SharePoint Workspace 2010 іске қосу тақтасы туралы

Іске қосу тақтасы SharePoint Workspace бағдарламасын іске қосқанда, іске қосу параметрлерін өзгертпесе ашылады.

Бұл мақалада:

Іске қосу тақтасын ашу және ұйымдастыру

Жұмыс кеңістіктерінің тақтасы

Жұмыс кеңістіктерін сұрыптау

Контактілер тақтасы

Контактілерді сұрыптау

Контактілерді қалталарда ұйымдастыру

Іске қосу тақтасын ашу және ұйымдастыру

Іске қосу тақтасын ашу үшін Windows хабарландыру аймағындағы SharePoint Workspace белгішесін немесе SharePoint Workspace белгішесін екі рет басып, Іске қосу тақтасын басыңыз.

Іске қосу тақтасы екі тақтадан тұрады, біреуі жұмыс кеңістіктерін жасау және ұйымдастыру, екіншісі контактілерді басқару үшін арналған.

Қойындылық тақталар (әдепкі орналасу) мен бөлінген тақталары арасындағы Іске қосу тақтасының орналасуын ауыстыру үшін Көрініс, Бөлгіш көрініс қойындысын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс кеңістіктерінің тақтасы

Жұмыс кеңістіктері тақтасы жұмы кеңістіктерінің тізімін көрсетеді. Әрекеттерді Жұмыс кеңісіктері тақтасынан төменде көрсетілгендей бастауға болады:

  • Кез келген жұмыс кеңістігін ашу үшін оны екі рет басыңыз. Жұмыс кеңістігі өзінің жұмыс кеңістігі түріне сәйкес көріністе ашылады. Мысалы, SharePoint және Groove жұмыс кеңістіктері Workspace Explorer; ортақ қалталар Windows Explorer бағдарламасындағы арнайы орналасуда ашылады.

  • Жұмыс кеңістігін басқаруға арналған мәзір параметрлерін көру үшін кез келген жұмыс кеңістігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Мысалы, жұмыс кеңістігінің сипаттарын ашуға, жұмыс кеңістігінің атын өзгертуге, уақытша тоқтатуға немесе жоюға, мұрағат немесе үлгі ретінде сақтауға және жаңа мүшелерді шақыруға (тек Тең рангілі жұмыс кеңістіктері мен ортақ қалталар) болады.

  • Жаңа жұмыс кеңістігін жасау үшін Басты бет қойындысында Жаңа түймешігін басып, жасау қажет жұмыс кеңістігінің түрін таңдаңыз.

Жұмыс кеңістіктерін сұрыптау

Жұмыс кеңістіктерін әр түрлі жолмен сұрыптауға болады. Көрініс қойындысында Жұмыс кеңістіктері ашылмалы мәзірін басып, параметрді таңдаңыз.

  • Қалталар. Жұмыс кеңістіктерін қалтасы бойынша сұрыптайды.

  • Әліпбилік. Жұмыс кеңістіктерін әліпбилік ретпен сұрыптайды.

  • Күй. Жұмыс кеңістіктерін күйі бойынша сұрыптайды.

    • Жаңа. 7 күн ішінде жасалған жұмыс кеңістіктері «Жаңа» деп санатталады.

    • Белсенді. Оқу немесе жаңарту үшін сіз немесе басқа мүшелер ағымда ашқан Groove жұмыс кеңістіктері. SharePoint жұмыс кеңістіктері сізден басқа мүшесі болмағандықтан «Белсенді» деп санатталмайды.

    • Оқылмаған. Жаңа немесе жаңартылған ақпаратты қамтитын жұмыс кеңістіктері.

    • Оқылған. Ағымда оқылмаған мазмұны жоқ жұмыс кеңістіктері.

    • Бұл компьютерде жоқ. Басқа компьютерлердегі жұмыс кеңістіктер. Жұмыс кеңістіктерінің деректерін тіркелгіңіз бар басқа компьютерден немесе жұмыс кеңістігінің басқа мүшесінен жүктеуге болады.

  • Түрі. Жұмыс кеңістіктері «SharePoint Workspace», «Groove Workspace» немесе «Ортақ қалта» сияқты түрі бойынша сұрыпталады.

  • Соңғы оқылмаған уақыты. Сәйкес әрекеті бойынша сұрыпталатын жұмыс кеңістіктерін көру үшін осы параметрді таңдаңыз. Мысалы, ақпараты Бүгін, Кеше, Соңғы жеті күн ішінде немесе Соңғы Отыз күн ішінде жаңартылған немесе жаңа алынған жұмыс кеңістіктерін көріңіз. Отыз күннен кейін жаңартулары алынбаған жұмыс кеңістіктері Ескі деп санатталады. 7 күн ішінде жасалған жұмыс кеңістіктерінің тақырыбы Жаңа деп тізімде сақталады.

    Әр санатта жұмыс кеңістіктері жоғарыдан төмен қарай «соңғы оқылған» деп сұрыпталатынын ескеріңіз.

    Жұмыс кеңістіктері мына қосымша санаттар бойынша сұрыпталады:

  • Жүктеу: Басқа компьютерден немесе жұмыс кеңістігінің мүшесінен ағымда жүктелетін жұмыс кеңістіктері.

  • Тоқтатылған: Мүшелігіңіз тоқтатылған жұмыс кеңістіктері.

  • Уақытша тоқтатылған: Ағымдағы байланыстар уақытша тоқтатылған жұмыс кеңістіктері.

Беттің жоғарғы жағы

Контактілер тақтасы

Контактілер тақтасы жеке тізімге қосқан барлық адамдарды тізімде сақтайды. Әрекеттерді контактілер тақтасынан төменде көрсетілгендей бастауға болады:

  • Microsoft Communicator бағдарламасында хабар жіберу әрекеттерін бастау үшін контактіні екі рет басыңыз.

    Office Communicator бағдарламасына әлі кірмеген болсаңыз, контактілерді немесе мүшелерді екі рет басқанда Хабар жіберу терезесі ашылады.

  • Әрекеттер мәзірінің параметрлерін көрсету үшін контактіні тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

    Мысалы, контактіге хабар немесе жұмыс кеңістігіне шақырту жіберуге, контактіні жоюға, экспорттауға және байланыс ақпараттарын контактіге электрондық поштамен жіберуге болады.

  • Контактіні Жұмыс кеңістіктерінің тақтасындағы жұмыс кеңістігіне контактіге жіберілген жұмыс кеңістігіне шақыртуды ашу үшін апарыңыз.

    Кеңес :  Іске қосу тақтасы бөлгіш көріністе орнатылмаған болса да контактілерді жұмыс кеңістігіне апарыңыз. Контактіні Жұмыс кеңістіктері қойындысына Жұмыс кеңістіктері тақтасын көрсету үшін апарып, жұмыс кеңістігін таңдаңыз.

  • Басты бет қойындысында каталогтарды іздеу және жаңа контактілерді тізімге қосу үшін Контакті қосу пәрменін таңдаңыз.

Контактілерді сұрыптау

Контактілерді әр түрлі жолмен сұрыптауға болады. Көрініс мәзірінде Контактілер ашылмалы мәзірін басып, параметрді таңдаңыз.

  • Қалталар. Контактілерді қалтасы бойынша сұрыптаңыз.

  • Әліпбилік. Контактілерді әліпбилік ретпен сұрыптаңыз.

  • Күй. Контактілерді ағымдағы күйіне байланысты сұрыптаңыз. Көріп тұрған күй санаттары мыналардан тұруы мүмкін:

    • Белсенді. Ағымда желіде қосулы және жұмыс кеңістіктерінде әрекеттерді орындап жатқан контактілер тізімі.

      Жұмыс кеңістігіне жылдам өту үшін контактіні тінтуірдің оң жағымен басып, Белсенді жұмыс кеңістігіне өту пәрменін таңдаңыз. Таңдалған мүшелер бірнеше жұмыс кеңістіктерінде белсенді болса, Жұмыс кеңістігін таңдау терезесі ашылып, тізім пайда болады.

    • Онлайн. Ағымдағы онлайн күйдегі контактілер тізімдері.

    • Офлайн. Ағымдағы офлайн күйдегі контактілер тізімдері. Бұл контактілер Communicator бағдарламасында қол жетімді болуы мүмкін.

  • Тексеру күйі. Мүшелерді тексеру күйіне байланысты сұрыптайды.

Контактілерді қалталарда ұйымдастыру

Контактілерді қалталарда ұйымдастыруға болады. Қалталарды көру үшін параметрді таңдап санаттарды көресіз.

  1. Көрініс қойындысында Контактілер ашылмалы мәзірін басып, Қалталар пәрменін таңдаңыз.

  2. Жаңа қалта орналастыру қажет Контактілер тізімінде орынды басыңыз.

    Қалталар таңдалған қалтамен (егер бар болса) бір деңгейде жасалады. Мысалы, қалтада бар контактіні таңдайтын болсаңыз, жаңа қалта сол қалта ішінде иерархиялы түрде пайда болады.

  3. Көрініс қойындысында Жаңа қалта түймешігін басыңыз.

  4. Сол қалтаны білдіретін контактілерге әсер ететін атау бар «Жаңа қалта» мәтінін ауыстырыңыз.

  5. Контактілерді жаңа қалтаға апарыңыз немесе жаңа контактілер қосыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×