SharePoint Online ортасына арналған бағдарламаларды бақылау

SharePoint Online ортасына арналған бағдарламаларды бақылау

SharePoint Online әкімшісі ретінде SharePoint ортасында пайдаланылатын бағдарламалардың бағдарламаны пайдалану және қате ақпараты сияқты ақпаратты бақылауға болады. Бағдарлама туралы ақпаратты бақылаудың алдында оны бақылағыңыз келген бағдарламалар тізіміне қосуыңыз қажет.

Бақылау үшін бағдарламаларды таңдаңыз

  1. Office 365 әкімшісі орталығына SharePoint Online әкімшісінің атауы мен құпия сөзі арқылы кіріңіз.

  2. Әкімші > SharePoint тармағына өтіңіз.

  3. Сол жақтағы Бағдарламалар тармағын басып, Бағдарламаларды бақылау түймешігін басыңыз.

  4. Бағдарламаларды тізімге қосу үшін Бағдарламаны қосу түймешігін басыңыз.

  5. Қосу қажет бағдарламаны (бағдарламаларды) іздеңіз немесе қол жетімді бағдарламалар тізімінен таңдаңыз, содан соң Қосу түймешігін басыңыз.

Бағдарлама мәліметтерін немесе қателерін көру

  1. Office 365 әкімшісі орталығына SharePoint Online әкімшісінің атауы мен құпия сөзі арқылы кіріңіз.

  2. Әкімші > SharePoint тармағына өтіңіз.

  3. Сол жақтағы Бағдарламалар тармағын басып, Бағдарламаларды бақылау түймешігін басыңыз.

  4. Ақпаратын көрігіңіз келген бағдарламаны көрсетіп, пайда болатын ұяшықты таңдаңыз, содан соң келесі әрекеттердің бірін орындаңыз

Мұны орындау үшін:

Төмендегі әрекетті орындаңыз:

Бағдарлама туралы төмендегідей мәліметтерін көру:

  • сатып алынған немесе пайдаланылған лицензиялардың мөлшері

  • қателер мен орнатулардың есептері

  • пайдалану ақпараты

  1. Таспадағы Мәліметтерді көру түймешігін басыңыз.

  2. Кестеде көрсетілетін пайдалану мерзімінің ақпаратын өзгерту үшін Пайдалану бөілімінде Күн, Ай немесе Жыл тармағын басыңыз.

Бағдарламаның қате туралы ақпаратын көрсету

  1. Таспадағы Қателерді көру түймешігін басыңыз.

  2. Қателер журналындағы қателерді табу үшін Корреляция идентификаторын пайдалануға болады.

  3. Бұл бағдарламаның қосымша қате туралы мәліметтерін көру үшін Орналасу бағанындағы URL мекенжайын басыңыз.

Білген жөн:   

  • Егер бағдарламаны енді бақылауды қаламасаңыз, оны «Бағдарламаларды бақылау» бетінде таңдаңып, таспадағы Бағдарламаны жою түймешігін басыңыз.

  • Бағдарламаны пайдалану және қате мәліметтері тіралы ақпарат SharePoint Online қызметі үшін орнатылған уақытта жұмыс істеу үшін алдын ала реттелген әр түрлі уақыт тапсырмаларында өңделеді. Бұл уақыт тапсырмалары өткен күнге оқиғаларды таңдайды. Сол себептен, Бағдарламаларды бақылау бетінде көрінетін деректерді 29 сағат мерзімге дейін кейінге қалдыруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×