WEIBULL.DIST функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен WEIBULL.DIST функциясының қолданысы сипатталады.

Вейбул үлестірімін береді. Бұл үлестірім сенімділікті талдау үшін мысалы, бір құрылғының істен шыққанға дейінгі орташа жұмыс уақытын есептеу үшін пайдаланылады.

Синтаксис

WEIBULL.DIST(x,альфа,бета,интегралдық)

WEIBULL.DIST функция синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • X     Міндетті. Функцияны есептеу үшін пайдаланылатын мән.

  • Альфа     Міндетті. Үлестірім параметрі.

  • Бета     Міндетті. Үлестірім параметрі.

  • Интегралдық     Міндетті. Функцияның формасын анықтайды.

Ескертпелер

  • Егер х, альфа немесе бета мәні сан болмаса, WEIBULL.DIST функциясы #VALUE! қате мәнін қайтарады.

  • Егер x < 0 болса, WEIBULL.DIST функциясы #NUM! қате мәнін береді.

  • Егер альфа ≤ 0 немесе бета ≥ 0 болса, WEIBULL.DIST функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

  • Вейбул интегралдық үлестірім функциясының теңдеуі:

    Теңдеу

  • Вейбул ықтималдық тығыздығы функциясының теңдеуі:

    Теңдеу

  • Альфа = 1 болғанда, WEIBULL.DIST функциясы экспоненциалды үлестірімді береді:

    Теңдеу

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Дерек

Сипаттама

105

Функцияны есептеу үшін пайдаланылатын мән

20

Үлестірімнің альфа параметрі

100

Үлестірімнің бета параметрі

Формула

Сипаттамасы (Нәтижесі)

Нәтиже

=WEIBULL.DIST(A2,A3,A4,TRUE)

Жоғарыда келтірілген шарттардың Вейбул интегралдық үлестірім функциясы (0,929581)

0,929581

=WEIBULL.DIST(A2,A3,A4,FALSE)

Жоғарыда келтірілген шарттардың Вейбул ықтималдық тығыздығы функциясы (0,035589)

0,035589

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×