SmartArt сызбасынан кескінді жою

Кескінді Мәтін аймағынан немесе SmartArt сызбасынан жоя аласыз.

Осы мақалада

Кескінді жоюға шолу

Кескінді Мәтін аймағынан жою

Кескінді SmartArt сызбасынан жою

Кескінді жоюға шолу

2 деңгейлі мәтіні бар болғанда, 1 деңгейлі мәтіннің бір жолын жойсаңыз, онда 2 деңгейлі мәтіннің бірінші жолы 1 деңгейлі мәтінге (жоғарғы кескін) жылжытылады. Келесі суреттердегі нөмірі 1, 2 және 3-ші кескіндердің 2 деңгейлі мәтіні бар, бұл мәтіннің құрамына байрақшалар және әріп таңбалары енеді.

Мәтіннің екі деңгейін көрсететін тік бұрышты тырнақшамен макет

2-ші кескіндегі мәтіннің 1-ші деңгейі жойылғаннан соң, мәтіннің 2-ші деңгейі, С әрпімен белгіленген мәтін, 1-ші деңгейге жылжиды.

Жоғары жылжытылған мәтіннің 2-ші деңгейін көрсететін Тік бұрышты тырнақшамен макет

Бірақ өлшемі үлкен кескіннің бір бөлігі болған кескінді жоюға болмайды. Мысалы, келесі суретте көрсетілгендей, Тізім түрінің Екі бөлімді суреті бар тізім деген макеттен дөңгелек кескінді жоюға болмайды. Аталмыш әрекетті орындау үшін бір-біріне байланысты барлық кескіндерді бөлектеп, өлшемі үлкенірек кескінді жоя аласыз. (Бір-біріне байланысты барлық кіші кескіндер өлшемі үлкен кескінді құрайды). Төмендегі мысалда көрсетілгендей, бір-біріне байланысты кескіндер бөлектелген.

Бөлектелген, бір-біріне байланысты кескіндерді көрсететін екі бөлімді тізім деген макетпен SmartArt сызбасы

Сонымен қатар, (Байланыстар түрінің) Тең салмақты көрсеткілер макетіндегі көрсеткі қалпындағы кескіндерді және шекаралық сызық сияқты өңдік кескіндерді де жоюға болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Кескінді Мәтін аймағынан жою

  1. Жоюға қалаған кескіндегі мәтіннің жолын бөлектеңіз.

  2. DELETE пернесін екі рет басыңыз.

Ескерту : Егер сізде ең жоғарғы кескін және одан төменгі Ассистент кескіні бар болса, онда ең жоғарғы деңгейдегі кескін жойылғаннан соң, Ассистент кескіні иерархияның басына өздіктік түрде жылжиды.

Беттің жоғарғы жағы

Кескінді SmartArt сызбасынан жою

  1. Жойғыңыз келетін кескінді бөлектеп алыңыз.

  2. DELETE пернесін басыңыз.

Ескерту : 

  • Кескінді жою үшін, оны бөлектеп алуыңыз қажет. Жойғыңыз келетін кескінде мәтін бар болса, кескіннің жиегіне нұқудың орнына кескіннің ішінде шертім етіп, DELETE пернесін басқаннан соң, кескіннің орнына мәтініңіз жойылатын болады.

  • Өлшемі үлкен кескінді (байланысты кескін) құру үшін, бір-біріне байланыстырылған кескіндердің біреуін жоюға тырысқанда, бөлектелген кескіндегі мәтін ғана жойылады. Мысалы, соңғы суретте көрсетілгендей, (бір-біріне байланысты кескіндерді көрсететін сурет), өлшемі кіші түсті тіктөртбұрыштардан жоғарғы үлкен ақ кескінді бөлектеп, DELETE пернесін басқаннан соң, ақ кескіндегі мәтін жойылып, кескіннің өзі орында қалады. Алайда, кескін жойылған деп иллюзияны жасау үшін бояу түстерін және сызық мәнерлерін қолдана аласыз.

  • Жоғағры деңгейдегі кескін немесе бұл кескіндегі мәтін қалауыңызша өзгертілген болса, төменгі деңгейдегі кескін алға жылжығаннан соң, жоғарғы кескінге қолданылған баптау өзгерістері жоғалуы мүмкін.

  • Кескіндерді бір-біріне байланысатын кескінді (мысалы, сызық немесе көрсеткі) бөлектесеңіз, онда кескіндегі мәтін ғана жойылатын болады, өйткені байланысатын кескіндерді жоюға болмайды. Бірақ, кескін жойылған деген иллюзияны жасау үшінбояу түстерін және сызық мәнерлерін қолдана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×