SharePoint Designer бағдарламасын пайдаланып деректер пішінін жасау

SharePoint Designer 2010 бағдарламасында пішіндерді пайдаланып бизнес-деректер көздеріне жақсы теңшелетін интерфейстерді жылдам жасауға болады. Пішіндер пайдаланушылардан деректер жинайтын кез келген SharePoint торабының маңызды бөлігі болып табылады. Алдымен торап беттерінің біріне деректер көрінісін қосасыз, одан кейін жеке өрістерді деректер көздерінен пішіндер ретінде кірістіріп, пішіндерді жасайсыз. Өз кезегінде пайдаланушылар шолғыштағы деректер көзіне деректерді кері жазу үшін пішіндерді пайдалана алады.

Пішіндерді бірнеше деректер көздері үшін жасауға болады, оның ішінде дерекқорға қосылымдар, XML құжаттары және SharePoint тізімдері мен кітапханалары кіреді.

Бұл мақалада пішіндер туралы толығырақ айтылып, оларды SharePoint Designer 2010 бағдарламасында жасаудың түрлі жолдары сипатталған.

Бұл мақалада:

Пішін деген не?

Таспаны пайдаланып пішінді кірістіру

«Деректер көзінің толық мәліметтері» аймағын пайдаланып пішінді кірістіру

Ұсынылған келесі қадамдар

Пішін деген не?

SharePoint Designer 2010 бағдарламасында пішіндер деректер көрінісі мүмкіндігіне негізделеді, сондықтан оларды жақсырақ түсіну үшін, деректер көрінісін түсіну керек. Деректер көрінісі — деректер көзінің теңшелмелі көрінісі. Деректер көрінісін ASPX бетіне көрініс ретінде де, пішін ретінде де кірістіруге болады. Көрініс ретінде кірістірілген деректер көрінісі деректер көрсетілімін пішімдеуге мүмкіндік береді, ал пішін ретінде кірістірілген деректер көрінісінде деректерді шолғыш арқылы өңдеуге болады және енгізілген өзгертулер кері жазылып, бастапқы деректер көзінде сақталады.

Пішіндер ретінде кірістірілген деректер көріністерін SharePoint тізімдері мен кітапханалары, дерекқорға қосылым және жергілікті XML құжаттары үшін жасауға болады. Дегенмен, олар SOAP және REST веб қызметтеріне қосылымдарды қолдамайды. Пішін өңдеу күйінде тұрады және бір уақытта бір немесе бірнеше жазбаларды көрсетеді. Пайдаланушылар жаңа жазбалар қосып, шолғыш арқылы бар жазбаларды өзгерте алғанымен, оларды жоя алмайды.

Деректер көрінісін кірістірген кезде SharePoint Designer 2010 бағдарламасы деректерді XML (Extensible Markup Language) пішінінде деректер көзінен алады және сол деректерді XSLT (Extensible Stylesheet Language Transformations) арқылы көрсетеді. Пішінді бетке кірістіргеннен кейін бағандарды қосу немесе жою, өрістерді сүзу, сұрыптау, топтау және тағы сол сияқты әрекеттерді орындау үшін SharePoint Designer 2010 бағдарламасында деректер көрінісін өңдеу құралдарын пайдалануға болады. Қаріп сипаттарын, кескіндерді, басқару элементтерін және пішіннің жалпы орналасуын өзгерту үшін WYSIWYG (толық сәйкестік) құралдарын пайдалануға болады.

Бұл құралдарды пайдаланған кезде, SharePoint Designer 2010 бағдарламасы қажетті XSLT түрлендіруін тікелей бетке кірістіреді, сонда XSL тілінің қалай жазылатынын білу керек болмайды. Ал қажет болса, бетті код көрінісінде ашып, XSL тілін тікелей теңшеуге болады.

Ескерту :  Пайдаланушыларға деректер көрінісінде жазбаларды қосу мен өзгертуге мүмкіндік берудің басқа жолы — деректер көрінісінде кірістірілген өңдеуді қосу. Тізімдер мен деректер көріністерін теңшеу туралы қосымша ақпаратты Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Таспаны пайдаланып пішінді кірістіру

SharePoint Designer 2010 таспасындағы «Деректер көріністері мен пішіндер» параметрін пайдаланып пішінді жылдам әрі оңай жасауға болады. Пішінді осылай жасағанда пішіннің үш түрінен таңдауға болады: жаңа элементтің пішіні, өңдеу элементінің пішіні, көрсету элементінің пішіні. SharePoint тізімдері мен кітапханалары, XML файлдары және деректерге қосылымдар сияқты бірнеше деректер көздері үшін пішіннің әр түрін жасауға болады.

Пішінді осы жолмен қосқанда, SharePoint Designer 2010 бағдарламасы бетке деректер пішіні веб-бөлігін қосады. Ол қосылғаннан кейін таспадағы деректер көрінісі өңдеу параметрлерінің және беттегі WYSIWYG құралдарының көмегімен пішінді теңшеуге болады.

SharePoint Designer 2010 бағдарламасында таспаны пайдаланып пішінді кірістіру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Бірінші қадам. Торапты SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашыңыз.

  2. Шарлау аумағында Торап беттері түймешігін басыңыз.

  3. Деректер пішіні қосылатын торап бетін таңдаңыз.
    Деректер пішініне арналған бет болмаса, не ASPX бетін, не веб-бөлік бетін жасау қажет болады.

  4. Бет қойындысындағы Өңдеу тобында Файлды өңдеу түймешігін басыңыз.

  5. Берілген div немесе пішін жолағының ішін нұқыңыз.
    Веб-бөлік бетінде div тегінің жолағы мынадай болады:
    SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашық тұрған торап
    ASPX бетінде пішін жолағы мынадай болады:
    SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашық тұрған торап

  6. Кірістіру қойындысындағы Деректер көріністері мен пішіндер тобынан үш пішін параметрін көресіз:
    SPD бағдарламасындағы пішіндер

  7. Төменде сипатталған пішін түрінің бірін таңдаңыз:

  8. Жаңа элементтің пішіні жалғыз жазба үшін бос өрістерді көрсетеді. Өріс атауы бар жеке жолдағы әр өріс тақырып болып табылады. Жаңа элементтің пішінін пайдаланып деректерді деректер көзіне бір жазбадан қосуға болады. Жаңа жазбалар жасау үшін пайдаланушыларға қажет барлық өрістерді қосу керек.

  9. Өңдеу элементінің пішіні пішін ретінде жалғыз жазбаны көрсетеді. Әр өрістің жеке жолы бар, сол жолдың тақырыбы ретінде өріс атауы болады. Өңдеу элементінің пішінін пайдаланып бір жазбаны өңдеуге болады. Пішінде келесі немесе алдыңғы жазбаны көру үшін пайдалануға болатын шарлау сілтемелері қамтылған.

  10. Көрсету элементінің пішіні жазбаны өңдеуге болмайтын көрініс ретінде көрсетеді, оны жазба сипаттарын қарау үшін пайдаланады.

    Ескерту :  Бірден бірнеше элементті көрсететін пішінді қосу үшін, «Деректер көзінің толық мәліметтері» тапсырмалар аймағын пайдаланып пішіндерді жасайтын келесі қадамдар жиынын қараңыз.

  11. Пайдалану қажет деректер көзін таңдаңыз.

    Ескерту :  Мәзірдегі параметрлердің бірі — Теңшелетін тізімнің пішінін жасау. Бұл тек SharePoint тізімдері мен кітапханаларына қолданылады. Тізім пішіндері туралы «Келесіні де көріңіз» бөлімінен қараңыз.

  12. Қосымша деректер көздерін көру үшін, Қосымша деректер көздері параметрін таңдап, Деректер көздерін таңдау тілқатысу терезесінен деректер көзін таңдаңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

  13. Деректер көзіндегі өрістерді көрсетіп, пішін бетке қосылады.

Беттің жоғарғы жағы

«Деректер көзінің толық мәліметтері» аймағын пайдаланып пішінді кірістіру

Пішінді жасаудың басқа жолы — бос деректер көрінісін кірістіру, жасалатын көзді таңдау және жеке өрістерді қосу үшін «Деректер көздерінің толық мәліметтері» аймағын пайдалану. Бұл параметр басында пішінге қосылатын өрістерді, одан кейін пайдаланылатын пішін түрін таңдауға мүмкіндік береді. Үш түрінен таңдау жасайсыз: жалғыз элементтің пішіні, бірнеше элементтің пішіні немесе жаңа элементтің пішіні.

Пішінді осы жолмен қосқанда SharePoint Designer 2010 бағдарламасы бетке деректер пішіні веб-бөлігін қосады. Ол қосылғаннан кейін таспадағы деректер көрінісі өңдеу параметрлерінің және беттегі WYSIWYG құралдарының көмегімен пішінді теңшеуге болады.

SharePoint Designer 2010 бағдарламасында «Деректер көзінің толық мәліметтері» аймағын пайдаланып пішінді кірістіру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Торапты SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашыңыз.

  2. Шарлау аумағында Торап беттері түймешігін басыңыз.

  3. Деректер пішінін қосатын торап бетін таңдаңыз.
    Деректер пішініне арналған бет болмаса, не ASPX бетін, не веб-бөлік бетін жасау қажет болады. («Келесіні де көріңіз» бөліміндегі «SharePoint беттерін жасау» мақаласын қараңыз.)

  4. Бет қойындысындағы Өңдеу тобынан Файлды өңдеу түймешігін басыңыз.

  5. Берілген div немесе пішін жолағының ішінен нұқыңыз.
    Веб-бөлік бетінде div тегінің жолағы мынадай болады:
    SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашық тұрған торап
    ASPX бетінде пішін жолағы мынадай болады:
    SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашық тұрған торап

  6. Кірістіру қойындысындағы Деректер көріністері мен пішіндер тобынан Деректер көрінісі түймешігін басып, Бос деректер көрінісі параметрін таңдаңыз.

  7. Пайда болған «Бос деректер көрінісі» толтырғышында Деректер көзін таңдау үшін нұқыңыз жолын нұқыңыз.
    SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашық тұрған торап

  8. Деректер көздерін таңдау тілқатысу терезесінен деректер көзін таңдаңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

  9. Деректер көзінің толық мәліметтері тапсырмалар аймағы шығады.
    SharePoint Designer 2010 бағдарламасында ашық тұрған торап

  10. Тапсырмалар аймағында деректер пішінінде көрсету қажет өрістерді таңдаңыз. Бірнеше өрістерді таңдау үшін, оларды нұқығанда CTRL пернесін басып тұрыңыз.

    Ескерту :  Пайдаланып отырған деректер көзінің түріне байланыста кейбір өрістер өңделмеуі мүмкін. Мысалы, SharePoint тізімі немесе кітапханасында «Жасаған адам», «Өзгерткен адам» және басқа да жүйе өрістерін өңдеу мүмкін емес.

  11. Таңдалған өрістерді мынадай пішінде кірістіру жолағын басып, төмендегі параметрлердің біреуін таңдаңыз:

    • Жалғыз элементтің пішіні пішін ретінде жалғыз жазбаны көрсетеді. Әр өрістің жеке жолы бар, сол жолдың тақырыбы ретінде өріс атауы болады. Жалғыз элементтің пішінін пайдаланып бірден бір жазбаны өңдеуге болады. Пішінде келесі немесе алдыңғы жазбаны көру үшін пайдалануға болатын шарлау сілтемелері қамтылған.

    • Бірнеше элементтің пішіні бір беттегі пішіндер ретінде бірнеше жазбаны көрсетеді. Әр өрістің жеке бағаны бар, сол бағанның тақырыбы ретінде өріс атауы болады. Бірнеше элементтің пішінін пайдаланып бір уақытта бірнеше жазбалар үшін деректерді жылдам өңдеп, өзгерістерді сақтауға болады.

    • Жаңа элементтің пішіні жалғыз жазба үшін бос өрістерді көрсетеді. Өріс атауы бар жеке жолдағы әр өріс тақырып болып табылады. Жаңа элементтің пішінін пайдаланып деректерді деректер көзіне бірден бір жазбадан қосуға болады. Жаңа жазбалар жасау үшін пайдаланушыларға қажет барлық өрістерді қосу керек.

  12. Деректер пішіні торап бетіне қосылады.

Беттің жоғарғы жағы

Ұсынылған келесі қадамдар

Деректер көрінісін жасағаннан кейін SharePoint Designer 2010 бағдарламасында деректер көрінісі құралдары мен WYSIWYG пішімдеу құралдарын пайдаланып оны теңшеуді бастауға болады. Бағандарды қосуға және жоюға, деректерді сүзуге, өрістерді сұрыптауға және топтауға, шартты пішімдеуді қолдануға және тағы басқа әрекеттерді орындауға болады. Тізімдер мен деректер көріністерін теңшеу туралы қосымша ақпаратты «Келесіні де көріңіз» бөлімінен қараңыз.

Маңызды :  Пішіндермен жұмыс істегенде, әсіресе, нақты өрістер үшін қандай деректерді енгізу қажеттігін түсіндіре отырып, баған тақырыптарындағы сипаттамалық мәтінді қосу арқылы пішінді теңшеу қажет болуы мүмкін. Мысалы, деректер көзі ретінде SQL дерекқорымен жұмыс істеп отырсаңыз, нақты өріс үшін сандық мән қажет болуы мүмкін. Оның орнына пайдаланушылар мәтіндік мәнді енгізсе, пішінді сақтамақшы болғанда қате туралы хабар алады. Сондықтан деректерді енгізуге арналған белгілі бір талаптары бар кез келген өрістің жанына сипаттамалық мәтінді қосу қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×