Search notes in OneNote

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасының дәстүрлі жазу кітапшасы пайдаланудан артықшылығы – оның жиналған ақпараттар бойынша жылдам іздеу және анықтаған шарттар негізінде маңызды жазбалар алу мүмкіндігі . Беттер парақтарын аудару және қарап шығу орнына кез келген мәліметтерді жылдам ала аласыз. OneNote бағдарламасы соңғы жазбалар арқылы шолуды және жазылған аудио жазбасындағы айтылған сөздерді іздеуді жеңілдетеді.

Ескерту : Office OneNote 2007 бағдарламасындағы іздеу мүмкіндіктері Windows Desktop Search (WDS) құрамдасын орнату арқылы жетілдіріледі. Орнатылған WDS арқылы OneNote бағдарламасы жазбаны табуды жылдамдатады, сондай-ақ жазылған аудио жазбалардағы ақпараттарды іздеуге болады. OneNote бағдарламасы ұсынған кезде немесе оны OneNote параметрлерінде таңдау арқылы WDS құрамдасын қотарып орната аласыз. Құралдар мәзірінде Параметрлер пәрменін таңдаңыз. Параметрлер тілқатысу терезесінде Басқа, одан кейін Жылдам іздеуді орнату түймешігін басыңыз.

Не істегіңіз келеді?

Жазбаларды іздеу

Соңғы жазылған жазбаларды табу

Соңғы қаралған жазбаларды шолу

Жазбаларды іздеуге кеңестер

Жазбаларды іздеу

Ескерту : Егер жазу кітапшаңызда құпия сөзбен сақталған бөлімдер бар болса және сол бөлімдерден жазбалар іздейтін болсаңыз, іздеу алдында сол бөлімге құпия сөзді енгізуіңіз қажет.

  1. Іздеу жолағында тапқыңыз келген мәтінді теріңіз.

  2. Табу таңбасының қасындағы Іздеу аумағын өзгерту көрсеткісін нұқыңыз да, мыналардың бірін орындаңыз:

    • Белгіленген мәтінді тек ағымдық бөлімде іздеу үшін, Бұл бөлім дегенді нұқыңыз.

    • Белгіленген мәтінді барлық ашық тұрған бөлімдерде іздеу үшін, Осы бөлімдер тобы дегенді нұқыңыз.

    • Белгіленген мәтінді ағымдық жазу кітапшасының барлық бөлімдерінде және беттерінде іздеу үшін, Осы жазу кітапшасы дегенді нұқыңыз.

    • Белгіленген мәтінді барлық жазу кітапшасының барлық бөлімдерінде және беттерінде іздеу үшін, Барлық жазу кітапшалары дегенді нұқыңыз.

  3. Іздеу түймешігін басыңыз.

    Егерде мәтіннің бір немесе бірнеше үлгі-нұсқасы табылса, құралдар тақтасы аумағында беттердің жалпы саны пайда болады.

  4. Мәтіннің бір үлгі-нұсқасынан екіншісіне өту үшін, Алдыңғы сәйкестік немесе Келесі сәйкестік көрсеткілерін нұқыңыз.

  5. Іздеген мәтін бар беттер тізімін қарап шығу үшін, Тізімді көрсету түймешігін басыңыз және Бет тізімі тапсырмалар аймағынан мыналардың бірін орындаңыз:

    • Мәтін бар нақты бетті ашу үшін, беттің тақырыбын нұқыңыз.

    • Беттердің тізімін басқа жолмен сұрыптау үшін, Тізімді сұрыптау тізімінде қалаған параметрді нұқыңыз.

    • Іздеу аумағын өзгерту үшін, Іздеу тізіміндегі қалаған параметрді нұқыңыз.

      Ескерту : Бет тізімі тапсырмалар аймағында іздеу нәтижелерін басқара алу үшін, OneNote бағдарламасы бір бетке бір сәйкестікті ғана көрсетті. Жазбаларды іздеу нәтижелері тізімінде сол бетте табылуы мүмкін қосымша жазбаларды көрсету үшін, кез келген бетті нұқыңыз.

  6. Іздеуді аяқтау үшін, Іздеуден шығу және сәйкестік бөлектеуді тазалау қызыл түймешігін басыңыз.

Ескерту : 

  • Іздеу үшін, ауқымды таңдағанда бұл автоматты түрде жазбалардың барлық келесі іздеулеріне қолданылады. Мысалы, егер Бұл бөлім түймешігін таңдап, жазбаларды іздесеңіз, бірақ кейінірек барлық жазбалардан мәтін іздегіңіз келсе, келесі іздеуді бастамай тұрып, іздеу аумағын ауыстыруыңыз керек. (мысалы, Барлық жазу кітапшалары)

  • Жазбаларда мәтінді іздегенде OneNote бағдарламасында жазылған кез келген дыбыс және бейне файлдардағы (.wma және .wmv) айтылған сәйкес сөздер бойынша іздеуді қосып таңдай аласыз. Құралдар мәзірінде Параметрлер пәрменін таңдап, Санат тізімінде Дыбыс пен бейне дегенді таңдаңыз. Аудиожазбалар мен бейнежазбаларда сөздерді іздеуге рұқсат ету құсбелгісін қойып, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Соңғы жазылған жазбаларды табу

  1. Көрініс мәзірінде Беттерді күні бойынша сұрыптау пәрменін таңдаңыз.

  2. Бет тізімі тапсырмалар аймағында Беттерді сұрыптау тізіміндегі Күні параметрін таңдаңыз.

  3. Іздеу тізімінде Барлық жазу кітапшалары түймешігін басыңыз.

  4. Нақты бетті ашу үшін, нәтижелер тізімінде бет тақырыбын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Соңғы қаралған жазбаларды шолу

Стандартты құралдар үстелінде мыналардың бірін орындаңыз:

  • Қаралған соңғы бетті ашу үшін, Артқа түймешігін басыңыз. Түймешік суреті .

  • Артқа түймешігін басымастан бұрын қаралған бетті ашу үшін, Түймешік суреті Алға түймешігін басыңыз. Түймешік суреті .

  • Соңғы қаралған бірнеше беттерді ашу үшін, Артқа Түймешік суреті немесе Алға Түймешік суреті түймешіктері қасындағы көрсеткіні нұқыңыз да, қалаған бет тақырыбын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазбаларды іздеуге кеңестер

Жазбаларды іздегенде жақсы нәтижелер қол жеткізу үшін, мына кеңестерді қарастырыңыз:

  • Нақты сөз тіркесін табу үшін, тырнақша белгісін қолдану     Нақты сөз тіркесін табу үшін, сөз тіркесін тырнақшаға алыңыз. Мысалы, егер "Қалиева Қарлығаш" деп терсеңіз және жазбаларыңызда Қалиева Базаркүл, Қайрадинова Қарлығаш және Қалиева Қарлығаш аттары болса, OneNote бағдарламасы Қалиева Қарлығаш деген нақты сөз тіркесінен тұратын жазбаны табады.

  • Кез келген сөзі бар беттерді табу үшін, "НЕМЕСЕ" шылауын қолдану    Бірнеше сөздерден тұратын жазбаларды іздеу үшін, әр сөз арасында НЕМЕСЕ деп теріңіз. Мысалы, егер Қалиева НЕМЕСЕ Қарлығаш НЕМЕСЕ Базаркүл деп терсеңіз, OneNote бағдарламасы осы үш сөздің бірі кездесетін жазбаларды табады.

  • Бас әріптер мен кіші әріптерді кезек қолдану    ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ; ҚАСЫНДА сөздерін есептемегенде іздеу әріп регистрін ескермейді. Мысалы, егер Дүйсенбі деп терсеңіз, OneNote бағдарламасы "дүйсенбі" және "Дүйсенбі" деген сөздері бар жазбаларды табады.

  • Аудио немесе бейне жазбаларды табу үшін, "аудио жазу қосылды" немесе "бейне жазу қосылды"    жазуларын қолдану. Аудио немесе бейне жазбаларды жазғанда, OneNote бағдарламасы жазудың түріне байланысты "Аудио жазу қосылды" немесе "Бейне жазу қосылды" мәтінін автоматты түрде кірістіреді. Аудио жазбаларды іздеу үшін, аудио жазу қосылды деп теріңіз. Бейне жазбаларды іздеу үшін, бейне жазу қосылды деп теріңіз.

  • Іздеу нәтижелерін кеңейту үшін, сөздің тек алғашқы бірнеше әріптерін қолдану.    Егер сөздің алғашқы бірнеше әріптерін терсеңіз, OneNote бағдарламасы сол сөз бөлігінен тұратын сөздерді табады. Мысалы, егер әділ деп терсеңіз және жазбаларда Әділжан деген сөз болса, OneNote бағдарламасы әділ және Әділжан деген сөздер кездесетін жазбаларды табады. Осының алдын алу үшін, нақты сөз немесе сөз тіркесін іздегенде тырнақша қолданыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×