SharePoint себетінен жойылған нысанды қалпына келтіру

SharePoint себетінен жойылған нысанды қалпына келтіру

SharePoint торабында көптеген нысандарды жойғанда, олар екі себеттің біреуіне жылжытылады: бір себет торап немесе жұмыс кеңістігі үшін, ал екіншісі толық тораптар жиыны үшін. Себеттер жойылған нысандарды қалпына келтіруге болатын қауіпсіздік желісімен қамтамасыз етеді.

Бұл мақалада SharePoint нысандарын себеттерден қалпына келтіру жолы түсіндіріледі. (Нысандарды себеттерден түбегейлі жою туралы мәліметтер алу үшін, SharePoint себетінен нысанды жою мақаласын қараңыз.)

Маңызды :  Тораптарды, жұмыс кеңістіктерін және тораптар жиындарын тікелей (сақтық көшірмеден қалына келтірудің орнына) қалпына келтіру үшін, 1-жаңарту бумасы бар Microsoft SharePoint Server 2010 бағдарламасында жұмыс істейтін тораптар жиынының әкімшісі болуыңыз керек . (Бұл талап нысандарды тораптың немесе жұмыс кеңістігінің — тізімдердің, кітапханалардың, қалталардың, құжаттар жиынының және олардың ішінде сақталған басқа элементтердің ішінен қалпына келтіруге қолданылмайды.)

«Нысан» сөзі нені білдіреді.     Бұл мақалада нысан сөзін SharePoint торабындағы барлық нәрсе үшін жалпы термин ретінде пайдаланамыз — файл немесе тізім элементі, қалта немесе құжаттар жиыны, тізім немесе кітапхана, торап, тораптар жиыны, т.б. Нысандардың көптеген түрлері басқа нысандарды қамтуы мүмкін. (Торап тізімдер мен кітапханаларды қамтуы мүмкін, мысалы, кітапхана құрамында қалталар, файлдар мен құжаттар жиындары болуы мүмкін.) Нысанның «контейнері» туралы айтқанымызда, оны қамтитын нысанды ғана білдіреміз — оның өзі басқа нысан ішінде болуы мүмкін.

Элементті, тізімді, торапты немесе тораптар жиынын қалпына келтіру

1. Файлды, элементті, қалтаны немесе құжаттар жиынын қалпына келтіру.

Тізімді немесе кітапхананы қалпына келтіру.

Торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру.

Толық тораптар жиынын қалпына келтіру.

Маңызды : 

  • Толық тораптар жиындарын қалпына келтіру.    Толық тораптар жиынын жойғанда, ол екі себеттің біреуіне жылжытылады, бірақ 1-жаңарту бумасы бар SharePoint Server 2010 бағдарламасы болса , оны әлі де тікелей қалпына келтіру мүмкін болады. Тораптар жиыны әкімшісінің Windows PowerShell көмегімен толық тораптар жиынын қалпына келтіру жолы туралы мәліметтер алу үшін, «Жойылған тораптар жиынын қалпына келтіру» атты TechNet мақаласын қараңыз.

  • Егер себетті көрмесеңіз,     себет ажыратылған болуы мүмкін. Ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

  • SharePoint, Windows жүйесі емес.     Бұл мақала Windows жүйесіндегі себеттен басқаша болатын SharePoint торабындағы себеттерге қатысты. Windows жүйесіндегі себет туралы ақпаратты Windows анықтамасынан іздеңіз.

Не істегіңіз келеді?

Екі SharePoint себеті туралы мәліметтер

Жойылған нысандар қайда кетеді

Жеке торап немесе жұмыс кеңістігі үшін себет

Тораптар жиынының себеті

Торап немесе жұмыс кеңістігі ішінен бірнәрсені қалына келтіру

Өзіңіз жойған нысанды қалпына келтіру

Кез келген жойылған нысанды қалпына келтіру

Толық торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру

Торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтірместен бұрын

Торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру

Толық тораптар жиынын қалпына келтіру

Екі SharePoint себеті туралы мәліметтер

Бұл бөлімде екі түрлі SharePoint себеттерінің жұмыс істеу жолына шолу жасалады.

Жойылған нысандар қайда кетеді

SharePoint торабында нысандарды жойғанда, олардың әр түрі түрлі орындарға кетеді:

Тораптың немесе жұмыс кеңістігінің ішінен жойылған нысандар.    
Тізімді, кітапхананы, қалтаны, құжаттар жиынын, файлды, файл нұсқасын немесе тізім элементін торап немесе жұмыс кеңістігі ішінен жойғанда:

  • Жойылған нысан сол тораптың немесе жұмыс кеңістігінің себетіне жылжытылады (сондай-ақ, бірінші кезең себеті немесе соңғы пайдаланушы себеті деп те аталады), онда ол белгіленген күндер бойы немесе оны қолмен жойғанша сақталады. Одан кейін, нысан тораптар жиынының себетіне (сондай-ақ, екінші кезең себеті немесе Тораптар жиынын басқару себеті деп те аталады) жылжытылады.

  • Тораптар жиынының себетінде жойылған нысан қайтадан белгіленген күндер бойы немесе оны қолмен жойғанша сақталады. Бұл жолы, дегенмен, нысан түбегейлі жойылады.
    (Әдепкі бойынша, себеттердің әрқайсысы жойылған элементтерді 30 күн бойы сақтайды; бірақ бұл параметрді орталықтан басқару бетінде өзгертуге болады. Егер сұрақтарыңыз болса, ферма немесе сервер әкімшісімен сөйлесіңіз.)

Жойылған тораптар және жұмыс кеңістіктері.    
Толық торапты немесе жұмыс кеңістігін жойғанда, ол тікелей тораптар жиынының себетіне жылжытылады. (Жеке торап немесе жұмыс кеңістігі үшін себет ол нүктеде бұдан әрі қол жетімді емес, себебі ол да жойылған.)

Маңызды :  Бұл тек 1-жаңарту бумасы бар Microsoft SharePoint Server 2010 бағдарламасында ғана шын болып табылады 1. SharePoint торабының бұрынғы нұсқаларында жойылған торап немесе жұмыс кеңістігі себеттердің ешқайсысына жылжытылмайды.

Жойылған тораптар жиындары.    
Толық тораптар жиынын жойғанда, ол түгелімен басқа орынға жылжытылады — себебі тораптар жиынының себеті тораптар жиынымен бірге жойылады.

Жеке торап немесе жұмыс кеңістігі үшін себет

Қатысушылар, иелер және тораптар жиынының әкімшілері жеке тораптың немесе жұмыс кеңістігінің себетіне кіріп, одан нысандарды қалпына келтіре немесе жоя алады. SharePoint әдепкі параметрлері астында:

  • Қатысушы немесе ие тораптан немесе жұмыс кеңістігінен өзі жойған нысандарды ғана қарап шыға, қалпына келтіре және жоя алады.

  • Тораптар жиынының әкімшілері өздерінің жеке рұқсаттарын пайдаланып, барлық нысандарды қарап шыға, қалпына келтіре және жоя алады.

Тораптар жиынының себеті

SharePoint әдепкі параметрлері астында тек тораптар жиынының әкімшілерінде ғана тораптар жиынының себетіне рұқсат бар, сондықтан тек олар ғана себеттегі нысандарды қарап шыға, қалпына келтіре және жоя алады.

Төменде екі себеттің негізгі ағынының сызбалық нұсқасын, сондай-ақ, жою және қалпына келтіру кезінде кімнің қандай әрекетті орындай алатындығы туралы кестені табасыз. Екеуі де SharePoint торабындағы әдепкі параметрлерге негізделген.

Торап пен себеттер арасындағы нысандар ағыны

Беттің жоғарғы жағы

Торап немесе жұмыс кеңістігі ішінен бірнәрсені қалына келтіру

Бұл бөлім нысандарды тораптың немесе жұмыс кеңістігінің ішінен қалпына келтіруді қамтиды. Егер толық торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру керек болса, осы мақаланың Толық торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру бөліміне өтіңіз. Тораптар жиыны әкімшісінің Windows PowerShell көмегімен толық тораптар жиынын қалпына келтіру жолы туралы мәліметтер алу үшін, «Жойылған тораптар жиынын қалпына келтіру» атты TechNet мақаласын қараңыз.

Алдымен, қалпына келтіру туралы бірнеше негіздер:

  • Қорғалатын нысандар мазмұндарының барлығы солармен бірге қайта қалпына келтіріледі.     Қандай да бір қорғалатын нысанды қалпына келтіргеніңізде (кіру рұқсаты басқарылатын кез келген нысан), ол жойылғанда құрамында болған нысандарының барлығымен қалпына келтіріледі.
    Мысалы    Егер тізімді, кітапхананы, қалтаны немесе құжаттар жиынын қалпына келтірсеңіз, қалпына келтірілген нұсқа ол жойылғанда құрамында болған құжаттардың барлығын қамтиды. Егер көптеген нұсқасы бар файлды немесе басқа элементті қалпына келтірсеңіз, қалпына келтірілген файл немесе элемент ол жойылғанда құрамында болған нұсқалардың барлығын қамтиды.

  • Көптеген нысандардың салынған нысандары болмаған жағдайда, оларды қалпына келтіру мүмкін емес.     Егер нысанды жойып, одан кейін оны қамтыған нысанды жойсаңыз, нысанды қалпына келтірместен бұрын салынған нысанды қалпына келтіруіңіз керек.
    Мысалы    Егер файлды жойып, одан кейін оны қамтыған кітапхананы жойсаңыз, файлды қалпына келтірместен бұрын, кітапхананы қалпына келтіруіңіз керек. Егер файлдың бұрынғы нұсқасын жойып, одан кейін файлдың ағымдағы нұсқасын жойсаңыз, бұрынғы нұсқаны қалпына келтірместен бұрын, файлдың өзін қалпына келтіруіңіз керек.

  • Қиыс жағдай: қалтаны қалпына келтірместен қалтадан жойылған нысанды қалпына келтіруге болады.    Қалта өзінің бұрынғы орнында автоматты түрде қайта жасалады, бірақ онда бұл жолы тек қалпына келтірілген нысан болады. (Салыстырмалы түрде, қалтаны себеттен қолмен қалпына келтіруге де болады, бұл жағдайда ол жойылған кезде құрамында болған мазмұнның барлығымен қалпына келтіріледі.)

Өзіңіз жойған нысанды қалпына келтіру

Қатысушылардың, иелердің және тораптар жиыны әкімшілерінің барлығы осы іс рәсімін орындай алады.

Өзіңіз жойған тізімді, кітапхананы, қалтаны, құжаттар жиынын, файлды, файл нұсқасын немесе тізім элементін қалпына келтіру үшін:

  1. Жылдам іске қосу тақтасындағы Себет түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Егер себетті көрмесеңіз, ол ажыратылған болуы мүмкін. Ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

  2. Қалпына келтірілетін нысанды табыңыз.

    Ескерту :  Егер нысан жоқ болса, ол торап немесе жұмыс кеңістігі себетінен тораптар жиынының себетіне бұрын қолмен немесе автоматты түрде жылжытылып қойған болуы мүмкін. Тораптар жиынының себетінен нысандарды қалпына келтіру бойынша нұсқауларды келесі ішкі бөлімнен (Кез келген жойылған нысанды қалпына келтіру мақаласынан) қараңыз.

  3. Қалпына келтірілетін нысан жанына құсбелгіні қойып, Таңдауды қалпына келтіру түймешігін басыңыз.

Кез келген жойылған нысанды қалпына келтіру

Бұл іс-рәсімін тек тораптар жиынының әкімшілері ғана орындай алады.

Себеттен кез келген жойылған нысанды қалпына келтіру үшін:

  1. Жылдам іске қосу тақтасындағы Себет түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Егер себетті көрмесеңіз, ол ажыратылған болуы мүмкін. Ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

  2. Торап немесе жұмыс кеңістігі атауы себеті бетінде жойылған нысандар тізімінің үстінде Тораптар жиынының себеті сілтемесін нұқыңыз.
    Тораптар жиынының себетіне сілтеме

  3. Тораптар жиынын басқару себеті бетіндегі Көріністі таңдау астынан Соңғы пайдаланушы себетінің элементтері құсбелгісінің қойылғандығын тексеріңіз.
    Соңғы пайдаланушы себетінің элементтері таңдалды

  4. Қалпына келтірілетін нысанды табыңыз.

    Ескерту :  Егер нысанды көрмесеңіз, ол торап немесе жұмыс кеңістігі себетінен тораптар жиынының себетіне бұрын қолмен немесе автоматты түрде жылжытылып қойған болуы мүмкін. Тораптар жиынының себетін қарап шығу үшін, орнына Соңғы пайдаланушы себетінен жойылған көрінісін таңдаңыз. (Егер әлі де нысанды көрмесеңіз, ол қолмен немесе автоматты түрде түбегейлі жойылып қойған болуы мүмкін. Автоматты түрде жою параметрлері туралы сұрақтарыңыз болса, ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.)

  5. Қалпына келтірілетін нысан жанына құсбелгіні қойып, Таңдауды қалпына келтіру түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Толық торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру

SharePoint торабының алдыңғы нұсқаларында жойылған торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтірудің жалғыз жолы оны сақтық көшірмеден қалпына келтіру болған.

Бірақ 1-жаңарту бумасы бар SharePoint Server 2010 бағдарламасында  жойылған тораптар мен жұмыс кеңістіктері тораптар жиынының себетінде сақталады. Ол жерден тораптар жиынының әкімшісі толық жойылған торапты немесе жұмыс кеңістігін тікелей оның тораптар жиынына қалпына келтіре алады.

Торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтірместен бұрын

Қалпына келтірместен бұрын, келесіден хабардар болыңыз:

  • Торап немесе жұмыс кеңістігі себетте кезде қосылған қандай да бір мазмұн түрлері сол торапқа немесе жұмыс кеңістігіне қосылмайды. Нәтижесінде, өріс анықтамалары жаңартылмаған болуы мүмкін.

  • Мазмұнды қолдану себеттегі жойылған торапқа немесе жұмыс кеңістігіне әсер етпейді. Бұл мәселені шешу үшін, торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіргеннен кейін, ол үшін ауқымды қолдануды іске қосыңыз.

  • Microsoft жылдам түзету инженері (QFE) жаңартуларын қоса, жаңарту бумалары орнатылғанда, жаңарту бумалары себеттегі торапқа немесе жұмыс кеңістігіне қолданылмайды. Бұл мәселені шешу үшін, сол тораптар жиынын қамтитын мазмұн дерекқорындағы Upgrade-SPContentDatabase cmdlet пәрменін пайдалану арқылы тораптар жиынын қолмен жаңартыңыз.

Тораптар жиынының себеті туралы қосымша ақпарат алу үшін, мына екі TechNet мақаласын қараңыз: Себет параметрлерін теңшеу (SharePoint Server 2010) немесе Себет параметрлерін теңшеу (SharePoint Foundation). Егер әлі де сұрақтарыңыз болса, ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

Торапты немесе жұмыс кеңістігін қалпына келтіру

Маңызды :  Тек тораптар жиынының әкімшілері ғана бұл іс рәсімін орындай алады және іс рәсімі үшін 1-жаңарту бумасы бар SharePoint Server 2010 бағдарламасы қажет . (Тораптар жиыны әкімшісінің Windows PowerShell көмегімен толық тораптар жиынын қалпына келтіру жолы туралы мәліметтер алу үшін, «Жойылған тораптар жиынын қалпына келтіру» атты TechNet мақаласын қараңыз.)

Жойылған торапты немесе жұмыс кеңістігін тікелей тораптар жиынының себетінен қалпына келтіру үшін:

  1. Жылдам іске қосу тақтасындағы Себет түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Егер себетті көрмесеңіз, ол ажыратылған болуы мүмкін. Ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

  2. Торап атауы себеті бетінде жойылған нысандар тізімінің үстінде Тораптар жиынының себеті сілтемесін нұқыңыз.
    Тораптар жиынының себетіне сілтеме

  3. Тораптар жиынын басқару себеті бетіндегі Көріністі таңдау астында Соңғы пайдаланушы себетінен жойылған құсбелгісінің қойылғандығын тексеріңіз.
    Соңғы пайдаланушы себетінен жойылған құсбелгісі қойылған

  4. Қалпына келтірілетін торапты немесе жұмыс кеңістігін табыңыз.

    Ескерту :  Қажетті торапты немесе жұмыс кеңістігін көрмесеңіз, ол не қолмен, не автоматты түрде түбегейлі жойылған болуы мүмкін. Автоматты түрде жою параметрлері туралы сұрақтарыңыз болса, ферма немесе сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

  5. Қалпына келтірілетін тораптың немесе жұмыс кеңістігінің жанына құсбелгіні қойып, Таңдауды қалпына келтіру түймешігін басыңыз.

Толық тораптар жиынын қалпына келтіру

Windows PowerShell және  1-жаңарту бумасы бар Microsoft SharePoint Server 2010 бағдарламасын пайдаланып, тораптар жиынының әкімшісі де толық жойылған тораптар жиынын қалпына келтіре алады. Мәліметтер алу үшін, «Жойылған тораптар жиынын қалпына келтіру» атты TechNet мақаласын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×