Windows 10, Windows 7 немесе Windows Vista жүйесіндегі OneDrive қызметін синхрондау қателерін түзету

Windows 10, Windows 7 немесе Windows Vista жүйесіндегі OneDrive қызметін синхрондау қателерін түзету

Егер компьютеріңіз бен OneDrive қызметінің арасында файлдарыңызды синхрондай алмасаңыз, бұл OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасының ақаулықтарына байланысты болуы мүмкін.

Бұл мақала Windows 10, Windows 7 немесе Windows Vista жүйелерінде жұмыс істейтін OneDrive бағдарламасына арналған.

Басқа нұсқасы бар ма? Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 | Mac жүйесінде | Мобильді құрылғыларда

Ақаулықтарды шешудің толыққанды ақпаратын алмас бұрын, мына үш қадамды орындап көріңіз:

  • Сіздің файлыңыздың өлшемі 10 Гб болып табылатын OneDrive файл өлшемі шегінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Ықтимал қателерді келесілерді қамтиды: «Бұл файл керу жүктеу үшін өте үлкен» немесе «Файлды кері жүктеу үшін, файлдың өлшемін азайтыңыз»

  • Соңғы Windows жаңартуларының орнатылғанын тексеру Қосымша ақпарат алу үшін, Компьютеріңізді жаңарту бөлімін қараңыз.

  • Компьютеріңіздегі OneDrive бағдарламасының соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз. Соңғы нұсқасын алу үшін, OneDrive бағдарламасын жүктеу бөлімін қараңыз.

OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасын қайта іске қосу

  1. Тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағындағы хабарландыру аумағында OneDrive бұлт белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз.

    Жүйелік тақтадағы OneDrive бағдарламасы

    (OneDrive белгішесін көру үшін, хабарландыру аумағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.)

  2. Шығу түймешігін басыңыз.

  3. Windows 10 жүйесінде іздеу өрісіне OneDrive теріңіз де, OneDrive түймешігін басыңыз. Windows 7 немесе Windows Vista жүйесінде Бастау түймешігін басып, іздеу өрісіне OneDrive теріңіз де, Microsoft OneDrive түймешігін басыңыз.

    Бұл әрекет OneDrive қалтасын ашып, OneDrive қызметін іске қосады.

(Windows 10) OneDrive тіркелгіңіздің Windows жүйесіне қосылғандығын тексеріңіз

  1. Бастау мәзіріне өтіп, Параметрлер > Тіркелгілер > Сіздің тіркелгіңіз тармағын таңдаңыз.

  2. Microsoft тіркелгісімен кіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Microsoft тіркелгісіне ауысу нұсқауларын орындаңыз. Растау кодын енгізу арқылы сәйкестік куәлігіңізді растауыңыз қажет болуы мүмкін.

Ескерту : Егер Windows жүйесіне OneDrive қызметі үшін пайдаланатын Microsoft тіркелгісімен кірсеңіз және файлдарыңыз әлі де көрінбесе, ұйымыңызда OneDrive қызметі блоктайтын корпоративтік брандмауэр немесе топтық саясат болуы мүмкін.

(Windows 10) OneDrive қызметін реттеуді аяқтау

Егер Windows 10 жүйесіне OneDrive қызметі үшін пайдаланылатын Microsoft тіркелгісімен кірсеңіз және файлдарыңыз әлі де көрінбесе, 500 МБ асатын мазмұн болуы мүмкін. ДК құрылғыңыз OneDrive мазмұнымен толып қалмағанына көз жеткізу үшін осы компьютерге қандай файлдар мен қалталарды синхрондағыңыз келетінін таңдай аласыз.

  1. File Explorer шолғышын ашыңыз.

  2. OneDrive қалтасын басыңыз. OneDrive қызметін реттеуді аяқтау шеберінде осы компьютерге синхрондағыңыз келетін файлдар мен қалталарды таңдаңыз.

Office Upload бағдарламасын өшіру

Егер Office файлдарын синхрондау кезінде ақау орын алса, Office Upload кэш жүйесі OneDrive қызметінің синхрондауына кедергі келтіруі мүмкін. OneDrive параметрлеріндегі қатысты параметрді өшіріп көріңіз.

  1. Тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағындағы хабарландыру аумағында OneDrive бұлт белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз.

    Жүйелік тақтадағы OneDrive бағдарламасы

    (OneDrive белгішесін көру үшін, хабарландыру аумағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.)

  2. Параметрлер тармағын басып, Файлдар бойынша басқа адамдармен бір уақытта жұмыс істеу үшін Office жиынтығын пайдалану құсбелгісін алып тастаңыз.

Маңызды : Файлдар бойынша басқа адамдармен бір уақытта жұмыс істеу үшін Office жиынтығын пайдалану параметрін өшіргенде OneDrive қызметінде Office файлдарына сіз және басқа адамдар енгізген кез келген өзгертулер бұдан былай автоматты түрде бірге біріктірілмейді.

Файл жолының тым ұзын емес екеніне көз жеткізіңіз

Фапйл жолының мысалы - C:\Users\<UserName>\Pictures\Saved\2014\January\Holiday\NewYears\Family…

Файл атын қосқандағы бүкіл жолдағы таңбалар саны 255 таңбадан аз болуы қажет. OneDrive бағдарламаңыздағы файлдың атын немесе ішкі файлдардың атын қысқартыңыз немесе жоғары деңгейлі қалтаға жақын орналасқан ішкі қалтаны таңдаңыз.

Қосқыңыз келген файлға немесе қалтаға тиісті рұқсатыңыздың бар екеніне көз жеткізіңіз

Файлды немесе қалтаны ашып көріңіз және оның көшірмесін сақтауға рұқсатыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз. Файлды желіде көру мәселелері туындаса, желілік әкімшіңізге хабарласыңыз.

Бір орында аты бірдей файл не қалтаның жоқ екеніне көз жеткізіңіз

OneDrive веб-сайтына бірнеше файлды кері жүктегенде немесе бір уақытта синхрондалатын басқа компьютердегі OneDrive қалтаңызда өзгерістер енгізген кезде қайшылықтар орын алуы мүмкін. Файлдың немесе қалтаның атын өзгертіңіз, содан кейін оны қайта қосып көріңіз.

Компьютеріңіздегі дискідегі бос орынның жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз

Дискіні босатыңыз, содан кейін компьютеріңіздегі OneDriveқалтаңызды қайта іске қосу үшін, мына қадамдарды қайталаңыз:

  1. Бастау түймешігін басып, іздеу өрісінде OneDrive сөзін енгізіңіз, содан кейін MicrosoftOneDrive түймешігін басыңыз.

  2. OneDrive параметрлеріңізді таңдау үшін, осы қадамдарды қайта орындаңыз, оның ішіне OneDrive қалтаңызға арналған орынды таңдау және Қашықтан басқарылатын файлдар опциясын қос опциясын таңдау кіреді.

OneDrive қызметін ажыратып, OneDrive реттеуін қайта іске қосыңыз

  1. Тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағындағы хабарландыру аумағында OneDrive бұлт белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз.

    Жүйелік тақтадағы OneDrive бағдарламасы

    (OneDrive белгішесін көру үшін, хабарландыру аумағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.)

  2. Параметрлер тармағын басып, Байланысты үзу түймешігін басыңыз.

  3. OneDrive қызметін реттеу үшін OneDrive шеберіне қош келдіңіз бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive бағдарламасына арналған қосымша қолдау беттерін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×