Sway туралы жиі қойылатын сұрақтар

Ескерту : Осы мақаладағы ақпарат Sway.com веб-сайтында қолжетімді ағымдағы функциялардың басым бөлігі үшін жарамды. Көптеген заманауи бағдарламалық жасақтамалар сияқты Sway бағдарламасының интернеттегі нұсқасы мен оның бағдарламалары да жаңа функциялар қосу және бұрынғы мүмкіндіктерді жақсарту үшін жиі жаңартылып отырады. Жаңа және соңғы рет жаңартылған сұрақтар мен жауаптарды алу үшін жиі-жиі тексеріп тұрыңыз.

Sway бағдарламасына арналған жүйе талаптары қандай?

Қолдау көрсетілетін браузерлер мен қолжетімді Sway бағдарламалары туралы толық мәлімет алу үшін Sway бағдарламасының жүйе талаптары бөлімін қараңыз.

Веб-браузердегі Sway бағдарламасына қалай қатынаса аламын?

Веб-браузеріңізде www.sway.com веб-сайтына өтіңіз де, Office 365 ұйым немесе мектеп тіркелгісімен немесе өзіңіздің тегін Microsoft тіркелгісімен кіріңіз.

Келесі қызметтердің кез келгенін пайдаланатын болсаңыз, сізде Microsoft тіркелгісі бұрыннан бар:

  • Outlook.com (соның ішінде, кез келген hotmail.com немесе live.com электрондық пошта мекенжайы)

  • OneDrive

  • Xbox LIVE

  • MSN

  • Messenger

  • Үйге арналған Office 365, Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) жазылымы


Егер Microsoft тіркелгіңіз болмаса, тегін тіркелу үшін осы жерге басыңыз.

Сонымен қатар, Sway бағдарламасына Office.com басты бетінен беттің ортасындағы немесе экранның жоғарғы сол жақ мәзіріндегі Sway тақтасын басу арқылы қатынаса аласыз.

Sway жобасын жүктей аламын ба?

Sway бағдарламасы мазмұн орналасуын басқару үшін интернет қосылымын қажет етеді және онлайн режимде қалуы керек.

Sway жобасын басып шығара аламын ба?

Sway - интерактивті мазмұнды көрсету және басқаруға арналған онлайн қызмет. Осыған байланысты, мазмұнды басып шығару және экспорттауға қолдау көрсетілмейді.

Менің сұрақтарыма осы жерде жауап берілмеді. Не істей аламын?

Sway қызметіне қатысты қосымша көмек қажет болса, келесі әрекеттердің кез келгенін байқап көріңіз:

  • Sway қызметін жақсартуға көмектесетін идеяларыңызбен және ұсыныстарыңызбен бөлісу үшін Sway UserVoice сайтына өтіңіз. Сондай-ақ, басқалар тарапынан жіберілген идеядар бойынша дауыс бере аласыз.

  • Тәжірибелі Sway пайдаланушылары мен Sway өндірушілер тобының мүшелерінен тегін техникалық көмек алу үшін сұрақтарды Sway қауымдастығының форумдарында қарап, сонда жариялаңыз.

  • Қосымша қолдау көрсету параметрлерінің тізімін алу үшін Анықтама қызметі бөліміне өтіңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×