SmartArt сызбасын қозғалмалы ету

Осы мақалада

Жан бітірімге шолу

Жан бітірімді қосу

Жан бітірімнің кері реті

Жан бітірімді жою

Жан бітірімге шолу

Ақпаратыңызды айырықша бөлу немесе кезең бойынша көрсету үшін SmartArt сызбасына, не SmartArt сызбасындағы жеке кескінге жан бітірім деген пәрменін қоса аласыз. Мысалы, белгілі бір кескінді ұшып келуге, не жоғалуға мәжбүр етуге болады.

Жан бітірім түрлерінің қайсысының сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасына сәйкес келетінін анықтауыңыз үшін, жан бітірімдердің көпшілігі Мәтін аймағының жоғарғы бөлімінде басталып, төменге қарай жылжығандықтан, SmartArt сызбасының Мәтін аймағындағы ақпаратқа қараңыз. Керісінше, жан бітірімді кері ретімен ойнай аласыз. Мәтін аймағы көрінбейтін болса, Мәтін аймағын көрсетуге болады.

Жан бітірімнің қолданылуы SmartArt сызбасы үшін таңдалатын макетке тікелей байланысты болса да, бірақ кескіндердің бәрін бір мезгілде немесе кескіндерді бір-бірімен қозғалмалы ете аласыз.

SmartArt сызбасын қозғалмалы етудің тиімді тәсілі Жан бітірім тізімінен керекті мүмкіндікті таңдау. Қажет болса, Жан бітірімді баптаудың тапсырмалар тақтасы жан бітірімді баптауға болады.

Нөмірі басылмайтын тегтер слайдтағы қозғалмалы етілген элементерді тізімдейді. Аталмыш тегтер Реттелетін анимация тізімі жан бітірімдерге тура келеді, және бұл тегтер SmartArt сызбасының жанында Кәдімгі көріністің Жан бітірімді баптау тапсырмалары аймағында көрсетіледі.

Ескерту : Хабарыңызға нысандар мен пәрмендерді шамадан көп тиемеу үшін немесе көрушілеріңізге тым көп тапсырмалар жүктемеу үшін, жан бітірім пәрменін тиімді түрде қолданыңыз.

SmartArt сызбасы үшін жан бітірім

SmartArt сызбасына қолданылатын жан бітірім және кескіндер, мәтін немесе WordArt мәнеріне қолданылатын жан бітірім арасында айырмашылық бар:

  • Бірнеше кескінді байланыстыратын сызықтар белгілі бір кескін деп есептеледі.

  • SmartArt сызбасында кескіндерге жан бітірімді қолдансаңыз, жан бітірімдерді ойнау реті кескіндерді көрсету ретіне байлынысты. Жан бітірімдер кері ретімен ойналуы мүмкін. Мысалы, сіздің А мен Ғ аралығындағы әріптермен белгіленген алты кескініңіз бар болса, жан бітірімді А әрпінен бастап, Ғ әрпіне дейін, немесе Ғ әрпінен бастап, А әрпіне дейін ойнай аласыз. Бірақ жан бітірімді А әрпінен Б әрпіне дейін, сонан соң В әрпінен Ғ әрпіне дейін ойнауға болмайды, алайда, аталмыш ретті имитациялау мақсатымен бірнеше слайд жасай аласыз. Келесі мысалда, А әрпінен Б әрпіне дейінгі және В әрпінен Ғ әрпіне дейінгі кескіндерді қозғалмалы ететін екі түрлі слайдты жасауға болады.

  • PowerPoint бағдарламасының Microsoft Office PowerPoint 2007 нұсқасынан бұрынғы нұсқаның көмегімен диаграмманы SmartArt сызбасына түрлендіру барысында кейбір жан бітірімді баптау параметрлері жоғалып, жан бітірім басқаша көрсетілуі мүмкін.

Сіз басқа макетке ауысқанда, сіз қосқан кез келген жан бітірім жаңа макетке ауыстырылады.

Беттің жоғарғы жағы

Жан бітірімді қосу

  1. Жан бітірімді қосқыңыз келетін SmartArt сызбасын таңдаңыз.

  2. Жан бітірім қойындысында Жан бітірім тобында, Қозғалмалы ету тізімінен сізге керекті жан бітірімді таңдаңыз.

    Жан бітірім қойындысының суреті

SmartArt сызбасын қозғалмалы ету барысында, сіз қолданылатын макетке байланысты, келесі мүмкіндіктердің бірін таңдауға мүмкіншілігіңіз бар.

Жан бітірім

Сипаттама

Бір нысан ретінде

Жан бітірім бүкіл SmartArt сызбасы бір үлкен сурет немесе нысан болған сияқты қолданылады.

Бәрі бірге

SmartArt сызбасындағы барлық кескіндер бір уақытта қозғалмалы етіледі. Бұл жан бітірім мен Бір нысан ретінде жан бітірімі арасындағы айырмашылықты кескіндер бұратын, не ұлғаятын жан бітірімнен көруге болады. Бәрі бірге жан бітірімінде әрбір кескін жеке бұрады немесе ұлғаяды. Бір нысан ретінде жан бітірімінде бүкіл SmartArt сызбасы бұрады, не ұлғаяды.

Бірінен соң бірі

Әрбір кескін жеке қозғалмалы етіледі, яғни бір кескіннен соң екінші кескін қозғалмалы болады.

Бір тармақтан соң келесі тармақ

Бір тармақтағы (топтағы) барлық кескіндер бір уақытта қозғалмалы етіледі. Бұл жан бітірім ұйымдастыру диаграммасы немесе үшкіл деген макетпен тиімді жұмыс істейді, ол Бірінен соң бірі жан бітіріміне ұқсайды.

Бір деңгей бірге

Бір деңгейдегі барлық кескіндер бірге бір уақытта қозғалмалы етіледі. Мысалы, 1 деңгейлі мәтіні бар үш кескін және 2 деңгейлі мәтіні бар үш кескін сізде бар болса, 1 деңгейлі мәтіні бар үш кескін бірінші болып, бірге қозғалмалы етіледі, соңында қалған үш кескін қозғалады.

1-деңгей және 2-деңгей мәтінін көрсететін мәтін аумағының суреті

Бір деңгейден соң келесі деңгей

SmartArt сызбасының бір деңгейдегі кескіндер бірге қозғалмалы етіледі, сонан соң сол деңгейдегі әрбір кескін жеке қозғалады. Мысалы, сізде 1 деңгейлі мәтіні бар төрт кескін және 2 деңгейлі мәтіні бар үш кескін бар болса, алғашқы төрт кескін бірінші болып, сонан соң қалған үш кескін қозғалмалы етіледі.

Ескертулер : 

  • Сіз Бәрі бірге жан бітірімін қолданғанда, кейбір жан бітірімдердің қозғалуы және Бір нысан ретінде жан бітірімінің қозғалысының арасында айырмашылық бар. Мысалы, сіз Ұшып келу жан бітіріміне Бір нысан ретінде мүмкіндігін қолдансаңыз, ұзақ қашықтықтағы кескіндердің жылдамдығы жоғары болуы қажет, нәтижесінде кескіндердің барлығы бір уақытта қажетті орынға бірге ұшып келуі мүмкін. Бір нысан ретінде мүмкіндігі қолданылғанда, SmartArt сызбасындағы кескіндер бірдей қозғалады (яғни Ұшып келу мысалында барлық кескіндердің жылдамдығы бірдей.

  • SmartArt сызбасына Бір нысан ретінде мүмкіндігінен басқа жан бітірімді қолдансаңыз, SmartArt сызбасына қолданылатын әрбір жан бітірім Бір нысан ретінде мүмкіндігінің орнында басқаша болады. SmartArt сызбасына қолданылатын жан бітірімдердің барлығы Бір нысан ретінде болып, не Бір нысан ретінде болмауы қажет.

  • SmartArt сызбасына (Бір нысан ретінде) мүмкіндігінен басқа жан бітірімді қолдансаңыз, SmartArt сызбасының өңі слайдта әрқашан көрінетін болады. Сызбаның өңін қозғалмалы етуге болмайды, тағы бір айта кететін жайт, сызбаның өңі болмаған болса, не оған сызықтар қолданылмаған болса, SmartArt сызбасының өңін көре алмайсыз.

  • SmartArt сызбасына Ұшып келу сияқты жан бітірімді қолдансаңыз, жеке бір кескін үшін аталған жан бітірім өшірілген болса, слайдтағы бұл кескін көрінетін болады.

  • Жан бітірім қолданылған SmartArt сызбасы басқа слайдқа қойылған болса, жан бітірім де көшірілетін болады.

  • Кескіндер үшін Түсті жазу машинкасы Ену пәрмені немесе Төңкеру Шығу пәрмені қатынаулы. SmartArt сызбалары үшін қол жеткізгісіз пәрмендердің түсі күңгірт болады .

Беттің жоғарғы жағы

Жан бітірімнің кері реті

  1. Жан бітірімнің кері ретін қолданғыңыз келетін SmartArt сызбасын бөлектеңіз.

  2. Жан бітірім қойындысында Жан бітірім тобында Жан бітірімді баптау әміріне нұқыңыз.

    Жан бітірім тобының суреті

  3. Реттелетін анимация тізімі Жан бітірімді баптауда тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдегі Пәрмен мүмкіндіктері әмірінде шертім етіңіз.

  4. SmartArt Жан бітірімі қойындысына нұқып, Кері реті көзіне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жан бітірімді жою

  1. Жан бітірімді жойғыңыз келетін SmartArt сызбасын бөлектеңіз.

  2. Жан бітірім қойындысындағы Жан бітірім тобында Қозғалмалы ету тізімінен Жан бітірімсіз әміріне нұқыңыз.

    Жан бітірім тобының суреті

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×