TYPE функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен TYPE функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Мәннің түрін береді. Басқа бір функцияның орындалуы нақты бір ұяшықтағы мәннің түріне тәуелді болған кезде, TYPE функциясы пайдаланылады.

Синтаксис

TYPE(мән)

TYPE функциясының синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • Мән    Мндетті. Кез келген Microsoft Excel мәні болуы мүмкін, мысалы, бір сан, мәтін, логикалық мән және т.с.с.

Мән

TYPE нәтижесі

Сан

1

Мәтін

2

Логикалық мән

4

Қате мәні

16

Массив

64

Ескертпелер

  • TYPE функциясы көбінесе ARGUMENT және INPUT сияқты әр түрлі деректерді қабылдай алатын функциялар пайдаланылған кезде пайдаланылады. Бір функция немесе формула қандай деректер түрін беретінін білу үшін TYPE функциясы пайдаланылады.

  • Ұяшықтың ішінде формула бар-жоғын анықтау үшін TYPE функциясын пайдалануға болмайды. TYPE функциясы тек нәтижелер түрінде берілетін немесе бейнебетке шығарылатын мәннің түрін анықтайды. Егер мән ішінде формула бар ұяшыққа берілген сілтеме болса, TYPE функциясы формуланың нәтижесінде шыққан мәннің түрін береді.

Мысал

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

Оразов

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=TYPE(A2)

А2 ұяшығындағы мәннің түрін қайтарады. Мәтін түрін 2 саны көрсетеді.

2

=TYPE("Мырза "&A2)

Мәтін болып табылатын "Мырза Оразов" түрін қайтарады.

2

=TYPE(2+A2)

16 санын қайтаратын C6 ұяшығындағы формуланың түрін қайтарады, #VALUE! қате туралы хабарының түрі #VALUE! қате туралы хабары С7 ұяшығында көрсетілген.

16

=(2+A2)

C2 ұяшығында пайдаланылған =(2+A2) формуласы қайтарған қате мәні.

#VALUE!

=TYPE({1,2;3,4})

Массив тұрақты мәнінің түрін қайтарады, бұл — 64.

64

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×