SmartArt сызбалығымен жұмыс істеу барысында арнайы мүмкіндіктер туралы кеңестер

2007 Microsoft Office жүйесі жүйесінің бағдарламалары түрлі білімдері мен мүмкіншіліктері бар адамдардың пайдалануы үшін жасақталған. Мәтінді бейнебеттен оқу бағдарламасы немесе бейнебеттегі мәтінді үлкейткіш сияқты оқу көмекшілерін қолдансаңыз, келесі кеңестер SmartArt сызбалығымен жұмыс істеуіңізге көмектесуі мүмкін:

  • SmartArt сызбалығымен жұмыс істеу барысында тінтуірдің орнына пернелер тіркесімдерін пайдаланыңыз. Осы мақаланың соңында жиі қолданылатын пернелер тіркесімдері көрсетілген тізім беріледі.

  • Мәтін бөлігіSmartArt сызбалығындағы ақпаратты бейнелеудің негізгі құралы болып саналады. SmartArt сызбалығында пішіндерді жасау және оларға өзгерістер енгізу үшін Мәтін бөлігін ашып, Мәтін бөлігінде тікелей керекті әрекеттер жасай аласыз. Сіз алғашқы рет SmartArt сызбалығын енгізген соң, Мәтін бөлігі автоматты түрде ашылады, нәтижесінде үстелде керекті мәтінді тере бастай аласыз. Мәтінді бейнебеттен оқу бағдарламаларының көбі сіз таңдаған пішіндердегі мәліметтердің деңгейі мен иерархиясын көруіңізге ұсынады. Мәтін бөлігінің орнына SmartArt сызбалығында тікелей жұмыс істеуді артық көрсеңіз, Мәтін бөлігінен SmartArt сызбалығына ауысу үшін CTRL+SHIFT+F2 перенелер тіркесімін басыңыз.

    Сіз Мәтін бөлігіне керекті мәтінді енгізген соң, терілетін мәтін мөлшеріне сәйкес, қажетті мөлшердегі тиісті пішіндер SmartArt сызбалығына қосылады. Қажет болса, мәтініңіздің тиісті пішінге дұрыс орналасуы үшін қаріп мөлшері де автоматты түрде кішірейеді. Сонымен қатар сіз пішін мөлшерін қолмен өзгерте аласыз. Осы мақаланың соңында пішіндердің мөлшерін өзгертуге арналған пернелер тіркесімдерінің тізімі беріледі.

  • Тінтуірді пайдаланудың орнына бейнебеттен мәтінді оқу бағдарламасын қолдансаңыз, SmartArt сызбалығын жасау үшін төмендегіні іске асырыңыз:

    1. SmartArt сызбалығын енгізу үшін келесілердің біреуін орындаңыз

      • Яғни Суреттер тобының Енгізу қойындысында SmartArt таңдаңыз.

      • Пернетақта лақабы  ALT+N+M пернелер тіркесімін басыңыз.

      • Тек Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасында ғана , слайдтағы мәтінді белгілеп, Еже тобының Өзіндік қойындысында SmartArt сызбалығына түрлендіру SmartArt суретіне түрлендіру түймешігі қосқышын басыңыз.

    2. Макеттер жиынтығы бойынша қозғалу үшін меңзерлі пернелерді пайдаланыңыз, сізге керекті макетті табу үшін SmartArt сызбалығына берілетін түсініктемелерді тыңдаңыз, қажетті макетте қос шертіңіз немесе ENTER пернесін басыңыз.

    3. Мәтін бөлігінің пішінді құрылымында мәтініңізді теріңіз. Кез келген пішінді немесе таңбалаушы тізімді өзгерте алғаныңыздай, Мәтін бөлігіне де өзгерістер енгізуге мүмкіндігіңіз бар.

    4. Бір пішіннен басқа пішінге ауысу үшін немесе көбірек ақпаратты тыңдау үшін CTRL+SHIFT+F2 пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Тінтуірді пайдаланудың орнына бейнебеттен мәтінді оқу бағдарламасын қолдансаңыз, Анықтама бөлімінен SmartArt сызбалық нысандарының барлығына арналған түсініктемелердің тізімін көру үшін CTRL+SHIFT+F1 пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Пернетақтаның көмегімен бірнеше пішіндерді белгілеу үшін, Мәтін бөлігіндегі мәтіннің белгілі жолын белгілеп, қосымша пішіндерді белгілеу үшін SHIFT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернелерін басыңыз. Мәтін бөлігіндегі көршілес емес пішіндерді (мәтіннің жолдарын) белгілей алмайсыз, сонымен қатар Мәтін бөлігінен байланыстыратын жолдарды да белгілеуіңізге болмайды.

    Тінтуірді пайдалана отырып, көптеген пішіндерді белгілеу үшін бірінші пішінді таңдап, басқа пішіндерді белгілегенде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

    Ескерту : Енді Көптеген нысандарды белгілеу топтық блогі және құралдар бөлігінің түймешігі 2007 Office нұсқасында жоқ.

  • SmartArt сызбалығына жаңа мәтінді енгізу үшін келесіні орындай аласыз:

    1. SmartArt сызбалығының жиегінде тінтуірдің оң түймешігін нұқыңыз да, төмендегілердің бірін іске асырыңыз:

      • Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасында Мөлшер және Қасиеттер түймешігін басыңыз.

      • Ал Microsoft Office Outlook 2007 және Microsoft Office Word 2007 бағдарламаларында Мөлшер түймешігін басыңыз.

      • Және Microsoft Office PowerPoint 2007бағдарламасында Мөлшер және Орналасу түймешігін басыңыз.

    2. Alt Мәтіні қойындысын ашыңыз да, Баламалы мәтін жолағында мәтінді теріңіз.

  • Арнайы мүмкіндіктер параметрлері Microsoft Windows жүйесінің Басқару тақтасында қатынаулы болады. Microsoft Windows Vista жүйесін пайдаланып жатсаңыз, Арнайы мүмкіндіктер орталығы қойындысын ашыңыз. Microsoft Windows Server 2003 немесе Microsoft Windows XP амалдық жүйелерінде Арнайы мүмкіндіктер қойындысын ашыңыз.

Пернелер тіркесімдері

Мұны іске асыру үшін

Басылатын перне

Жаңа SmartArt сызбалығын кірістіру

ALТ+N+M

Интернеттегі Анықтаманы ашу

CTRL+SHIFТ+F1

Мәтін бөлігі мен SmartArt сызбалығын ауыстырып-қосу

CTRL+SHIFТ+F2

Мәтін аймағынан Microsoft Office Fluent пайдаланушы интерфейсі пайдаланушылық тілдесуінің бір бөлігі болып табылатын таспаға жылжу

SmartArt сызбалығына жылжу үшін CTRL+SHIFT+F2 пернелерін басу, ал Таспаға жылжу үшін ALT пернесін басу

Пішінді бөлектеп, SmartArt сызбалығындағы пішіндердің арасында жылжу

ТAB

Мәтін бөлігінде оң жаққа жол шегінісін жылжыту

ТAB

Мәтін бөлігінде сол жаққа жол шегінісін жылжыту

SHIFТ+TAB

Мәтін бөлігінде мәтінге қадамды шегініс таңбасын қосу

CTRL+ТAB

Мәтін бөлігінде бірнеше пішіндерді бөлектеу

Мәтін бөлігіндегі мәтіннің белгілі бір жолын бөлектеп, қосымша пішіндерді бөлектеу үшін SHIFT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернелерін басу

SmartArt сызбалығы ашылған соң, барлық макеттерді көру және өзгерту мүмкіндіктері беретін макеттер жиынтығын ашу

ALТ+CS+L+M

Пішінді бөлектеп, оның мөлшерін үлкейту

SHIFT+ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ немесе ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Пішінді бөлектеп, оның мөлшерін кішірейту

SHIFT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ немесе СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Пішін мөлшерін өте кіші айырмалықтармен өзгерту

CTRL + SHIFT+ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ, ТӨМЕН КӨРСЕТКІ, ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ, немесе СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Пішінді қалаған бағытта жылжыту

ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ, ТӨМЕН КӨРСЕТКІ, ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ, немесе СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Пішінді жылжыту немесе өте кіші айырмалықтармен "ығыстыру"

CTRL + ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ, ТӨМЕН КӨРСЕТКІ, ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ, немесе СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Пішінді керекті бағытта 15 градусқа бұру

Пішінді 1 градусқа бұру

ALT + ОҢҒА немесе СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

CTRL + ALT + ОҢҒА немесе СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×