SUBTOTAL функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен SUBTOTAL функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Тізімдегі немесе дерекқордағы аралық жиындарды береді. Әдетте, Excel жұмыс үстелі бағдарламасының Деректер қойындысындағы Құрылым тобынан Аралық жиын пәрменін пайдалану арқылы аралық жиындар тізімін жасап алған жеңілдеу болады. Аралық жиындар тізімі жасалғаннан кейін, оны SUBTOTAL функциясын өңдеу арқылы өзгертуге болады.

Синтаксис

SUBTOTAL(функция_саны,сілтеме1,[сілтеме2],...)

SUBTOTAL функциясы синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • Функция_нөмірі     Міндетті. Аралық жиын үшін пайдаланылатын функцияны көрсететін 1-11 немесе 101-111 сандары. 1-11 сандары қолмен жасырылған жолдарды қамтыса, 101-111 сандары оларды шығарады; сүзгіден өткізілген ұяшықтар әрдайым шығарылады.

Функция_нөмірі
(жасырын мәндерді қамтиды)

Функция_нөмірі
(жасырын мәндерді елемейді)

Функция

1

101

AVERAGE

2

102

COUNT

3

103

COUNTA

4

104

MAX

5

105

MIN

6

106

PRODUCT

7

107

STDEV

8

108

STDEVP

9

109

SUM

10

110

VAR

11

111

VARP

  • 1-сілтеме     Міндетті. Аралық жиынын табу керек бірінші атаулы ауқым немесе сілтеме.

  • 2-сілтеме,...     Міндетті емес. Аралық жиыны анықталатын 1 мен 254 аралығындағы ауқымдар немесе сілтемелер.

Ескертулер

  • Егер "1-сілтеме, 2-сілтеме,…" аргументінде басқа аралық жиындар (немесе ендірілген аралық жиындар) болса, екі рет саналмау үшін бұл ендірілген аралық жиындар еленбейді.

  • 1 мен 11 аралығындағы "функция_нөмірі" аргументінің тұрақты мәндері үшін SUBTOTAL функциясы Excel жұмыс үстелі бағдарламасының Басты қойындысының Ұяшықтар тобындағы Пішім пәрменінің Жасыру және көрсету ішкі мәзіріндегі Жолдарды жасыру пәрмені арқылы жасырылған жолдардың мәндері есепке қосылады. Тізімдегі жасырын және жасырылмаған сандардың аралық жиынын шығарар кезде, осы тұрақты мәндер пайдаланылады. 101 мен 111 аралығындағы "функция_нөмірі" аргументінің тұрақты мәндері үшін SUBTOTAL функциясы Жолдарды жасыру пәрмені арқылы жасырын жолдардың мәндері еленбейді. Тек тізімдегі жасырылмаған сандардың аралық жиынын шығарар кезде, осы тұрақты мәндер пайдаланылады.

  • SUBTOTAL функциясы, қай "функция_нөмірі" аргументінің мәні пайдаланылып жатқандығына қарамастан, сүзгіден өткізу нәтижесінде қосылмаған жолдардың ешқайсысын елемейді.

  • SUBTOTAL функциясы дерек бағандарына немесе тік ауқымдарға арналған. Бұл функция дерек жолдарына немесе көлденең ауқымдарға қолданылмайды. Мысалы, (109,B2:G2) сияқты 101 немесе одан үлкенірек "функция_нөмірі" аргументінің тұрақты мәні арқылы көлденең ауқымның аралық жиынын шығарғанда, бағанды жасыру аралық жиынға ықпал етпейді. Бірақ, тік ауқымның аралық жиынындағы бір жолды жасыру аралық жиынға ықпал етеді.

  • Егер қандай да бір сілтемелер үш өлшемдік сілтемелер болса, SUBTOTAL функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

Мысал

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

120

10

150

23

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=SUBTOTAL(9,A2:A5)

A2:A5 ұяшықтарының аралық жиынының қосындысы, бірінші аргумент ретінде 9 пайдаланылады.

303

=SUBTOTAL(1,A2:A5)

A2:A5 ұяшықтарының арылық жиынының орташа мәні, бірінші аргумент ретінде 1 пайдаланылады.

75,75

Ескерімдер

SUBTOTAL функциясы бірінші аргумент ретінде әрқашан сандық аргументті (1 - 11, 101 - 111) арасында. Бұл сандық аргумент кейін келетін аргументтер ретінде көрсетілген мәндердің (ұяшықтар ауқымдары, атаулы ауқымдар) аралық жиынына қолданылады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×