VARA функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен VARA функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Үлгіге сүйене отырып дисперсияны есептейді.

Синтаксис

VARA(value1, [value2], ...)

VARA функциясы синтаксисінің келесі аргументтері бар:

  • 1-мән, 2-мән, ...    Мән1 – міндетті, одан кейінгі мәндер міндетті емес. Жиынтық үлгісіне сәйкес келетін 1 мен 255 аралығындағы мән аргументтері.

Ескертпелер

  • VARА функциясының аргументтері жиынтық үлгісі деп қабылданады. Егер деректер бүкіл жиынтықты білдірсе, онда дисперсия VARРА функциясы арқылы есептелуге тиіс.

  • Аргументтер мынадай болуы мүмкін: сандар, құрамында сандары бар аттар, массивтер не сілтемелер, сандардың мәтіндік презентациялары немесе сілтемедегі TRUE және FALSE сияқты логикалық мәндер.

  • Қисындық мәндер және аргументтер тізіміне тікелей терілетін сандардың мәтіндік презентациясы есепке алынады.

  • TRUE логикалық мәні бар аргументтер 1 деп, ал FALSE логикалық мәні бар аргументтер 0 (нөл) деп есептеледі.

  • Егер аргумент массив немесе сілтеме түрінде болса, сол массивтегі немесе сілтемедегі мәндер ғана пайдаланылады. Массивтегі немесе сілтемедегі бос ұяшықтар мен мәтін мәндері еленбейді.

  • Қате мәндер түріндегі аргументтер немесе санға аударылмайтын мәтін қате туғызады.

  • Егер логикалық мәндер мен сілтемедегі сандардың мәтіндік презентацияларын есептеудің бір бөлігі ретінде қоспау қажет болса, VARA функциясы пайдаланылады.

  • VARA функциясында келесі формула пайдаланылады:

    Формула

    мұнда, x – үлгінің AVERAGE(1-мән, 2-мән…) орташа мәні және n – үлгі өлшемі.

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Беріктік

1345

1301

1368

1322

1310

1370

1318

1350

1303

1299

Формула

Сипаттама

Н әтиже

=VARA(A2:A11)

Тексеріліп жатқан құралдардың сынуға беріктігінің дисперсиясын есептейді. VARA жиынтық үлгіні қабылдайды.

754,26667

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×