STDEVA функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен STDEVA функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Үлгіге сүйене отырып стандартты ауытқуды есептейді. Стандартты ауытқу – мәндердің орташа мәннен (орташа) алшақтау ауқымының өлшемі.

Синтаксис

STDEVA(value1, [value2], ...)

STDEVA функциясы синтаксисінің келесі аргументтері бар.

  • 1-мән, 2-мән, ...    1-мән міндетті, одан кейінгі мәндер міндетті емес. Жиынтық үлгісіне сәйкес келетін 1 мен 255 аралығындағы мәндер. Сондай-ақ, үтірлер арқылы бөлінген аргументтердің орнына жалғыз массивті немесе массив сілтемесін пайдалануға болады.

Ескертпелер

  • STDEVA функциясының аргументтері жиынтық үлгісі деп қабылданады. Егер деректер бүкіл жиынтықты білдірсе, онда стандартты ауытқу STDEVА функциясы арқылы есептелуге тиіс.

  • Стандартты ауытқу "n-1" әдісі арқылы есептеп шығарылады.

  • Аргументтер мынадай болуы мүмкін: сандар, құрамында сандары бар аттар, массивтер не сілтемелер, сандардың мәтіндік презентациялары немесе сілтемедегі TRUE және FALSE сияқты логикалық мәндер.

  • TRUE логикалық мәні бар аргументтер 1 деп, ал FALSE логикалық мәні бар аргументтер 0 (нөл) деп есептеледі.

  • Егер аргумент массив немесе сілтеме түрінде болса, сол массивтегі немесе сілтемедегі мәндер ғана пайдаланылады. Массивтегі немесе сілтемедегі бос ұяшықтар мен мәтін мәндері еленбейді.

  • Қате мәндер түріндегі аргументтер немесе санға аударылмайтын мәтін қате туғызады.

  • Егер логикалық мәндер мен сілтемедегі сандардың мәтіндік презентацияларын есептеудің бір бөлігі ретінде қоспау қажет болса, STDEVA функциясы пайдаланылады.

  • STDEVA функциясында келесі формуланы пайдаланады:

    Өрнек

    мұнда, x – үлгінің AVERAGE(1-мән, 2-мән…) орташа мәні және n – үлгі өлшемі.

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

Беріктік

1345

1301

1368

1322

1310

1370

1318

1350

1303

1299

Формула

Сипаттамасы (Нәтижесі)

Нәтиже

=STDEVA(A3:A12)

Барлық құралдардың сынуға беріктігінің стандартты ауытқуы (27,46391572)

27,46391572

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×