Windows Azure Blob Storage қызметіне қосылу

Windows Azure Blob storage – әлемнің кез келген жерінен HTTP немесе HTTPS желісі арқылы кіруге болатын құрылымсыз деректердің үлкен көлемін сақтауға арналған қызмет. Windows Azure Blob Storage қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін Blob Storage қызметін пайдалану әдісі бөлімін қараңыз.

Windows Azure Blob Storage қызметінде сақталған деректерді Power Query бағдарламасы арқылы импорттау:

  1. POWER QUERY таспа қойындысындағы Басқа көздерден > Windows Azure Blob Storage қызметінен түймешігін басыңыз.

  2. Microsoft Windows Azure Blob Storage диалогтық терезесінде Windows Azure storage тіркелгі атауын енгізіп, OK түймешігшін басыңыз.

  3. Егер Blob storage қызметіне бірінші рет қосылсаңыз, сақтауға кіру кілтін енгізу және сақтау сұралады. Access Windows Azure Blob Storage диалогтық терезесінде сақтауға кіру кілтін Тіркелгі кілті терезесіне енгізіп, Сақтау түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Егер сақтауға кіру кілтін алу қажет болса, Windows Azure порталын шолып, сақтау тіркелгісін таңдаңыз, содан соң беттің төменгі жағындағы Кіру кілтін басқару бөлімін басыңыз. Негізгі кілттің оң жағындағы көшіру белгішесін басыңыз, содан соң мәнді Тіркелгі кілті терезесіне қойыңыз.

  1. Сұрауды өңдегіш Windows Azure Blob Storage қызметінде қол жетімді барлық контейнерлерді тізімдейді. Навигатор бөлімінде деректерді импорттағыңыз келетін контейнерді таңдаңыз, содан соң Қолдану және жабу түймешігін басыңыз.

Қосымша мәлімет

Windows Azure Table Storage қызметіне қосылу

Деректерді сыртқы деректер көздерінен импорттау

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×