RSS берілімін қосу

Шынымен қарапайым біріктірілм (RSS) дегеніміз, мазмұн жариялаушыларға жаңалықтар, блогтар және басқа да жазылушылар қатынаса алатындай мазмұндар құрудың жолы. Сіз өзіңіздің таңдаулы RSS берілімдеріңізді жазылу ретінде Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасына қоса аласыз. RSS берілімін қосудың бірнеше жолдары бар.

Бұл мақалада

RSS дегеніміз не?

RSS берілімін Microsoft Windows Internet Explorer 7 арқылы қосу

RSS берілімін Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасының тіркелгі параметрінің тілқатысу терезесі арқылы қоса аласыз.

Электрондық пошта хабарымен келген ортақтаса пайдаланылатын шақырудағы RSS берілімді қосыңыз.

RSS дегеніміз не?

RSS мазмұн жариялаушылары үшін мәліметтерді стандартты пішімде таратудың қолайлы жолы. Стандартталған XML файл пішімі мәліметті бір рет жариялап, содан кейін көптеген әртүрлі,Microsoft Office Outlook 2007 тәрізді бағдарламаларда көрсетуге мүмкіндік береді. RSS мазмұнының жалпыға таныс мысалы деп, жиі жаңартылып отыратын, мәліметтер көзі болып табылатын жаңалықтар тақырыбын айтуға болады.

RSS берілімінің ең тиімділігі - оның көптеген веб-көздеріндегі мазмұндарды бір жерге жинақтай алатындығында. Сізге бұдан былай жаңалықтар, ауа-райы болжамы, блогтар, не басқа мәліметтерді алу үшін әртүрлі веб-тораптарға барудың қажеті жоқ. RSS арқылы мазұнның қысқаша баяндамасы сізге жеткізіледі, содан кейін қай мақаланы оқуды шешсеңіз, сол мақаланы сілтеме арқылы шертіп аша аласыз.

RSS хабары

RSS мазмұнын жеткізетін амал RSS берілімі деген атпен мәлім. RSS берілімдерінің тақырыптар, не бастапқы қайнар көзге бағыттайтын сілтемелерді де қамтитын мазмұнның қысқаша баяндамасынан тұратын миллиондаған түрлері бар. Берілімдердің кез келген түрдегі тіркемелерді қамтуы және толық мазмұннан да тұруы мүмкін. RSS берілімдерінің басқа аттары веб-берілімдері, XML берілімдері, RSS арналары және жинақталған мазмұн.

Жаңа RSS берілімдерін бірнеше жолмен табуыңызға болады. Осы мүмкіндікті ұсынатын веб-тораптарынан келесілерді көруіңіз мүмкін: Түймешік суреті , RSS түймешігі не, XML түймешігі . Кейбір Microsoft Windows Internet Explorer 7 тәрізді веб-шолғыштарда, бұл түймелерді басқан кезде, онымен байланысты берілімге жазылуыңызға болады.

Сонымен қатар, RSS берілімінің URL деген атпен мәлім интернет мекен-жайын Outlook бағдарламасына тура кіргізуіңізге болады.

Кеңес : Қосымша RSS берілімін іздедіңіз бе? Интернетте белгілі RSS берілімдерінің үлкен тізімін қамтитын бірнеше веб-тораптар бар. Бұл тораптар Syndic8.com (Ағылшын тілінде) және Search 4 RSS бөліктерінен тұрады.

Басқа адамдар, жеке RSS сілтемелерін сізбен Outlook арқылы бөлісе алады. RSS берілімін ортақтаса пайдалану ұсынысын алған кезде, берілімді өз RSS берілімдеріңіздің тізіміне автоматты түрде қоса аласыз.

Ескерту : RSS берілімдерінің жинағын қалай импорттау туралы қосымша мәліметтерді, С.с.қараңыз бөлімінен алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

RSS берілімін Microsoft Windows Internet Explorer 7 арқылы қосу

Microsoft Windows Internet Explorer 7 және Office Outlook 2007 бағдарламасын қолданған кезде, RSS берілімдерін осы бағдарламалардың кез келгенінен қосып, не берілімдерді кез келгенінен көрсете аласыз.

  1. RSS мәліметін қамтитын веб-бетті шолғышта ашқан кезде, Түймешік суреті Windows Internet Explorer бағдарламасындағы Түймешік суреті Мекен түймесінің келесі жағынан көрсетіледі.

    RSS арнасының көрсеткіші

  2. Түймешік суреті батырмасын басыңыз.

    Барлық бар RSS берілімдерінің тізімі веб-бетте көрсетіледі.

  3. Қосқыңыз келген RSS берілімін шертіңіз.

    Кеңес : Сонымен қатар, веб-беттегі Түймешік суреті , RSS түймешігі не, XML түймешігі шертуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

RSS берілімін Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасының тіркелгі параметрінің тілқатысу терезесі арқылы қоса аласыз.

  1. Құралдар мәзірінен Тіркелгі параметрлерін таңдаңыз.

  2. RSS берілімдері қойындысынан Жаңа батырмасын басыңыз.

  3. Жаңа RSS берілімі тілқатысу терезесіне RSS берілімінің URL-мекен-жайын жазып, не көшіріп қойыңыз. Мысалы, http://www.example.com/feed/main.xml.

  4. Қосу батырмасын басыңыз.

  5. OK батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Электрондық пошта хабарымен келген ортақтаса пайдаланылатын шақырудағы RSS берілімді қосыңыз.

  1. RSS берілімін ортақтаса пайдаланатын шақыру алған кезде, Бұл RSS берілімін қосу батырмасын басыңыз.

    Электрондық пошта хабарымен келген ортақтаса пайдаланылатын шақырудағы RSS берілімін оқу аймағына қосыңыз.

    Оқу аймағының жоғарғы жағындағы түймені басып, не болмаса, егер хабарды ашсаңыз, Ашу тобындағы Ортақтасу қойындысындағыОсы RSS берілімін қосу батырмасын басыңыз.

    Электрондық пошта хабарымен келген ортақтаса пайдаланылатын шақырудағы RSS берілімін қосу.

  2. OK батырмасын басып, RSS берілімін Office Outlook 2007 бағдарламасына қосуды құптаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×