формулаларды пайдалана отырып кестеде есептеулерді және логикалық салыстыруларды орындауға болады. Формула пәрмені Кестелермен жұмыс істеу астында Орналасу қойындысындағы Деректер тобында орналасқан.

Word 2010 таспасындағы Кестелермен жұмыс істеу орналасуы қойындысының Деректер тобы

Word бағдарламасындағы формула формула бар құжатты ашқанда автоматты түрде жаңартылады. Сондай-ақ, формула нәтижесін қолмен жаңартуға болады. Қосымша ақпаратты Формула нәтижелерін жаңарту бөлімінен қараңыз.

Ескерту :  Word кестелеріндегі формулалар өріс кодының түрі болып табылады. Өріс кодтары туралы қосымша ақпаратты «Келесіні де көріңіз» бөлімінен қараңыз.

Бұл мақалада:

Кесте ұяшығына формуланы кірістіру

Формула нәтижелерін жаңарту

Нақты формулалардың нәтижесін жаңарту

Кестедегі барлық формула нәтижелерін жаңарту

Құжаттағы барлық формулаларды жаңарту

Формуланы құрсаулау немесе құрсауын ашу

Мысалдар: позициялық аргументтерді пайдалана отырып кестедегі сандарды қосындылау

Қол жетімді функциялар

Формулада бетбелгі атауларын немесе ұяшыққа сілтемелерді пайдалану

RnCn сілтемелері

A1 сілтемелері

Кесте ұяшығына формуланы кірістіру

  1. Нәтиже болуы керек кесте ұяшығын таңдаңыз. Егер ұяшық бос болмаса, оның мазмұнын жойыңыз.

  2. Кестелермен жұмыс істеу астындағы Орналасу қойындысының Деректер тобында Формула түймешігін басыңыз.

  3. Формуланы жасау үшін Формула тілқатысу терезесін пайдаланыңыз. Формула жолағында енгізіп, Сан пішімі тізімінде сан пішімін таңдап, Функцияны қою және Бетбелгіні қою тізімдерін пайдаланып функцияларды және бетбелгілерді қоюға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Формула нәтижелерін жаңарту

Word бағдарламасында формуланың нәтижесі кірістірілген кезде және формула бар құжат ашылғанда есептеледі.

Сондай-ақ, қолмен жаңартуға болады:

  • Бір немесе бірнеше нақты формулалардың нәтижесі.

  • Нақты кестедегі барлық формулалардың нәтижелері.

  • Құжаттағы барлық өріс кодтары, соның ішінде формулалар.

Нақты формулалардың нәтижесін жаңарту

  1. Жаңарту керек формулаларды таңдаңыз. Таңдауларды жасау кезінде CTRL пернесін басып тұрып бірнеше формуланы таңдауға болады.

  2. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Формуланы тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Өрісті жаңарту пәрменін таңдаңыз.

    • F9 пернесін басыңыз.

Кестедегі барлық формула нәтижелерін жаңарту

  • Жаңарту керек формула нәтижелерін қамтитын кестені таңдап, F9 пернесін басыңыз.

Құжаттағы барлық формулаларды жаңарту

Маңызды :  Бұл іс рәсім формулаларды ғана емес, құжаттағы барлық өріс кодтарын жаңартады.

  1. CTRL+A пернелер тіркесімін басыңыз.

  2. F9 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Формуланы құрсаулау немесе құрсауын ашу

Нәтижелерін жаңартуды болдырмау үшін формуланы құлыптауға болады. Сондай-ақ, құрсауланған формуланы құрсаудан шығаруға болады.

  • Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Формуланы құрсаулау    Формуланы таңдап, CTRL+F11 пернелер тіркесімін басыңыз.

    • Құрсауланған формуланың құрсауын ашу    Формуланы таңдап, CTRL+SHIFT+F11 пернелер тіркесімін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мысалдар: позициялық аргументтерді пайдалана отырып кестедегі сандарды қосындылау

Мына функциялармен бірге позициялық аргументтерді (LEFT, RIGHT, ABOVE, BELOW) пайдалануға болады:

  • AVERAGE;

  • COUNT;

  • MAX;

  • MIN;

  • PRODUCT;

  • SUM.

Мысал ретінде, SUM функциясын және позициялық аргументтерді пайдалана отырып сандарды қосу үшін келесі іс рәсімді қарастырыңыз.

Маңызды :  Позициялық аргументтерді пайдалана отырып кестеде қосындылау кезінде қатені болдырмау үшін есептеуге қосылатын барлық бос ұяшыққа нөл (0) санын енгізіңіз.

  1. Нәтиже болуы керек кесте ұяшығын таңдаңыз. Егер ұяшық бос болмаса, оның мазмұнын жойыңыз.

  2. Кестелермен жұмыс істеу астындағы Орналасу қойындысының Деректер тобында Формула түймешігін басыңыз.

  3. Формула тілқатысу терезесінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

Сандарды қосу үшін…

Формула жолағында мынан енгізіңіз

Ұяшықтың үсті

=SUM(ABOVE)

Ұяшықтың асты

=SUM(BELOW)

Ұяшықтың үсті және асты

=SUM(ABOVE,BELOW)

Ұяшықтың сол жағы

=SUM(LEFT)

Ұяшықтың оң жағы

=SUM(RIGHT)

Ұяшықтың сол және оң жағы

=SUM(LEFT,RIGHT)

Ұяшықтың сол жағы және үсті

=SUM(LEFT,ABOVE)

Ұяшықтың оң жағы және үсті

=SUM(RIGHT,ABOVE)

Ұяшықтың сол жағы және асты

=SUM(LEFT,BELOW)

Ұяшықтың оң жағы және асты

=SUM(RIGHT,BELOW)

  1. «Жарайды» түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қол жетімді функциялар

Ескерту :  Позициялық аргументтерді (мысалы, LEFT) пайдаланатын формулалар тақырып жолдарында мәндерді қамтымайды.

Word кесте формулаларында пайдалану үшін келесі функциялар қол жетімді:

Функция

Бұл не істейді

Мысал

Беретін мәні

ABS()

Жақша ішіндегі мәннің абсолютті мәнін есептейді

=ABS(-22)

22

AND()

Жақша ішіндегі аргументтердің барлығы ШЫН ба, соны есептейді.

=AND(SUM(LEFT)<10,SUM(ABOVE)>=5)

формуланың (бір жолда) сол жағындағы мәндердің қосындысы 10-нан азырақ болса және формула үстіндегі (бір бағанда, кез келген тақырып ұяшығын қоспағанда) мәндердің қосындысы 5-тен үлкен немесе тең болса 1 болады; әйтпесе 0 болады.

AVERAGE()

Жақша ішінде берілген элементтердің орташа мәнін есептейді.

=AVERAGE(RIGHT)

Бір жолдағы, формула ұяшығының оң жағындағы барлық мәндердің орташа мәні.

COUNT()

Жақша ішінде берілген элементтердің санын есептейді.

=COUNT(LEFT)

Бір жолдағы, формула ұяшығының сол жағында мәндердің саны.

DEFINED()

Жақша ішіндегі аргумент анықталған ба, соны есептейді. Аргумент анықталған және қатесіз есептелетін болса, 1 мәнін береді, аргумент анықталмаған болса немесе қате берсе 0 мәнін береді.

=DEFINED(gross_income)

1, егер gross_income анықталған және қатесіз есептелетін болса; әйтпесе, 0.

FALSE

Аргументтерді қабылдамайды. Әрқашан 0 мәнін береді.

=FALSE

0

IF()

Бірінші аргументті есептейді. Бірінші аргумент шын болса, екінші аргументті береді, бірінші аргумент өтірік болса, үшінші аргументті береді.

Ескерту :  Дәл үш аргументті қажет етеді.

=IF(SUM(LEFT)>=10,10,0)

Формуланың сол жағындағы мәндердің қосындысы кемінде 10 болса – 10; әйтпесе – 0.

INT()

Жақша ішіндегі мәнді ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектейді.

=INT(5.67)

5

MAX()

Жақша ішінде берілген элементтердің ең көп санын береді.

=MAX(ABOVE)

Формула үстіндегі ұяшықтарда табылған ең көп мән (кез келген тақырып жолдарын қоспағанда).

MIN()

Жақша ішінде берілген элементтердің ең аз санын береді.

=MIN(ABOVE)

Формула үстіндегі ұяшықтарда табылған ең аз мән (кез келген тақырып жолдарын қоспағанда).

MOD()

Екі аргументті (сандар болуы керек немесе сандар болып есептелуі керек) қабылдайды. Екінші аргументті біріншісіне бөлгеннен кейінгі қалдықты береді. Қалдық 0 (нөл) болса, 0,0 санын береді

=MOD(4,2)

0.0

NOT()

Бір аргументті қабылдайды. Аргумент шын ба, соны бағалайды. Аргумент шын болса 0 санын, өтірік болса 1 санын береді. Негізінен IF формуласында пайдаланылады.

=NOT(1=1)

0

OR()

Екі аргументті қабылдайды. Екеуінің біреуі шын болса, 1 санын береді. Екеуі де өтірік болса, 0 санын береді. Негізінен IF формуласында пайдаланылады.

=OR(1=1,1=5)

1

PRODUCT()

Жақша ішінде берілген элементтердің көбейтіндісін есептейді.

=PRODUCT(LEFT)

Формуланың сол жағындағы ұяшықтарда орналасқан барлық мәндерді көбейтудің нәтижесі.

ROUND()

Екі аргументті қабылдайды (бірінші аргумент сан болуы керек немесе сан болып есептелуі керек; екінші аргумент бүтін сан болуы керек немесе бүтін сан болып есептелуі керек). Бірінші аргументті екінші аргументте көрсетілген таңбалар санына дейін дөңгелектейді. Екінші аргумент нөлден (0) үлкен болса, бірінші аргумент көрсетілген таңбалар санына дейін дөңгелектеледі. Екінші аргумент нөл (0) болса, бірінші аргумент ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеледі. Екінші аргумент теріс болса, бірінші аргумент ондық санның сол жағында дөңгелектеледі.

=ROUND(123,456, 2)

=ROUND(123,456, 0)

=ROUND(123,456, -2)

123,46

123

100

SIGN()

Сан болуы керек немесе сан болып есептелуі керек бір аргументті қабылдайды. Жақшалар ішінде берілген элемент нөлден (0) үлкен, тең немесе азырақ екенін есептейді. Нөлден үлкен болса 1 санын, нөл болса 0 санын, нөлден азырақ болса -1 санын береді.

=SIGN(-11)

-1

SUM()

Жақша ішінде берілген элементтердің қосындысын есептейді.

=SUM(RIGHT)

Формуланың оң жағындағы ұяшықтардың мәндерінің қосындысы.

TRUE()

Бір аргументті қабылдайды. Аргумент шын ба, соны бағалайды. Аргумент шын болса 1 санын, өтірік болса 0 санын береді. Негізінен IF формуласында пайдаланылады.

=TRUE(1=0)

0

Беттің жоғарғы жағы

Формулада бетбелгі атауларын немесе ұяшыққа сілтемелерді пайдалану

Бетбелгі қойылған ұяшыққа формулада оның бетбелгі атауын пайдалана отырып сілтеме жасауға болады. Мысалы, gross_income бетбелгі атауы бар немесе солай есептелетін ұяшыққа бетбелгі қойсаңыз, =ROUND(gross_income,0) формуласы сол ұяшықтың мәнін ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектейді.

Сондай-ақ, формулада баған және жол сілтемелерін пайдалануға болады. Екі сілтеме мәнерлері бар: RnCn және A1.

Ескерту :  Формуланы қамтитын ұяшық сілтемені пайдаланатын есептеуге қосылмайды. Ұяшық сілтеменің бөлігі болса, ол еленбейді.

RnCn сілтемелері

RnCn сілтеме жасау ережесін пайдалана отырып формуладағы кесте жолына, бағанға немесе ұяшыққа сілтеме жасауға болады. Бұл ережеде, Rn n-ші жолға, Cn n-ші бағанға сілтеме жасайды. Мысалы, R1C2 бірінші жол және екінші бағандағы ұяшыққа сілтеме жасайды. Келесі кестеде осы сілтеме мәнерінің мысалдары бар.

Мынаған сілтеме жасау үшін…

…осы сілтеме мәнерін пайдаланыңыз

Бүкіл баған

Cn

Бүкіл жол

Rn

Нақты ұяшық

RnCn

Формула бар жол

R

Формула бар баған

C

Екі көрсетілген ұяшықтың арасындағы барлық ұяшықтар

RnCn:RnCn

Бетбелгі қойылған кестедегі ұяшық

RnCn бетбелгі атауы

Бетбелгі қойылған кестедегі ұяшықтар ауқымы

RnCn:RnCn бетбелгі атауы

A1 сілтемелері

A1 сілтеме жасау ережесін пайдалана отырып ұяшыққа, ұяшықтар жиынына немесе ұяшықтар ауқымына сілтеме жасауға болады. Бұл ережеде әріп ұяшықтың бағанына және сан ұяшықтың жолына сілтеме жасайды. Кестедегі бірінші баған – A бағаны; бірінші жол – 1 жолы. Келесі кестеде осы сілтеме мәнерінің мысалдары бар.

Мынаған сілтеме жасау үшін…

…осы сілтемені пайдаланыңыз

Бірінші баған және екінші жолдағы ұяшық

A2

Бірінші жолдағы бірінші екі ұяшық

A1,B1

Бірінші бағандағы барлық ұяшықтар және екінші бағандағы бірінші екі ұяшық

A1:B2

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×