Tutorial: Import Data into Excel, and Create a Data Model

Аңдатпа:    Бұл сериядағы оқулық Excel бағдараламасымен, оның бекітілген деректер бөлігімен, талдау мүмкіндіктерімен танысу және оларды тиімді пайдалану үшін жасалған. Бұл оқулықтар Excel жұмыс кітабын қайта құрып, жетілдіреді, деректер үлгісін құрады, содан соң Power View арқылы тамаша интерактивті есептерді жасайды. Оқулықтар Excel, жиынтық кестелерде, Power Pivot және Power View қондырмасында Microsoft бизнес-сараптама мүмкіндіктерін көрсету үшін жасалады.

Осы оқулықтарда деректерді Excel бағдарламасына импорттау және іздеу, Power Pivot арқылы деректер үлгісін құру және жетілдіру, жариялауға, қорғауға және бөлісуге болатын Power View қондырамасымен интерактивті есептерді жасау әдісімен танысасыз.

Берілген сериядағы оқулықтар төмендегідей:

  1. Деректерді Excel 2013 бағдарламасына импорттау және деректер үлгісін жасау

  2. Excel 2013, Power Pivot және DAX арқылы деректер үлгісінің қатынастарын кеңейту

  3. Картаға негізделген Power View есептерін жасау

  4. Интернет деректерін біріктіру және Power View есебінің әдепкі параметрлерін орнату

  5. Тамаша Power View есептерін жасау - 1-бөлім

  6. Тамаша Power View есептерін жасау - 2-бөлім

Осы оқулықта бос Excel жұмыс кітабымен бастайсыз.

Оқулықтағы бөлімдер төмендегідей:

Дерекқордан деректерді импорттау

Электрондық кестеден деректерді импорттау

Көшіру және қою мүмкіндігін пайдалану арқылы деректерді импорттау

Импортталған деректер арасында қатынас жасау

Бақылау нүктесі және тексеру

Осы оқулықтың соңында үйренгеніңізді тексеруге арналған тексеру жұмысы бар.

Бұл оқулық сериясы Олимпиада медальдарын, ұйымдастырушы елдер мен түрлі Олимпиадалық іс-шараларды сипаттайтын деректерді пайдаланады. Әр оқулықты ретімен оқыған жөн. Сондай-ақ, бұл оқулықтар Power Pivot іске қосылған Excel 2013 бағдарламасын пайдаланады. Excel 2013 туралы қосымша ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз. Power Pivot іске қосу туралы нұсқауды алу үшін мына жерді басыңыз.


Деректерді дерекқордан импорттау

Бұл оқулықты бос жұмыс кітабымен бастаймыз. Осы бөлімнің мақсаты - сыртқы дерек көздеріне қосылу және сол деректерді әрі қарай талдау үшін Excel бағдарламасына импорттау.

Интернеттен біраз деректерді жүктеуден бастайық. Деректер Олимпиада медальдарын сипаттайды және Microsoft Access дерекқоры боылп табылады.

  1. Осы оқулық сериясында пайдаланылатын файлдарды жүктеуге арналған келесі сілтемелерді басыңыз. Төрт файлдың әрбірін Жүктемелер немесе Менің құжаттарым сияқты жылдам қолжетімді орындарға немесе жасалатын жаңа қалтаға жүктеңіз:
    > OlympicMedals.accdb Access дерекқоры
    > OlympicSports.xlsx Excel жұмыс кітабы
    > Population.xlsx Excel жұмыс кітабы
    > DiscImage_table.xlsx Excel жұмыс кітабы

  2. Excel 2013 бағдарламасында бос жұмыс кітабын ашыңыз.

  3. ДЕРЕКТЕР > Сыртқы деректерді алу > Access дерекқорынан тармағын басыңыз. Таспа пәрмендердің келесі терезелерден кішкене өзгеше болуы үшін жұмыс кітабыңыздың еніне байланысты динамикалық түрде реттейді. Бірінші экран жұмыс кітабы кең болғанда таспаны көрсетеді, екінші кескін тек экранның бөлігін ғана алатындай өлшеміне өзгертілген жұмыс кітабын көрсетеді.

    Деректерді Access дерекқорынан импорттау

    Деректерді Access дерекқорынан шағын таспамен импорттау


  4. Жүктелген OlympicMedals.accdb файлын таңдаңыз да, Ашу түймешігін басыңыз. Дерекқорда табылған кестелермен келесі Кестені таңдау терезесі пайда болады. Дерекқордағы кестелер Excel бағдарламасындағы жұмыс парақтарына немесе кестелерге ұқсас. Бірнеше кестелер таңдауын іске қосу ұяшығына белгі қойып, барлық кестелерді таңдаңыз. Содан соң, OK түймешігін басыңыз.

    Кесте терезесін таңдау

  5. Деректерді импорттау терезесі пайда болады.

    Ескерту : Осы деректерді төмендегі экранда көрсетілгендей, Деректер үлгісіне қосуға мүмкіндік беретін терезенің төменгі жағындағы ұяшық белгісіне назар аударыңыз. Бір немесе бірнеше кестелермен бір уақытта жұмыс істеп, оларды бір уақытта импорттағанда деректер үлгісі автоматты түрде жасалады. Деректер үлгісі жиынтық кестелерін, Power Pivot және Power View қондырмасын пайдалану арқылы кеңейтілген талдауды іске қоса отырып, кестелерді біріктіреді. Кестелерді дерекқордан импорттағанда, сол кестелер арасындағы бұрынғы дерекқор қатынастары Excel бағдарламасында деректер үлгісін жасау үшін пайдаланылады. Деректер үлгісі Excel бағдарламасында түсінікті, бірақ оны Power Pivot қондырмасымен тікелей көруге және өзгертуге болады. Деректер үлгісі кейінірек осы оқулықта талқыланады.


    Кестелерді Excel бағдарламасына импорттайтын және жиынтық кестені импортталған кестелерді талдау үшін дайындайтын Жиынтық кесте есебі опциясын таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз.

    Деректер терезесін импорттау

  6. Деректер импортталғаннан кейін, жиынтық кесте импортталған файлдар арқылы жасалады.

    Бос жиынтық кесте

Excel бағдарламасына деректер импортталып, деректер үлгісі автоматты түрде жасалғаннан кейін сіз деректерді зерттеуге дайын боласыз.

Жиынтық кестені пайдалану арқылы деректерді зерттеу

Импортталған файлдарды жиынтық кестені пайдалану арқылы зерттеу оңай. Жиынтық кестеде өрістерді (Excel бағдарламасындағы бағандарға ұқсас) кестелерден (Access дерекқорынан импортталған кестелерге ұқсас) түрлі жиынтық кесте аймақтарына деректерді көрсету әдісін реттеу үшін апарасыз. Жиынтық кестесінде төрт аймақ бар: СҮЗГІЛЕР, БАҒАНДАР, ЖОЛДАР және МӘНДЕР.

Төрт жиынтық кесте өрістерінің аймақтары

Өрістің қандай аймақты апаруын анықтау үшін біраз тексеру жүргізу қажет. Жиынтық кестенің деректеріңізді өзіңіз қалаған әдіспен көрсетпейінше кестелерден қалағаныңызша бірнеше немесе аздаған өрістерді апара аласыз. Өрістерді жиынтық кестенің түрлі аймақтарына апару арқылы зерттеңіз; Жиынтық кестеге өрістерді реттегенде негізгі деректерге әсері тимейді.

Жиынтық кестедегі Олимпиада медальдар деректерін спорт түрі, медаль түрі және спортшының елі мен аймағы бойынша ұйымдастырылған Олимпиада медаль алушылардан бастап зерттейік.

  1. Жиынтық кесте өрістерінде Medals кестесін соның жанындағы көрсеткіні басу арқылы кеңейтіңіз. Кеңейтілген Medals кестесіндегі NOC_CountryRegion өрісін тауып, БАҒАНДАР аймағына апарыңыз. NOC сөзі National Olympic Committees (Ұлттық Олимпиада Комитеті) сөзінің орнына жұмсалады, ол - ел немесе аймаққа арналған ұйымдық бірлестік.

  2. Енді Disciplines кестесінен спорт түрін ЖОЛДАР аймағына апарыңыз.

  3. Тек бес спорт түрін ғана көрсету үшін спорт түрлерін сүзгіден өткізейік. Садақпен ату (Archery), сүңгу (Diving), семсерлесу (Fencing), мәнерлеп сырғанау (Figure Skating) және қашықтыққа конькимен сырғанау (Speed Skating). Мұны Жиынтық кестесінің өрістері аймағынан немесе сол жиынтық кестесінің ішіндегі Жол белгілері сүзгісінен жасай аласыз.

    1. Excel жиынтық кестесінің таңдалғанына көз жеткізу үшін жиынтық кестесінде кез келген жерді басыңыз. Disciplines кестесі кеңейтілетін Жиынтық кесте өрістері тізімінде «Discipline» өрісіне көрсеткішті апарсаңыз, өрістің оң жағында ашылмалы көрсеткі пайда болады. Ашылмалы тізімді басып, барлық таңдауларды жойып, төмен жылжытып Archery, Diving, Fencing, Figure Skating және Speed Skating тармағын таңдау үшін (Барлығын таңдау) түймешігін басыңыз. OK түймешігін басыңыз.

    2. Не болмаса, жиынтық кестенің Жол белгілері бөлімінде Жиынтық кестесіндегі Жол белгілері бөлімінің жанындағы ашылмалы шаршыны басыңыз да, барлық таңдауларды жойып, төмен жылжып Archery, Diving, Fencing, Figure Skating және Speed Skating тармағын таңдау үшін (Барлығын таңдау) түймешігін басыңыз. OK түймешігін басыңыз.

  4. Жиынтық кесте өрістерінде Medals кестесінен «Medal» өрісін МӘНДЕР аймағына апарыңыз. Мәндер сандық болу қажет болғандықтан, Excel бағдарламасы автоматты түрде «Medal» өрісін Count of Medal өрісіне өзгертеді.

  5. Medals кестесінен «Medal» өрісін қайта таңдап, оны СҮЗГІЛЕР аймағына апарыңыз.

  6. Жиынтық кестесін медаль саны 90-нан асатын елдерді немесе аймақтарды ғана көрсету үшін сүзгіден өткізейік. Төменде әдісі берілген.

    1. Жиынтық кестеде Баған белгілері тармағының оң жағындағы ашылмалы тізімді басыңыз.

    2. Мән сүзгілері және Мынадан үлкен…. тармағын таңдаңыз

    3. Соңғы өріске (оң жақтағы) 90 санын теріңіз. OK түймешігін басыңыз.
      Мән сүзгісінің терезесі

Сіздің жиынтық кестеңіз төмендегі экранға ұқсас болады.

Жаңартылған жиынтық кесте

Аз ғана күш салып, енді әр түрлі төрт кестедегі өрістерді қамтитын негізгі Жиынтық кесте жасадыңыз. Кестелер арасындағы бұрыннан бар байланыстар арқылы осы тапсырма оңай жасалды. Себебі кесте байланыстары бастапқы дерекқорда бар және барлық кестелер бір операцияда импортталғандықтан, Excel бағдарламасы сол байланыстарды деректер үлгісінде қайта жасай алады.

Бірақ деректеріңіз әр түрлі дерек көзінен алынған болса немесе кейінгі уақытта импортталған болса, не істеуге болады? Әдетте, сәйкес бағандарға негізделген жаңа деректермен байланыстар жасауға болады. Келесі қадамда қосымша кестелерді импорттайсыз және жаңа байланыстар жасау әдісімен танысасыз.

Деректерді электрондық кестеден импорттау

Енді деректерді басқа дерек көзінен импорттайық, бұл жолы бұрынғы жұмыс кітабы үшін, содан соң бұрынғы деректер мен жаңа деректер арасындағы байланыстарды көрсетейік. Байланыстар деректер топтамасын Excel бағдарламасына талдауға және импорттайтын деректерден қызықты және иммерсивті визуализацияларды жасауға мүмкіндік береді.

Бос жұмыс парағын жасаудан бастайық, содан соң деректерді Excel жұмыс кітабынан импорттаймыз.

  1. Жаңа Excel жұмыс парағын кірісітіріп, оны Sports деп атаңыз.

  2. Жүктелген үлгі дерек файлдарын қамтитын қалтаға өтіп, OlympicSports.xlsx файлын ашыңыз.

  3. Деректерді таңдап, Sheet1 бетіне көшіріңіз. Егер деректері бар A1 сияқты ұяшықты таңдасаңыз, барлық іргелес деректерді таңдау үшін Ctrl + A пернелер тіркесімін басуға болады. OlympicSports.xlsx жұмыс кітабын жабыңыз.

  4. Disciplines жұмыс парағында курсорыңызды A1 ұяшығына қойып, деректерді енгізіңіз.

  5. Бөлектелген деректермен деректерді кесте ретінде пішімдеу үшін Ctrl + T пернелер тіркесімін басыңыз. Сонымен қатар, деректерді кесте ретінде БАСТЫ > Кесте ретінде пішімдеу тармағын таңдау арқылы таспадан пішімдеуге болады. Деректерде тақырыптар болғандықтан, мына жерде көрсетілгендей, пайда болған Кесте жасау терезесінде Кестемде тақырыптар бар опциясын таңдаңыз.

    Кесте терезесін жасау

    Деректерді кесте ретінде пішімдеудің көптеген артықшылықтары бар. Анықтауға оңай болу үшін кестеге белгілі бір атау тағайындай аласыз. Сондай-ақ, жиынтық кестелерінде, Power Pivot бағдарламасында және Power View қондырмасында іздеу және талдау мүмкіндіктерін іске қосу арқылы кестелер арасында байланыстар орната аласыз.

  6. Кестеге ат қойыңыз. КЕСТЕ ҚҰРАЛДАРЫ > ДИЗАЙН > Сипаттар тармағында Кесте атауы өрісін тауып, Sports атауын енгізіңіз. Жұмыс кітабы төмендегі экранға ұқсас.
    Excel бағдарламасындағы кестеге ат қойыңыз

  7. Жұмыс кітабын сақтаңыз.

Деректерді көшіру және қою мүмкіндігін пайдалану арқылы импорттау

Қазір Excel бағдарламасынан деректер импортталды, веб-бетте табылған кестеден немесе Excel бағдарламасына көшіріп, қоя алатын кез келген дерек көзінен алынған деректерді импорттаймыз. Келесі қадамдарда кестеден Олимпиаданы ұйымдастырушы қалаларды қосасыз.

  1. Жаңа Excel жұмыс парағын кірістіріп, оны Hosts деп атаңыз.

  2. Кесте тақырыптарын қоса отырып, келесі кестені таңдап, көшіріңіз.

City

NOC_CountryRegion

Alpha-2 Code

Edition

Season

Melbourne / Stockholm

AUS

AS

1956

Summer

Sydney

AUS

AS

2000

Summer

Innsbruck

AUT

AT

1964

Winter

Innsbruck

AUT

AT

1976

Winter

Antwerp

BEL

BE

1920

Summer

Antwerp

BEL

BE

1920

Winter

Montreal

CAN

CA

1976

Summer

Lake Placid

CAN

CA

1980

Winter

Calgary

CAN

CA

1988

Winter

St. Moritz

SUI

SZ

1928

Winter

St. Moritz

SUI

SZ

1948

Winter

Beijing

CHN

CH

2008

Summer

Berlin

GER

GM

1936

Summer

Garmisch-Partenkirchen

GER

GM

1936

Winter

Barcelona

ESP

SP

1992

Summer

Helsinki

FIN

FI

1952

Summer

Paris

FRA

FR

1900

Summer

Paris

FRA

FR

1924

Summer

Chamonix

FRA

FR

1924

Winter

Grenoble

FRA

FR

1968

Winter

Albertville

FRA

FR

1992

Winter

London

GBR

UK

1908

Summer

London

GBR

UK

1908

Winter

London

GBR

UK

1948

Summer

Munich

GER

DE

1972

Summer

Athens

GRC

GR

2004

Summer

Cortina d'Ampezzo

ITA

IT

1956

Winter

Rome

ITA

IT

1960

Summer

Turin

ITA

IT

2006

Winter

Tokyo

JPN

JA

1964

Summer

Sapporo

JPN

JA

1972

Winter

Nagano

JPN

JA

1998

Winter

Seoul

KOR

KS

1988

Summer

Mexico

MEX

MX

1968

Summer

Amsterdam

NED

NL

1928

Summer

Oslo

NOR

NO

1952

Winter

Lillehammer

NOR

NO

1994

Winter

Stockholm

SWE

SW

1912

Summer

St Louis

USA

US

1904

Summer

Los Angeles

USA

US

1932

Summer

Lake Placid

USA

US

1932

Winter

Squaw Valley

USA

US

1960

Winter

Moscow

URS

RU

1980

Summer

Los Angeles

USA

US

1984

Summer

Atlanta

USA

US

1996

Summer

Salt Lake City

USA

US

2002

Winter

Sarajevo

YUG

YU

1984

Winter

  1. Excel бағдарламасында, Hosts жұмыс парағына курсорыңызды A1 ұяшығына қойып, деректерді енгізіңіз.

  2. Деректерді кесте ретінде пішімдеңіз. Осы нұсқаулықта айтылғандай, Ctrl + T пернелер тіркесімін деректерді кесте ретінде пішімдеу үшін немесе БАСТЫ > Кесте ретінде тармағын басыңыз. Деректерде тақырыптар болғандықтан, пайда болған Кесте жасау терезесінен Кестемде тақырыптар бар опциясын таңдаңыз.

  3. Кестеге ат қойыңыз. КЕСТЕ ҚҰРАЛДАРЫ > ДИЗАЙН > Сипаттар тармағында Кесте атауы өрісін тауып, Hosts атауын енгізіңіз.

  4. «Edition» бағанын таңдап, БАСТЫ қойындысынан оны 0 ондық таңбалар санымен Сан ретінде пішімдеңіз.

  5. Жұмыс кітабын сақтаңыз. Жұмыс кітабы төмендегі экранға ұқсас болады.

Хост кестесі

Енді кестелері бар Excel жұмыс кітабы бар, олардың арасында байланыстар жасай аласыз. Кестелер арасында байланыстар жасау деректерді екі кестеден араластыруға мүмкіндік береді.

Импортталған деректер арасындағы қатынасты жасау

Жиынтық кестесіндегі өрістерді арқылы импортталған кестелерден лезде пайдалана аласыз. Егер Excel өрісті жиынтық кестеге біріктіру әдісін анықтай алмаса, байланыс бұрынғы деректер үлгісімен орнатылуы тиіс. Келесі қадамдарда, түрлі дерек көздерінен импорттаған деректер арасында байланыс жасау әдісімен танысасыз.

  1. 1-парағында, Жиынтық кесте өрістерінің жоғарғы жағында төмендегі экранда көрсетілгендей, қол жетімді кестелердің толық тізімін көру үшін Барлығы түймешігін басыңыз.
    Барлық қол жетімді кестелерді көрсету үшін жиынтық кесте өрістеріндегі «Барлығы» тармағын басыңыз

  2. Жаңа қосылған жаңа кестелерді көру үшін тізім бойынша жылжытыңыз.

  3. Sports өрісін кеңейтіңіз және оны жиынтық кестесіне қосу үшін Sport тармағын таңдаңыз. Excel бағдарламасының төмендегі экранда көрсетілгендей, байланыс жасауға шақыратынын көресіз.
    Жиынтық кесте өрістеріндегі байланыс ЖАСАУ... шақыруы

    Негізгі деректер үлгісінің бөлігіне жатпайтын кесте өрістерін пайдаланғандықтан, хабарландыру пайда болды. Кестені деректер үлгісіне қосудың бір жолы - бұрыннан деректер үлгісінде болған кестеге байланыс жасау. Байланыс жасау үшін кестелердің бірінде бірегей, қайталанбайтын, мәндер бағаны болуы қажет. Үлгі деректерінде Disciplines кестесі SportID деп аталатын спорт кодтарын қамтитын дерекқордан импортталады. Осы спорт кодтары импортталған Excel деректерінде өріс ретінде. Байланыстар орнатайық.

  4. Төмендегі экранда көрсетілгендей, Байланыс орнату тармағын ашу үшін бөлектелген Жиынтық кесте өрістері аймағында ЖАСАУ... түймешігін басыңыз.

    Байланыс жасау терезесі

  5. Кесте тармағында ашылмалы тізімнен Disciplines тармағын таңдаңыз.

  6. Баған (Сыртқы) ішінен SportID таңдаңыз.

  7. Қатысты кестеден Sports тармағын таңдаңыз.

  8. Қатысты баған (Бастапқы) ішінен SportID тармағын таңдаңыз.

  9. OK түймешігін басыңыз.

Жиынтық кестесі жаңа байланысты көрсету үшін өзгереді. ЖОЛДАР аймағындағы өрістер ретіне байланысты жиынтық кестесі дұрыс көрсетілмейді. Спорт түрі берілген спорттың қосалқы санаты, бірақ «Discipline» өрісін ЖОЛДАР аймағындағы «Sport» өрісінің жоғарғы бөлігіне реттелгендіктен, ол дұрыс ұйымдастырылмайды. Келесі экран осы қалаусыз ретті көрсетеді.
Қалаусыз ретті жиынтық кесте

  1. ЖОЛДАР аймағында «Discipline» тармағының жоғарғы бөлігіндегі «Sport» өрісін жылжытыңыз. Енді жақсы болды және жиынтық кесте деректерді төмендегі экранда көрсетілгендей, көргіңіз келген ретпен көрсетеді.

    Түзетілген ретті жиынтық кесте

Фонда, Excel бағдарламасында жұмыс кітабында жиынтық кестелердің, жиынтық диаграммалардың, Power Pivot немесе Power View есептерінің кез келген санында пайдалануға болатын деректер үлгісін жасауға болады. Кесте байланыстары деректер үлгісінің негізі және өту және есептеу жолдарын анықтайды.

Келесі Деректер үлгісі қатынастарын Excel 2013, Power Pivot және DAX арқылы кеңейту оқулығында осыдан оқығандарыңызды жасайсыз және Power Pivot деп аталатын маңызды және көрнекі Excel қондырмасын пайдалану арқылы деректер үлгісін кеңейту арқылы өте аласыз. Сондай-ақ, кестедегі бағандарды есептеу және есептелген бағанды қатысты емес кесте деректер үлгісіне қосылатындай пайдалану әдісімен таныса аласыз.

Бақылау нүктесі және сынақ

Оқығанды қарап шығу

Енді бірнеше кестелердегі деректерге кіретін жиынтық кестені қамтитын Excel жұмыс кітабы бар, олардың бірнешеуі бөлек импортталған. Дерекқордан, басқа Excel жұмыс кітабынан импорттау және деректерді көшіріп, Excel бағдарламасына енгізу әдісіне дейін үйрендіңіз.

Деректердің біріге жұмыс істеуі үшін Excel бағдарламасы жолдарды салыстыру үшін пайдаланатын кесте байланысын жасауыңыз қажет. Сондай-ақ, бір кестедегі бағандарды басқа кестедегі деректермен салыстыру байланыстар жасау және қатысты жолдарды іздеу үшін маңызды екенін білдіңіз.

Осы сериядағы келесі оқулыққа дайынсыз. Мына жерде сілтемесі берілген:

Excel 2013, Power Pivot және DAX арқылы деректер үлгісінің қатынастарын кеңейту

ТЕКСЕРУ

Оқығандарыңыздың қаншалықты есіңізде екенін тексергіңіз келе ме? Бұл - сіздің мүмкіндігіңіз. Келесі сынақ осы оқулықта оқыған мүмкіндіктерді немесе талаптарды қамтиды. Беттің төменгі жағынан жауаптарды таба аласыз. Сәттілік!

1-сұрақ: Импортталған деректерді кестелерге түрлендіру неліктен маңызды?

A: Барлық импортталған деректер автоматты түрде кестелерге айналатындықтан, оларды кестелерге түрлендіру қажет емес.

Ә: Егер импортталған деректерді кестелерге түрлендірсеңіз, олар деректер үлгісінен шығарылады. Олар деректер үлгісінен шығарылғанда ғана жиынтық кестелерде, Power Pivot және Power View қондырмасында қол жетімді болады.

Б: Импортталған деректерді кестелерге түрлендірсеңіз, олар деректер үлгісіне қосылып, жиынтық кестелері, Power Pivot және Power View қондырмасы үшін қол жетімді болады.

В: Импортталған деректерді кестелерге түрлендіру мүмкін емес.

2-сұрақ: Келесі дерек көздерінің қайсысын Excel бағдарламасына импорттап, деректер үлгісіне қоса аласыз?

A: Access дерекқорлары және соның ішінде, басқа да көптеген дерекқорлар.

Ә: Бұрынғы Excel файлдары.

Б: Excel бағдарламасына көшіріп, қоя алатынжәне кесте ретінде пішімделетін кез келген элемент, соның ішінде, веб-сайттардағы дерек кестелері, құжаттар немесе басқа да элементтер Excel бағдарламасына қойылады.

В: Жоғарыдағылардың барлығы

3-сұрақ: Жиынтық кестеде, өрістерді төрт жиынтық кесте өрістеріне реттесеңіз не болады?

A: Ешнәрсе - оларды жиынтық кесте өрістеріне қойғаннан кейін қайта реттеу мүмкін емес.

Ә: Жиынтық кесте пішімі пішімді көрсету үшін өзгереді, бірақ негізгі деректерге әсер етпейді.

Б: Жиынтық кесте пішімі пішімді көрсету үшін өзгереді және барлық негізгі деректер біржолата өзгереді.

В: Негізгі деректер өзгереді және нәтижесінде жаңа деректер жиыны пайда болады.

4-сұрақ: Кестелер арасында байланыс жасау кезінде не талап етіледі?

A: Ешбір кестеде бірегей, қайталанбайтын мәндері бар баған қамтылмайды.

Ә: Бір кесте Excel жұмыс кітабының бөлігі болуы қажет.

Б: Бағандар кестелерге түрлендірілмеуі қажет.

В: Жоғарыдағының ешқайсысы дұрыс емес.

Тексеру жауаптары

  1. Дұрыс жауап: Б

  2. Дұрыс жауап: В

  3. Дұрыс жауап: Ә

  4. Дұрыс жауап: В

Ескертулер : Осы оқулық сериясындағы деректер мен кескіндер келесіге негізделген:

  • Guardian News & Media Ltd. Олимпиада ойындарына қатысты деректер жиыны

  • CIA Factbook (cia.gov) жалауша кескіндері

  • Дүниежүзілік банкіден алынған халық саны туралы деректер (worldbank.org)

  • Thadius856 және Parutakupiu тарапынан Олимпиадалық ойын пиктограммалары

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×