SharePoint Workspace 2010 бағдарламасында жаңа тіркелгі жасау

Microsoft SharePoint Workspace бағдарламасын бірінші рет іске қосқан кезде, Тіркелгіні конфигурациялау шебері ашылып, сәлемдесу эуранын көрсетеді. Шеберді аяқтау жолына байланысты «Тіркелгіні конфигурациялау коды» бөліміне кіру мүмкіндігіне ие бола аласыз. Егер бұл әрекетті орындамасаңыз, электрондық пошта мекенжайы арқылы тіркелгіні жасау әрекетін жалғастыра бересіз. Дегенмен, бұл тіркелгі жұмыс кеңістігіңізде қажет болуы мүмкін басқару саясаттарымен басқарылмайды. Кейін тіркелгіні конфигурациялау кодын электрондық пошта мекенжайы арқылы жасалған тіркелгіге оңай қолдануға болатынын ескеріңіз.

Бұл мақалада

Электрондық пошта мекенжайы арқылы жаңа тіркелгі жасау

Тіркелгіні конфигурациялау коды арқылы жаңа тіркелгі жасау

Тіркелгіні конфигурациялау кодын тіркелгіңізге қосу

Электрондық пошта мекенжайы арқылы жаңа тіркелгі жасау

Егер «Тіркелгіні жасау коды» бөліміне кіру мүмкіндігі болмаса, электрондық пошта мекенжай арқылы ғана тіркелгіні жасаңыз.

  1. Егер Тіркелгіні конфигурациялау шебері бөлімін ашу қажет болса, Windows тапсырмалар тақтасындағы SharePoint Workspace түймешігін басыңыз, содан соң Жаңа тіркелгі түймешігін басыңыз.

  2. Жаңа тіркелгі жасау түймешігін басып, Келесі түймешігін басыңыз.

    Жаңа тіркелгіні жасаудың орнына басқа компьютерде бұрыннан бар тіркелгіні пайдалануды қаласаңыз, Бұрыннан бар тірклегіні қалпына келтіру түймешігін басыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Басқа компьютерде тіркелгіні пайдалану түймешігін басыңыз.

  3. Электрондық пошта мекенжайы арқылы тіркелгі жасау түймешігін басыңыз.

  4. Тіркелгінің және жарамды электрондық пошта мекенжайының атауын енгізіңіз.

    Енгізген атау пайдаланушылар сізді танитын контакті идентификаторы (көрсетілетін атау) болып табылады. Тіркелгі параметрлерінде атауды өзгертуге болады.

    Ескерту :  Тіркелгі атауында келесі таңбаларды пайдалануға болмайды: {}=/;

    Енгізетін электрондық пошта мекенжайы контакті картаңызда сілтеме ретінде көрсетіледі.

  5. Қатаң ұсынылады: Кейінірек менің тіркелгімді қалпына келтіруге рұқсат ету (әдепкі бойынша қосулы) ұяшығына белгі қойыңыз. Бұл опцияны қоссаңыз, егер әкімші Windows жүйеге кіру тіркелгі деректерін өзгертсе, SharePoint Workspace бағдарламасына тіркелгіге кіру тіркелгі деректерін автоматты түрде реттеуге рұқсат береді. Егер бұл опция өшірулі және Windows жүйеге кіру тіркелгі деректері өзгерсе, тіркелгіге кіре алмайсыз.

  6. Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркелгіні конфигурациялау коды арқылы жаңа тіркелгі жасау

Әдетте жұмыс кеңістігінде тіркелгіні конфигурациялау кодын электрондық пошта хабарында аласыз. Егер SharePoint Workspace бағдарламасын жұмыс кеңістігіңізде пайдаланғалы жатсаңыз және тіркелгіні конфигурациялау кодын алмасаңыз, тіркелгіні жасаудың алдында әкімшіге кодты беруді сұраңыз.

Әрекетті бастаудың алдында, тіркелгіні конфигурациялау кодын тауып, аралық сақтағышқа көшіріңіз.

  1. Егер Тіркелгіні конфигурациялау шебері бөлімін ашу қажет болса, Windows тапсырмалар тақтасындағы SharePoint Workspace түймешігін басыңыз, содан соң Жаңа тіркелгі түймешігін басыңыз.

  2. Жаңа тіркелгі жасау түймешігін басып, Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Тіркелгіні конфигурациялау коды арқылы тіркелгі жасау түймешігін басыңыз.

  4. Аралық сақтағышқа көшірген кодты тіркелгіні конфигурациялау кодының ұяшығына қойыңыз.

  5. Қажет болса, тіркелгіні конфигурациялау серверінің мекенжайын Тіркелгіні конфигурациялау сервері ұяшығына енгізіңіз.

    Көпшілік жұмыс кеңістігі орталарында тіркелгіні конфигурациялау серверінің атауы бұрынанн енгізілген. Егер енгізілмесе, әкімшіге хабарласыңыз.

  6. Келесі түймешігін басыңыз.

  7. Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркелгіні конфигурациялау кодын тіркелгіңізге қосу

Егер электрондық пошта мекенжайы арқылы тіркелгіні жасап, содан соң тіркелгіні конфигурациялау кодын алсаңыз, тіркелгіні басқару саясаттары реттейтіндей осы ақпаратты қолдануға болады. Әрекетті бастаудың алдында, тіркелгіні конфигурациялау кодын тауып, аралық сақтағышқа көшіріңіз.

  1. «Файл» қойындысын басып, Ақпарат қойындысындағы «Тіркелгі параметрлерін басқару» бөлімінің астындағы Тіркелгіні конфигурациялау түймешігін басыңыз.

  2. Аралық сақтағышқа көшірген кодты Тіркелгі конфигурациясы коды ұяшығына қойыңыз.

  3. Қажет болса, тіркелгіні конфигурациялау серверінің мекенжайын Тіркелгіні конфигурациялау сервері ұяшығына енгізіңіз.

    Көпшілік жұмыс кеңістігі орталарында тіркелгіні конфигурациялау серверінің атауы бұрынанн енгізілген. Егер енгізілмесе, әкімшіге хабарласыңыз.

  4. Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×