Windows жүйесіне арналған жұмыс үстеліндегі OneDrive бағдарламасы: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Windows жүйесіне арналған жұмыс үстеліндегі OneDrive бағдарламасы: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Бұл - Windows жүйесіне арналған OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.

Ескерту : Егер компьютеріңіз Windows 10 жүйесін пайдаланатын болса - OneDrive қызметі бірге беріледі, сондықтан жұмыс үстелі бағдарламасы қажет емес. OneDrive қызметі автоматты түрде Жетектеуші бағдарламасында файлдарды сақтау орны ретінде пайда болады.

Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 жүйесі

Егер компьютеріңізде Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 жүйесі орнатылған болса, OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасы бекітілген болып табылады. (Сондықтан, орнатпақ болғаныңызда OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасын орнату көрсетілмейді.) Бір уақытта басқа адамдармен OneDrive құжаттарында жұмыс істеу үшін Office бағдарламасын пайдалануға мүмкіндік беретін параметр орнатылады, бірақ басқа мүмкіндіктер орнатылмайды.

Windows 8.1 және Windows RT 8.1 жүйесіндегі OneDrive туралы қосымша ақпарат алу үшін, OneDrive: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР бөлімін қараңыз.

Windows 8.1 жүйесіне арналған OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасын жүктеу

Бағдарламаны жүктеп алғанда Microsoft қызметтер келісіміне және Құпиялылық туралы мәлімдемеге келісетініңізді білдіреді. Бұл бағдарламалық жасақтама жаңа нұсқаны автоматты түрде жүктеп, орнатады.

Windows 7 және одан ескі нұсқа

Windows 7 және одан ескі нұсқаға арналған жұмыс үстелі бағдарламасын жүктеу

Бағдарламаны жүктеу Microsoft қызметтер келісіміне және Құпиялылық туралы мәлімдемеге келісетініңізді білдіреді. Бұл бағдарламалық жасақтама жаңа нұсқаны автоматты түрде жүктеп, орнатады.

Ескерту : OneDrive бағдарламасына Windows XP жүйесінде қолдау көрсетілмейді. Егер оны Windows XP жүйесі бар компьютерге орнатсаңыз, «OneDriveSetup.exe - жарамды Win32 бағдарламасы емес» хабарын аласыз. OneDrive жүйе талаптары.

OneDrive қалтасы не істейді?

Windows жүйесіне арналған OneDrive бағдарламасын орнатқан кезде, сіздің OneDrive көшірмесі сіздің компьютеріңізге жүктеледі және OneDrive қалтасына қойылады. Бұл қалта OneDrive бағдарламасымен синхрондалып отырады. OneDrive веб-сайтындағы файлды немесе қалтаны қоссаңыз, өзгертсеңіз немесе жойсаңыз, файл немесе қалта сіздің OneDrive қалтаңызға және керісінше қосылады, өзгереді немесе жойылады.

Файлдарды автоматты түрде OneDrive бағдарламасына кері жүктеу үшін, Жетектеушінің көмегімен файлдарыңызды OneDrive қалтасына көшіріңіз немесе жылжытыңыз немесе оларды бағдарламадағы OneDrive қалтаңызға сақтаңыз. Осындай жолмен кері жүктелген файлдардың көлемі 10 Гб-қа дейін жетеді. OneDrive бағдарламасын басқа компьютерлерге орнатсаңыз, ол компьютердегі OneDrive қалталарына да файлдар автоматты түрде қосылады.

Жетектеушіні, сондай-ақ, файлдардың атын өзгертуге немесе оларды жоюға, жаңа қалталар жасауға және файлдарды OneDrive қалтасы бойынша жылжытуға пайдалануға болады. Өзгерістер автоматты түрде OneDrive бағдарламасына және OneDrive бағдарламасы орнатылған басқа компьютерлеріңізге жасалады.

Кеңестер : 

  • OneDrive бағдарламасындағы фотосуреттерді бұру үшін, OneDrive қалтаңыздағы фотосуреттерді ашыңыз және оларды Windows фотосуретерді қарап шығу құралы сияқты қарапайым фотосурет қараушыдан бұрыңыз. Файлдарды жапқан кезде, өзгерістер сақталады және фотосуреттер OneDrive бағдарламасында автоматты түрде жаңартылады.

  • OneDrive бағдарламасындағы сақтау орнының көп кеңістігін пайдалансаңыз, OneDrive бағдарламасын алғаш орнатқан кезде барлық файлдарды жүктеп алу ұзақ уақыт алуы мүмкін. Тасымалдау жылдамдығын көбейтуге қатысты кеңестерді алу үшін, Кері жүктеу және жүктеу жылдамдығын көбейту бөлімін қараңыз.

OneDrive бағдарламасынан компьютерлерді жойып, қоса аламын?

Компьютерге Windows жүйесіне арналған OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасын орнатқан кезде, сол компьютер OneDrive веб-сайтында, сол жақ тақтада пайда болады. Бұл - OneDrive қалтаңызда сақталмаған компьютердегі файлдар мен қалталарды ашу қажеттігі туралы ақпарат. Компьютерді қашықтықтан шолған кезде, тексеру кодын енгізу қажет болуы мүмкін. Файлдарға қашықтан қатынасу үшін, қашықтықтан басқарылатын файлдар мүмкіндігін пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Компьютеріңіздегі қашықтан басқарылатын файлдар бөлімін қараңыз.

OneDrive бағдарламасынан компьютерді алып тастау үшін, компьютерді таңдаңыз, содан кейін Компьютерді алып тастау түймешігін басыңыз.

OneDrive бағдарламасын барлық компьютеріме (компьютер және Mac) орнатуым қажет пе?

Жоқ. OneDrive бағдарламасындағы барлық файлды компьютеріңізде ұстағыңыз келмесе, OneDrive веб-сайтына өту арқылы сол компьютердегі OneDrive бағдарламасымен жұмыс істей бересіз. Компьютерге OneDrive бағдарламасын орнатпайынша компьютердегі файлдарды қашықтан басқару мүмкін емес.

«OneDrive бағдарламасын толық әкімшілік құқықпен іске қосу мүмкін емес. OneDrive бағдарламасын әкімші құқықтарынсыз іске қосыңыз» қате туралы хабарын аламын. Не істеуім қажет?

Windows Vista жүйесінде жұмыс істейтін компьютерде әкімші тіркелгісін пайдалансаңыз, Пайдаланушы тіркелгісін басқару (UAC) мүмкіндігі қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Болмаса, стандартты пайдаланушы тіркелгісімен OneDrive бағдарламасын пайдаланыңыз.

OneDrive қалтасынан басқа файлдарды синхрондау үшін таңдай аламын ба?

Синхрондау үшін басқа файлдарды таңдай алмайсыз, бірақ жұмыс үстеліңіз және кітапханалардағы қалталар сияқты кейбір қалталарды өзіңіздің OneDrive қалтаңызға қайта бағыттай аласыз. Жетектеушімен жұмыс істеу оңай болуы үшін, кітапханаларыңызға өзіңіздің OneDrive қалтаңыздан ішкі қалталарды қоса аласыз. Мысалы, OneDrive бағдарламасында демалыста түскен суреттеріңіз болса, оларды Windows 7 немесе Windows 8 жүйесінде суреттер кітапханасына қоса аласыз. Оны қалай істеу қажеттігі туралы ақпарат алу үшін, Қалталарды кітапханаға кірістіру бөлімін қараңыз.

Қалтаны OneDrive қалтаңызға қайта бағыттау
  1. Тапсырмалар жолағының шеткі оі жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы OneDrive белгішесін тінтуірдің оң жағымен басу арқылы OneDrive бағдарламасын жабыңыз, содан кейін Шығу түймешігін басыңыз. OneDrive белгішесін көру үшін, хабарландыру аймағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.

  2. Өзіңіздің OneDrive қалтаңыздағы қайта бағытталған файлдар үшін ішкі файлдар жасаңыз. Мысалы, Менің суреттерім қалтасын қайта бағыттау үшін, OneDrive бағдарламасында «Суреттер» деп аталатын қалта жасауыңыз қажет.

  3. Қайта бағыттағыңыз келетін қалтаны (бұл мысалда, «Менің суреттерім») тінтуірдің оң жағымен басыңыз, содан кейін Сипаттар түймешігін басыңыз.

  4. Орын қойындысын басыңыз, содан кейін Жылжыту түймешігін басыңыз.

  5. Осы қалтаны қайта бағыттағыңыз келетін орынды шолыңыз (мысалы, %userprofile%\OneDrive\Суреттер)

  6. Қалтаны таңдау түймешігін басыңыз, содан кейін OK түймешігін басыңыз.

  7. Барлық файлдарды жаңа орынға ауыстыру үшін, Пайда болатын диалогтық терезеде, Иә түймешігін басыңыз.

  8. OneDrive қызметін қайта іске қосыңыз. Ол үшін, Бастау түймешігін басып, іздеу өрісіне OneDrive деп теріңіз, содан MicrosoftOneDrive түймешігін басыңыз.

Жасаған соң, OneDrive қалтамның аты мен орнын өзгерте аламын ба?

Жоқ. OneDrive қалтаңыздың атын өзгерту үшін немесе оны жылжыту үшін, Жетектеушіні пайдалансаңыз, OneDrive жұмыс істеуін тоқтатады.

Менің компьютерімде синхрондалғанын қаламайтын қалталарды OneDrive бағдарламасынан таңдай аламын ба?

Иә. OneDrive бағдарламасын алғаш рет орнатқан кезде, Синхрондалатын қалталарды таңдаңыз түймешігін басыңыз. OneDrive бағдарламасын орнатқан кезде олай істемесеңіз, оны Параметрлер бөлімінде орындай аласыз:

  1. Тапсырмалар жолағының шеткі оң жағындағы хабарландыру аймағында OneDrive белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз. (Белгішені көру үшін, хабарландыру аймағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.)

  2. Параметрлер түймешігін басыңыз, Қалталарды таңдау қойындысын таңдаңыз, содан кейін Қалталарды таңдау түймешігін басыңыз.

Әрбір қалта үшін, қалтаның ішіндегі барлық мазмұнды синхрондау, қалтаның ішіндегі ішкі қалталарды синхрондау және қалтаның ішіндегі ішкі қалталардың ешбірінде жоқ файлдарды синхрондау функциясын таңдай аласыз. Егер кейбір элементтерді ғана синхрондау функциясын таңдасаңыз, компьютеріңіздегі OneDrive қалтасына қосатын жаңа элементтер OneDrive бағдарламасымен синхрондалады, бірақ веб-сайт немесе басқа құрылғылар арқылы OneDrive бағдарламасына қосылған элементтер синхрондау үшін таңдалған қалтаға қойылмайынша компьютеріңізбен синхрондалмайды. Компьютеріңіздегі қалталарды синхрондау процесін тоқтату мүмкіндігін таңдасаңыз, олар сол компьютердегі OneDrive қалтасынан жойылады, бірақ OneDrive бағдарламасында қалады.

Ескерту : Синхрондағыңыз келген жеке файлдарды және сізбен ортақ пайдаланылатын файлдарды немесе қалталарды синхрондау мүмкіндігін таңдай алмайсыз.

OneDrive бағдарламасымен қолданатын тіркелгімді өзгерте аламын ба?

OneDrive бағдарламасымен қолданатын тіркелгіңізді өзгерте аласыз, бірақ бір уақытта бірнеше тіркелгісі бар қалтаны пайдалана алмайсыз.

OneDrive бағдарламасымен қолданатын тіркелгімді өзгерту үшін:

  1. Тапсырмалар жолағының шеткі оң жағындағы хабарландыру аймағында OneDrive белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз. (Белгішені көру үшін, хабарландыру аймағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.)

  2. Параметрлер қойындысында, Байланысты үзуOneDrive пәрменін басыңыз.

  3. OneDrive бағдарламасын қайта іске қосып, пайдаланғыңыз келетін тіркелгіңізбен кіріңіз. OneDrive қалтаңызға арналған орынды қайта таңдауыңыз қажет. Дәл сол орынды таңдасаңыз, екі тіркелгіге арналған қалта да біріктіріледі. Компьютердегі қашықтықтан басқарылатын файлдар мүмкіндігі қосулы болса, оны қайта қосуыңыз қажет.

Өзім жойған файлдарды немесе қалтадарды қалпына келтіре аламын ба?

Файлдарды немесе қалталарды жою үшін қолданатын компьютерге өтіңіз, Себетті тексеріңіз немесе сол жақ бұрыштағы сілтемені басу арқылы OneDrive веб-сайтындағы себетті тексеріңіз.

Менің OneDrive қалтамдағы кейбір нәрселер OneDrive бағдарламасымен синхрондалмайды. Мәселе туралы толыққанды ақпаратты қайдан таба аламын?

Тапсырмалар жолағының шеткі оң жағындағы хабарландыру аймағында OneDrive белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз, содан кейін Синхрондау мәселелерін көру түймешігін басыңыз. (Белгішені көру үшін, хабарландыру аймағының жанындағы Жасырын белгішелерді көрсету көрсеткісін басуыңыз қажет болуы мүмкін.)

Ескертулер : 

  • Егер компьютеріңіздегі кейбір файлдарды ғана синхрондау мүмкіндігін таңдасаңыз, содан кейін бұл қалталардан тыс орындағы OneDrive бағдарламасына файлдарды қоссаңыз, сіз қосқан файлдар компьютерде синхрондалмайды.

  • Синхрондау мәселелеріне қатысты анықтама алу үшін, Windows 7 және одан ескі нұсқадағы OneDrive синхрондау мәселелерін шешу бөлімін қараңыз.

OneDrive бағдарламасын қалай жоюға болады?

Егер компьютеріңізден жұмыс үстеліне арналған OneDrive бағдарламасын жойсаңыз, сіздің OneDrive қалтаңыз сингхрондалуын тоқтатады. Сіздің OneDrive қалтаңыз және OneDrive бағдарламасындағы файлдарыңыз жойылмайды.

  1. Бастау түймешігін басыңыз. Іздеу жолағында Бағдарламалар сөзін теріңіз, содан кейін нәтижелер тізімінде Бағдарламалар мен мүмкіндіктер түймешігін басыңыз.

  2. Microsoft OneDrive түймешігін, содан кейін Жою пәрменін басыңыз. Әкімші құпиясөзін теру немесе растау қажет болса, құпиясөзді теріңіз немесе растаңыз.

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×