TransferSpreadsheet макрос әрекеті

TransferSpreadsheet әрекетін қолдану арқылы деректерді ағымдағы Microsoft Access дерекқоры (.mdb немесе .accdb) немесе Microsoft Access жобасы (.adp) және электрондық кесте файлы арасына импорттауыңызға немесе экспорттауыңызға болады. Және де, Microsoft Office Excel 2007 электрондық кестесіндегі деректерді ағымдағы Microsoft Office Access 2007 дереқорына байланыс (кестелер)ыңызға болады. Байланыстырылған электрондық кестеңіз болса, деректерге Excel электрондық кесте бағдарламаңыздан толық қатынауды қамтамасыз ете отырып, Access бағдарламасы арқылы электрондық кесте деректеріңізді көруіңізге және өңдеуіңізге болады. Деректерге Lotus 1-2-3 электрондық кесте файлында да байланыстыруыңызға болады, бірақ бұл деректер Access бағдарламасында тек оқуға беріледі.

Ескерту : Бұл әрекетке дерекқор сенімсіз болған жағдайда рұқсат берілмейді. Қосылатын құрамды пәрмендер туралы көбірек ақпарат алу үшін, осы мақаланың Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтеме бойынша өтіңіз.

Теңшеу

TransferSpreadsheet әрекеті келесі дәлелдерді қолданады.

Әрекет дәлелі

Сипаттама

Тасымалдау түрі

Жасағыңыз келетін тасымалдау түрі. Макрос құрастырғыш аумағының Әрекет дәлелдері бөліміндегі Тасымалдау түрі жолағында Импорттау, Экспорттау немесе Байланыс дегенін таңдаңыз. Әдепкі күйінде Импорттау дегенге қойылады.

Ескерту : Байланыс тасымалдау түріне Access (.adp) жобаларында қолдау көрсетілмейді.

Электрондық кесте түрі

Импорттауға, экспорттауға немесе байланыстыруға арналған электрондық кесте түрі. Жолақта бір қатар электрондық кесте түрлерінің біреуін таңдауыңызға болады. Әдепкі күйінде Excel жұмыс кітабына қойылады.

Ескерту : Lotus .WK4 файлдарынан импорттауыңызға немесе оларға байланыстыруыңызға (тек оқу үшін) болады, бірақ, Access деректерін бұл электрондық кесте пішіміне экспорттай алмайсыз. Access бағдарламасы деректерді Lotus .WKS немесе Excel бағдарламасына осы әрекеті арқылы импорттауды, экспорттауды немесе байланыстыруды енді қолдамайды. Егер Excel (2.0 нұсқасы) немесе Lotus .WKS бағдарламасындағы электрондық кесте деректеріне байланыстырғыңыз немесе олардан импорттағыңыз келсе, онда деректерді Access бағдарламасына импорттау немесе байланыстыру алдында электрондық кесте деректерін Excel немесе Lotus 1-2-3 бағдарламасының жаңалау нұсқасына аударыңыз.

Кесте атауы

Электрондық кесте деректерін импорттауға, электрондық кесте деректерінен экспорттауға немесе электрондық кесте деректерін байланыстыруға арналған Access кестесінің атауы. Деректерді экспорттағыңыз келетін Access бағдарламасының таңдау сұрауының атауын да теруіңізге болады. Бұл қажет етілетін дәлел.

Егер Тасымалдау түрі дәлелінде Импорттау дегенін таңдасаңыз, Access бағдарламасы электрондық кесте деректерін осы кестеге (егер кесте бар болса) жалғайды. Болмаса, Access бағдарламасы электрондық кесте деректері бар жаңа кестені жасайды.

Access бағдарламасында TransferSpreadsheet әрекетін қолдану кезіңізде экспортталатын деректерді белгілеу үшін SQL жолы/мәлімдемесін қолдана алмайсыз. SQL нұсқауын қолданудың орнына, алдымен сұрауды жасап, содан соң, Кесте атауы дәлелінде сұраудың атауын белгілеңіз.

Файл атауы

Импорттау, экспорттау немесе байланыстыру әрекеттеріне арналған электрондық кесте файлының атауы. Толық жолын қосыңыз. Бұл қажет етілетін дәлел.

Жаңа деректерді Access дерекқорынан экспорттаған кезіңізде Access бағдарламасы жаңа электрондық кесте жасайды. Егер файлдың атауы қолданыстағы электрондық кестенің атауымен бірдей болса, Access бағдарламасы, Сіз Excel 5.0 немесе одан жаңалау жұмыс кітабына экспорттамайыңызша, қолданыстағы электрондық кестені ауыстырады. Ондай жағдайда, Access бағдарламасы экспортталған деректерді жұмыс кітабындағы келесі жаңа жұмыс парағына көшіреді.

Егер Excel 5.0 немесе одан жаңалау электрондық кестеден импорттасаңыз немесе оған байланыстырсаңыз, онда Ауқым дәлелін қолдану арқылы белгілі бір жұмыс парағын белгілеуіңізге болады.

Өріс атаулары бар

Электрондық кестенің бірінші жолында өрістердің атаулар бар не жоқ екенін белгілейді. Егер Иә дегенін таңдасаңыз, онда электрондық кесте деректерін импорттаған немесе байланыстырған кезіңізде Access бағдарламасы осы жолдағы атауларды Access кестесінің өрістер атауы ретінде қолданады. Егер Жоқ дегенін таңдасаңыз, Access бағдарламасы бірінші жолды кәдімгі деректер жолы ретінде қолданады. Әдепкі күйінде Жоқ дегенге қойылады.

Access кестесін немесе іріктеу сұрауын электрондық кестеге экспорттаған кезіңізде, өріс аттары, осы дәлелде не таңдағаныңызға қарамастан, электрондық кестенің бірінші жолына енгізіледі.

Ауқым

Импортталатын немесе байланыстырылатын ұяшықтар ауқымы. Импорттауға бұл дәлелді бос қалдырыңыз немесе бүкіл электрондық кестені байланыстырыңыз. Ауқымның атауын электрондық кестеде теруіңізге немесе импортталатын не байланыстырылатын ұяшықтар ауқымын белгілеуіңізге болады. Мысалы: A1:E25 (есіңізде болсын, A1..E25 синтаксисы Access 97 не одан жаңалау нұсқаларында жұмыс істемейді). Егер Excel 5.0 не одан жаңалау электрондық кестеден импорттасаңыз немесе оған байланыстырсаңыз, онда ауқымның алдына электрондық кестенің атауын немесе леп белгісін қоюыңызға болады: мысалы, Budget!A1:C7.

Ескерту : Егер электрондық кестеге экспорттасаңыз, бұл дәлелді бос қалдыруыңыз керек. Егер ауқымды енгізсеңіз, экспорттау әрекеті орындалмайды.


Түсініктемелер

Access іріктеу сұрауларындағы деректерді электрондық кестелеріне экспорттауыңызға болады. Access бағдарламасы сұраудың нәтижелер жинағын кесте ретінде қарастырып, экспорттайды.

Қолданыстағы Access кестесіне жалғайтын электрондық кесте деректеріңіз кестенің құрылымымен сыйысымды болуы керек.

  • Электрондық кестедегі әр өрістің түрі кестедегі тиісті өрістің өрістің деректер түрінде болуы керек.

  • Өрістер сол тәртіппен берілу керек (тек Өріс аттары бар дәлелін Иә дегенге қоймасаңыз. Ондай жағдайда, электрондық кестедегі өріс атаулары кестедегі өріс атауларымен бірдей болуы керек).

Бұл әрекеттің әсері Сыртқы деректер қойындысын ашып, Импорттау немесе Экспорттау тобында Excel дегенін нұқу әсерімен немесе Импорттау немесе Экспорттау тобында Қосымша дегенін таңдап, Lotus 1-2-3 файлын нұқу әсерімен бірдей. Бұл пәрмендерді қолдану арқылы Access немесе дерекқор түрі, электрондық кесте немесе мәтін файлы сияқты деректер көзін таңдауыңызға болады. Егер электрондық кестені таңдасаңыз, бір қатар тілқатысу терезелері шығады немесе Access шебері орындалып, оның ішінде Сіз электрондық кестенің атауын және басқа опцияларды таңдайсыз. TransferSpreadsheet әрекетінің дәлелдері осы тілқатысу терезелеріндегі немесе шеберлердегі опцияларды тойтарады.

Ескерту : Егер Сіз байланыстырылған электрондық кестеге сұрау беретін немесе оны сүзгілейтін болсаңыз, сұрау немесе сүзгі әріптердің үлкен-кішілігін ескеретінін ұмытпаңыз.

Егер өңдеу күйінде ашық тұрған Excel электрондық кестесіне байланыстырсаңыз, Access бағдарламасы байланыстыруды аяқтамас бұрын, Excel электрондық кестесі өңдеу күйінен шыққанынша дейін күтеді; бұл әрекет уақытпен шектелмейді.

Visual Basic for Applications (VBA) модулінде TransferSpreadsheet әрекетін орындау үшін DoCmd нысанының TransferSpreadsheet әдісін қолданыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×