Publisher 2010 нұсқасындағы басты тапсырмалар

Office 2010 бағдарламасымен жұмысқа кіріскенде Мұнда Microsoft Publisher 2010 нұсқасын пайдалану жолын үйренуге көмектесу үшін орындауға болатын бірнеше басты тапсырмалар берілген.

Бұл мақалада:

Publisher деген не?

Үлгіні тауып, қолдану

Жаңа жарияланым жасау

Жарияланымды ашу

Жарияланымды сақтау

Мәтін ұясын кірістіру

Кескіндерді кірістіру және қиып алу

Суретті кірістіру

Суретті қиып алу

Стандартты блоктарды кірістіру

Жарияланымды басып шығару

Publisher деген не?

Microsoft Publisher 2010 кәсіби үлгідегі жарияланымдарды жылдам әрі оңай жасауға көмектеседі. Publisher бағдарламасымен басып шығару, поштамен жіберу немесе стандартты электрондық хаттарды құрастыру үшін кәсіби маркетингілік және байланыс материалдарын жасауға, құрастыруға және жариялауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Үлгіні тауып, қолдану

Publisher 2010 нұсқасы бекітілген үлгілерді, жеке таңдамалы үлгілерді қолдануға және Office.com торабында қол жетімді түрлі құрастырушы үлгілерінен іздеуге мүмкіндік береді. Office.com торабы көптеген танымал Publisher үлгілерін, оның ішінде жаршылар мен парақшаларды қамтамасыз етеді.

Үлгіні Publisher 2010 нұсқасынан тауып, қолдану үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Файл қойындысындағы Жаңа түймешігін басыңыз.

  2. Пайдалануға болатын үлгілер параметрі астында төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Орнатылып қойған үлгіні пайдалану үшін, Менің үлгілерім тармағын таңдап, қажет үлгіні нұқыңыз да, Жасау түймешігін басыңыз.

    • Publisher бағдарламасында орнатылған дайын үлгілердің бірін пайдалану үшін, Негізгі немесе Қосымша үлгілер астынан қажетті санатты нұқыңыз да, қажетті үлгіні таңдап, Жасау түймешігін басыңыз.

    • Office.com торабындағы үлгіні тауып, қолдану үшін, Негізгі немесе Қосымша үлгілер астынан қажетті санатты нұқыңыз да, қажетті үлгіні таңдап, Қотару түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Сондай-ақ, Excel бағдарламасының ішінен Office.com торабында үлгілерді іздеуге болады. Үлгілерді іздеу жолағында бір немесе бірнеше іздеу шартын теріп, іздеу үшін көрсеткі түймешігін басыңыз.

Үлгіні қолдану туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа кіріскенде - Жарияланымды жасау бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа жарияланым жасау

  1. Файл қойындысын нұқып, Жаңа түймешігін басыңыз.

  2. Пайдалануға болатын үлгілер параметрі астындағы бір бос жарияланым үлгісін нұқып, Жасау түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Қажетті өлшемде бос үлгі болмаса, Қосымша бос бет өлшемдері параметрін таңдаңыз.

Жарияланымды жасау туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа кіріскенде - Жарияланымды жасау бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жарияланымды ашу

  1. Файл қойындысын нұқып, Ашу пәрменін таңдаңыз.

  2. Жарияланымды ашу тілқатысу терезесінің сол жақ бөлігіндегі қажетті файл бар дискіні немесе қалтаны нұқыңыз.

  3. Жарияланымды ашу тілқатысу терезесінің оң жақ бөлігіндегі қажетті жарияланым бар қалтаны ашыңыз.

  4. Қажетті файлды нұқып, Ашу пәрменін таңдаңыз.

Жарияланымды жасау жолы туралы қосымша ақпаратты мына бөлімнен қараңыз:.

Беттің жоғарғы жағы

Жарияланымды сақтау

Әдепкіде Publisher файлды әдепкі жұмыс қалтасында сақтайды. Қажет болса, басқа орынды көрсетуге болады.

  • Файл қойындысын нұқып, Сақтау пәрменін таңдаңыз.

    Ескертулер :  Файлды бірінші рет сақтаған кезде, мына әрекеттерді орындаңыз:

    1. Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Файл атауы жолағына жарияланым атын енгізіңіз.

    2. Сақтау түймешігін басыңыз.

Жарияланымды сақтау жолы туралы қосымша ақпаратты Файлды сақтау бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтін ұясын кірістіру

  1. Кірістіру қойындысындағы Мәтін ұясын салу Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  2. Жарияланымда мәтін ұясының бір бұрышы пайда болатын жерге меңзерді апарып, мәтін ұясының қажетті өлшеміне дейін көлденеңінен созыңыз.

  3. Мәтін ұясының ішінен нұқып, мәтінді теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Кескіндерді кірістіру және қиып алу

Суретті кірістіру

  1. Кірістіру қойындысындағы Суреттер тобынан Сурет түймешігін басыңыз.

  2. Суретті кірістіру тілқатысу терезесінің сол жақ бөлігіндегі қажетті сурет бар қалтаны нұқыңыз.

  3. Суретті кірістіру тілқатысу терезесінің оң жақ бөлігіндегі қажетті сурет бар қалтаны ашыңыз.

  4. Суретті нұқып, Кірістіру түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Суретті қиып алу

  1. Қиып алынатын суретті таңдаңыз.

  2. Суреттермен жұмыс істеу астындағы Пішім қойындысының Қиып алу тобынан Қиып алу түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Суреттермен жұмыс істеу немесе Пішім қойындылары таспада көрінбесе, сурет таңдалғанын тексеріңіз. Пішім қойындысын көрсету үшін, суретті екі рет нұқу қажет.

  3. Қиып алу таңбалауышын жиегіне немесе бұрышына қойыңыз.

  4. Мына әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Бір бүйірін қиып алу үшін, сол бүйірдегі ортаңғы таңбалауышты апарыңыз.

    • Екі бүйірін бірдей қиып алу үшін, CTRL пернесін басып тұрып, ортаңғы таңбалауышты апарыңыз.

    • Төрт жағының барлығын қиып алып, суреттің пропорциясын сақтау үшін CTRL+SHIFT пернелер тіркесімін басып тұрып, ортаңғы таңбалауышты апарыңыз.

Суретті қиып алу жолы туралы қосымша ақпаратты Суреттерді қиып алу бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Стандартты блоктарды кірістіру

Стандартты блоктар мазмұнның қайта пайдаланылатын бөліктері, мысалы, бизнес мәліметтері, тақырыптар, күнтізбелер, жиектер және жиынтықтарда сақталатын хабарландырулар. Publisher 2010 нұсқасында түрлі бекітілген стандартты блоктар бар, солардан таңдауға немесе оларды Office.com торабынан қотарып алуға болады.

Стандартты блоктарды кірістіру үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Бетті шарлау аумағында стандартты блокты кірістіру қажет жарияланымдағы бетті таңдаңыз.

  2. Кірістіру қойындысындағы Стандартты блоктар тобынан тиісті стандартты блоктар жиынтығын нұқыңыз.

  3. Стандартты блокты табу үшін жылжытыңыз немесе Стандартты блоктар кітапханасы тілқатысу терезесін ашу үшін Қосымша <жиынтық аты> параметрін таңдаңыз.

  4. Кірістіру қажет стандартты блокты нұқыңыз.

Стандартты блоктарды пайдалану жолы туралы қосымша ақпаратты Стандартты блоктар бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жарияланымды басып шығару

  1. Файл қойындысын нұқып, Басып шығару пәрменін таңдаңыз.

  2. Басып шығару бөліміндегі Басып шығару тапсырмасының көшірмелері жолағына басып шығарылатын көшірмелер санын енгізіңіз.

  3. Басып шығарғыш бөлімінде дұрыс басып шығарғыштың таңдалғанын тексеріңіз.

    Ескерту :  Әдепкі басып шығарғыш сипаттары автоматты түрде пайда болады.

  4. Параметрлер бөлімінде мына әрекеттерді орындаңыз:

    • Беттердің немесе бөлімдердің дұрыс ауқымы таңдалғанын тексеріңіз.

    • Беттерді параққа шығару пішінін таңдаңыз.

    • Қағаз өлшемін орнатыңыз.

    • Парақтың немесе қағаздың не болмаса екеуінің де бір жағында басып шығару қажеттігін көрсетіңіз.

    • Егер басып шығарғыш түсті басып шығаруды қолдаса, түсті немесе сұр түс реңктерді басып шығарудың бірін таңдаңыз.

  5. Басып шығаруға дайын болған кезде Басып шығару түймешігін басыңыз.

Жарияланымды басып шығару жолы туралы қосымша ақпаратты Басып шығару бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×