SmartArt сызбасының макетін, не түрін ауыстыру

SmartArt сызбасын жасау барысында, макет санаттан, не SmartArt сызбалық нысандар түрінен таңдалады. Әрбір түрдің түрлі макеттері бар. Мысалы, Тұйық түрінен Радиалдық тұйық макетін таңдауыңыз мүмкін.

Осы мақалада

SmartArt сызбалық нысандары үшін макеттерді, не түрледі ауыстыруға шолу

SmartArt сызбасы үшін макетті өзгерту

SmartArt сызбасы үшін түрлерді өзгерту

SmartArt сызбалық нысандары үшін макеттерді, не түрледі ауыстыруға шолу

SmartArt сызбаларының кейбір макеттерінде кескіндер саны шектелген. Мысалы, Байланыстар түрінің Тең салмақты көрсеткілер макеті екі қарама-қарсы пікірді, не тұжырымдаманы білдіруге құрастырылған, осыған байланысты екі кескінде ғана мәтін болуы мүмкін.

Теңдестіруші көрсеткілер орналасуы

Екіден көп ойды білдіргіңіз келсе, мәтінге арналған екіден көп кескіні бар макетке ауысуыңыз қажет — мысалы, Үшкіл тізім макеті. Есіңізде сақтаңыз: SmartArt сызбасының макет пен түрлерін өзгерту ақпаратыңыз мағынасының толық түрде өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, көрсеткілердің барлығы оң жаққа көрсететін Үрдіс түрінің Негізгі үрдіс макеті сияқты макет және шеңбердегі көрсеткіні көрсететінТұйық түрінің Үздіксіз тұйық макеті сияқты макет түрлі мағынаны білдіреді.

SmartArt сызбаларының көпшілігінде кескіндерді қосу және жою мүмкіншіліктеріне ие боласыз, сондай-ақ түрлі кескіндердің орналасу орындарын өзгертуге болады, сондықтан деректеріңізді білдіру үшін тиімді макетті құрастырғаныңыз жөн. Өзгертулердің нәтижесінде кескіндердің реттелуі мен орналасуы өздіктік түрде жаңартылады.

SmartArt сызбасын қалауыңызша өзгертіп, кейінірек SmartArt сызбасының макетін ауыстырсаңыз, баптауларыңыздың кейбіреулері жаңа макетке ауыспайды. Алайда, ағымдағы 2007 Microsoft Office жүйесі құжатын сақтап, оны жабудың алдында бастапқы макетке ауысқаннан соң, барлық баптауларыңыз бастапқы макетте қайта ауысады.

Кейбір баптаулар мүлдем ауыспайды, өйткені олардың жаңа макетке сәйкес келмеуі мүмкін. Келесі кестеде сақталатын және жоғалатын баптаулар көрсетілген.

Ауысатын баптаулар

Ауыспайтын баптаулар

Түстер (сызықтар және бояу мәнерлерін қоса алғанда)

Кескіндердің бұрылуы

Мәнерлер (жеке кескіндерге және бүкіл SmartArt сызбасына қолданылатын мәнерлерді қоса алғанда)

Кескіндердің аударылуы

Пәрмендер (көлеңкелер, бейне көріністер, жақтаулар, және бояудың ашықтығы сияқты)

Кескіндердің қайта орналастырылуы

Мәтінге қолданылатын пішімдеу

Кескіндер өлшемін өгерту

Кескіндердің геометриялық пішіндерінің өзгеруі (мысалы, шеңберден төртбұрышқа)

Бағдардың өзгеруі, оң жақтан сол жаққа, не сол жақтан оң жаққа

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасы үшін макетті өзгерту

  1. Макетті өзгерткіңіз келетін SmartArt сызбасын бөлектеңіз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Құрастыру қойындысында Макеттер тобынан керекті макетті таңдаңыз.

    Бір түрдің макеттерін көру үшін, Макеттер тобында, макет нобайының жанындағы Қосымша батырмасын Түймешік кескіні басыңыз. Барлық түрлерді және макеттерді көру үшін Қосымша макеттер әміріне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасы үшін түрлерді өзгерту

  1. Түрді өзгерткіңіз келетін SmartArt сызбасын бөлектеңіз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Құрастыру қойындысының Макеттер тобындағы Қосымша батырмасын Түймешік кескіні басып, Қосымша макеттер әміріне нұқыңыз.

  3. Сізге керекті түрді және макетті таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×