SKEW функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен SKEW функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Үлестірімнің асимметриясын береді. Асимметрия үлестірімнің өз орташа мәнінің айналасындағы асимметриялық дәрежесін сипаттайды. Оң асимметрия оң мәндерге қарай созылған асимметрия бар үлестірімді көрсетеді. Теріс асимметрия теріс мәндерге қарай созылған асимметрия бар үлестірімді көрсетеді.

Синтаксис

SKEW(number1, [number2], ...)

SKEW функциясының мынадай аргументтері бар:

  • 1-сан, 2-сан, ...    1-сан міндетті, одан кейінгі сандар міндетті емес. Ассиметрия есептелетін 1 мен 255 аралығындағы аргументтер. Сондай-ақ, үтірлер арқылы бөлінген аргументтердің орнына жалғыз массивті немесе массив сілтемесін пайдалануға болады.

Ескертпелер

  • Аргументтер не сандар немесе атаулар, не массивтер немесе сандарды құрайтын сілтемелер болады.

  • Қисындық мәндер және аргументтер тізіміне тікелей терілетін сандардың мәтіндік көрсетілімі есепке алынады.

  • Егер массив немесе сілтеме аргументі құрамында мәтін, логикалық мәндер немесе бос ұяшықтар болса, ол мәндер еленбейді; дегенмен, нөл мәні бар ұяшықтар қамтылады.

  • Қате мәндер түріндегі аргументтер немесе санға аударылмайтын мәтін қате туғызады.

  • Егер деректер нүктесінің саны үштен аз болса немесе үлгінің орташа ауытқуы нөлге тең болса, SKEW функциясы #DIV/0! қате мәнін береді.

  • Асимметрия теңдеуі былай анықталады:

    Теңдеу

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

3

4

5

2

3

4

5

6

4

7

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=SKEW(A2:A11)

A2:A11 ауқымындағы деректер жиыны үлестірімінің асимметриясы.

0,359543

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×