TransferDatabase макрос әрекеті

TransferDatabase әрекетін қолдану арқылы деректерді дерекқор (.mdb немесе .accdb) немесе Microsoft Access жобасы (.adp) мен басқа дерекқордың арасында импорттауыңызға немесе экспорттауыңызға болады. Microsoft Office Access 2007 дерекқорларына келсек, басқа дерекқордан ағымдағы Access дерекқорына байланыстырылған кестеыңызға да болады. Байланыстырылған кестеңіз болса, басқа дерекқорда тұрған кестенің деректеріне қол жеткізе аласыз.

Ескерту : Бұл әрекетке дерекқор сенімсіз болған жағдайда рұқсат берілмейді. Қосылатын құрамды пәрмендер туралы көбірек ақпарат алу үшін, осы мақаланың Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтеме бойынша өтіңіз.

Теңшеулер

TransferDatabase әрекеті келесі дәлелдерді қолданады.

Әрекет дәлелі

Сипаттама

Тасымалдау түрі

Жасағыңыз келетін тасымалдау түрі. Макрос құрастырғыш аумағының Әрекет дәлелдері бөліміндегі Тасымалдау түрі жолағында орналасқан Импорттау, Экспорттау немесе Сілтеме дегенін таңдаңыз. Әдепкі күйінде Импорттау дегенге қойылады.

Ескерту : Байланыс тасымалдау түріне Access (.adp) жобаларында қолдау көрсетілмейді.

Дерекқор түрі

Импорттайтын, экспорттайтын немесе байланыстыратын дерекққор түрі. Дерекқор түрі жолағынан Microsoft Access немесе бір қатар басқа дерекқор түрелірінің біреуін таңдауыңызға болады. Әдепкі күйінде Microsoft Access дерекқор түрі тұрады.

Дерекқор атауы

Импорттайтын, экспорттайтын немесе байланыстырылатын дерекқор атауы. Бұл қажет етілетін дәлел.

FoxPro, Paradox және dBASE сияқты әрбір кестеге бөлек файлдарды қолданатын дерекқор түрлері үшін файлды ұстайтын каталогты енгізіңіз. Бастапқы дәлелінде (импорттау не байланыстыру үшін) немесе Тағайындау дәлелінде (экспорттау үшін) файлдың атауын енгізіңіз.

ODBC дерекқоры үшін толық Ашық дерекқорды байланыстыру (ODBC)байланыс жолын теріңіз.

Байланыс жолының мысалын көру үшін сыртқы кестені Access бағдарламасына байланыстырыңыз:

  1. Сыртқы деректер қойындысының Импорттау тобында Access түймешігін нұқыңыз.

  2. Сыртқы деректерді алу тілқатысу терезесінде бастапқы дерекқордың жолын Файл атауы жақтауында енгізіңіз.

  3. Байланыстырылған кестені жасау арқылы деректер көзіне байланысу дегенін таңдаңыз да OK түймешігін басыңыз.

  4. Кестелермен байланыс тілқатысу терезесінде кестені таңдап, OK түймешігін басыңыз.

Құрастырушы көрінісінде жаңа ғана байланыстырылған кестені ашып, Құрастырушы қойындысында орналасқан Құралдар астында Сипаттар кестесі дегенін нұқу арқылы кесте сипаттарына қараңыз. Сипаттама сипаты теңшеуіндегі мәтін осы кестенің байланыс жолы болып табылады.

ODBC байланыс тізбектері жөнінде қосымша мәлімет алу үшін ODBC дерекқорының осы түріндегі ODBC драйверіне арналған Көмек файлын немесе басқа құжаттарды қараңыз.

Нысан түрі

Импорттау немесе экспорттауға берілген нысан түрі. Егер Дерекқор түрі дәлеліне Microsoft Access бағдарламасын таңдасаңыз, онда Нысан түрі жолағында Кесте, Сұрау, Пішін, Есеп, Макрос, Модуль, Деректерге қатынау беті, Сервер көрінісі, Диаграмма, Сақталған іс рәсімі немесе Функция дегенін таңдауыңызға болады. Әдепкі күйінде Кесте дегенге қойылған. Егер дерекқордың кез келген басқа түрін таңдасаңыз немесе Тасымалдау түрі жолағында Сілтеме дегенін таңдасаңыз, бұл дәлел есепке алынбайды.

Егер Access дерекқорына таңдау сұрауы дегенін экспорттасаңыз, онда сұраудың нәтижелер жинағын экспорттау үшін осы дәлелде Кесте дегенін таңдаңыз, ал сұраудың өзін экспорттау үшін Сұрау дегенін таңдаңыз. Егер іріктеу сұрауын дерекқордың басқа түріне экспорттасаңыз, бұл дәлел есепке алынбайды, ал сұраудың нәтиже жинағы экспортталады.

Бастапқы

Импорттағыңыз, экспорттағыңыз немесе байланыстырғыңыз келетін кестенің, іріктеу сұрауының немесе Access нысанының атауы. Дерекқорлардың FoxPro, Paradox немесе dBASE сияқты кейбір түрлеріне, бұл файлдың атауы болады. Файлдың атауына файл кеңейтімін қосыңыз (мысалы: .dbf). Бұл қажет етілетін дәлел.

Ақырғы

Ақырғы дерекқордағы импортталған, экспортталған немесе сілтемеленген кестенің, іріктеу сұрауының немесе Access нысанының атауы. Дерекқорлардың FoxPro, Paradox немесе dBASE сияқты кейбір түрлеріне бұл файлдың атауы болады. Файлдың атауына файл кеңейтімін қосыңыз (мысалы: .dbf). Бұл қажет етілетін дәлел.

Егер Тасымалдау түрі дәлелінде Импорттау дегенін таңдасаңыз, ал Нысан түрі дәлелінде Кесте дегенін таңдасаңыз, Access бағдарламасы импортталған кестеде деректері бар жаңа кестені жасайды.

Егер кестені немесе басқа нысанды импорттасаңыз, Access бағдарламасы файлдың атауына, егер ол қолданыстағы файлдың атауына қайшы келсе, сан қосады. Мысалы, егер «Қызметкерлер» деп аталатын кестені импорттасаңыз, ал осы атау қолданыста бар болса, Access бағдарламасы импортталған кестенінің немесе басқа нысанның атауын «Қызметкерлер1» дегенге өзгертеді.

Егер Access дерекқорына немесе басқа дерекқорға экспорттасаңыз, Access бағдарламасы автоматты түрде атауы бірдей болған қандай да болсын қолданыстағы кестені немесе басқа нысанды ауыстырады.

Тек құрылым

Ешқандай деректерісіз дерекқор кестесінің құрылымын ғана импорттауды немесе экспорттауды белгілейді. Иә немесе Жоқ дегенін таңдаңыз. Әдепкі күйінде Жоқ дегенге қойылады.

Түсініктемелер

Access дерекқорлары және басқа түрлердегі дерекқорлар арасында кестелерді импорттауыңызға және экспорттауыңызға болады. Және де, Access іріктеу сұрауларын дерекқорларының басқа түрлеріне де экспорттауыңызға болады. Access бағдарламасы сұраудың нәтижелер жинағын кесте түрінде экспорттайды. Егер дерекқорлардың екеуі де Access дерекқорлары болса, онда кез келген Access дерекқор нысандарын импорттауыңызға және экспорттауыңызға болады.

Егер байланыстырылған кестені басқа Access дерекқорынан (.mdb немесе .accdb) импорттасаңыз, ол импортталғаннан кейін де байланыстырылған болып қалады, яғни, кестенің өзі емес, сілтеме импортталады.

Егер қатынағыңыз келетін дерекқор құпия сөзді сұраса, онда макрос орындалған кезде, тілқатысу терезесі шығады. Сол тілқатысу терезесінде құпия сөзді теріңіз.

TransferDatabase әрекеті Сыртқы деректер қойындысындағы Импорттау немесе Экспорттау астындағы пәрмендерге ұқсас. Осы пәрмендерді қолдану арқылы деректер көзін таңдауыңызға болады, мысалы: Access дерекқоры немесе дерекқордың басқа түрі, электрондық кесте немесе мәтін файлы. Егер дерекқорды таңдасаңыз, онда бір не бірнеше тілқатысу терезелері шығады. Сол терезелерде импорттайтын, экспорттайтын немесе байланыстыратын дерекқорға байланысты импорттауға немесе экспорттауға (Access дерекқорларына) жататын нысанның түрін, атауын және басқа опцияларды таңдайсыз. TransferDatabase әрекетінің дәлелдері осы тілқатысу терезелеріндегі опцияларды тойтарады.

Егер байланыстырылған dBASE кестесіне индекс мәліметін қамтамасыз еткіңіз келсе, онда алдымен кестені байланыстырыңыз:

  1. Сыртқы деректер қойындысының Импорттау тобында Тағы түймешігін нұқыңыз.

  2. dBASE файлын нұқыңыз.

  3. Сыртқы деректерді алу тілқатысу терезесінде Файл атауы жолағында dBASE файлына жол енгізіңіз.

  4. Байланыстырылған кестені жасау арқылы деректер көзіне байланысу дегенін таңдаңыз да OK түймешігін басыңыз.

  5. Осы пәрменнің тілқатысу терезелерінде индекстерді белгілеңіз. Access бағдарламасы индекс мәліметтерін «Microsoft Office» қалтасында орналасқан арнайы мәлімет (.inf) файлында сақтайды.

  6. Содан соң байланыстырылған кестеге қойылған сілтемені жоюыңызға болады.

Осы dBASE кестесіне ендігі жолы TransferDatabase әрекетін қолдану арқылы сілтеме жасаған кезіңізде Access бағдарламасы Сіз белгілеп қойған индекс мәліметтерін қолданады.

Ескерту : Егер байланыстырылған кестеге сұрау жасайтын немесе оны сүзгілегейтін болсаңыз, сұрау мен сүзгі әріптердің үлкен-кішілігін ескеретінін ұмытпаңыз.

Visual Basic for Applications (VBA) модулінде TransferDatabase әрекетін орындау үшін DoCmd нысанының TransferDatabase әдісін қолданыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×