Word бағдарламасына деректерді жіберу үшін біріктіруді пайдалану

Word бағдарламасына деректерді жіберу үшін біріктіруді пайдалану

Біріктіру — Access деректерін қолданудың тамаша жолы. Бұл бейне Access 2013 бағдарламасында Біріктіру пәрменін іске қосу арқылы Word 2013 бағдарламасында қарапайым пішін хатын жасау жолын көрсетеді. Не болмаса, бейне астындағы негізгі қадамдарды қарап шығыңыз.

Your browser does not support video. Install Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player, or Internet Explorer 9.

Бейнеде

Мұнда Access бағдарламасының ішінде Word біріктіруін жасаудың жалпы процедурасы берілген:

  1. Word бағдарламасымен біріктіру керек Access дерекқорын ашыңыз.

  2. Шарлау аймағы жабық болмаса, F11 пернесін басып оны ашыңыз.

  3. Мекенжайларды қамтитын кестені немесе сұрауды таңдаңыз. Мекенжайлар өрістері бірнеше кестеде болса, қажет өрістерді қамтитын сұрауды жасап, біріктіру әрекеті үшін сол сұрауды таңдаңыз.

  4. Сыртқы деректер > Word біріктіруі тармағына өтіңіз.

  5. Шебердің мекенжайларды бар Word құжатымен біріктіруін немесе жаңа, бос құжатты бастауды таңдаңыз.

  6. OK т\үймешігін басыңыз.

Word іске қосылып, Пошталық хабарлар қойындысын және «Біріктіру» бөлігін көрсетеді.

  1. «Біріктіру» бөлігін төменгі жағындағы Келесі және Алдыңғы сілтемелерін басу арқылы шебер қадамдарын орындап шығыңыз.

  2. Шебердің 3-қадамында алушылар тізімін таңдау қажет болмайды. Ол Access бағдарламасында таңдалғанда анықталған. Бірақ, ашылған жолақта Алушылар тізімін өңдеу пәрменін таңдау арқылы тізімді реттегіңіз келуі мүмкін. Ашылған жолақта жекелеген алушыларды біріктіруден жоюға, сүзгілерді қолдануға, тізімді сұрыптауға және т.с.с. орындауға болады.

  3. Шебердің 4-қадамында хатты жазыңыз (тек егер бар құжатпен жұмыс істеп жатпасаңыз).

  4. Курсорды құжатта мекенжай деректері көрсетілуі керек орында орналастырып, Access деректерін құжатқа кірістіру үшін «Біріктіру» бөлігінде Мекенжай блогы, Сәлемдесу жолы немесе Қосымша элементтер пәрменін таңдаңыз. Көрсетілген жолақтарда қажет пішімді таңдап, өрістер дәл сәйкес келгенін тексеру үшін Өрістерді салыстыру пәрменін таңдаңыз.

  5. Шебердің 5-қадамында құжатты басып шығарғанда біріктірілген деректер қалай көрінетінін алдын ала қарау үшін «Келесі» (>>) және «Алдыңғы» (<<) түймешіктерін басыңыз.

  6. Шебердің 6-қадамында Басып шығару түймешігін басып, қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.

  7. Word құжатын сақтап, жабыңыз.

    Ескертулер : 

    • Егер шеберді аяқтағаннан кейін оралып, біріктіру параметрлерінің кез келгенін реттеу керек болса, барлық әрекеттер Word бағдарламасындағы Пошта қойындысында қол жетімді болады.

    • Егер Access дерекқорында үлгі өзгертулерін енгізсеңіз, біріктіру қайтадан дұрыс жұмыс істеуі үшін Word бағдарламасындағы кейбір біріктіру параметрлерін реттеу керек болуы мүмкін.

    • Біріктіру шебері пошта мекенжайы деректерімен жұмыс істеу негізінде жасақталған. Бірақ, біріктіру мүмкіндігін пайдаланып қор жазбалары, тапсырмалар немесе Access бағдарламасында сақтайтын кез келген элементтер сияқты деректердің кез келген түрін Word бағдарламасымен біріктіруге болады.

Word бағдарламасының біріктіру мүмкіндігі туралы қосымша мәлімет үшін мына бөлімдерді көріңіз:

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×