SharePoint топ сайты дегеніміз не?

SharePoint топ сайты дегеніміз не?

SharePoint топ сайты сізді және тобыңызды күнделікті пайдаланылатын контентке, ақпаратқа және бағдарламаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, топ сайтын файлдарды сақтау және олар бойынша бірлесіп жұмыс істеу немесе мәліметтер тізбесін жасау және басқару үшін пайдалануға болады. Топ сайтының басты бетінде маңызды топ файлдарына, бағдарламаларына және веб-беттеріне сілтемелерді, ал белсенділік веб-арнасында сайтқа жасалған соңғы әрекеттерді көре аласыз.

Топ жаңалықтары бар SharePoint топ сайты

Топ сайтына SharePoint басты беті, Office 365 тобының Файлдар бөлімі немесе жол үстінде болғанда SharePoint мобильді бағдарламасы арқылы кіре аласыз. Сондай-ақ SharePoint файлдарын OneDrive бағдарламасынан іздей аласыз.

SharePoint топ сайтының мобильді көрінісі

Ескерту : Алғашқы шығарылым бағдарламасына қатысуға келіскен ұйымдарға кейбір функциялар біртіндеп ендіріледі. Сондықтан бұл мүмкіндікті көрмеуіңіз мүмкін немесе ол анықтама бөлімдерінде сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін.

Сайтқа шолу жасайық

Сайт тақырыбы   

Топ сайтының жоғарғы жағында сайт логотипі, сайт атауы және сайттың жеке (тек бекітілген қатысушылар көре алады) немесе жалпыға қолжетімді (ұйымдағы әрбір адам көре алады) екені туралы ақпарат көрсетіледі.

Топ сайтының тақырыбы

Егер сайтты өңдеуге рұқсатыңыз болса, ол жерде сондай-ақ сайтқа жаңа тізім, құжаттар кітапханасы, бет немесе веб-бағдарламаны қосуға арналған сілтеме болады.

Топ сайтына жаңа элемент қосу

Сол жақ навигация панелі   

Сайттың сол жағындағы навигация панелінің жоғарғы бөлігінде топ сайтындағы файлдарды іздеуге мүмкіндік беретін іздеу өрісі көрсетіледі. Онда мәтінді тере бастаған кезде, сіз соңғы рет жұмыс істеген немесе қараған файлдар негізінде ұсыныстар көрсетіледі. Іздеу нәтижелерінің толық тізімін барлық SharePoint сайттарындағы нәтижелерді қамтитындай етіп реттеуге немесе тек белгілі бір файл түрлерін ғана көрсететіндей етіп нақтылауға болатын бөлек беттен қарау үшін, Enter пернесін басыңыз.

Топ сайтының «Іздеу нәтижелері» беті

Іздеу өрісінің астында топтың әдепкі құжаттар кітапханасы, топтың OneNote жазу кітапшасы, сайт беттері, сайт контенттері және сайттың себетіне сілтемелер көрсетіледі. Егер сайтты өңдеуге рұқсатыңыз болса, қажетінше қосымша сілтемелерді қосуыңызға немесе сілтемелер ретін өзгертуіңізге болады.

Топ сайтының сол жақ навигация панелі

Басты бет   

Топ сайтының басты бетінде Жаңалықтар бөлімі болады. Ол жерде тобыңыз үшін маңызды әрі қызықты элементтер туралы жазбаларды жасай және көрсете аласыз. +Қосу түймешігін басып, оқиға жасаңыз да, оны топ сайтының басты бетінде көрсету үшін, Жариялау түймешігін басыңыз. Бүкіл мақаланы көру үшін, жай ғана оның тақырыбын басыңыз.

Ескі жаңалық оқиғаларын Жаңалықтар бөлімінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Барлығын көру түймешігін басу арқылы таба аласыз. Бұл жерде топ жариялаған барлық жаңалық мақалаларын шолып шыға аласыз. Топ жаңалықтары туралы қосымша ақпарат алу үшін, Топты топ сайтындағы жаңалықтардан хабардар етіп отыру бөлімін қараңыз.

Топ сайтының «Жаңалықтар тақырыптары» веб-бөлігі

Егер басты бетте Жаңалықтар бөлімі болмаса, Жылдам сілтемелер бөлімін көресіз. Ол жерде беттің жоғарғы бөлігіне файлдарға немесе веб-беттерге сілтеме қоса аласыз. Жай ғана +Қосу түймешігін басыңыз да, URL мекенжайын енгізіңіз немесе соңғы файлдар немесе веб-беттер тізімінен элементті таңдаңыз.

SharePoint топ сайтының жылдам сілтемелері

Сондай-ақ басты бет басқа пайдаланушылардың сайтыңыздағы файлды, бетті немесе тізімді қосу немесе өңдеу әрекетіне шолып шығуға мүмкіндік беретін белсенділік веб-арнасын қамтиды.

Басты бетті өңдеу   

Егер сізде сайтты өңдеу немесе иеленуші рұқсаттары болса, басты бетті оның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Өңдеу түймешігін басып, өзгертулерді енгізу және содан кейін өзгертулерді сақтап, өңдеу режимінен шығу үшін, Сақтау және жабу опциясын таңдау арқылы өңдеуге болады. Өзгертулерді пайдаланушыларға көрсетуге дайын болсаңыз, Жариялау түймешігін басыңыз. Топ сайының басты бетін өңдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Беттердегі веб-бөліктерді пайдалану бөлімін қараңыз.

Office 365 топтары қызметімен біріктіру

Office 365 топтары — Outlook бағдарламасындағы сөйлесулер мен күнтізбені, SharePoint бағдарламасындағы мәліметтер мен файлдарды, Жоспарлаушы бағдарламасындағы тапсырмаларды және ортақ OneNote жазу кітапшаларын тобыңыздың бірлесіп жұмыс істеуіне арналған бырңғай кеңістікте біріктіретін ыңғайлы әрі тиімді платформа. Барлық жаңа және бұрыннан бар Office 365 топтары үшін топ сайты беріледі.

SharePoint Online бағдарламасында топ сайтын жасаған кезде, Office 365 тобы автоматты түрде жасалады және топ сайтына қосылған барлық пайдаланушылар Office 365 тобына автоматты түрде қосылады. Сондай-ақ Office 365 тобын жасаған кезде, SharePoint топ сайты автоматты түрде жасалады жәнеOffice 365 тобына қосылған барлық пайдаланушылар топ сайтына да қосылады. Office 365 тобының барлық қатысушылары топ сайтына қатынаса алады және топ сайтының барлық қатысушылары Office 365 тобына қатынаса алады. Қатысушылар қосымша құжат кітапханаларын, тізімдерді және веб-бағдарламаларды қажетінше қоса алады. Тарату тізімін немесе SharePoint тобын жасаудың қажеті жоқ.

Құжаттар кітапханасындағы файлдарға тікелей топ сайтынан қатынасу мүмкіндігімен қоса, оларға Office 365 тобының жоғарғы навигация жолағындағы Файлдар опциясын басу арқылы қол жеткізе аласыз. Топ сайтын Office 365 тобымен байланыстыру үшін, жай ғана Сайт түймешігін басыңыз.

Office 365 тобының тақырыбы

Топ сайтынан Office 365 тобына оралу үшін, жай ғана сайт тақырыбын басып, топ картасын ашыңыз да, картаның төменгі жағындағы сілтемелердің бірін басыңыз.

Топ сайтының топтық картасы

Office 365 топтары туралы қосымша ақпарат алу үшін, Office 365 топтары туралы мәлімет бөлімін қараңыз.

Office 365 тобының көмегімен топ сайтын жасауға дайынсыз ба?

Office 365 тобының көмегімен топ сайтын жасау қадамдарын SharePoint Online бағдарламасында топ сайтын жасау бөлімінен қараңыз.

Топ сайтының көмегімен Office 365 тобын жасау қадамдарын Outlook бағдарламасында топ жасау бөлімінен қараңыз.

Ескерту : Қай кезде Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасын, ал қай кезде SharePoint топ сайтын пайдаланған жөн екендігі туралы сұрақ мазалай ма? Ол туралы ақпарат алу үшін, Құжаттарымды Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасына сақтауым керек пе әлде топ сайтына сақтаған дұрыс па? бөлімін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×