SmartArt сызбасын жасау

SmartArt сызбасы ақпаратыңыздың көрнекі көрсетілуі болып саналады, көптеген макеттерді іріктеп алып қолданудың арқылы сызбаны тез және оңай жасай аласыз, сызбаның мақсаты хабарыңыз бен ойларыңызды көрушілерге жеткізу.

Слайд мәтіні және макеттер жиынтығы бар SmartArt сызбасы

Осы мақалада

SmartArt сызбасын жасауға шолу

SmartArt сызбасын жасау барысында есепке алынатын мәселелер

SmartArt сызбасын жасау

Бүкіл SmartArt сызбасының түстерін өзгерту

SmartArt Мәнерін SmartArt сызбасына қолдану

SmartArt сызбасын жасауға шолу

Негізінде, 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламалары көмегімен жасалатын сызба мазмұны мәтіннен құралады, алайда бейнеленген суреттер мәтінді түсіну, жад жетілдіру мен мәтіннің мағынасын қабылдауға әсер етеді. Кәсіпқой құрастырушы болып жұмыс істемесеңіз немесе кәсіпқой құрастырушыны жалдауға қаражатыңыз жоқ болса, жоғары кәсіби деңгейдегі суреттерді жасау қиынға түсуі мүмкін. Microsoft Office бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдалансаңыз, мәтіннің мазмұнына көп көңіл бөлудің орнына, кескіндердің мөлшері мен орналасуын қалауыңызша жасауға, мәтініңіздің көрінісін жақсартуға және кескіндер мен құжатыңыздың толық мәнерін сәйкестендіруге ұзақ уақыт жұмсай аласыз. Жаңа 2007 Office мүмкіндігі, SmartArt сызбасы деп аталатын мүмкіндік және тақырып сияқты мүмкіндіктер арқылы, тышқанның бірнеше шертімдер көмегімен ғана жоғары сапалы және кәсіби суреттерді жасай аласыз .

SmartArt сызбасы Microsoft Office Excel 2007, Microsoft Office PowerPoint 2007, Microsoft Office Word 2007 бағдарламаларында немесе Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасындағы электрондық пошта хабарында құрылуы мүмкін. Бірақ SmartArt сызбасын 2007 Office бағдарламаларында құруға болмайды, оның орнына SmartArt сызбаларын көшіріп, суреттер ретінде аталған бағдарламаларға енгізу мүмкіндігіне ие боласыз.

Office PowerPoint 2007 көрмелерінде байрақшалы тізімдері бар слайдтар пайдаланылғандықтан, сіз слайд мәтінін SmartArt сызбасына айналдыра аласыз. Тағы бір айта кететін жайт, Office PowerPoint 2007 көрмелеріндегі SmartArt сызбасына жан бітірімді қоса аласыз .

SmartArt сызбасын жасау барысында SmartArt сызбасының түрін яғни Үрдіс, Иерархия, Цикл немесе Қатынастар сияқты түрлерді таңдауға шақырыласыз. Түр SmartArt сызбасының категориясына сәйкес, әрбір түрдің бірқатар өзге макеттері бар. Макет таңдалғаннан соң сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасы үшін арналған макетті өзгерту қиынға түспейді. Сіз дайындаған мәтін, түстер, мәнерлер, пәрмендер және мәтін пішімдеуі өздіктік түрде жаңа макетке ауысады.

Макет таңдалғаннан соң, толтырғыш мәтін ([Мәтін] сияқты) көрсетіледі, яғни SmartArt сызбасының көрінісін көре аласыз. Толтырғыш мәтін басылып шықпайды және слайд көрмесі барасында көрінбейді. Бірақ кескіндер әрқашан көрсетіледі (олар жойылмаған жағдайда). Толтырғыш мәтіннің орнына өз мәтініңізді тере аласыз.

Сіз Мәтін үстелінде мәтін мазмұнын қойып өңдегенде SmartArt сызбасы өздіктік түрде жаңартылады — керек болса, кескіндер қосылады не жойылады.

Сонымен қатар макеттің құрылымын жөндеу үшін SmartArt сызбасына кескіндерді қосу және жою мүмкіндіктеріне ие боласыз. Мысалы, Негізгі Үрдіс макетінің тек үш кескіні бар болса да, үрдісіңізге екі немесе бес кескін керекті болуы мүмкін. Кескіндерді қосып не жойып, мәтіңізді өңдегеннен соң кескіндердің орналасуы және бұл кескіндерде терілген мәтін көлемі өздіктік түрде жаңартылады — нәтижеде, SmartArt сызбасы үшін қолданылған макеттің алғашқы дизайны мен жиектері үйлестіріледі.

Сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасының жоғары сапалы деп жасау үшін оған SmartArt Мәнерін қолданыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасын жасау барысында есепке алынатын мәселелер

SmartArt сызбасын жасаудың алдында, деректерді бейнелеу үшін керекті түр мен макетті көзге елестетіңіз. SmartArt сызбасы көмегімен нені жасағыңыз келеді? Белгілі бір көріністі жасауды қалайсыз ба? макеттерді ауыстыру қиынға түспегендіктен, хабарыңызды қажетті деңгейде білдіретін макетті іздеп тапқанша, түрлі макеттерді (түрлер бойнша) қолдана көріңіз. Сызбаңыз анық және оңай болуы тиіс. Төменде берілген кестені бастау нүктесі ретінде пайдалану арқылы түрлі түрлермен эксперимент жасаңыз. Осы кестенің мақсаты жобаны бастауға көмектеседі деп болжамдануда, бірақ оған толық ақпарат енгізілмеген.

Сызбаның мақсаты

Сызба түрі

Дәйексіз ақпарат көрсету

Тізім

Үрдісте не уақытша шәкілде қадамдарды көрсету

Үрдіс

Үздіксіз үрдісті көрсету

Цикл

Шешімдер ағашын көрсету

Иерархия

Ұйымдастыру диаграммасын құру

Иерархия

Байланыстарды бейнелеу

Қатынастар

Бөліктердің бүкіл жүйеге қатынасын көрсету

Матрица

Жоғарыда не төмендегі ең ірі құраласы бар пропорционалды қарым-қатынастарды көрсету

Пирамида

Сонымен қатар, мәтініңіздің көлемін де есепке алыңыз, өйткені мәтін көлемі макетті және кескіндердің санын анықтайды. Жалпы, кескіндер саны және мәтін көлемі кілттік элементтер болған жағдайда ғана SmartArt тиісті әсер етеді. Ірі мәтіндер SmartArt сызбасының көрнекі ықпалына кері әсерін тигізеді және көру жағынан хабарыңызды жеткізу қиынға түседі. Алайда Тізім түріндегі Трапециялық Тізім сияқты макеттер үлкен мөлшердегі мәтіндермен қолданылады.

SmartArt сызбалары үшін арналған кейбір орналасулардағы кескіндердің белгілі саны болады. Мысалы, Қатынас түрінің Тең салмақты көрсеткілер орналасуы екі қарама-қарсы ой не тұжырымдаманы көрсету мақсатына құрылған. Екі кескінде ғана мәтін болуы мүмкін, және қосымша ой не тұжырымдамаларды көрсету үшін орналасуды өзгертуге болмайды.

Теңдестіруші көрсеткілер орналасуы

Үш немесе одан да көп ойларды білдіру үшін мәтінге арналған үш немесе одан да көп кескідері бар Пирамида түрінің Негізгі пирамида орналасуы сияқты өзге орналасуға ауысыңыз. Орналасулар мен кескіндерді өзгерту ақпаратыңыздың мағынасына өзгерістер енгізуі мүмкін деп ұмытпаңыз. Мысалы, Үрдіс түрінің Негізгі үрдіс орналасуы сияқты оң жаққа көрсететін көрсеткілері бар орналасу және Айналым түрінің Үздіксіз айналым орналасуы сияқты шеңбер бойынша бейнелінген көрсеткілері бар SmartArt сызбасының орналасуының арасында айырмашылық бар.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасын жасау

  1. Суреттер тобының Кірістіру қойындысында SmartArt командасын таңдаңыз.

    Суреттер тобы таспасы

  2. SmartArt сызбасын таңдау тілқатысу терезесінде сізге керекті түр мен орналасуда шертім етіңіз.

  3. Мәтініңізді теру үшін келесілердің бірін орындаңыз:

    • SmartArt сызбасындағы кескінді таңдап, мәтініңізді теріңіз.

    • Мәтін бөлігінде [Мәтінде] шертім етіп, мәтіңізді теріңіз не қойыңыз.

    • Өзге бағдарламадан мәитінді көшіріп алып, [Мәтінде] шертім етіп, оны Мәтін бөлігіне қойыңыз.

      Мәтін бөлігі көрінбейтін болса,

      1. Сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасында шертім етіңіз.

      2. SmartArt Құралдары үстелінің Сызбаны жасау тобындағы Дизайн қойындысында Мәтін бөлігінде шертім етіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Бүкіл SmartArt сызбасының түстерін өзгерту

SmartArt сызбасындағы кескіндерге тақырып түсінегізінде жасалған түстер тірсімдерін қолдана аласыз.

  1. SmartArt сызбасын таңдаңыз.

  2. SmartArt Құралдары өрісіндегі SmartArt Мәнерлері тобының Дизайн қойындасында Түстерді өгерту командасын таңдаңыз.

    SmartArt Мәндері тобының суреті

  3. Сізге керекті түсті таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt Мәнерін SmartArt сызбасына қолдану

SmartArt Мәнері түрлі әсерлердің тіркесі болап саналады, бірігей және кәсіби SmartArt сызбасын жасау үшін сызық мәнері, бедер немесе үш-өлшемдік әсерді сияқты әсерлерді SmartArt сызбасындағы кескіндерге қолдануы мүмкін.

  1. Сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасында шертім етіңіз.

  2. SmartArt Құралдары өрісіндегі SmartArt Мәнерлері тобының Дизайн қойындысында сізге керекті SmartArt мәнерін таңдаңыз.

    Қосымша SmartArt Мәнерлерін көру үшін Қосымша түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

Кеңестер    

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×