WEEKNUM функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен WEEKNUM функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттама

Нақты күннің апта санын көрсетеді. Мысалы, 1 қаңтар күнінен басталатын апта жылдың бірінші аптасы болып табылады және ол 1-ші апта деп нөмірленеді.

Осы функция үшін пайдаланылатын екі жүйе бар:

  • 1-жүйе    1 қаңтар күнінен басталатын апта жылдың бірінші аптасы болып табылады және ол 1-апта деп нөмірленеді.

  • 2-жүйе    Жылдың алғашқы бейсенбісінен басталатын апта жылдың алғашқы аптасы болып табылады және ол 1-апта деп нөмірленеді. Бұл жүйе еуропалық апталарды нөмірлеу жүйесі ретінде белгілі, ISO 8601 стандартында көрсетілген әдістеме.

Синтаксис

WEEKNUM(күннің_сандық_коды,[нәтиже_түрі])

ISOWEEKNUM функциясының синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • Күннің_сандық_коды    Міндетті. Апта ішіндегі бір күн. Күндер DATE функциясы арқылы немесе басқа өрнектердің не функциялардың нәтижелері түрінде енгізілуі керек. Мысалы, 2008 жылғы 23 мамыр үшін DATE(2008,5,23) функциясын пайдаланыңыз. Егер күндер мәтін түрінде енгізілсе, қиындықтар туындауы мүмкін.

  • Нәтиже_түрі    Міндетті емес. Аптаның қай күннен басталатынын анықтайтын сан. Әдепкі сан 1-ге тең.

Нәтиже_түрі

Аптаның басталу күні

Жүйе

1 немесе есепке алынбаған

Жексенбі

1

2

Дүйсенбі

1

11

Дүйсенбі

1

12

Сейсенбі

1

13

Сәрсенбі

1

14

Бейсенбі

1

15

Жұма

1

16

Сенбі

1

17

Жексенбі

1

21

Дүйсенбі

2

Ескертпе

  • Excel бағдарламасы күндерді жүйелі сериялық нөмірлер түрінде сақтайды, сонда оларды есептеулерде пайдалануға болады. Әдепкіде, 1900 жылғы 1 қаңтардың сериялық нөмірі 1, ал 2008 жылғы 1 қаңтардың сериялық нөмірі 39 448 болып табылады, себебі ол 1900 жылғы 1 қаңтарынан бастағанда 39 448 күннен кейін келеді.

  • Күннің_сандық_коды ағымдағы дерекқор мәні үшін ауқымнан тыс болса #NUM! қатесі қайтарылады.

  • Түр_жоғарыдағы кестеде көрсетілген ауқымнан тыс болса, #NUM! қатесі қайтарылады.

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

3/9/2012

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=WEEKNUM(A2)

Жексенбіде басталатын (әдепкі) апталарға негізделіп, 3/9/2012 орын алатын жылдағы аптаның нөмірі.

10

=WEEKNUM(A2,2)

Дүйсенбіде басталатын аптаға негізделіп (екінші аргумент, 2), 3/9/2012 орын алатын жылдағы аптаның нөмірі.

11

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×