Set up email in the Outlook for Android app

Android телефонында немесе планшетінде реттегіңіз келетін электрондық пошта тіркелгісінің түрін таңдаңыз:

Қосымша Office 365 мобильді бағдарламаларын іздеу қажет пе әлде басқа құрылғыны реттеу қажет пе? Office 365 мобильді реттеу бөлімін қараңыз. ДК немесе Mac құрылғысын (оның ішінде, ноутбуктер, жұмыс үстелдері немесе 2-in1s) реттеу үшін Office 365 қызметін орнату және реттеу бөлімін қараңыз.

@outlook.com, hotmail.com, msn.com немесе live.com түрінде аяқталатын электрондық пошта тіркелгілерін реттеу

Кеңес : Android құрылғысының көрінісі өзгеше болуы мүмкін, сондықтан берілген қадамдарды нұсқаулық ретінде пайдаланыңыз немесе белгілі бір құрылғыңыз бойынша өндіруші анықтамасын қараңыз.

Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын пайдалану

Бекітілген Android пошта бағдарламасын пайдалану

Ескерту : Android жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы Android 4.0 немесе кейінірек нұсқасы орнатылған құрылғыны талап етеді. Бағдарлама қолжетімділігі өзгешеленуі мүмкін, сондықтан сіздің елде қайсысы қолжетімді екенін анықтаңыз.

  1. Әлі орнатпаған болсаңыз, Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеңіз.

    Егер ол орнатылған болса, оны ашып, құрылғыңызға байланысты Android құрылғысының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер > Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.

  2. Тіркелгі қосу тармағында @outlook.com, @hotmail.com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын Outlook электрондық пошта тіркелгіңіз болса Outlook.com сайтын түртіңіз. Бұл @outlook.co.uk немесе Outlook.com сайтында орналасқан реттелетін домендер сияқты халықаралық домендерді қамтиды.

    Егер сізде басқа пошта тіркелгісі болса, басқа параметрлердің бірін түртіңіз. Мысалы, Gmail тіркелгісін қосу қажет болса, Gmail түймешігін түртіңіз.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз, мысалы, <someone>@outlook.com, құпия сөзді теріп, Кіру түймешігін түртіңіз.

  4. Бағдарламаның ақпаратыңызға кіруіне мүмкіндік беру үшін Иә түймешігін таңдаңыз. Содан кейін Android жүйесіне арналған Outlook тіркелгіні синхрондай бастайды.

  5. Күнтізбені, файлдарды немесе контактілерді бағдарламадан қарау үшін Қосымша түймешігін түртіңіз.

  6. Android жүйесіне арналған Outlook пайдалану туралы қосымша мәлімет алу үшін құрылғыңыздың төменгі жағындағы шарлау бақылау элементін түртіңіз немесе Қосымша > Анықтама тармағын түртіңіз. Немесе iOS және Android құрылғыларына арналған Outlook бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қараңыз.

Сонымен бірге, @outlook.com, @hotmail,com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын электрондық пошта тіркелгісін тексеру үшін құрылғыңыздағы браузерді пайдалануыңызға болады. http://m.mail.live.com веб-сайтына өтіп, электрондық пошта тіркелгіңізге кіріңіз.

Android жүйесіне арналған Outlook жиынтығында бірнеше тіркелгіңіз бар. Қосқыңыз келетін тіркелгі түрін таңдаңыз және сол қадамдарды қайталаңыз.

Тіркелгіні жою
  1. Құрылғыңызға байланысты құрылығының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер тармағын түртіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін тіркелгіні таңдаңыз.

  3. Тіркелгіні құрылғыдан және қашықтықтан жою функциясын таңдаңыз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

  1. Параметрлер > Тіркелгілер > Тіркелгіні қосу > Электрондық пошта тармағын басыңыз.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайын, мысалы, <someone>@outlook.com, және құпия сөзіңізді теріңіз де, Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Бұл @outlook.co.uk сияқты халықаралық домендерді немесе Outlook.com сайтында орналасатын кез келген реттелетін домендерді қамтиды.

  3. Тіркелгі параметрлері бетінде поштаны алу әдісіне арналған параметрлерді таңдаңыз да, Келесі түймешігін түртіңіз.

  4. Тіркелгіге атау беріп, Дайын түймешігін түртіңіз.

Жұмыс істемей ме? Электрондық поштаңыз бен құпиясөзіңіздің дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, оны төмендегі қадамдарды орындау арқылы қолмен реттеп көруіңізге болады.

Қолмен реттеу
  1. Параметрлер > Тіркелгілер > Тіркелгіні қосу > Электрондық пошта тармағын басыңыз.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайын, мысалы, <someone>@outlook.com, және құпия сөзіңізді енгізіңіз де, Қолмен реттеу түймешігін түртіңіз.

  3. Exchange тармағын таңдаңыз.

  4. Сұралған кезде Exchange серверінің параметрлері бетіндегі әдепкі параметрлерді қабылдап, Келесі түймешігін түртіңіз. Құрылғыңыз қосыла алмаса, келесі тіркелгі ақпаратын жаңартыңыз.

    • Домен/Пайдаланушы аты Егер толық электрондық пошта мекенжайы ұяшықта болмаса, ондағы элементті жойып, толық электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз, мысалы, <someone>@outlook.com. Егер Домен және Пайдаланушы аты құрылғыңызда бөлек мәтін өрістері болса, Домен өрісін бос қалдырып, Пайдаланушы аты өрісіне толық электрондық пошта мекенжайын теріңіз.

    • Құпия сөз Тіркелгіге кіру үшін қолданылатын құпия сөзді пайдаланыңыз.

    • Сервер атауы s.outlook.com деп теріңіз.

    • Қауіпсіз қосылымды пайдалану (SSL) ұяшығына белгі қойылғанына көз жеткізіп, Келесі түймешігін түртіңіз.

    • Орындалды пәрменін басыңыз.

Сонымен бірге, @outlook.com, @hotmail,com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын электрондық пошта тіркелгісін тексеру үшін құрылғыңыздағы браузерді пайдалануыңызға болады. http://m.mail.live.com веб-сайтына өтіп, электрондық пошта тіркелгіңізге кіріңіз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

Office 365 қызметін пайдаланатын жұмыс немесе мектеп электрондық пошта тіркелгілерін реттеу

Кеңес : Android құрылғысының көрінісі өзгеше болуы мүмкін, сондықтан берілген қадамдарды нұсқаулық ретінде пайдаланыңыз немесе белгілі бір құрылғыңыз бойынша өндіруші анықтамасын қараңыз.

Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын пайдалану

Бекітілген Android пошта бағдарламасын пайдалану

Ескерту : Android жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы Android 4.0 немесе кейінірек нұсқасы орнатылған құрылғыны талап етеді. Бағдарлама қолжетімділігі өзгешеленуі мүмкін, сондықтан сіздің елде қайсысы қолжетімді екенін анықтаңыз.

  1. Әлі орнатпаған болсаңыз, Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеңіз.

    Егер ол орнатылған болса, оны ашып, құрылғыңызға байланысты Android құрылғысының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер > Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.

  2. Бизнеске арналған Office 365 қызметінде жұмыс немесе мектеп тіркелгісі болса, Office 365 түймешігін түртіңіз.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Кіру түймешігін түртіңіз.

    Ескерту : Тіркелгіңізді реттеу үшін осыған дейін Exchange бағдарламасын таңдасаңыз, қауіпсіздік жаңартулары туралы хабар алып, жүйеге қайта кіру қажет болуы мүмкін. Нұсқауларды орындаңыз және толық электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөз арқылы кіріңіз.

    Содан кейін Android жүйесіне арналған Outlook қызметі тіркелгіні синхрондай бастайды.

  4. Күнтізбені, файлдарды немесе контактілерді бағдарламадан қарау үшін Қосымша түймешігін түртіңіз.

  5. Android жүйесіне арналған Outlook пайдалану туралы қосымша мәлімет алу үшін құрылғыңыздың төменгі жағындағы шарлау бақылау элементін түртіңіз немесе Мәзір > Анықтама тармағын түртіңіз. Немесе iOS және Android құрылғыларына арналған Outlook бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қараңыз.

Android жүйесіне арналған Outlook жиынтығында бірнеше тіркелгіңіз бар. Қосқыңыз келетін тіркелгі түрін таңдаңыз және сол қадамдарды қайталаңыз.

Тіркелгіні жою
  1. Құрылғыңызға байланысты құрылығының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер тармағын түртіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін тіркелгіні таңдаңыз.

  3. Тіркелгіні құрылғыдан және қашықтықтан жою функциясын таңдаңыз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

  1. Параметрлер > Тіркелгілер > Тіркелгі қосу > Электрондық пошта тармағын түртіңіз. Бұл бағдарлама кейбір Android нұсқаларында Пошта деп аталуы мүмкін.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Келесі түймешігін түртіңіз.

  3. Exchange опциясын таңдаңыз.

  4. Ұйымыңыздағы Office 365 әкімшісінің тіркелгіні реттеу әдісіне байланысты қосымша қауіпсіз мүмкіндіктері туралы хабар алуыңыз мүмкін. Жалғастыру үшін OK түймешігін таңдаңыз.

  5. Құрылғы сервер параметрлерін тексергеннен кейін Тіркелгі параметрлері беті ашылады. Әдепкі параметрлерін қабылдаңыз немесе поштаны қабылдау және жіберу жолына арналған параметрлерді таңдаңыз да, Келесі түймешігін түртіңіз. (Келесі түймешігін көру үшін төмен қарай жылжыту қажет болуы мүмкін.)

  6. Электрондық поштаны реттеу бетінде тіркеліг атауын өзгерте аласыз. Аяқтағаннан кейін Дайын түймешігін түртіңіз.

Құрылғыңыз қосылмаса, электрондық пошта мекенжайы мен құпиясөзіңізді дұрыс енгізгеніңізді тексеріңіз де, әрекетті қайталаңыз. Әлі де қосыла алмай жатсаңыз, төмендегі қадамдарды орындау арқылы оны қолмен реттеп көріңіз.

Қолмен реттеу
  1. Параметрлер > Тіркелгілер > Тіркелгі қосу > Электрондық пошта тармағын түртіңіз. Бұл бағдарлама кейбір Android нұсқаларында Пошта деп аталуы мүмкін.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Келесі түймешігін түртіңіз.

  3. Қолмен тармағын таңдаңыз.

  4. Exchange сервер параметрлері бетіндегі параметрлерді қарап шығып, қажетінше жаңартыңыз.

    • Электрондық пошта    Толық электрондық пошта мекенжайының осы ұяшықта екеніне көз жеткізіңіз, мысалы, tony@contoso.com.

    • Домен\пайдаланушы аты    Осы өріске электрондық поштаның толық мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com. Егер Домен және Пайдаланушының аты Android құрылғысының осы нұсқасында бөлек мәтін өрістері болса, Домен өрісін бос қалдырып, электрондық поштаңыздың толық мекенжайын Пайдаланушының аты өрісіне теріңіз.

    • Құпиясөз    Тіркелгіге кіру үшін қолданылатын құпиясөзді пайдаланыңыз.

    • Exchange Server   Бизнеске арналған Office 365 сервер атауы outlook.office365.com.

    • Қауіпсіз қосылымды пайдалану (SSL)    ұяшығына құсбелгінің қойылғанын тексеріңіз.

  5. Орындалды пәрменін басыңыз.

  6. Ұйымыңыздағы Office 365 әкімшісінің тіркелгіні реттеу әдісіне байланысты қосымша қауіпсіз мүмкіндіктері туралы хабар алуыңыз мүмкін. Жалғастыру үшін OK түймешігін таңдаңыз.

  7. Әдепкі параметрлерін қабылдаңыз немесе тіркелгіңіздің құрылғыда синхрондалу жолына өзгертулер енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін төменге қарай жылжытып, Келесі түймешігін түртіңіз.

  8. Электрондық поштаны реттеу бетінде тіркеліг атауын өзгерте аласыз. Аяқтағаннан кейін Дайын түймешігін түртіңіз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

Exchange негізіндегі электрондық пошта тіркелгілерін реттеу

Кеңес : Android құрылғысының көрінісі өзгеше болуы мүмкін, сондықтан берілген қадамдарды нұсқаулық ретінде пайдаланыңыз немесе белгілі бір құрылғыңыз бойынша өндіруші анықтамасын қараңыз.

Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын пайдалану

Бекітілген Android пошта бағдарламасын пайдалану

Ескерту : Android жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы Android 4.0 немесе кейінірек нұсқасы орнатылған құрылғыны талап етеді. Бағдарлама қолжетімділігі өзгешеленуі мүмкін, сондықтан сіздің елде қайсысы қолжетімді екенін анықтаңыз.

  1. Әлі орнатпаған болсаңыз, Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеңіз.

    Егер ол орнатылған болса, оны ашып, құрылғыңызға байланысты Android құрылғысының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер > Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.

  2. Ұйымыңыз Exchange негізіндегі пошта тіркелгісін пайдаланса, Exchange түймешігін түртіңіз.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайын енгізіп, мысалы, tony@contoso.com, құпиясөзін теріңіз де, Кіру түймешігін түртіңіз. Содан кейін Android жүйесіне арналған Outlook қызметі тіркелгіні синхрондай бастайды.

  4. Күнтізбені, файлдарды немесе контактілерді бағдарламадан қарау үшін Қосымша түймешігін түртіңіз.

  5. Android жүйесіне арналған Outlook пайдалану туралы қосымша мәлімет алу үшін құрылғыңыздың төменгі жағындағы шарлау бақылау элементін түртіңіз немесе Мәзір > Анықтама тармағын түртіңіз. Немесе iOS және Android құрылғыларына арналған Outlook бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қараңыз.

Android жүйесіне арналған Outlook жиынтығында бірнеше тіркелгіңіз бар. Қосқыңыз келетін тіркелгі түрін таңдаңыз және сол қадамдарды қайталаңыз.

Тіркелгіні жою
  1. Құрылғыңызға байланысты құрылығының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер тармағын түртіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін тіркелгіні таңдаңыз.

  3. Тіркелгіні құрылғыдан және қашықтықтан жою функциясын таңдаңыз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

  1. Параметрлер > Тіркелгілер > Тіркелгі қосу > Электрондық пошта тармағын түртіңіз. Бұл бағдарлама кейбір Android нұсқаларында Пошта деп аталуы мүмкін.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Келесі түймешігін түртіңіз.

  3. Exchange тармағын таңдаңыз.

  4. Ұйымыңыздағы Exchange әкімшісінің тіркелгіні реттеу әдісіне байланысты қосымша қауіпсіз мүмкіндіктері туралы хабар алуыңыз мүмкін. Жалғастыру үшін OK түймешігін таңдаңыз.

  5. Құрылғы сервер параметрлерін тексергеннен кейін Тіркелгі параметрлері беті ашылады. Әдепкі параметрлерін қабылдаңыз немесе поштаны қабылдау және жіберу жолына арналған параметрлерді таңдаңыз да, Келесі түймешігін түртіңіз. (Келесі түймешігін көру үшін төмен қарай жылжыту қажет болуы мүмкін.)

  6. Электрондық поштаны реттеу бетінде тіркеліг атауын өзгерте аласыз. Аяқтағаннан кейін Дайын түймешігін түртіңіз.

Құрылғыңыз қосылмаса, электрондық пошта мекенжайы мен құпиясөзіңізді дұрыс енгізгеніңізді тексеріңіз де, әрекетті қайталаңыз. Әлі де қосыла алмай жатсаңыз, төмендегі қадамдарды орындау арқылы оны қолмен реттеп көріңіз.

Қолмен реттеу
  1. Параметрлер > Тіркелгілер > Тіркелгі қосу > Электрондық пошта тармағын түртіңіз. Бұл бағдарлама кейбір Android нұсқаларында Пошта деп аталуы мүмкін.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Келесі түймешігін түртіңіз.

  3. Қолмен тармағын таңдаңыз.

  4. Exchange сервер параметрлері бетіндегі параметрлерді қарап шығып, қажетінше жаңартыңыз.

    • Электрондық пошта    Толық электрондық пошта мекенжайының осы ұяшықта екеніне көз жеткізіңіз, мысалы, tony@contoso.com.

    • Домен\пайдаланушы аты    Осы өріске электрондық поштаның толық мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com. Егер Домен және Пайдаланушының аты Android құрылғысының осы нұсқасында бөлек мәтін өрістері болса, Домен өрісін бос қалдырып, электрондық поштаңыздың толық мекенжайын Пайдаланушының аты өрісіне теріңіз.

    • Құпиясөз    Тіркелгіге кіру үшін қолданылатын құпиясөзді пайдаланыңыз.

    • Exchange Server   Бизнеске арналған Office 365 сервер атауы outlook.office365.com. Егер Exchange Server атауын білмесеңіз, әкімшіңізге хабарласыңыз.

    • Қауіпсіз қосылымды пайдалану (SSL)    ұяшығына құсбелгінің қойылғанын тексеріңіз.

  5. Орындалды пәрменін басыңыз.

  6. Ұйымыңыздағы Exchange әкімшісінің тіркелгіні реттеу әдісіне байланысты қосымша қауіпсіз мүмкіндіктері туралы хабар алуыңыз мүмкін. Жалғастыру үшін OK түймешігін таңдаңыз.

  7. Әдепкі параметрлерін қабылдаңыз немесе тіркелгіңіздің құрылғыда синхрондалу жолына өзгертулер енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін төменге қарай жылжытып, Келесі түймешігін түртіңіз.

  8. Электрондық поштаны реттеу бетінде тіркеліг атауын өзгерте аласыз. Аяқтағаннан кейін Дайын түймешігін түртіңіз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

IMAP немесе POP электрондық пошта тіркелгілерін реттеу

Кеңес : Android құрылғысының көрінісі өзгеше болуы мүмкін, сондықтан берілген қадамдарды нұсқаулық ретінде пайдаланыңыз немесе белгілі бір құрылғыңыз бойынша өндіруші анықтамасын қараңыз.

Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын пайдалану

Бекітілген Android пошта бағдарламасын пайдалану

IMAP тіркелгісін реттеп жатсаңыз, Android жүйесіне арналған Outlook бағдарламасын пайдалана аласыз. Егер POP тіркелгісін реттегіңіз келсе, құрылғыңызбен бірге берілген Android пошта бағдарламасын пайдаланыңыз.

Ескерту : Android жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы Android 4.0 немесе кейінірек нұсқасы орнатылған құрылғыны талап етеді. Бағдарлама қолжетімділігі өзгешеленуі мүмкін, сондықтан сіздің елде қайсысы қолжетімді екенін анықтаңыз.

  1. Әлі орнатпаған болсаңыз, Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеңіз.

    Егер ол орнатылған болса, оны ашып, құрылғыңызға байланысты Android құрылғысының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер > Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.

  2. IMAP түймешігін түртіңіз.

  3. Көрсетілетін атыңызды, толық электрондық пошта мекенжайын, мысалы, tony@contoso.com, құпиясөзіңізді теріңіз де, Келесі түймешігін түртіңіз. Содан соң Android жүйесіне арналған Outlook қызметі тіркелгіні синхрондауды бастайды.

  4. Күнтізбені, файлдарды немесе контактілерді бағдарламадан қарау үшін Қосымша түймешігін түртіңіз.

  5. Android жүйесіне арналған Outlook пайдалану туралы қосымша мәлімет алу үшін құрылғыңыздың төменгі жағындағы шарлау бақылау элементін түртіңіз немесе Мәзір > Анықтама тармағын түртіңіз. Немесе iOS және Android құрылғыларына арналған Outlook бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қараңыз.

Android жүйесіне арналған Outlook жиынтығында бірнеше тіркелгіңіз бар. Қосқыңыз келетін тіркелгі түрін таңдаңыз және сол қадамдарды қайталаңыз.

Тіркелгіні жою
  1. Құрылғыңызға байланысты құрылығының төменгі жағындағы шарлау басқару элементін түртіңіз немесе Қосымша > Параметрлер тармағын түртіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін тіркелгіні таңдаңыз.

  3. Тіркелгіні құрылғыдан және қашықтықтан жою функциясын таңдаңыз.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

Ескерту : Егер POP немесе IMAP тіркелгісін реттегіңіз келсе, тек сіздің электрондық поштаңыз құрылғыға синхрондалады. Осы тіркелгімен байланыстырылатын кез келген күнтізбе және контактілер жергілікті компьютеріңізде сақтаулы күйінде қалады.

  1. Бағдарламалар мәзірінде Электрондық пошта бөлімін таңдаңыз. Кейбір Android құрылғыларының нұсқаларында осы бағдарлама Пошта деп аталуы мүмкін.

  2. Толық электрондық пошта мекенжайыңызды, мысалы, tony@contoso.com және құпия сөзді теріп, содан кейін Қолмен тармағын таңдаңыз.

  3. Реттеп жатқан тіркелгі түріне байланысты IMAP немесе POP тармағын таңдаңыз.

  4. Кіріс сервер параметрлері бетінде электрондық пошта мекенжайыңыздың дұрыс екенін тексеріп, келесіні қосыңыз:

    Кеңес : Егер электрондық поштаңыз үшін Бизнеске арналған Office 365 пайдаланбайтын болсаңыз және осы қадамдарды орындау үшін қажетті сервер және порт параметрлерін білмесеңіз, электрондық пошта провайдеріңізге хабарласыңыз.

    • Домен\пайдаланушы аты Осы өріске электрондық поштаның толық мекенжайын теріңіз, мысалы, tony@contoso.com. Егер Домен және Пайдаланушының аты Android құрылғысының осы нұсқасында бөлек мәтін өрістері болса, Домен өрісін бос қалдырып, электрондық поштаңыздың толық мекенжайын Пайдаланушының аты өрісіне теріңіз.

    • Құпия сөз Тіркелгіге кіру үшін қолданылатын құпия сөзді пайдаланыңыз.

    • IMAP сервері немесе POP3 сервері Серверіңіздің мекенжайын пайдаланыңыз. Мысалы, Бизнеске арналған Office 365 сервер атауы outlook.office365.com.

    • Қауіпсіздік түрі Қауіпсіздік түрін таңдаңыз. Мысалы, Бизнеске арналған Office 365 қызметіне арналған кіріс қауіпсіздік түрі SSL.

    • Порт нөмірі Порт нөмірін қосыңыз. Мысалы, Бизнеске арналған Office 365 қызметіне арналған порт нөмірі 993. Келесі түймешігін түртіңіз.

    • Егер қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы хабар алсаңыз, жалғастыру үшін OK түймешігін таңдаңыз.

    Шығыс серверінің параметрлері бетіне келесіні қосыңыз:

    • SMTP сервері Өзіңіздің SMTP сервер атауын теріңіз. Мысалы, Бизнеске арналған Office 365 қызметіне арналған шығыс сервері smtp.office365.com.

    • Қауіпсіздік түрі Қауіпсіздік түрін таңдаңыз. Мысалы, Бизнеске арналған Office 365 қызметі үшін шығыс қауіпсіздік түрі TLS.

    • Порт нөмірі Портыңыздың нөмірін қосыңыз. Мысалы, Бизнеске арналған Office 365 қызметіне арналған шығыс порт нөмірі 587. Келесі түймешігін түртіңіз.

  5. Тіркелгі атауы өрісінде бұл тіркелгі үшін атауды және басқаларға электрондық поштаны жібергенде көрсетілетін атауды теріңіз.

  6. Орындалды пәрменін басыңыз.

    Кеңес :  Тіркелгіңізді орнатып болғаннан кейін электрондық поштаны жіберуден немесе алудан бұрын он-он бес минут күтуіңіз қажет болуы мүмкін.

Android құрылғыларына арналған басқа да Office 365 ресурстары туралы мәліметті осы беттің төменгі жағындағы Қосымша ақпарат бөлімінен алыңыз.

Сізде қандай электрондық пошта тіркелгісі бар екенін білмейсіз бе? Мұнда кеңес берілген

Қандай тіркелгі бар екенін білмейсіз бе? Электрондық пошта провайдері арқылы тексеріңіз. Немесе Outlook арқылы ДК немесе Mac құрылғысына реттеу қосу қажет электрондық пошта тіркелгісі бұрыннан бар болса, келесі әрекетті орындап көріңіз.

  1. Outlook бағдарламасында Файл > Ақпарат > Тіркелгі параметрлері тармағын таңдаңыз

  2. Тіркелгі параметрлері терезесінде қандай тіркелгі екенін көру үшін Түрі бағанына құсбелгі қойыңыз.

Қосымша ақпарат

Android телефонына немесе планшетіне Office жиынтығын орнату және реттеу

Office 365 жиынтығын орнату және реттеу - Анықтама

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×