Publisher құттықтау картасы арқылы тұтынушылар және достармен хабарласу

Тұтынушыларға рахмет айту және достармен қайта байланысуды қалаған кезіңізде, құттықтау картасы сіз бен олардың арасында жеке қатынастарды нығайту үшін тамаша жол ұсынады.

Microsoft Office Publisher 2007 бағдарламасын пайдалана отырып, нақты қалаған құттықтау картаңызды шығаруыңызға болады. Microsoft Office Publisher бағдарламасында кәсіби деңгейде жасалған жасақтамаларды пайдалана отырып, мыналарды орындауыңызға болады:

  • Арнайы оқиғаға немесе мерекеге мақсатталған жасақтаманы таңдау.

  • Картаның әр бетіне  — хабарлар, суреттер және мекеме ендері сияқты — жеке қатынас қосу.

Осы бөлімде

Алдын ала жасақталған жарияланым мен орналасуды таңдау

Картаны теңшеу

Картаны басып шығару және аяқтау

Microsoft Office Publisher 2007 бағдарламасында жасалған құттықтау картасы

Алдын ала жасақталған жарияланым мен орналасуды таңдау

Құттықтау картасын жаңадан жасасаңыз да, алдын ала жасақталған құттықтау карта жарияланымға қартаңызды негіздеу пайдалы нұсқауларды береді. Алдын ала жасақталған жарияланыммен мыналарды орындауыңызға болады:

  • Аз немесе көп өзгертуге болатын кәсіби жасақтама құрастыру.

  • Басқа компания жарияланымдарын жасауға пайдаланылған Publisher жасақтамасын сәйкестендіру.

  • Алдын ала орнатылған басып шығару параметрлерінің артықшылығын пайдалана отырып, арнайы өндірушінің құттықтау картасы қағазында карталарды оңай басып шығару.

Сонымен қатар үлгіні таңдауда шығармашылыққа жол беріңіз. Мысалы, осы бөлімді көрсетуде туған күн хабарландыруына арналған құттықтау картасының үлгісі Fourth Coffee компаниясына арналған кофе бар ашылуын жариялаудың басталу жері болып табылады.

  1. Publisher бағдарламасын іске қосыңыз, одан кейін Жарияланым түрлері тізімінде Құттықтау картасы параметрін таңдаңыз.

  2. Құттықтау картасы астында Біз көшіп кеттік немесе Арнайы күн сияқты жасақтама тақырыбын нұқыңыз.

  3. Алдын ала жасақталған құттықтау картасы жарияланымдарын айналдыра қараңыз. Ұнатқан біреуін тапқан кезде үлкенірек суретті қарау үшін оны нұқыңыз.

    Егер ұнатпаған жасақтаманы көрмесеңіз, Microsoft Office Online веб-торабында қосымша құттықтау картасы үлгілерін іздеуіңізге болады.

    Қалай?

    Маңызды : Office Online веб-торабында Publisher үлгілерін іздемес бұрын, Интернетке қосылуыңыз қажет.

    1. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

      • Құттықтау картасы каталогында Microsoft Office Online веб-торабынан үлгілерді қарау параметрін таңдап, одан кейін Жағдайлар мен оқиғалар немесе Рахмет сияқты каталогтың тақырыбын нұқыңыз.

      • Үлгілерді іздеу жолағында кілтсөзді теріңіз. Мысалы, құттықтау карталары деп теріңіз. Келесі жолақта Microsoft Office Online веб-торабында параметрін таңдаңыз, одан кейін жасыл Іздеу түймешігін басыңыз.

        Ескерту : Үлгілерді іздеу жолағы Құттықтау карталары тақырыбының үстінде орналасқан.

    2. Қалаған үлгіңізді нұқыңыз.

  4. Теңшеу және Параметрлер астында жарияланымды ашпас бұрын көптеген жасақтама элементтерін өзгертуіңізге болады. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    1. Теңшеу астында қалаған түстер және қаріп схемасын нұқыңыз.

    2. Теңшеу астында іскери ақпарат жиынын нұқыңыз немесе жаңасын жасаңыз.

    3. Параметрлер астында Жарты беттік бүйір бүктеме немесе Ширек бетті үстіңгі бүктеме сияқты қалаған бет өлшемін таңдаңыз.

    4. Параметрлер астында қалаған орналасуды таңдаңыз.

      Ескертулер : 

      • Office Online веб-торабынан қотарылған үлгіні пайдалансаңыз, жарияланымды ашқанға дейін жасақтаманы теңшей алмайсыз.

      • Көптеген Рахмет жасақтамалары сияқты кейбір бүйір бүктеме карталары мен үстіңгі бүктеме карталарының барлығы тек бір орналасу параметріне теңшелген. Егер осы жасақтамалардың біреуін таңдасаңыз, балама бет өлшемі мен орналасу параметрлері қатынаусыз болады.

  5. Жасау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Картаны теңшеу

Орналасу мен бүктеу мәнерін пайдалана отырып, алдын ала жасақталған құттықтау картасын жасағаннан кейін, картаны теңшеуге дайын боласыз. Төмендегі тапсырмалардың кез келгенің орындаңыз:

Кеңес : Жасақтама элементтерімен жұмыс істеу кезінде, құттықтау картасының барлық бетіне әр таңдаудың қалай әсер ететінін тексеріңіз. Беттер арасында жылжу үшін терезенің астында бет сұрыптағыштағы нөмірленген бетті нұқыңыз.

Жалпы жасақтаманы өзгерту

Жарияланымды толық ауқымда көрген кезде, толық жарияланымға әсер ететін өзгертулер жасауыңызға болады. Мысалы, басқа түстер немесе қаріп схемаларын қолданып көруді, беттің өлшемін өзгеруді немесе бастаған кезде іскери ақпарат кірістірілмесе оны кірістіруді қалауыңыз мүмкін. Осындай өзгертулерді кез келген уақытта жасауыңызға болады, бірақ оны мәтін мен суреттерді кірістірместен бұрын жасағаныңыз жөн.

Төмендегілердің бірін орындаңыз:

  • Басқа түстер схемасын қолданып көру үшін Жарияланымды пішімдеу тапсырмалар аймағында Түстер схемасы түймешігін басып, одан кейін қалаған түстер схемасын нұқыңыз.

  • Басқа қаріп схемасын қолдану үшін Жарияланымды пішімдеу тапсырмалар аймағында Қаріп схемасы түймешігін басып, одан кейін қалаған қаріп схемасын нұқыңыз. Қаріп схемасын қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін Қаріп схемасын қолдану бөлімін қараңыз.

  • Бет өлшемін өзгерту үшін Жарияланымды пішімдеу тапсырмалар аймағында Құттықтау картасы параметрлері параметрін таңдаңыз, Бет өлшемін өзгерту түймешігін басыңыз, одан кейін Бет параметрлері тілқатысу терезесінде жаңа бет өлшемін таңдаңыз.

    Көптеген алдын ала жасақталған құттықтау карталары ширек беттерге бүктелетін хаттық өлшемдегі қағазда басып шығарылатындай етіп пішімделеді. Жарты хаттық өлшемдегі қағаздың екі бетінде басып шығарғыңыз келуіңіз мүмкін.

    Бет өлшемін жарты хаттық өлшемге қалай өзгертемін?

    1. Бет параметрлері тілқатысу терезесіндегі Құттықтау карталары астында Теңшелетін бет өлшемін жасау параметрін таңдаңыз.

    2. Теңшелетін бет өлшемі тілқатысу терезесінде теңшелетін бет өлшемінің атауын теріңіз. Мысалы, Жарты хаттық өлшем деп теріңіз.

    3. Бет астында енді 4.25" мәніне, ал биіктікті 5.5" етіп өзгертіңіз.

    4. Параметрлер астында Парақ бүктемесі тізімінде Жарты беттік бүйір бүктеме параметрін таңдаңыз.

    5. Алдын ала қарау астында бет пен парақ өлшемдерінің қалағаныңыздай пішімделгенін тексеріңіз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

    Қосымша ақпарат алу үшін Бет өлшемін, қағаз өлшемін немесе бағытын өзгерту бөлімін қараңыз.

  • Іскери ақпарат кірістіру үшін Кірістіру мәзірінде Іскери ақпарат параметрін таңдаңыз, одан кейін қалаған элементті Іскери ақпарат тапсырмалар аймағынан жарияланым бетіне апарыңыз.

    Іскери ақпаратты өзгерту үшін Іскери ақпарат тапсырмалар аймағында Іскери ақпаратты өзгерту параметрін таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Іскери ақпарат деректерін жасау, өзгерту немесе жою бөлімін қараңыз.

Суреттермен жұмыс істеу

Суреттермен жұмыс істеу туралы қосымша ақпарат алу үшін Суреттермен жұмыс істеу бойынша кеңестер бөлімін қараңыз.

Толтырғыш суреттерді жеке суреттеріңізбен ауыстыру

  1. Толтырғыш суретті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірде Суретті өзгерту пәрменін таңдаңыз, одан кейін жаңа суреттің қайнар көзін таңдаңыз.

    Толтырғыш суретті өзгерту

    Кеңес : Тінтуірдің оң жақ түймешігін басқандаСурет өзгерту пәрмені көрінбесе, толтырғыш суретті суреттің жақтауын қоршаған ақ шеңберлер көрінгенше нұқыңыз. Суретті x мәні бар сұр шеңберлер көрінгенше қайта нұқып, одан кейін суретті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Жарияланымдағы басқа суреттер үшін қажетінше қайталаңыз.

Жаңа сурет қосу

  1. Кірістіру мәзірінде Сурет тармағын көрсетіп, одан кейін жаңа суреттің қайнар көзін таңдаңыз.

  2. Төмендегілердің кез келгенін орындаңыз:

    • Суретті қайта орналастыру үшін оны созыңыз.

    • Суреттің өлшемін өзгерту үшін меңзерді бұрыш таңбалауыштарының біріне қойып, оны созыңыз.

    • Суреттің түсін өзгерту үшін оны тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірде Суретті пішімдеу пәрменін таңдаңыз, Сурет қойындысын нұқып, одан кейін Қайта бояу түймешігін басыңыз.

      Кеңес : Егер мекеме енін қамтитын іскери ақпарат жиынын жасап қойған болсаңыз, мекеме енін құттықтау картасына жылдам қосуыңызға болады. Кірістірумәзірінде Іскери ақпарат параметрін көрсетіп, Іскери ақпарат тапсырмалар аймағында Мекеме ені түймешігін екі рет басыңыз.

Мәтінмен жұмыс істеу

Мәтінмен жұмыс істеу туралы қосымша ақпарат алу үшін Publisher бағдарламасындағы бетте мәтін алу бөлімін қараңыз.

Толтырғыш мәтіндерді жеке хабарларыңызбен ауыстыру

Егер іскери ақпарат жиынын жасап қойған болсаңыз, істес кісі ақпаратыңыз бен мекеме ені автоматты түрде кейбір толтырғыш мәтіндерді ауыстырады.

Ескерту : Office Online веб-торабынан қотарылған үлгілердегі толтырғыш мәтінді іскери ақпарат автоматты түрде ауыстырмайды. Толтырғыш атауларды, мекенжайларды, мекеме ендерін іскери ақпаратыңызбен ауыстыру үшін және компания атауы немесе мекенжайы сияқты іскери ақпарат элементі үшін смарт тег түймешігін Түймешік суреті , одан кейін Іскери ақпарат жиынынан жаңарту түймешегін басыңыз.(Смарт тег түймешігі мәтінді немесе мекеме енін нұқығанда пайда болады.)

  1. Толтырғыш мәтінді бөлектеп, одан кейін теріңіз.

  2. Мәтіннің өлшемін лайықтаңыз. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Басқа мәтін ұяларына қосылмаған мәтін ұясында автоматты түрде мәтіннің іріктелуін болдырмау үшін мәтін ұясын нұқыңыз, Пішім мәзірінде Мәтінді автоіріктеу пәрменін көрсетіп, одан кейін Автоіріктемеу түймешігін басыңыз.

    • Қаріптің өлшемін қолмен өзгерту үшін мәтінді бөлектеп, құралдар тақтасындағы Қаріп өлшемі тізімінен жаңа қаріп өлшемін таңдаңыз.

Жаңа мәтін қосу

  1. Кірістіру мәзірінде Мәтін ұясы параметрін таңдаңыз.

  2. Картада мәтін бұрышының пайда болуы қажет жерді көрсетіңіз, одан кейін қалаған өлшемге келгенше қиясызығынан созыңыз. Ұяның ішін нұқыңыз да, мәтінді теріңіз.

Толтырғыш мәтінді өлеңмен ауыстыру

  1. Құттықтау картасы параметрлері тапсырмалар аймағындағы Ұсынылған өлең астында Ұсынылған өлеңді таңдау пәрменін таңдаңыз.

  2. Санат астында қажет хабар санатын нұқыңыз. Қатынаулы хабарлар астында қалаған хабарды нұқыңыз, оң жақта хабардың екі бөлігін алдын ала қарап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Картаны жекелендіру

Әр алушыға жекелендіру арқылы картаңызды әрі қарай теңшеуіңізге болады. Біріктіруді қолдану арқылы әр картаны ерекше ететін жеке құттықтау картасы сияқты алушының атын және мекенжайын қосуыңызға болады. Жарияланымды жекелендіру мақсатында біріктіруді пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін Жарияланымды жекелендіру бойынша кеңестер бөлімін қараңыз. Біріктіру негіздері үшін Біріктіруді жасау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Картаны басып шығару және аяқтау

Құттықтау карталары Publisher бағдарламасында қағаздың арнайы өлшемінде басып шығарылатындай етіп теңшелуі қажет. Мысалы, хаттық өлшемді бетке өлшенген жасақтаманы таңдасаңыз, картаны басып шығарғаннан кейін қағазда екі бүктеме жасауыңыз керек.

Төрт тақталы құттықтау картасына әшекейді бүктеу

1. Картаны басып шығардан бұрын оны алдын ала қараған кезде, ол 1-қадамға ұқсайды.

2. Карта бүктелмес бұрын түрлі түсті басып шығарғышта басып шығарылған кезде, ол 2-қадамға ұқсайды.

3. 3-қадамда картаны жартысынан үстіне қарай бүктейсіз.

4. 4-қадамда картаны бір жағынан екінші жағына бүктейсіз.

Картаны басып шығару

  1. Құттықтау картасы сіз қалаған көрініске ие болғанда, файлды сақтаңыз.

  2. Файл мәзіріндегі Басып шығару пәрменін таңдап, одан кейін Жарияланым және қағаз параметрлері қойындысын нұқыңыз.

  3. Басып шығару параметрлері астында Бүйір бүктеме, ширек бет, Бүйір бүктеме, жарты бет немесе Кітапша, бүйір бүктеме сияқты сәйкес пішімнің таңдалғанын тексеріңіз.

    Ескерту : Бұл параметрлер жарияланым бетінің өлшемі жарияланым басып шығарылуына теңшелген беттен кіші болғанда ғана қатынаулы болады.

  4. Басып шығарылған бетте жарияланымның қалай болатынын көру үшін Алдын ала қарап алу түймешігін басыңыз. Одан кейін басып шығару алдында қажетті реттеулерді жасауыңызға болады.

  5. Басып шығару параметрлеріне көшірменің саны сияқты өзгертулер жасаңыз, одан кейін Басып шығару түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Сатып алу қағазы құттықтау картасына арнайы өндіруші арқылы жасақталған. Әдетте бұл бумаларда хатқалталар болады. Өндірушінің бұйымын немесе қымбат қағаздарды басып шығару алдында жарияланымның дұрыс басып шығаратынын тексеру үшін бір немесе екі тексеру қағазын басып шығарыңыз.


Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×