SharePoint Online бағдарламасындағы іздеу схемаларын басқару

Іздеу схемасында басқарылатын сипаттарды көруге, жасауға немесе өзгертуге және тексеріп шығуға арналған сипаттарды басқарылатын сипатқа байланыстыруға болады. Іздеу схемасын өзгерту арқылы реттелетін іздеу тәжірибесін жасауға болады.

Бұл мақалада

Іздеу схемасы туралы

Басқарылатын сипаттар және іздеу

Басқарылатын сипаттардағы нақтылау

Іздеу схемасын клиент деңгейінде немесе сайттар жиынтығы деңгейінде өзгерту

Тексеріп шығу немесе қайта индекстеу

Жаңа басқарылатын сипатты жасау

Бұрыннан бар сипаттың атын өзгерту арқылы басқарылатын сипат жасау

Тексеріп шығуға арналған және басқарылатын сипаттарды көру

Басқарылатын сипатты өңдеу

Басқарылатын сипатты жою

Тексеріп шығуға арналған сипатты басқарылатын сипатпен байланыстыру

Тексеріп шығуға арналған сипат санаттарын көру немесе өңдеу

Delve қызметінен құжаттарды жасыру

Құжат кітапханасының немесе тізімнің қайта индекстелуін сұрау

Іздеу схемасы туралы

Адамдар SharePoint сайттарыңыздан мазмұн іздегенде, олардың не табатынын іздеу индексі шешеді. Индексте сайттағы барлық құжаттар мен беттерден алынған ақпарат бар.

Іздеу индексі SharePoint сайтындағы мазмұнды тексеріп шығу арқылы құрастырылады. Тексеріп шығушы құжаттағы мазмұн мен метадеректерді тексеріп шығуға арналған сипаттар түрінде іріктеп алады. Іздеу схемасы тексеріп шығушыға қай мазмұн мен метадеректерді іріктеуге көмектеседі. Метадеректерге құжаттың авторы мен аты жатады. Алайда, мазмұн мен метадеректерді құжаттан іздеу индексіне алу үшін тексеріп шығуға арналған сипаттар мен басқарылатын сипаттар байланыстырылған болуы керек. Индексте тек басқарылатын сипаттар ғана сақталады. Мысалы, автор метадерегінің тексеріп шығуға арналған сипаты автор дерегінің басқарылатын сипатына байланыстырылады.

Басқарылатын сипаттар және іздеу

Іздеу схемасы тексеріп шығуға арналған сипаттардың басқарылатын сипаттармен салытырмаларын қамтиды және басқарылатын сипаттардағы әр түрлі параметрлерді қамтиды. Пайдаланушылар тек басқарылатын сипаттарда іздеу жасай алады. Басқарылатын сипаттардағы параметрлер нені және қалай іздеу керек екенін анықтайды, мысалы, басқарылатын сипаттардың қайсысын кейіннен нақтылаушы ретінде орнатуға болатынын анықтайды.

Басқарылатын сипаттарды іздеу нәтижелерін шектеу үшін, мысалы, "нақты авторы бар элементтерді ғана іздеу" және сипаттардың мазмұнын іздеу нәтижелерінде көрсету үшін пайдалануға болады.

Басқарылатын сипаттар және Delve

Delve қызметі Office Graph функциясын және Delve қызметіндегі мазмұн карталарын көрсету үшін басқарылатын сипаттарды пайдаланады. Мысалы, Delve мазмұн карталарында «Автор», «ФайлдыңАты», «Өзгертуші» және «СоңғыӨзгертілуУақыты» сияқты басқарылатын сипаттарды көре аласыз.

Пайдаланушы Office 365 қызметінде қарап шығып немесе өңдей алатын кез келген құжат Delve қызметінде де пайда бола алады. Delve қызметі ешқандай рұқсаттарды өзгертпейді және пайдаланушылар бұрыннан қатынаса алатын құжаттарды ғана көреді. Кейде құжаттардың Delve қызметінде пайда болуын болдырмау қажет болуы мүмкін.

Құжатты Delve қызметінен жасыру үшін HideFromDelve басқарылатын сипатты пайдалануға болады. Құжатты Office 365 қызметінде сақтай беруге болады және адамдар оны іздеу арқылы оңай таба алады, ол бұдан былай тек Delve қызметінде көрсетілмейтін болады. Delve қызметінен құжаттарды жасыру бөлімін қараңыз.

Delve қызметі тралы қосымша ақпарат алу үшін Office 365 әкімшілеріне арналған Office Delve қызметі бөлімін қараңыз

Басқарылатын сипаттардағы нақтылау

SharePoint тізімінде жаңа сайт бағанын жасаған кезде, тексеріп шығушы сайт бағанының атын жаңа тексеріп шығуға арналған сипат ретінде іріктейді. SharePoint автоматты түрде жаңа тексеріп шығуға арналған сипатты жаңадан автоматты түрде жасалатын басқарылатын сипатпен байланыстырады. Бұл жаңадан автоматты түрде жасалатын басқарылатын сипат әдепкіде нақтыланбайды.

Егер сипатты клиент интерфейсінде нақтылаушы ретінде пайдалану керек болса, тексеріп шығуға арналған сипатты нақтылауға болатын басқарылатын сипатқа қолмен байланыстыру керек. SharePoint Online сайтында нақтылауға болатын жаңа басқарылатын сипат жасау үшін бұрыннан бар, пайдаланылмайтын басқарылатын сипатты қолданып, оның атын Alias арқылы ауыстыру керек. Бұл мақсатқа қол жетімді бірнеше басқарылатын сипат бар. Олардың аттары келеселерге ұқсайды: "RefinableString00" және "RefinableDate19."

Мысалы, ЖаңаТүстер атты жаңа сайттар бағанын жасайсыз, пайдаланушылардың ЖаңаТүстер бағанын іздеу нәтижелерінде нақтылау опциясы ретінде пайдалануын қалайсыз. Іздеу схемасында пайдаланылмайтын басқарылатын сипатты таңдап, мысалы, RefinableString00, Alias арқылы сипаттың атын ЖаңаТүстер деп өзгертесіз. Сонан соң, осы жаңа басқарылатын сипатты тиісті тексеріп шығуға арналған сипатпен байланыстырасыз.

Іздеу схемасын клиент деңгейінде немесе сайттар жинағы деңгейінде өзгерту

Әдетте, клиент үшін әдепкі іздеу схемасын өзгерту қажет емес. Алайда, бұрынғыдан да кеңейтілген немесе реттелетін іздеу тәжірибесін жасау қажет болса, схема өзгертіледі.

Іздеу схемасын толық клиент үшін немесе арнайы сайттар жинағы үшін өзгертуге болады. Сайттар жинағына арналған іздеу схемасы клиентке арналған іздеу сехмасына негізделеді, сондықтан, әдетте, өзгерістерді алдымен клиент деңгейінде, сонан соң сайттар жинағы деңгейінде жасау керек. Сайттар жинағында жасалған өзгерістер тек сол сайттар жинағына қолданылады.

Тексеріп шығу немесе қайта индекстеу

Басқарылатын сипаттар өзгертілген кезде немесе жаңалары қосылған кезде, мазмұн қайта тексеріліп шыққаннан кейін ғана өзгерістер күшіне енеді. Тексеріп шығу SharePoint Online сайтында анықталған тексеріп шығу кестесі бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

Тізімге немесе кітапханаға жаңа сипат қосқан кезде немесе тізімде не кітапханада қолданылатын сипаттарды өзгерткенде, өзгерістер іздеу индескінде көрініс табуы үшін мазмұн қайта тексеріліп шығу керек. Өзгерістер сайттың өзінде емес, іздеу схемасында жасалғандықтан, тексеріп шығушы тізімді немесе кітапхананы автоматты түрде қайта тексеріп шықпайды. Өзгерістердің тексеріліп шығып, қайта индекстелгеніне сенімді болу үшін тізімнің немесе кітапхананың қайта индекстелуін арнайы сұрауға болады. Сұрау жасаған кезде тізімнің немесе кітапхананың мазмұны қайта тексеріліп шығып, қайта индекстеледі. Сонан соң басқарылатын сипаттарды сұрауларда, сұрау ережелерінде және дисплей үлгілерінде қолдануға болады.

Беттің жоғары бөлігі

Жаңа басқарылатын сипат жасау

Ескерту :  Параметрлердің барлығы SharePoint Online қызметінде қол жетімді болмайды.

SharePoint Online сайтында жаңадан жасалған басқарылатын сипаттың кейбір шектеулері болады. Мысалы, сипат тек Мәтін немесе Иә/Жоқ түрінде бола алады және оны нақтылауға немесе сұрыптауға болмайды.

Егер сізге басқа түрдегі сипат қажет болса немесе оның ерекшеліктері қол жетімділерден басқа болуы қажет болса, Бұрыннан бар сипаттың атын өзгерту арқылы басқарылатын сипат жасау бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлер тармағына өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқарылатын сипаттап бетінде Жаңа басқарылатын сипат түймешігін басыңыз.

  3. Аты және сипаттамасы бөлігіндегі Сипат аты жолағына жаңа басқарылатын сипаттың атын енгізіңіз. Қажет болса, сипаттамасын енгізіңіз.

  4. Түрі бөлігінде сипатқа қол жетімді опциялардың бірін таңдаңыз:

    • Мәтін

    • Иә/жоқ

  5. Негізгі ерекшеліктер бөлігінде қол жетімді опциялардың бірін немесе бірнешеуін таңдаңыз.

  6. Тексеріп шығуға арналған сипаттармен салыстыру бөлімінде Салыстыруды қосу түймешігін басыңыз.

  7. Тексеріп шығуға арналған сипатты таңдау диалогтық терезесінен басқарылатын сипатпен байланыстырылатын тексеріп шығуға арналған сипатты таңдап, OK түймешігін басыңыз. Басқарылатын сипаттың біреуіне әр түрлі тексеріп шығуға арналған сипатты байланыстыру керек болса, осы қадамды бірнеше рет қайталаңыз.

  8. Тексеріп шығуға арналған сипаттарға байланыстыру бөлімінде қамтылатын мазмұн мөлшерін таңдаңыз:

    • Осы басқарылатын сипатпен байланыстырылған барлық тексеріп шығуға арналған сипаттардағы барлық мазмұн

    • Тексеріп шығуға арналған бірінші сипаттың мәні бар мазмұны және, қалау бойынша, қай кезекпен

  9. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Бұрыннан бар сипаттың атын өзгерту арқылы басқарылатын сипат жасау

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлер тармағына өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқарылатын сипаттар бетінде қолданылмайтын басқарылатын сипатты табыңыз. Қолданылмайтын дегеніміз — сипат тексеріп шығуға арналған сипатпен байланыстырылмаған дегенді білдіреді: Байланыстырылған тексеріп шығуға арналған сипаттар бағаны бос болады. Қосымша мәлімет алу үшін Әдепкі пайдаланылмайтын басқарылған сипаттар кестесін қараңыз.

    Маңызды : Сипатты кейіннен нақтылаушы ретінде қолдана алу үшін Нақтылау белгісі бар басқарылатын сипатты таңдаңыз.

  3. Басқарылатын сипатқа нұсқап, көрсеткіні басыңыз, сонан соң Сипатты түзету/байланыстыру түймешігін басыңыз.

  4. Басқарылатын сипатты түзету бетінде Негізгі ерекшеліктер тармағында Бүркеншік ат бөлігіндегі Бүркеншік ат жолағына сипаттың жаңа атын енгізіңіз.

  5. Тексеріп шығуға арналған сипаттармен салыстыру бөлімінде Салыстыруды қосу түймешігін басыңыз.

  6. Тексеріп шығуға арналған сипатты таңдау бетінен басқарылатын сипатпен байланыстырылатын тексеріп шығуға арналған сипатты таңдап, OK түймешігін басыңыз. Осы басқарылатын сипатқа қосымша тексеріп шығуға арналған сипатты байланыстыру үшін осы қадамды бірнеше рет қайталаңыз.

  7. OK түймешігін басыңыз.

    Маңызды :  Осы әдіспен жаңа басқарылатын сипат жасағаннан кейін, ол нақтылау конфигурациясында пайда болудан бұрын, нақтылаушыны қолданатын кітапхана немесе тізім қайта тексеріліп шығып, қайта индекстелуі керек.Құжат кітапханасының немесе тізімнің қайта индекстелуін сұрау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Тексеріп шығуға арналған және басқарылатын сипаттарды көру

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлер тармағына өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқарылатын сипаттар қойындысында барлық басқарылатын сипаттар, басқарылатын сипаттардың параметрлері және олар байланысқан тексеріп шығуға арналған сипаттар көрсетіледі.

  3. Тексеріп шығуға арналған сипаттарды және олармен байланысқан басқарылатын сипаттарды көру үшін Тексеріп шығуға арналған сипаттар қойындысын басыңыз.

  4. Тексеріп шығуға арналған сипаттардың санаттарын көру үшін Санаттар түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Басқарылатын сипатты өңдеу

Ескерту :  Параметрлердің барлығы SharePoint Online қызметінде қол жетімді болмайды.

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлер тармағына өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқарылатын сипаттар қойындысындағы Сипат аты бағанынан түзетілуі қажет басқарылатын сипатты табыңыз немесе оның атын Сүзгі жолағына енгізіңіз.

  3. Тізімдегі басқарылатын сипатқа нұсқап, көрсеткіні басыңыз Сипатты түзету/байланыстыру түймешігін басыңыз.

  4. Басқарылатын сипатты түзету бетінде параметрлерді түзетіп, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Басқарылатын сипатты жою

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлерге өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқарылатын сипаттар қойындысынан жойылуы қажет басқарылатын сипатты табыңыз немесе оның атын Сүзгі жолағына енгізіңіз.

  3. Жойылуы қажет басқарылатын сипатқа нұсқап, көрсеткіні басыңыз, сонан соң Жою түймешігін басыңыз.

  4. ОК түймешігін басыңыз.

    Маңызды : Басқарылатын сипатты жойған жағдайда:

    • Пайдаланушылар сипатта іздеу жасай алмайды.

    • Сипатты қолданатын сұрау ережесі жұмысын тоқтатады.

    • Сипатты қолданатын реттелетін веб-бөлік жұмысын тоқтатады.

Беттің жоғары бөлігі

Тексеріп шығуға арналған сипатты басқарылатын сипатпен салыстыру

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлерге өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Тексеріп шығуға арналған сипаттар опциясын таңдаңыз.

  3. Тексеріп шығуға арналған сипаттар бетінен басқарылатын сипатпен байланыстырылатын тексеріп шығуға арналған сипатты табыңы немесе оның атын Сүзгілер тармағындағы Тексеріп шығуға арналған сипаттар жолағына енгізіңіз.

  4. Байланыстырылуы қажет тексеріп шығуға арналған сипатқа нұсқап, көрсеткіні басыңыз, сонан соң Сипатты түзету/байланыстыру түймешігін басыңыз.

  5. Тексеріп шығуға арналған сипатты түзету бетіндегі Басқарылатын сипатпен байланыс бөлігінде Байланыс қосу түймешігін басыңыз.

  6. Басқарылатын сипатты таңдау диалогтық терезесінен тексеріп шығуға арналған сипатпен байланыстырылатын басқарылатын сипатты таңдап, OK түймешігін басыңыз. Тексеріп шығуға арналған сипаттың біреуіне әр түрлі басқарылатын сипатты байланыстыру үшін осы қадамды бірнеше рет қайталаңыз.

  7. Егер осы тексеріп шығуға арналған сипаттың мазмұнын толық мәтінді индексте қамту керек болса, Толық мәтінді индексте қамту бөлігіндегі жолақты таңдаңыз.

  8. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Тексеріп шығуға арналған сипат санаттарын көру немесе өңдеу

  1. Клиент немесе сайт жиынтығы үшін Іздеу схемасы бетіне өтіңіз:

    • Клиент үшін:

      1. Office 365 басқару орталығына кіріңіз.

      2. Әкімші > SharePoint бөлімін таңдаңыз. «SharePoint басқару орталығы» бөліміндесіз.

      3. Іздеу түймешігін басыңыз, содан кейін Әкімшіні іздеу бетінде Іздеу схемасын басқару түймешігін басыңыз.

    • Сайт жиынтығы:

      1. Сайт ішінде Параметрлерге өтіп, Сайт параметрлері түймешігін басыңыз, содан кейін Сайт жиынтығының әкімшісі тармағының үстіндегі Іздеу схемасы түймешігін басыңыз.

  2. Санаттар опциясын таңдаңыз.

  3. Санаттар бетінде көру немесе түзету қажет тексеріп шығуға арналған сипат санатын таңдаңыз.

  4. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    1. Тексеріп шығуға болатын сипаттардың қайсысы санатқа қатысты екенін және оларды қай басқарылатын сипаттармен біріктірілуін көру үшін «Санаттар» бетіндегі тексеріп шығуға болатын сипаттың санатын түртіңіз.

    2. Санатты түзету үшін түзетілуі қажет тексеріп шығуға арналған сипатқа нұсқап, көрсеткіні басыңыз, сонан соң Санатты түзету түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Delve қызметінен құжаттарды жасыру

Құжаттың Delve ішінде көрсетілуін қаламасаңыз, Иә/Жоқ түріне жататын HideFromDelve сайт бағанын жасауға болады. Бұл сайт бағаны HideFromDelve басқарылатын сипатына автоматты түрде салыстырылатын ows_HideFromDelve жаңа тексеру шығылатын сипатты жасайды.

Құжат сақталған кітапханаға немесе тізімге сайт бағанын қосыңыз
  1. Сайттар жиынтығының әкімшісі ретінде кіріңіз және Delve ішінен жасыру керек құжат сақталған сайтқа өтіңіз.

  2. Таспада Тізім не Кітапхана қойыншасын басыңыз.

  3. Көріністерді басқару тобынан Баған жасау түймешігін басыңыз.

  4. «Атау» және «Түрі» бөліміндегі Баған атауы өрісіне HideFromDelve мәнін теріп, Иә/Жоқ (құсбелгі) таңдаңыз.

    Маңызды : Қосымша баған параметрлері бөліміндегі Әдепкі мән ашылмалы мәзірінен Жоқ тармағын таңдаңыз. Егер Иә жауабы таңдалса, барлық жаңа құжаттар Delve қызметінен жасырылады.

  5. Әдепкі көрініске қосу құсбелгісін алыңыз.

  6. ОК түймешігін басыңыз.

Delve қызметінен жасырылатын құжатты белгілеңіз
  1. Delve қызметінен жасырылатын құжат сақталған сайтқа өтіңіз.

  2. Жасырылатын құжатты кітапхана немесе тізімнен тауып, сипаттарды өңдеу тармағын басыңыз және HideFromDelve мәнін белгілеңіз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Келесі жоспарланған тексеріп шығудан кейін немесе құжаттар кітапханасын немесе тізімін қайта индекстеуді сұраудан кейін құжат Delve жасырылады. Құжат Delve ішінде қайтадан көрсетілуін қаласаңыз, жасырын құжат үшін HideFromDelve бағанынан құсбелгіні алыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Құжат кітапханасының немесе тізімнің қайта индекстелуін сұрау

  1. Сайтыңыздағы жаңа сипат қосылған тізімге немесе кітапханаға өтіңіз.

  2. Таспадағы Кітапхана немесе Тізім қойындысын басыңыз.

  3. Кітапхана таспасынан Кітапхана параметрлері тармағын таңдаңыз
    немесе

Тізім таспасынан Тізім параметрлері тармағын таңдаңыз.

  1. Параметрлер бетіндегі Жалпы параметрлер тармағынан Кеңейтілген параметрлер опциясын таңдаңыз.

  2. Құжаттар кітапханасын қайта индекстеу немесе Тізімді қайта индекстеу пәрменіне жылжытып, түймешікті басыңыз. Құжаттар кітапханасындағы немесе тізімдегі бүкіл мазмұн жоспардағы келесі тексеріп шығу кезінде қайта индекстеледі.

Беттің жоғары бөлігі

Қосымша ақпарат:

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×