TRIMMEAN функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен TRIMMEAN функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Деректер жиынының ішкі бөлігіндегі орташа мәнді береді. TRIMMEAN функциясы деректер жиынының жоғарғы және төменгі ұштарындағы деректер нүктесінің пайыздық көрсеткішін шығарып тастау арқылы алынған орташа мәнді есептеп шығарады. Талдаудан қатты ауытқитын деректерді шығарып тастау үшін осы функцияны пайдалануға болады.

Синтаксис

TRIMMEAN(массив, пайыз)

TRIMMEAN функциясы синтаксисінің келесі аргументтері бар:

  • Массив    Міндетті. Қысқартылып, орташа мәні шығарылатын мәндердің массиві немесе ауқымы.

  • Пайыз    Міндетті. Есептеуден шығарып тасталатын деректер нүктесінің бөлшек саны. Мысалы, егер пайыз = 0,2 болса, 20 нүктеден тұратын деректер жиынының (20 x 0,2) жоғарғы жағынан 2, астыңғы жағынан 2, барлығы 4 нүкте қысқартып тасталады.

Ескертпелер

  • Егер пайыз < 0 немесе пайыз > 1 болса, TRIMMEAN функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

  • TRIMMEAN функциясы шығарып тасталған деректер нүктесінің санын ең жақын 2 еселі санына дейін кемітіп дөңгелектейді. Егер пайыз = 0,1 болса, 30 деректер нүктесінің 10 пайызы 3 нүктеге тең болады. Симметрия үшін TRIMMEAN функциясы деректер жиынының жоғарғы және төменгі жағынан жалғыз мәнді шығарып тастайды.

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

4

5

6

7

2

3

4

5

1

2

3

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=TRIMMEAN(A2:A12,0.2)

A2:A12 ауқымындағы деректер жиынының ішкі бөлігінің орташасы, есептеуден 20 пайыз шығарылған.

3,778

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×