SmartArt сызбасына бояуды немесе пәрменді қосу, не жою

SmartArt сызбасының көрінісін өзгерту үшін, оның кескінінің немесе мәтінінің түсін өзгертіп, көлеңке, бейне көрініс, бояудың ашықтығы, анық емес жиектер, жақтау және бұру деген үш өлшемдік (3-D) пәрмендерді қоса аласыз.

Осы мақалада

Бояулар, градиенттер мен үш өлшемдік пәрмендерге шолу

SmartArt сызбасында кескінді бояу

SmartArt сызбасындағы мәтінді бояу

SmartArt сызбасында кескінге пәрменді қолдану

SmartArt сызбасында мәтінге пәрменді қолдану

SmartArt сызбасындағы кескіндердің немесе мәтіннің бояуын жою

SmartArt сызбасында кескіндерден немесе мәтіннен пәрменді жою

Бояулар, градиенттер мен үш өлшемдік пәрмендерге шолу

Бояу дегеніміз кескіннің ішін толтыратын түс. Кескіннің бояу түсін өзгертіп, не сурет құрамы, сурет немесе градиетті бояу ретінде пайдалана аласыз. Градиент дегеніміз түстер мен көлеңкелердің ауысымы, негізінде, бір түстен басқа түске ауысым немесе белгілі бір түстің бір көлеңкесінен басқа көлеңкеге ауысым.

Таза бояу және градиенттік бояу кескіндері бар SmartArt сызбасы

Жиектері мен тереңдігі бар кескіндермен немесе үш өлшемдік кеңестікте қозғалатын кескіндермен жұмыс істей аласыз.

Бүкіл SmartArt сызбасы үш өлшемдік кеңестікте көрсетілсе (сахнамен үйлесімді 3-D деп аталатын), әрбір жеке кескіннің мәтінін және мәтін пішімдеуді өзгерте аласыз, бірақ кескіндердің орналасу орнын немесе олардың өлшемін өзгерту үшін екі өлшемдік кеңестікке ауысуыңыз қажет.

Екі өлшемдік және үш өлшемдік пәрмендер арасында ауысу үшін, SmartArt Құралдары аймағының Пішім қойындысындағы Кескіндер тобында Екі өлшемдік кеңестікте өңдеу батырмасын басыңыз. Екі өлшемдік кеңестікте өңдеу батырмасы SmartArt сызбасының бұғатталуын кескіндерді жылжыту немесе олардың өлшемін өзгерту үшін жояды — бірақ үш өлшемдік пәрмен әлі жұмыс істеуде, Екі өлшемдік кеңестікте өңдеу батырмасын қайта басқаннан соң, кезелім үш өлшемдік кеңестікке ауысады.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасында кескінді бояу

  1. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Бір кескінді бояу үшін, сол кескінді бөлектеңіз.

    • Бірнеше кескінді бірдей түске бояу үшін, бірінші кескінді бөліктеп, сіз бояғыңыз келетін кескіндерді бөлектегенде, CTRL пернесін басып тұрыңыз.

    • SmartArt сызбасындағы барлық кескіндерді бояу үшін, SmartArt сызбасын бөлектеп, барлық кескіндерді бөлектеу үшін CTRL+A пернелерін басыңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағының Пішім қойындысындағы Кескін мәнерлері тобының Кескінді бояу әмірінің жанындағы көрсеткіге нұқып, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt Құралдарының Пішім қойындысы бейнесі

    • Бояу түсін қосу, не өзгерту үшін, сізге керекті түске нұқыңыз. Ешқандай түсті таңдамау үшін, Бояусыз әміріне нұқыңыз.

      тақырып түсі жоқ түске ауысу үшін, Қосымша бояу түстері әміріне нұқып, сонан соң Стандартты қойындысындағы түске нұқыңыз немесе Өзгертпелі қойындысында сізге керекті түсті араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандартты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалатын түстер жаңартылмайды.

    • Толтырғыш суретті өзгерту үшін, Сурет батырмасын басып, пайдаланғыңыз келетін суреті бар қалтаны тауып, сурет файлына нұқып, сонан соң Кірістіру батырмасын басыңыз.

    • Толтырғыш градиентті қосу немесе өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісінГрадиент әмірінде орналастырып, сонан соң сізге керекті градиенттік тіркесімді таңдаңыз.

      Градиентті баптау үшін, Қосымша градиенттер әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз.

    • Толтырғыш сурет құрамын қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Сурет құрамы әмірінде орналастырып, сізге керекті сурет құрамын таңдаңыз.

      Сурет құрамын баптау үшін, Қосымша сурет құрамы әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

Бүкіл SmartArt сызбасының өңін бояу үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. SmartArt сызбасының жиегінде тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдегі Нысанды пішімдеу әміріне нұқыңыз.

  2. Бояу батырмасын басып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасындағы мәтінді бояу

  1. Бояғыңыз келетін SmartArt сызбасындағы кескіннің мәтін бөлектеңіз.

    Бірнеше кескіндегі мәтінді бірдей түске бояу үшін, бірінші кескіндегі мәтінді бөлектеп, басқа кескіндердегі мәтінді бөлектегенде, CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Пішім қойындысының WordArt пәрмендері тобында Мәтінді бояу әмірінің жанындағы көрсеткіге нұқып, сонан соң келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt Құралдарының Пішім қойындысы бейнесі

    • Бояу түсін қосу, не өзгерту үшін сізге керекті түске нұқыңыз. Ешқандай түсті таңдамау үшін Бояусыз әміріне нұқыңыз.

      тақырып түсі жоқ түске ауысу үшін, Қосымша бояу түстеріәміріне нұқып, сонан соң Стандартты қойындысындағы түске нұқыңыз немесе Өзгертпелі қойындысында сізге керекті түсті араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандартты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалатын түстер жаңартылмайды.

    • Толтырғыш суретті қосу немесе өзгерту үшін, Сурет батырмасына нұқып, пайдаланғыңыз келетін суреті бар қалтаны тауып, сурет файлын таңдап, сонан соң Кірістіру батырмасына басыңыз.

      Сіз мәтіннің бірнеше бөлімдерін үздіксіз бөлектеп, толтырғыш суретті қосқанда, әрбір мәтінге толтырғыш сурет қосылатын болады. Сурет мәтіннің бөлек бөлімдерін өзгертпейді.

    • Толтырғыш градиентті қосу немесе өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Градиент әмірінде орналастырып, сонан соң сізге керекті градиенттік тіркесімді таңдаңыз.

      Градиентті баптау үшін, Қосымша градиенттер әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз.

    • Толтырғыш сурет құрамын қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Сурет құрамы әмірінде орналастырып, сізге керекті сурет құрамын таңдаңыз.

      Сурет құрамын баптау үшін, Қосымша сурет құрамы әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасында кескінге пәрменді қолдану

SmartArt сызбасына кәсіби құрастырылған пәрмендер тіркесімен қосудың жылдам және оңай тәсілі Жылдам мәнерді қолдану. SmartArt сызбалары үшін Жылдам мәнерлер (немесе SmartArt мәнерлері) жиектер, көлеңкелер, сызық мәнерлері, градиенттер және үш өлшемдік перспективалар енеді, оларды бүкіл SmartArt сызбасына қолдануға болады, сонымен қатар жылдам мәнерлерді әрбір жеке кескінге қолданылады, жеке кескінге қолданудың іс реті төменде түсіндіріледі. Жеке кескіндерге қолданылатын Жылдам мәнерлер Кескін мәнерлері деп аталады, бүкіл SmartArt сызбасына қолданылатын Жылдам мәнерлер SmartArt мәнерлері деп аталады. SmartArt мәнерлері және Кескін мәнерлері Жылдам мәнерлер жинақтарында нобайлар ретінде көрсетіледі. Тінтуірдің көрсеткісі нобайдың үстінде орналастырылғанда, Жылдам мәнердің SmartArt сызбасына немесе кескінге ететін әсерін көре аласыз.

  1. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Бір кескінге пәрменді қолдану үшін, пәрменді қолданғыңыз келетін кескінді бөлектеңіз.

    • Бірнеше кескінге бірдей пәрменді қосу үшін, бірінші кескінді бөлектеп, пәрменді қосқыңыз келетін басқа кескіндерді бөлектегенде, CTRL пернесін басыңыз.

    • Бүкіл SmartArt сызбасына пәрменді қолдану үшін, SmartArt сызбасын бөлектеп, сонан соң барлық кескіндерді бөлектеу үшін, CTRL+A пернелерін басыңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағының Пішім қойындысында, Кескін мәнерлері тобының Кескін пәрмендері әміріне нұқып, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt Құралдарының Пішім қойындысы бейнесі

    • Бағдарламаға қосылған пәрмендердің тіркесімін қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Алдын ала орнату әміріне орналастырып, сізге керекті пәрменді таңдаңыз.

      Бағдарламаға қосылған пәрменді баптау үшін, Үш өлшемдік мүмкіндіктер әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

    • Көлеңкені қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Көлеңке әміріне нұқып, сізге керекті көлеңкені таңдаңыз.

      Көлеңкені баптау үшін, Көлеңке мүмкіндіктері әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

    • Бейне көріністі қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Бейне көрініс әміріне нұқып, сізге керекті бейне көрініс тіркесімін таңдаңыз.

    • Бояудың ашықтығын қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Бояудың ашықтығы әміріне нұқып, сізге керекті бояу ашықтығының тіркесімін таңдаңыз.

      Ашық түстерді баптау үшін, Қосымша ашық түстер әміріне нұқып, сізге керекті түсті таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түске ауысу үшін, Қосымша түстер әміріне нұқып, сонан соң Стандартты қойындысынан сізге керекті түсті таңдаңыз немесе Өзгертпелі қойындысындағы түстерді араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырыпөзгертсеңіз, Стандартты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалатын түстер жаңартылмайды.

    • Анық емес жиектерді қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Анық емес жиектер әміріне нұқып, сізге керекті өлшемді таңдаңыз.

    • Жиекті қосу, не өзгерту үшін, Жақтау әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті жиекті таңдаңыз.

      Жиекті баптау үшін, Үш өлшемдік мүмкіндіктер әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

    • Үш өлшемдік бұруды қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Үш өлшемдік бұру әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті бұруды таңдаңыз.

      Бұруды баптау үшін, Үш өлшемдік бұрудың мүмкіндіктері әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

      Ескертулер : 

      • Бірнеше жеке пәрменді қоса отырып, өзгертпелі пәрменді жасау үшін, 2-ші қадамды қайталаңыз. Бірдей кескінге бірнеше толтыру пәрмендерін қосу болмайды, бірақ кескінді бояу пәрменін және Анық емес жиек немесе Жақтау сияқты пәрменді қоса аласыз.

      • Өлшемі үлкен кескінді құрайтын кескіндерге пәрменді қосқыңыз келсе, мысалы, Тізім түрінің Екі бөлімді суреті бар тізім макетінде, пәрменді қосудың алдында, бір-біріне байланысты кескіндерді бөлектеңіз.

        Төмендегі мысалда көрсетілгендей, өлшемі үлкен кескіндегі бір-біріне байланысты барлық кескіндер бөлектелген. Бір-біріне байланысты кескіндердің біріне, мысалы кіші дөңгелек кескінге (күн және тауларды бейнелейтін суреттері бар толтырғыш) пәрменді қосқыңыз келсе, сол кескіннің бөлектелгеніне көз жеткізіңіз. Өлшемі үлкен бүкіл кескінге пәрменді қосқыңыз келсе, (төменде көрсетілгендей) бір-біріне байланысты барлық кескіндерді бөлектеңіз. Есіңізде сақтаңыз: пәрмен кескіндер тобының орнына, әрбір жеке кескінге қолданылады.

        Бөлектелген, бір-біріне байланысты кескіндерді көрсететін екі бөлімді тізім деген макетпен SmartArt сызбасы

      • Бүкіл SmartArt сызбасының өңіне пәрменді қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

        1. SmartArt сызбасында тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, мәтінмәндік мәзірдегі Нысанды пішімдеу әміріне нұқыңыз.

        2. Көлеңке, Үш өлшемдік пішім немесе Үш өлшемдік бұру әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасында мәтінге пәрменді қолдану

SmartArt сызбасында мәтінге кәсіби құрастырылған пәрмендер тіркесімен қосудың жылдам және оңай тәсілі Жылдам мәнерді қолдану. Мәтін үшін Жылдам мәнерлер WordArt мәнерлері деп аталады. WordArt мәнерлері Жылдам Мәнерлер жинақтарында нобайлар ретінде көрсетіледі. Тінтуірдің көрсеткісі нобайдың үстінде орналастырылғанда, WordArt мәнерінің SmartArt сызбасындағы мәтінге ететін әсерін көре аласыз.

  1. Пәрменді қосқыңыз келетін SmartArt сызбасының кескініндегі мәтінді таңдаңыз.

    Бірнеше орындағы мәтінге бірдей пәрменді қосу үшін, бірінші орындағы мәтінді бөлектеп, басқа орындардағы мәтінді бөлектегенде, CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. SmartArt Құралдарыаймағындағы Пішім қойындысында WordArt Мәнерлері тобында Мәтін пәрмендері әміріне нұқып, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt Құралдарының Пішім қойындысы бейнесі

    • Көлеңкені қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Көлеңке әміріне нұқып, сізге керекті көлеңкені таңдаңыз.

      Көлеңкені баптау үшін, Көлеңке мүмкіндіктері әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

    • Бейне көріністі қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Бейне көрініс әміріне нұқып, сізге керекті бейне көрініс тіркесімін таңдаңыз.

    • Бояудың ашықтығын қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Бояудың ашықтығы әміріне нұқып, сізге керекті бояу ашықтығының тіркесімін таңдаңыз.

      Ашық түстерді баптау үшін, Қосымша ашық түстер әміріне нұқып, сізге керекті түсті таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түске ауысу үшін, Қосымша түстер әміріне нұқып, сонан соң Стандартты қойындысынан сізге керекті түсті таңдаңыз немесе Өзгертпелі қойындысындағы түстерді араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандартты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалатын түстер жаңартылмайды.

    • Жиекті қосып, не өзгерте отырып, мәтінге тереңдік көрінісін қосу үшін, тінтуірдің көрсеткісін Жақтау әміріне орналастырып, сізге керекті жақтауды таңдаңыз.

      Жақтауды баптау үшін Үш өлшемдік мүмкіндіктер әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

    • Үш өлшемдік бұруды қосу, не өзгерту үшін, тінтуірдің көрсеткісін Үш өлшемдік бұру әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті бұруды таңдаңыз.

      Бұруды баптау үшін, Үш өлшемдік бұрудың мүмкіндіктері әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндіктерді таңдаңыз.

    • Мәтіннің бұрмалауын немесе жолын қосу, не өзгерту үшін, Түрлендіру әміріне нұқып, сізге керекті бұрмалауды немесе жолды таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасындағы кескіндердің немесе мәтіннің бояуын жою

  1. Боюды жойғыңыз келетін кескінге немесе мәтінге нұқыңыз.

    Бірнеше кескіннің бояуын немесе мәтіннің бірнеше бөлімінің бояуын жою үшін, бірінші кескінді немесе мәтіннің бірінші бөлімін бөлектеп, басқа кескіндерді немесе мәтіннің басқа бөлімдерін бөлектегенде, CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Пішім қойындысында келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt Құралдарының Пішім қойындысы бейнесі

    • Кескіннің бояуын жою үшін, Кескін мәнерлері тобының Кескінді бояу әміріне нұқып, Бояусыз батырмасын басыңыз. Градиенттік бояуды жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Градиент әмірінде орналастырып, Градиентсіз әмірін таңдаңыз.

    • Мәтіннің бояуын жою үшін WordArt мәнерлері тобында Мәтінді бояу әміріне нұқып, сонан соң Бояусыз әмірін таңдаңыз. Градиенттік бояуды жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Градиент әмірінде орналастырып, Градиентсіз әміріне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt сызбасында кескіндерден немесе мәтіннен пәрменді жою

  1. Пәрменді жойғыңыз келетін кескінді немесе мәтінді таңдаңыз.

    Бірнеше кескіннен немесе мәтіннің бірнеше бөлімінен бірдей пәрменді жою үшін, бірінші кескінді немесе мәтіннің бірінші бөлімін бөлектеп, қалған кескіндерді немесе мәтіннің басқа бөлімдерін бөлектегенде, CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Пішім қойындысында келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt Құралдарының Пішім қойындысы бейнесі

    • Кескіннен пәрменді жою үшін, Кескін мәнерлері тобының Кескін мәнерлері әміріне нұқыңыз.

    • Мәтіннен пәрменді жою үшін, WordArt мәнерлері тобында Мәтін пәрмендері әміріне нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Кескіннен қосылған пәрмендердің тіркесімін жою үшін тінтуірдің көрсеткісін Алдын ала орнату әмірінде орналастырып, сонан соң Алдын ала орнатусыз әміріне нұқыңыз.

    • Көлеңкені жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Көлеңке әміріне нұқып, сонан соң Көлеңкесіз әмірін таңдаңыз.

    • Бейне көріністі жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Бейне көрініс әміріне нұқып, сонан соң Бейне көрініссіз әмірін таңдаңыз.

    • Бояудың ашықтығын жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Бояудың ашықтығы әміріне нұқып, сонан соң Ашықтықсыз әмірін таңдаңыз.

    • Кескіннен анық емес жиектерді жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Анық емес жиектер әміріне нұқып, сонан соң Анық емес жиексіз.

    • Контурды жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Жақтау әміріне нұқып, сонан соң Жақтаусыз әмірін таңдаңыз.

    • Үш өлшемдік бұруды жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Үш өлшемдік бұру әміріне нұқып, сонан соң Бұрусыз әмірін таңдаңыз.

    • Мәтіннен бұрмалауды немесе жолды жою үшін, тінтуірдің көрсеткісін Түрлендіру әміріне нұқып, сонан соң Түрлендірусіз әмірін таңдаңыз.

Кеңес : Кескіннен барлық баптау өзгерістерін жою үшін, кескінде тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқып, мәтінмәндік мәзірде Кескінді қалпына келтіру әмірін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×