SharePoint дүкенінің параметрлерін реттеу

SharePoint дүкені – Office, SharePoint, Exchange, Access және Project бағдарламасына арналған бағдарламаларды ұсынатын интернет негізіндегі қызмет. Сайт пайдаланушылары үшінші тарапты бағдарламаларын шолып және сатып алу үшін SharePoint дүкеніне SharePoint Online сайтынан тікелей кіре алады. Егер SharePoint Online ортасы пайдаланушыларға SharePoint дүкенінен бағдарламаларды алуға тыйым салу үшін реттелген болса, пайдаланушылар бағдарламаларды шолып және сұрау жасай алады. Бұл сұраулар «Бағдарлама каталогы» бөліміндегі «Бағдарлама сұраулары» тізіміне қосылады.

SharePoint дүкені туралы қосымша ақпарат алу үшін Office дүкенінің және SharePoint дүкенінің пайдалану талаптары бөлімін қараңыз.

Бағдарламаларды сатып алу әдістері туралы қосымша ақпарат алу үшін Бағдарламаны SharePoint дүкенінен сатып алу бөлімін қараңыз.

Пайдаланушылар бағдарламаларды SharePoint дүкенінен алу мүмкіндіктерін көрсетіңіз

Әдепкі бойынша SharePoint Online қызметі пайдаланушылар SharePoint дүкенінен бағдарламаларды алып немесе сұрау жасау үшін реттелген. Егер «Бағдарлама каталогы» сайтын әлі жасамаған болсаңыз, бұл параметрді өзгертетін опция қосылмайды. «Бағдарлама каталогы» сайтын жасау әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін Реттелмелі бизнес бағдарламаларын SharePoint Online ортасына қол жетімді қылу үшін Бағдарлама каталогын пайдалану бөлімін қараңыз.

Пайдаланушыларға бағдарламаларды SharePoint дүкенінен сатып алуға рұқсат бермесеңіз де, олар SharePoint дүкенін шолып және бағдарламаларды сұрау жасай алады.

  1. Office 365 әкімшісі орталығына SharePoint Online әкімшісінің атауы мен құпия сөзі арықылы кіріңіз.

  2. Әкімші > SharePoint тармағына өтіңіз.

  3. Сол жақтағы Бағдарламалар тармағын басып, Дүкен параметрлерін реттеу түймешігін басыңыз.

  4. Бағдарлама сатып алулары бөлімінің қасындағы әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер пайдаланушыларда SharePoint дүкенінен тегін, сынақ нұсқасы немесе төленген үшінші тарапты бағдарламаларын алатын мүмкіндіктері болуын қаласаңыз, Иә параметрін таңдаңыз.

    • Егер пайдаланушыларда үшінші тарапты бағдарламаларды алатын мүмкіндіктері болуын қаламасаңыз, Жоқ параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бағдарлама сұрауларын көру немесе басқару

Пайдаланушылар бағдарламаны сұраған кезде әкімші олардың атынан бағдарламаны сатып алуын сұрайды. Бағдарлама сұрауында пайдаланушылар белгілі бір мөлшердегі лицензияларды сұрай алады және оларға бағдарлама не үшін қажет туралы бизнес дәлелдерін ұсына алады. Бағдарлама сұраулары «Бағдарлама каталогы» бөліміндегі «Бағдарлама сұраулары» тізіміне сақталады.

  1. Office 365 әкімшісі орталығына SharePoint Online әкімшісінің атауы мен құпия сөзі арқылы кіріңіз.

  2. Әкімші > SharePoint тармағына өтіңіз.

  3. Сол жақтағы Бағдарламалар тармағын басып, Дүкен параметрлерін реттеу түймешігін басыңыз.

  4. Бағдарлама сұраулары бөлімінің қасындағы Бағдарлама сұрауларын көру үшін мына жерді басыңыз сілтемесін басыңыз.

  5. Бағдарлама сұраулары тізімінде сұрауды таңдап, «Өңдеу» түймешігін басыңыз.

  6. Статус ашылмалы тізімінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Сұрауды бекіту үшін Бекітілді параметрін таңдаңыз. Егер бағдарлама сұрауын бекітіп және бағдарламаны дереу сатып алғыңыз келсе, Бағдарлама мәліметтерін көру бөлімінің қасындағы сілтемені басыңыз. SharePoint дүкеніндегі бағдарлама мәліметтерінің беті браузеріңіздегі кез келген қойындыда ашылады және бағдарламаны сатып алу үшін қадамдарды орындауға болады. Бағдарламаларды сатып алу туралы қосымша ақпарат алу үшін Бағдарламаны SharePoint дүкенінен сатып алу бөлімін қараңыз.

    • Сұрауды қабылдамау үшін Қабылданбады параметрін таңдаңыз.

  7. Бағдарлама сұрауының пішімінен Бекітетін түсініктемелер өрісіне кез келген түсініктемелерді қосыңыз, содан соң Сақтау түймешігін басыңыз.

Бағдарламаларды сұраған сайт пайдаланушылары Параметрлер > Бағдарламаны қосу > Сұрауларыңыз бөліміне өту арқылы өздерінің сұрауларын көре алады.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттарда бастау үшін Office жиынтығына арналған бағдарламаларға рұқсат беруді көрсету

Сайттарда сақталған құжаттарда бірнеше көздерден Office жиынтығына арналған бағдарламалар болуы мүмкін. Құжаттар браузерде ашық болғанда бұл бағдарламалар жұмыс істеуіне рұқсат беруді көрсете аласыз.

  1. Office 365 әкімшісі орталығына SharePoint Online әкімшісінің атауы мен құпия сөзі арқылы кіріңіз.

  2. Әкімші > SharePoint тармағына өтіңіз.

  3. Сол жақтағы Бағдарламалар тармағын басып, Дүкен параметрлерін реттеу түймешігін басыңыз.

  4. Дүкеннен алынған Office жиынтығына арналған бағдарламалар бөлімінің қасындағы әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер құжаттар браузерде ашық болғанда Office жиынтығының бағдарламаларына жұмыс істеуге рұқсат беруді қаласаңыз, Иә параметрін таңдаңыз.

    • Егер құжаттар браузерде ашық болғанда Office жиынтығының бағдарламаларына жұмыс істеуге рұқсат беруді қаламасаңыз, Жоқ параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×