SendObject макрос әрекеті

SendObject әрекетін қолдану арқылы белгілі бір Microsoft Office Access 2007деректер кестесі, форма, есеп, модуль немесе деректерге кіру беті электронды пошта хабарламасына, оларды көріп, жіберуге болатындай, қосуыңызға болады.

Ескерту : Бұл әрекетке дерекқор сенімсіз болған жағдайда рұқсат берілмейді. Қосылатын құрамды пәрмендер туралы көбірек ақпарат алу үшін, осы мақаланың Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтеме бойынша өтіңіз.

Теңшеулер

SendObject әрекеті келесі дәлелдерді қолданады.

Әрекет дәлелі

Сипаттама

Нысан түрі

Пошта хабарына салуға жататын нысан түрі. Макрос құрастырғыш аумағында Әрекет дәлелдері бөлімінен Нысан түрі жолағындағы Кесте (кестелік деректер кестесі үшін), Сұрау (сұраудағы деректер кестесі үшін), Пішін (пішін не пішіннің деректер кестесі үшін), Есеп, Модуль немесе Деректерге қатынау беті, Сервер көрінісі, Сақталған іс рәсімдері немесе Функция дегенін нұқыңыз. макроc жібере алмайсыз. Егер белсенді нысанды қосқыңыз келсе, онда оның түрін осы дәлелмен таңдаңыз, ал Нысан атауы дәлелін бос қалдырыңыз.

Нысан атауы

Пошта хабарына енгізілетін нысан атауы. Нысан атауы жолағы дерекқордағы түрі Нысан түрі дәлелімен таңдалған барлық нысандарды көрсетеді. Егер Нысан түрі мен Нысан атауы дәлелдерін бос қалдырсаңыз, Access бағдарламасы хабар бағдарламасына ешқандай дерекқор нысанысыз хабар жібереді.

Егер SendObject әрекеті бар макросты кітапхана дерекқорыда орындасаңыз, Access бағдарламасы сол атауы бар нысанды алдымен кітапханалық дерекқордан, содан соң, ағымдағы дерекқордан іздейді.

Шығыс пішіні

Енгізілген нысанына қолданғыңыз келетін пішін түрі. Таңдауға берілген пішіндер тізімі Нысан түрі дәлеліне таңдағаныңызға байланысты өзгереді. Қолданыстағы пішіндерге Шығыс пішім жолағындағы Excel 97 - Excel 2003 Workbook (*.xls), Excel Binary Workbook (*.xlsb), Excel Workbook (*.xlsx), HTML (*.htm, *.html), Microsoft Excel 5.0/95 Workbook (*.xls), PDF пішімі, Rich Text Fomat (*.rtf), Мәтін файлдары (*.txt) немесе XPS пішімі (*.xps) кіреді. Модульдерді тек мәтін пішімінде жіберіледі. Деректерге қатынау беттері тек HTML пішімінде жіберіледі. Егер бұл дәлелді бос қалдырсаңыз, Access бағдарламасы сіздег шығыс пішімді сұрайды.

Ескерту : Office Access 2007 бағдарламасынан PDF немесе XPS пішімді файлға қондырманы орнатып болғаныңыздан кейін ғана экспорттауыңызға болады. Қосымша ақпарат алу үшін PDF пен XPS сияқты басқа файл пішімдеріне қолдау көрсетуді қосып қою мақаласына қараңыз.

To

Пошта хабарындағы Кімге жолына аттарын қойғыңыз келетін хабарды қабылдаушылар. Егер бұл дәлелді бос қалдырсаңыз, Access бағдарламасы қабылдаушылардың аттарын сұрайды.

Осы дәлелде (Көшірме және ЖК дәлелдерінде де) Сіз белгілейтін қабылдаушылардың аттарын нүктелі үтірмен (;) немесе Microsoft Windows Басқару тақтасында орналасқан Аймақтық теңшеу сипаттары тілқатысу терезесіндегі Сан қойындысында тізім бөлгішмен бөліңіз. Егер пошта бағдарламасы қабылдаушылардың аттарын анықтай алмаса, хабар жіберілмейді және қателік туындайды.

Cc

Аттарын пошта хабарының Көшірме ("көшіргі қағаз арқылы жасалған көшірме") жолына қойғыңыз келетін хабар қабылдаушылары. Егер бұл дәлелді бос қалдырсаңыз, пошта хабарындағы Көшірме жолы бос болады.

Bcc

Аттарын пошта хабарының ЖК ("жасырын көшірме") жолына қойғыңыз келетін хабар қабылдаушылары. Егер бұл дәлелді бос қалдырсаңыз, пошта хабарындағы ЖК жолы бос болады.

Тақырып

Хабардың тақырыбы. Бұл мәтін пошта хабарының Тақырып жолында шығады. Егер бұл дәлелді бос қалдырсаңыз, пошта хабарындағы Тақырып жолы бос болады.

Хабар мәтіні

Дерекқор нысанына қосымша хабарға енгізгіңіз келетін кез келген мәтін. Бұл мәтін пошта хабарының басты денесінде шығады. Егер бұл дәлелді бос қалдырсаңыз, пошта хабарына ешқандай қосымша мәтін қосылмайды. Егер Нысан түрі мен Нысан атауы дәлелдерін бос қалдырсаңыз, бұл дәлелді қолдану арқылы пошта хабарын дерекқор нысанысыз жіберуіңізге болады.

Хабарды өңдеу

Хабарды жібермес бұрын, өңдеуге болатынын не болмайтынын белгілейді. Егер Иә дегенін таңдасаңыз, электрондық пошта бағдарламасы автоматты түрде ашылады және хабарды өңдеуге болады. Егер Жоқ дегенін таңдасаңыз, хабар, пайдаланушыға оны өңдеуге ешқандай мүмкіндік берілмей, жіберіледі. Әдепкі күйінде Иә дегенге қойылады.

Үлгі файлы

HTML файлына үлгі ретінде қолданғыңыз келетін файл жолы мен атауы. Үлгі файл деген HTML тегтері бар файл.

Түсініктемелер

Пошта хабарындағы нысан таңдалған шығыс пішімінде тұр. Нысанын екі рет нұқысаңыз, тиісті бағдарламалық жасақтама нысанды ашып басталады.

Дерекқор нысанын пошта хабарына қосуға SendObject әрекетін қолданған кезіңізде келесі ережелер қолданылады:

  • Кестені, сұрауды және пішіннің деректер кестелерін жіберуіңізге болады. Енгізілген нысанда дерекқордағы барлық өріс тек OLE нысаны бар өрістерді қоспағанда, Access бағдарламасындағыдай көрінеді. Бұл өрістердің бағаналары нысанға қосылады, ал өрістер бос болады.

  • Иә/Жоқ өрісіне (қосқыш түймешігі, ажырата қосқыш немесе ұяшық белгісі) байланыстырылған басқару элементі үшін шығыс файл –1 (Иә) немесе 0 (Жоқ) мәнін көрсетеді.

  • Гиперсілтеме деректер түрі өрісіне байланыстырылған мәтін жолағы үшін шығыс файл гиперсілтеме MS-DOS мәтінінен басқа (бұл жағдайда еренсілтеме кәдімгі мәтін ретінде көрсетіледі) барлық шығыс пішімдерге көрсетеді.

  • Егер пішінді Форма көрінісінде жіберсеңіз, енгізілген нысанда әрқашанда пішіннің деректер кестесінің көрінісі болады.

  • Егер есепті жіберсеңіз, нысанға енгізілетін басқару элементтері мәтін жолақтары мен (кейбір жағдайларда) белгілерден тұрады. Басқару элементтерінің қалғандары есепке алынбайды. Үстінгі мен төменгі деректеме мәліметтері де қосылмайды. Есепті Excel пішімінде жіберген жағдайда ғана Sum функциясы бар өрнегі орналасқан топтық төменгі деректемесіндегі мәтін жолағы нысанға қосылады. Үстінгі немесе төменгі деректемедегі басқа ешқандай басқару элементі (Sumдан басқа ешқандай топтастыру функциясы) нысанға қосылмайды.

  • қосымша есеп нысанға енгізіледі.

  • Деректер кестесін, пішінді және деректерге қатынау бетін HTML пішімінде жіберген кезіңізде .html файлы жасалады. Есепті HTML пішімінде жіберген кезіңізде есептегі әр бетке бір .html файл жасалады.

SendObject әрекеті қолдану әсері Шарлау аумағында нысанды нұқып, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, содан соң, Электрондық пошта дегенін нұқу әсерімен бірдей. Әрекет дәлелдері сол пәрменнен кейінгі тілқатысу терезелеріндегі теңшеулерге сәйкес. Мәзірдегі Жіберу пәрмені тек белсенді нысанға қолданылады; бірақ, SendObject әрекетін қолдансаңыз, жібергіңіз келетін нысанды белгілеуіңізге болады.

Visual Basic for Applications (VBA) модулінде SendObject әрекетін орындау үшін DoCmd нысанының SendObject әдісін қолданыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×