Windows жүйесіне арналған Excel 2016 бағдарламасында болжам жасау

Егер уақытқа негізделген статистикалық деректеріңіз болса, оны болжам жасау үшін пайдалануға болады. Болжам жасаған кезде статистикалық және болжанған мәндер кестесімен және солар көрсетілетін диаграммамен жаңа жұмыс парағы жасалады. Болжам көмегімен болашақ сатылым көлемі, қоймадағы қажеттіліктер немесе тұтынушы бейімділіктері сияқты көрсеткіштерді болжауға болады.

Болжамның есептелу әдісі мен өзгертуге болатын параметрлер туралы ақпаратты осы мақаланың төменгі жағынан табуға болады.

Болжамдалған сандар мен болжам диаграммасын көрсететін электрондық кесте бөлігі

Болжам жасау

  1. Жұмыс парағына бір-біріне сәйкес келетін екі деректер қатарын енгізіңіз:

    • Уақыт шкаласына арналған күн не уақыт мәндерінің қатары

    • Сәйкес мәндері бар қатар

      Бұл мәндер болашақ күндер үшін болжанады.

    Ескерту : Уақыт шкаласы үшін деректер нүктелері арасында сәйкес аралықтар талап етіледі. Мысалы, әр айдың бірінші күніне арналған мәндері бар айлық аралықтар, жылдық аралықтар немесе сандық аралықтар болуы мүмкін. Уақыт шкаласының қатарында 30% дейін деректер нүктелері болмау немесе бір уақыт белгісі бар бірнеше сандар болу қалыпты жағдай. Болжам бәрібір дәл болады. Дегенмен, болжам жасамас бұрын деректерді қорытындылау дәлірек болжам нәтижелерін шығарады.

  2. Екі деректер қатарын бөлектеңіз.

    Кеңес : Егер қатарлардың біріндегі ұяшықты бөлектесеңіз, Excel бағдарламасы қалған деректерді автоматты түрде бөлектейді.

  3. Деректер > Болжам парағы тармағын басыңыз.

  4. Болжам жұмыс парағын жасау терезесінде болжамды визуалдық түрде көрсету үшін сызықтық диаграмманы немесе гистограмманы таңдаңыз.

    «Параметрлер» бөлімі тасаланған «Болжам жұмыс парағын жасау» диалогтық терезесінің скриншоты

  5. Болжамды аяқтау өрісінде аяқталу күнін таңдаңыз да, Жасау түймешігін басыңыз.

    Егер қосымша параметрлерді өзгерткіңіз келсе, Параметрлер түймешігін басыңыз. Төменде әр параметр туралы ақпарат табуға болады, олардың әрбірі пайдалы болуы мүмкін.

Болжамның басталуы    Болжамды бастау қажет күнді таңдаңыз. Статистикалық деректер аяқталмас бұрын келетін басталу күнін таңдау кезінде болжам жасау үшін тек оның алдындағы деректер пайдаланылады (бұл «ретроспективті болжам» деп аталады).

Кеңестер : 

  • Болжамды соңғы статистикалық деректер нүктесінен бұрын бастаған жағдайда болжам дәлдігін болжанған мәндер мен нақты деректерді салыстыру арқылы есептеуге болады. Дегенмен, егер болжам тым ерте басталса, құрылған болжам барлық статистикалық деректер негізінде жасалған болжамнан өзгешеленуі мүмкін. Барлық статистикалық деректерді пайдаланған жағдайда болжам дәл болады.

  • Егер деректеріңіз мерзімдік болса, онда болжамды соңғы статистикалық деректер нүктесінен бұрынғы күннен бастаған жөн.

Сенім аралығы    Көрсету не жасыру үшін Сенім аралығы ұяшығына құсбелгі қойыңыз не алыңыз. Сенім аралығы - болашақ нүктелердің 95% болжам бойынша (қалыпты таратуда) түсуі тиіс әрбір болжанған мәннің айналасындағы ауқым. Сенім аралығы болжам дәлдігін анықтауға көмектеседі. Аймақ кішкентай болған сайын, берілген нүкте үшін болжам дәлдігі арта түседі. Әдепкі бойынша, сенімділік деңгейі 95%, оны жоғары не төмен көрсеткілер арқылы өзгертуге болады.

Мерзімдік    Мерзімдік - ол мерзімдік ауытқулар үлгісінің ұзындығын (нүктелер саны) білдіретін сан және ол автоматты түрде анықталады. Мысалы, әрбір нүкте айға сәйкес келетін жылдық сатылым айналымы үшін мерзімдік көрсеткіші 12-ге тең болады. Автоматты анықтауды Қолмен орнату пәрменін таңдап, санды көрсету арқылы қайта анықтауға болады.

Ескерту : Мерзімдікті қолмен орнату кезінде статистикалық деректердің 2 айналымынан аз мәнді пайдаланбаңыз. 2 айналымнан аз болған жағдайда Excel бағдарламасы мерзімдік компоненттерді анықтай алмайды. Егер мерзімдік ауытқулар жеткілікті деңгейде болмаса және алгоритм оларды анықтай алмаса, болжам сызықтық трендке оралады.

Уақыт шкаласының ауқымы   Осы жерде уақыт шкаласы үшін пайдаланылатын ауқымды өзгертуге болады. Бұл ауқым Мәндер ауқымы параметрімен сәйкес болуы тиіс.

Мәндер ауқымы    Осы жерде мәндер қатары үшін пайдаланылатын ауқымды өзгертуге болады. Бұл ауқым Уақыт шкаласының ауқымы параметріне ұқсас болуы керек.

Жоқ нүктелерді келесімен толтыру    Жоқ нүктелерді өңдеу үшін Excel бағдарламасы интерполяцияны пайдаланады. Бұл жоқ нүктелердің 30% аз нүктелер болмаған жағдайда көршілес нүктелердің орташа өлшенген мәні ретінде есептеледі. Оның орнына, жоқ нүктелерді нөлдермен толтыру үшін тізімнен Нөлдер пунктін таңдаңыз.

Көшірмелерді келесі арқылы біріктіру    Егер деректерде бірдей уақыт белгісі бар бірнеше мән болса, Excel олардың орташа мәнін табады. Медиана сияқты басқа есептеу әдісін пайдалану үшін тізімнен есептеу әдісін таңдаңыз.

Болжам статистикасын қамту    Жаңа жұмыс парағында болжамға сәйкес қосымша статистикалық мәліметтердің қамтылғанын қаласаңыз, осы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз. Осы жағдайда, FORECAST.ETS.STAT функциясы арқылы жасалған статистика кестесі қосылады және тегістеу коэффициенті (Альфа, Бета, Гамма) және қате метрикасы (MASE, SMAPE, MAE, RMSE) сияқты өлшемдер қамтылады.

Болжам кезінде пайдаланылатын формулалар

Болжам жасау үшін формуланы пайдаланғанда ол статистикалық және болжанған деректері мен диаграммасы бар кестені қайтарады. Болжам бұрынғы уақыт негізіндегі деректер мен экспоненциалдық тегістеу (ETS) алгоритмінің AAA нұсқасы арқылы болашақ мәндерді болжайды.

Кестеде келесі бағандар қамтылады, олардың үшеуі есептелетін бағандар:

  • Уақыттың статистикалық мәндерінің бағаны (уақыт негізіндегі деректер қатары)

  • Статистикалық мәндер бағаны (сәйкес мәндердің деректер қатары)

  • Болжанатын мәндер бағаны (FORECAST.ETS функциясы арқылы есептеледі)

  • Сенім аралығын көрсететін екі баған (FORECAST.ETS.CONFINT функциясы арқылы есептеледі). Бұл бағандар терезенің Параметрлер бөліміндегі Сенім аралығы ұяшығына құсбелгі қойылғанда пайда болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×