Windows Phone жүйесіне арналған Microsoft Lync 2013 бағдарламасы бойынша құпиялылық қосымшасы

Соңғы жаңартылған күні: желтоқсан, 2013

Мазмұны

Windows Phone жүйесіне арналған Microsoft Lync 2013 бағдарламасы бойынша құпиялылық туралы мәлімдеме

Қоңырау өкілдігі (Қоңырау бағытын өзгерту/Бір уақытта қоңырау шалу)

Клиенттік журнал жүргізу

Контакт картасы

Сөйлесу журналы

Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы (CEIP)

Жұмыс үстелін және бағдарламаны ортақ пайдалану

Төтенше жағдай қызметтері

Орынды ортақ пайдалану

Жеке сурет

PowerPoint бағдарламасында бірлесіп жұмыс істеу

Қатысу және контакт ақпараты

Құпиялылық режимі

Push хабарландырулары

Электрондық пошта ретінде жіберу

Журналдарды сақтау

Кіру қатесінің есебі

Бірегей контактілерді сақтау

Дауыс сапасының жақсартулары

Windows Phone жүйесіне арналған Microsoft Lync 2013 бағдарламасы бойынша құпиялылық туралы мәлімдеме

Бұл Microsoft Lync 2013 өнімдері бойынша құпиялылық туралы мәлімдемеге қосымша болып табылады. Деректер жиынын түсініп, нақты Microsoft Lync өнімі немесе қызметі үшін маңызды әдістерді қолдану үшін Microsoft Lync өнімдері бойынша құпиялылық туралы мәлімдеменің және осы қосымшаның екеуін де оқуыңыз керек.

Бұл құпиялылық қосымшасы кәсіпорынның ұялы құрылғыларында Windows Phone жүйесіне арналған Microsoft Lync 2013 бағдарламасын пайдалануға бағытталған. Қызмет ретінде Microsoft Lync Server байланыс бағдарламалық құралын пайдаланып жатсаңыз (басқаша айтқанда, үшінші тарап [мысалы, Microsoft корпорациясы] бағдарламалық құрал іске қосылған серверлерді пайдаланып жатса), мәліметтер үшінші тарапқа жіберілуі мүмкін. Кәсіпорыннан үшінші тарапқа жіберілетін деректерді пайдалану туралы толығырақ ақпарат алу үшін кәсіпорын әкімшісінен немесе қызметті қамтамасыз етушіден кеңес сұраңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Қоңырау өкілдігі (Қоңырау бағытын өзгерту/Бір уақытта қоңырау шалу)

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: Қоңырауды беру мүмкіндігі пайдаланушыларға сіздің атыңыздан қоңырау шалуға немесе қоңырауларға жауап беруге және Lync шақыруларын реттеуге және қатысуға мүмкіндігі бар бір немесе бірнеше өкілді тағайындауға рұқсат етеді. Сонымен қатар, пайдаланушылар қоңырауларды дауыстық поштаға, басқа нөмірге немесе өкілге автоматты бағытын өзгерте алады немесе негізгі нөмірі мен мобильді құрылғы, өкіл немесе топтық қоңырау секілді қосалқы нөмірінің екеуіне де бір уақытта қоңырау шалуына болады.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: өкілдерді тағайындаған кезде өкілдің байланыс ақпаратын конфигурациялау процесі барысында пайдаланушы қамтамасыз етуі керек. Өкіл болып тағайындалған пайдаланушылар өздерін өкіл ретінде сайлаған ұйымдағы әлдебіреуден хабарлама алады. Өздерін өкіл ретінде тағайындаған адамның атынан қоңырауға жауап берген кезде сол адам осы оқиға жайында хабарлама ескертуін электрондық поштамен алады. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Lync бағдарламасы өкіл болып табылатын адамның атынан қоңырау шалу немесе оларға жауап беруге және жиналыстың күн тәртібін жасауға немесе жиналыстарға қатысуға мүмкіндік беру үшін өкілдің байланыс ақпаратын пайдаланады.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша қоңырау өкілдігі өшірулі және төмендегідей қосылады немесе ажыратылады.

  1. Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасындағы Менің ақпаратым көрінісінде Қоңырауларды қайта жіберу пәрменін басыңыз.

  2. Ашылмалы мәзірден Бір уақыттағы қоңырау немесе Қоңырауларды қайта бағыттау тармағын таңдаңыз.

  3. Параметрлер тізімінен Өкілдер тармағын басыңыз.

Ескерту :  Бұрын анықталған өкілдер ғана мобильді құрылғыда қол жетімді. Өкілдер Lync жұмыс үстелі клиентінен конфигурациялануы қажет.

Беттің жоғары бөлігі

Клиенттік журнал жүргізу

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: клиенттік журнал жүргізу Windows Phone жүйесіне арналған Lync пайдаланатын мәліметтердің журналын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламалық құралын қолданғанда туындайтын кез келген мәселелердің ақауларын жою үшін пайдалануға болады.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: клиенттік журнал жүргізу қосылғанда, құрылғының идентификаторы, пайдаланушының бүркеншік аты мен домені, қатысу мәліметтері, хабарлама туралы мәліметтер, кіру журналы, контактілер тізімі мен клиенттік конфигурациялау деректері секілді мәліметтер құрылғыңызға тұрған жеріңізде сақталады.

Ақпаратты пайдалану: клиенттік журналдарда жинақталған ақпарат кәсіпорынның тұтынушыға қолдау көрсету бөлімі арқылы пайдаланыла алады немесе ақауларды жоюға көмектесу үшін Microsoft корпорациясына жіберілуі мүмкін (Журналдар жіберу бөлімін қараңыз).

Таңдау/Басқару: Әдепкі бойынша клиенттік журнал жүргізу өшірулі және төмендегідей қосылады немесе ажыратылады.

  1. Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасындағы Менің ақпаратым көрінісінде Параметрлер пәрменін басыңыз.

  2. Параметрлер тізімінен Журнал жүргізу тармағын басыңыз.

  3. Журнал жүргізу параметрлері бетінде Журнал жүргізуді қосу қосқышын Қосулы етіп өзгертіңіз.

Беттің жоғары бөлігі

Контакт картасы

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: байланыс картасы кәсіпорын ішіндегі сіз және ұйымыңыздағы адамдар туралы байланыс ақпаратын, қатысу және орналасқан жеріңіз жайында ақпаратты көрсетеді. Контакт картасы жылдам хабар алмасу, электрондық пошта немесе телефон арқылы байланысу үшін де бір қадам ұсынады.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: контакт картасындағы ақпарат бірнеше орындардан жинақталады. Атыңыз, ғимарат, кеңсе нөмірі секілді статикалық мәліметтер кәсіпорынның ұйым каталогынан (Active Directory домен қызметтері секілді). Күнтізбенің бос/бос емес туралы ақпарат сияқты динамикалық мәліметтер Microsoft Exchange Server серверінен алынады және орналасу жері туралы ақпарат бірнеше жолдармен алынады (Орналасу бөлімін қараңыз). Телефон нөмірлері ұйым каталогынан немесе пайдаланушының қолмен теруі арқылы алынады. Қатысу туралы мәлімет Outlook күнтізбесін пайдалану арқылы Lync жүйесімен басқарылады (егер пайдаланушы арқылы қосулы болса) немесе пайдаланушының қолмен теруі арқылы енгізіледі. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану : Контакт картасы мәліметтері ұйымдағы адамдармен Lync Server арқылы ортақ пайдаланылады.

Таңдау/басқару: Контактілер Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғары бөлігі

Сөйлесу журналы

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: сөйлесу журналы жылдам хабар сөйлесулерін құрылғыңыздағы қауіпсіз сақтау қызметінде сақтайды.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: сөйлесу журналы жылдам хабар сөйлесулерінің мазмұнын және күн, уақыт, ұзақтық және қоңырау шалушы мәліметтері секілді дауысты пайдалану арқылы сөйлесу статистикасын сақтайды. Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасы жасаған жылдам хабар сөйлесу журналы Outlook сөйлесу журналы қалтасында сақталмайды. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Lync бағдарламасы осы ақпаратты негізгі пайдаланушы интерфейсіндегі Чаттар қойындысында көрсетеді, ол пайдаланушыларға олардың соңғы сөйлесулерін көруге және жалғастыруға мүмкіндік береді.

Таңдау/басқару: «Сөйлесу журналы» мүмкіндігін кәсіпорын әкімшісі қосып, ажыратады.

Сөйлесу журналын төмендегі жолмен жоюға болады:

  1. Сөйлесулер тізімінен жою қажет сөйлесуді басып, ұстап тұрыңыз

  2. Контекстік мәзірден сөйлесуді жою түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы (CEIP)

Бұл мүмкіндік қандай жұмыс атқарады: Егер қатысуға шешім қабылдасаңыз, Бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасы бағдарламаларыңыз, компьютеріңіз немесе құрылғыңыз және соған қатысты құрылғылар туралы негізгі ақпаратты жинайды. Сондай-ақ олардың әрқайсысы қалай орнатылып көрсетілетіні жайлы ақпаратты да жинаймыз. Бұл есептер пайдаланушылар жиі қолданатын мүмкіндіктерді жақсарту үшін және жалпы проблемаларға шешім табу үшін Microsoft корпорациясына жіберіледі. Бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасы, сонымен қатар табылған қателер түрі мен санын, бағдарлама құралы мен жабдық көрсетілімін және қызметтер жылдамдығын бейнелейтін ақпаратты жинайды. Microsoft корпорациясы сіздің атыңыз, мекенжайыңыз немесе басқа да байланыс ақпаратын жинамайды.

Ақпарат жинақталады, өңделеді немесе жіберіледі: Бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасының ақпараты мүмкіндік қосулы тұрған кезде автоматты түрде Microsoft корпорациясына жіберіледі. Бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасы арқылы жасалатын Ақпарат жинақталады, өңделеді немесе жіберіледі туралы қосымша ақпаратты Microsoft бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасы үшін Құпиялылық туралы мәлімдеме бөлімінен қараңыз.

Ақпаратты пайдалану: Microsoft корпорациясы Microsoft бағдарламалық құралы мен қызметтерінің сапасын, беріктігін және көрсетілімін жақсарту үшін осы ақпаратты пайдаланады.

Таңдау/Бақылау: Бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасы әдепкіше ажыратулы. Кәсіпорын әкімшісі компанияға арналған бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасын қосып немесе ажырата алады. Егер де ол аталмыш бағдарламаны конфигурацияламаған болса, онда пайдаланушының алғашқы орнату процесі барысында тіркеуге мүмкіндігі болады. Егер кәсіпорын әкімшісі бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасын бақылауды ажыратпаған болса, пайдаланушылар келесі әрекеттерді орындау барысында бағдарламалық құрал сапасын жақсарту бағдарламасын таңдауды кез келген уақытта өзгерте алады:

  1. Windows Phone құрылғысына арналған Lync бағдарламасында Параметрлер тармағына өтіңіз.

  2. Бізге Lync бағдарламасын жақсартуға көмектесу тармағын таңдаңыз.

  3. Бізге Lync бағдарламасын жақсартуға көмектесу бетінен параметрді қосыңыз немесе өшіріңіз, содан кейін қосқышты Қосулы немесе Өшірулі күйіне жылжытыңыз.

Ескерту : Егер пайдаланушы Lync жүйесін қолдану барысында әкімші бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасын қосу немесе ажырату үшін параметрді өзгертсе, жаңа параметр тек пайдаланушының Lync жүйесінен шығып қайта тіркелгенде әсер қалдырады.

Беттің жоғары бөлігі

Жұмыс үстелін және бағдарламаны ортақ пайдалану

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жұмыс үстелін және бағдарламаны ортақ пайдалану функциясы таңдалған бағдарламаны немесе өз жұмыс үстелдерін жиналыстағы бәрімен ортақ пайдалану кезінде пайдаланушыларға бейне әңгімелесу арқылы бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл оларға әріптестерімен бірдей бөлмеде болған кезде, файлдарды ортақ пайдалану және өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар Microsoft PowerPoint презентацияларын жеткізе алады (PowerPoint бағдарламасында бірлесіп жұмыс істеу бөлімін қараңыз) және жиналыстағы әрбір адам бірге қолдануға болатын жазбалар және сызбалар үшін жаңарған бетте виртуалды тақтаны басқалармен бірге қолдана алады. Пайдаланушы бастапқыда жұмыс үстелін немесе бағдарламаны ортақ пайдаланған кезде, олар басқару элементінде жалғыз болады. Пайдаланушы таңдаса, олар пайдаланушыларға ортақ пайдаланылатын жұмыс үстелін немесе бағдарламаны басқару, шарлау және тінтуір мен пернетақтаны қолданып, өзгерістерді жасау мүмкіндігін береді.

Ақпарат жиналған, өңделген немесе жіберілген: Егер ортақ пайдалану басқа жиналыс қатысушысы тарапынан басталса, Windows Phone пайдаланушылары өздерінің экрандарында ортақ пайдаланылатын жұмыс үстелін немесе бағдарламаны көре алады. Microsoft үшін ешбір ақпарат жіберілмеді.

Ақпаратты пайдалану: Бейне арқылы бірлесіп жұмыс істеу үшін, ортақ пайдаланылатын ақпарат жиналыс қатысушылары тарапынан пайдаланылады.

Таңдау/Бақылау: Windows Phone құрылғысына арналған Lync бағдарламасының пайдаланушылары басқа жиналыс қатысушысы арқылы ортақ пайдаланылған жұмыс үстелін немесе бағдарламаны қарай алады. Олар басқара алмайды немесе ортақ пайдаланылған жұмыс үстелімен немесе бағдарламамен өзара әрекеттесе алмайды, сонымен бірге олар Windows Phone құрылғысында іске қосылған жұмыс үстелін немесе Windows Phone құрылғысын басқа жиналыс қатысушыларымен ортақ пайдалана алмайды.

Беттің жоғары бөлігі

Төтенше жағдай қызметтері

Маңызды :  Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесін АҚШ-дағы 911 секілді төтенше жағдай қызметтерімен қамтамасыз етушілерге хабарласу үшін ПАЙДАЛАНБАУҒА кеңес береміз. Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесі нақты тұрған жеріңізді анықтай АЛМАЙДЫ, дегенмен, төтенше жағдай қызметтерін қамтамасыз етушілермен байланысу үшін Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесін пайдалансаңыз, қызметті қамтамасыз етушілер сіздің тұрған жеріңізді анықтай алмайды. Құрылғыдан төтенше жағдай қызметтерін қамтамасыз етушілермен байланысу үшін Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесін жауып, құрылғының пернетақтасын пайдаланыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Орынды ортақ пайдалану

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: "Орынды бөлісу" мүмкіндігі құпиялылық күйі қосулы кезде контакт картасының қатысу мүмкіндігі арқылы басқалармен уақыт белдеуін ортақ пайдаланады.

Маңызды : Нақты тұрған физикалық орныңызды Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасы анықтай алмайды. Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасын 911 секілді төтенше жағдай қызметтерін қамтамасыз етушіні теру үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Құрылғының пернетақтасын пайдаланыңыз.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: уақыт белдеуіңізді мобильді құрылғының операциялық жүйесінен шығарып алып, оны Lync контактілерімен ортақ пайдаланады. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Орынды бөлісу мүмкіндігі орныңызды контакт картасындағы ұйымыңыз ішіндегі контактілерге және адамдарға көрсетеді. Географиялық орын, пішімделген мекенжай немесе қала мекенжайы сияқты басқа ақпараттар қатысу мүмкіндігі арқылы ортақ пайдаланылмайтынын ескеріңіз.

Таңдау/басқару: Орынды бөлісу мүмкіндігін кәсіпорын әкімшісі қосып, ажыратады және Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарыла алады.

Беттің жоғары бөлігі

Жеке сурет

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: Жеке сурет мүмкіндігі суретіңізді контакт картасындағы ұйымыңыз ішіндегі контактілерге және адамдарға көрсетеді.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: Жеке сурет ұйымыңыздың әкімшісі немесе өзіңіз арқылы жүктеледі (қосулы болса) және ұйымыңыздың каталогында (Active Directory домен қызметтері секілді) сақталады. Ол Lync бағдарламасы арқылы ұйымыңыздағы контактілермен және басқа пайдаланушылармен ортақ пайдалану үшін алынды. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: Жеке сурет тәжірибеңізді реттеу және басқалармен суретіңізді бөлісу үшін пайдаланылады.

Таңдау/басқару: Жеке сурет параметрлері Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғары бөлігі

PowerPoint бағдарламасында бірлесіп жұмыс істеу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: PowerPoint бағдарламасында бірлесіп жұмыс істеу пайдаланушыларға онлайн режиміндегі сөйлесу немесе жиналыс барысында PowerPoint презентацияларын көрсетуге, қарауға және түсініктеме беруге мүмкіндік береді.

Ақпарат жиналған, өңделген немесе жіберілген: Егер PowerPoint презентациясы басқа жиналыс қатысушысымен ортақ пайдаланылып жатса, Windows Phone құрылғысына арналған Lync бағдарламасының пайдаланушылары өздерінің құрылғысында презентацияны көре алады. Олардың презентацияны басқаруға немесе онымен жұмыс істеуіне мүмкіндіктері болмайды. Microsoft үшін ешбір ақпарат жіберілмеді.

Ақпаратты пайдалану: Бейне арқылы бірлесіп жұмыс істеу үшін, ортақ пайдаланылатын ақпарат жиналыс қатысушылары тарапынан пайдаланылады.

Таңдау/Бақылау: Windows Phone пайдаланушылары тек басқа жиналыс қатысушысы арқылы ортақ пайдаланылып жатқан PowerPoint презентациясын көре алады. Олар өз құрылғысынан PowerPoint презентацияларын кері жүктеп, аңғартпа қосып не ортақ пайдалана алмайды.

Беттің жоғары бөлігі

Қатысу және контакт ақпараты

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: қатысу және контакт мәліметтері пайдаланушыларға ұйымдағы басқа мүшелердің қатысу және контакт мәліметтерін, сонымен қатар олардың жеке контактілерін (ұйым ішіндегі және сыртындағы) көруге мүмкіндік береді. Әкімшіңіз Outlook және Exchange Server серверін үйлестіруді реттей алады, сонда орнында жоқ хабарларын және басқа күй туралы мәліметтерді (мысалы, Outlook күнтізбесінде жоспарланған жиналысыңыз болғанда) көрсетесіз.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: Lync серверіне қосылу үшін кіру мекенжайы мен құпия сөзді пайдаланады. Сіз және әкімшіңіз кіру мекенжайымен байланысты қатысу күйі мен контакт мәліметтері туралы ақпаратты жариялай аласыздар. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: сізбен жақсырақ байланысу мақсатында жарияланған күй мен мәліметтерді анықтау үшін басқа Lync пайдаланушылары мен бағдарламалар қатысу және контакт мәліметтеріне кіре алады.

Таңдау/басқару: Қатысу және контакт мәліметтері Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғары бөлігі

Құпиялылық режимі

Бұл мүмкіндік не істейді: "Құпиялылық режимі" — тек байланыстар тізіміндегі байланыстармен қаншалықты көп қатысу ақпаратын ("Қол жетімді", "Бос емес", "Мазаламаңыз" және сол сияқты режимдерді) анықтауға мүмкіндік беретін параметр.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: Құпиялылық күйі мүмкіндігін қосу Lync жүйесіне пайдаланушы параметрлерін ауыстыруға болатын күйді реттеуге әсерін тигізеді, сонда қатысу мәліметтерін тек контактілер тізіміндегі контактілер ортақ пайдаланады. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану : бұл параметр пайдаланушыға олардың қатысу туралы деректері қалай ортақ пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Таңдау/басқару: әдепкі бойынша құпиялылық күйі мүмкіндігі өшірулі және кәсіпорын әкімшісі арқылы қосуға және ажыратуға болады. Бұл Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғары бөлігі

Push хабарландырулары

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: Push хабарландырулары — мобильді құрылғыңызға жаңа хабар немесе жаңа қоңырау келгенін ескертетін механизм. Хабарландыру құрылғының операциялық жүйесіне байланысты әр түрлі жолмен берілуі мүмкін, оның ішінде қоңырау, қалқымалы хабарландыру, дауыс немесе түрлі-түсті белгіше бар. Құрылғы жаңа хабар немесе жаңа қоңырау қабылдаған кезде, хабарландыру құрылғыңызда тұрған жеріңізде жасалады. Бұл Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасы үстіңгі бетінде іске қосылмағанда ғана болады. Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасы үстіңгі бетінде іске қосылса, Push хабарландыруларға тыйым салынады. Push хабарландыруларын қосуға немесе ажыратуға болады, бірақ Push хабарландыруларын ажырату хабарлар немесе қоңыраулар қабылдауды тоқтатпайды, ол жай ғана хабарландыру мүмкіндігін ажыратады. Жаңа хабарлар немесе қоңыраулар қабылдауды тоқтату үшін Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасын жабуыңыз қажет.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: Мобильді құрылғы ешқандай мәліметтерді жинақтамайды, өңдемейді немесе жібермейді. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді. Құрылғыңызға басқа Lync пайдаланушыларынан жіберілген барлық хабарлар және қоңыраулардың құрылғыңызға жеткізілуі үшін Microsoft Push Notification қызметінен өтеді. Сөйлесу жасалғаннан кейін барлық хабарлар мен қоңыраулар сөйлесу қатысушылары араларында тікелей жылжиды.

Таңдау/басқару: Push хабарландыруларын кәсіпорын әкімшісі қосады және ажыратады. Егер Push хабарландырулары қосулы болса, келесі қадамдар арқылы оны қосуға немесе өшіруге болады:

  1. Менің ақпаратым көрінісіндегі Windows Phone жүйесіне арналған Lync ішінде төменгі бағдарлама жолағындағы “…” түймешігін түртіңіз де, параметрлер тармағын таңдаңыз.

  2. Хабарландыруларды қосу және өшіру үшін Push хабарландыруларының қосқышын жылжытыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта ретінде жіберу

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: электрондық пошта ретінде жіберу мүмкіндігі пайдаланушыға Windows Phone жүйесіне арналған Lync сөйлесу журналын пайдалаушы тағайындаған электрондық поштаға тіркеме ретінде жіберуге мүмкіндік береді.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: 50 ең соңғы кіріс және шығыс сөйлесулер 1) пайдаланушы сөйлесуді жоймайынша, 2) пайдаланушы бағдарламаны жоймайынша немесе 3) бірдей құрылғыда жаңа пайдаланушы тіркелмейінше жергілікті құрылғыға оқшауланған сақтау орнында шектеусіз сақталады. Электрондық пошта ретінде жіберу мүмкіндігімен жіберілген жылдам хабар журналы электрондық пошта хабары түрінде пайдаланушы тағайындаған электрондық пошта мекенжайына электрондық хабар түрінде жіберіледі.

Ақпаратты пайдалану: пайдаланушылар сөйлесулерін мұрағаттау немесе ортақ пайдалану сияқты мақсаттар үшін құрылғыдан тыс қол жетімді ете отырып, өздерінің сөйлесулерін электрондық пошта тіркемесі ретінде тағайындалған электрондық пошта мекенжайларына жібере алады.

Таңдау/басқару: электрондық пошта ретінде жіберу мүмкіндігін пайдалану үшін пайдаланушының құрылғысында электрондық пошта қосылған болуы қажет. Электрондық поштаны қосу және конфигурациялау туралы мәліметтерді құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Жылдам хабар алмасу сөйлесу журналы келесідей жіберілді:

  1. Сөйлесу терезесінде , төмедегі бағдарлама жолағынан “…” түймешігін басыңыз.

  2. Мәзірден электрондық пошта ретінде жіберу тармағын таңдаңыз.

  3. Журналды өзіңізден басқа біреуге жібергіңіз келсе, тағайындалған орын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

  4. Жіберу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Журналдарды сақтау

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: Журналдарды сақтау пайда болуы мүмкін дыбыстық немесе байланыс ақауларын зерттеуге көмектесу үшін пайдаланушының клиенттік журналдарды Microsoft корпорациясына сақтауына мүмкіндік береді (Клиенттік журнал жүргізу бөлімін қараңыз).

Жиналған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: Егер клиенттік журнал жүргізу қосулы болса, клиенттік журнал қамтитын ақпарат қана жіберіледі. Клиенттік журналдар құрылғыдан автоматты түрде жіберілмейді. Журнал жүргізу құрылғыңызға қосулы кезде ғана журналдар жіберіледі (Клиенттік журнал жүргізу бөлімін қараңыз).

Ақпаратты пайдалану: Құрылғыдан жинақталған ақпарат пайда болған ақауларды жоюға және Lync бағдарламасын жақсартуға көмектесу үшін пайдаланылады.

Таңдау/Бақылау: Журналдарды жіберу мүмкіндігін пайдалану үшін пайдаланушы құрылғысының электрондық поштаға рұқсат берілуі қажет. Электрондық поштаны қосу және конфигурациялау туралы мәліметтерді құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Клиенттік журналдарды төмендегідей жіберуге болады:

  1. Windows Phone құрылғысына арналған Lync бағдарламасындағы менің ақпаратым көрінісінде төменгі бағдарлама жолағындағы “…” түймешігін түртіңіз де, параметрлер тармағын таңдаңыз.

  2. Параметрлер тізімінен Журнал жүргізу тармағын таңдаңыз.

  3. Журнал жүргізу параметрлерінің бетінен Журналдарды сақтау түймешігін басыңыз.

  4. Тіркелген журнал арқылы ашылатын электрондық пошта пішініне жіберілетін электрондық мекенжайды теріп, Жіберу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Кіру қатесінің есебі

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: кіру кезінде шығатын қате туралы есеп беру мүмкіндігі Lync бағдарламасына пайдаланушы кіре алмаған кезде қате туралы есепті автоматты түрде жасайды. Содан кейін пайдаланушыға қате туралы есепті Microsoft корпорациясына жіберуді таңдауға мүмкіндік беріледі.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: қате туралы есепте жиналған ақпарат пайдаланушының интернет байланысының сапасы және сәтсіз кіру әрекеттерінің нәтижесінде жасалған кез келген қате кодтары немесе ерекшелік деректері сияқты ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, есептің пайдаланушының IP мекенжайы және SIP URI идентификаторы сияқты тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл ақпарат Microsoft корпорациясына жіберілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдалану: кіру қатесі есебіндегі деректерді Microsoft корпорациясы кіру ақауларын жоюға және шешуге көмектесу үшін пайдаланады. Сонымен қатар, Microsoft корпорациясы оны Lync бағдарламасына кіру тәжірибесін жақсарту мақсатында кірудің бірдей ақауларын және трендтерін анықтау үшін пайдаланады.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша бұл мүмкіндік өшірулі және кәсіпорын әкімшісі арқылы басқарыла алады. Әкімші кіру қатесі туралы ақпаратты Microsoft корпорациясына әрқашан жіберуді немесе ешқашан жібермеуді немесе пайдаланушының өзі шешуіне рұқсат етуді таңдай алады.

Пайдаланушы параметрлерін келесі қадамдар арқылы өзгерте алады:

  1. Lync басты терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Параметрлер (тісті доңғалақ белгішесі) пәрменін басыңыз.

  2. Lync – Параметрлер диалогтық терезесіндегі Жалпы пәрменін басыңыз.

  3. Жалпы қойындысында Lync қатесі туралы ақпаратты Microsoft корпорациясына автоматты жіберу ұяшығына белгі қойыңыз немесе алып тастаңыз.

  4. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Бірегей контактілерді сақтау

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: бірыңғай контактілер қоймасы үш негізгі мүмкіндіктен тұрады; тек біреуі, "Іздеуді біріктіру" мүмкіндігі Windows Phone жүйесіне арналған Lync бағдарламасында қол жетімді. "Іздеуді біріктіру" ғаламдық мекенжайлар тізімімен (GAL) біріктіреді, ослайша контактіні іздегенде іздеу нәтижелерінде тек бір жазба болады.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесі Outlook, Active Directory домен қызметтері және қатысу мүмкіндігінен контакт мәліметтерін жинақтайды. Бұл мәліметті Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесі ішінде пайдаланылады.

Мәліметтерді пайдалану: Outlook, Active Directory домен қызметтері және қатысу мүмкіндігіндегі контакт мәліметтері Windows Phone жүйесіне арналған Lync жүйесінің пайдаланушы интерфейсінде көрсетіледі.

Таңдау/басқару: "Бірегей контактілерді сақтау" параметрлері Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғары бөлігі

Дауыс сапасының жақсартулары

Бұл мүмкіндік қандай қызмет атқарады: қоңырау кезінде құрылғы немесе желі ақауларын табылса, нашар дыбыс сапасы болуы мүмкін екенін анықтау үшін Lync бағдарламасы ақпаратты қашықтағы тараптарға жібереді.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат: егер сізде қоңырау кезінде дыбыс сапасын нашарлататын құрылғы орнатулы болса (мысалы, жаңғырық немесе шуыл), Lync бағдарламасы қоңырау кезінде құрылғы орнатуына байланысты сіздің тарапыңыздан қоңырау сапасының төмендегені туралы басқаларға хабарлайды. Басқаларына сіздің нашар дыбыс сапасына әсерін тигізетін құрылғыны пайдаланып жатқандығы туралы ескерту жіберіледі. Олар сіздің қандай құрылғыны пайдаланып жатқаныңызды білмейді. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: қоңырау кезінде басқаларға жіберілген ақпарат қоңыраудың сапасын жақсартуға көмектеседі. Мысалы, егер қоңырау кезінде сіз ғана тыңдасаңыз, баяндамашылар байланысыңыздың дыбысын өшіре алады.

Choice/Control: Lync бағдарламасы қоңырау сапасы хабарландыруларын өшіруге рұқсат етпейді.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×