Publisher веб-торабын дайындау, жариялау және сақтау

Microsoft Office Publisher 2007 бағдарламасында веб-жарияланымын жоспарлап, жасағаннан кейін, оны вебте, желі серверіне немесе жеке компьютеріңіздің ортақ қалтасына жариялауыңызға болады. Тағайындау қандай болса да, Publisher бағдарламасы веб-жарияланымынан сүзгіленген HTML файлдарын жасайды. Бұл HTML файлдарын Windows Internet Explorer сияқты веб-шолғышта ашып, оқуыңызға болады.

Шарлау тақтасы, мәтіні және сызбасы бар веб-жарияланымы

Осы мақалада

Бұл мақала веб-жарияланымын HTML файлдары түрінде жасауға және жариялауға, сондай-ақ веб-жарияланымын өңдеу және оны қайта жариялау арқылы веб-торабыңызды жаңартуға арналған іс рәсімдерін қамтиды.

Веб-торапты дайындау

Веб-торапты жариялау

Веб-торапты сақтау

Веб-торапты дайындау

Веб-торап сіздің, бизнесіңіздің және іскери сауда белгіңіздің кеңейтімі болып табылады. Веб-торапты жасамастан бұрын, оны жоспарлап алыңыз. Оны орындау бойынша анықтама алу үшін Веб-торапты жоспарлау мақаласын қараңыз.

Ең жақсы құрал қандай?

Торабыңыз бен ол беретін ақпаратты жоспарлау барысында, қандай жасақтау құралының қажеттіліктеріңізге сай екенін талдап алыңыз. Office Publisher 2007 бағдарламасы — іскери сауда белгісіне сай келетін және мәтін мен сызбаларды ғана тексеруді талап ететін қарапайым, тұрақты веб-тораптарды жылдам құрғанда, жариялағанда және реттегенде пайдаланылатын тамаша жасақтау құралы. Office Publisher 2007 бағдарламасы төмендегі жағдайларда лайықты құрал емес:

  • Егер, келушілер веб-журналында (блогта) жауап беру немесе дүкен арбасындағы элементтерді сатып алу мүмкіндігіне ие болатындай, веб-торабыңызға көзбе-көз белсенділік немесе дерекқорға жинақталған мазмұн қажет болса

  • Егер, веб-торабыңыз несиелік карта нөмірлері сияқты деректерді тексеруді қажет етсе

  • Веб-тораптарын жасау үшін HTML, XML тілі (XML) және VML тілі (VML) кодтарын біріктіретін Office Publisher 2007 бағдарламасында веб-торабын жасағаннан кейін, HTML өңдегішінде өңделмеген HTML кодын кейінірек өзгертуді жоспарласаңыз

Негізгі веб-орналастыру және Интернетте торап жасақтау үшін Microsoft Office Live қызметі сізге лайықты құрал болуы мүмкін. Ақпарат алу үшін Microsoft Office Live (Ағылшын тілінде) веб-торабына өтіңіз.

Көзбе-көз белсенді веб-тораптар үшін, Microsoft Expression Web торабы деректерге толы, стандарттарға негізделген веб-тораптарды шығаруға арналған құралдармен қамтамасыз етеді. Ақпарат алу үшін Microsoft Expression Web (Ағылшын тілінде) торабына өтіңіз.

Веб-торапты жасау

Office Publisher 2007 бағдарламасында жаңа веб-жарияланымын жасауыңызға болады. Егер сізде веб жарияланымы жоқ веб-тораппен жұмыс істегіңіз келсе, жарияланған веб-беттеріндегі мазмұнды, веб-торапты веб жарияланымы ретінде қайта жасайтын, жаңа веб-жарияланымына көшіріп, қоюыңызға немесе HTML өңдеу құралын пайдалануыңызға болады.

  1. Файл мәзірінде Жаңа пәрменін таңдаңыз.

  2. Жарияланым түрлері тізімінде Веб-тораптар параметрін таңдаңыз.

  3. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Торап мақсаттарыңызға негізделген таңдамалы веб-торапты жасау үшін Параметрлер тапсырмалар аймағындағы Оңай веб-шеберін пайдалану параметрінің таңдалғандығын тексеріп, қажетті жасақтаманы нұқыңыз.

    • Веб-торапты жаңадан жасау үшін Веб-тораптар астындағы Бос өлшемдер түймешігін басып, одан кейін қажетті өлшемді таңдаңыз.

  4. Жасау түймешігін басыңыз.

  5. Егер Оңай веб-шеберін пайдалануды таңдаған болсаңыз, Оңай веб-торап құрастырушы тілқатысу терезесінен қажетті параметрлерді таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

  6. Мазмұнды жарияланымыңызға қосып, қажетті өзгертулерді енгізіңіз.

    Кеңес : Нысандарды веб-жарияланымының басты беттеріне орналастырмаңыз. Office Publisher 2007 басты беттеріне орналастырылатын нысандар кейбір веб-шолғыштарда қаралғанда дұрыс бейнеленбейді.

Веб-жарияланымын тексеру

Веб-жарияланымын жарияламастан бұрын, тораптың ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын және туындауы мүмкін барлық ықтимал мәселелердің шешілгендігін тексеріңіз.

Жасақтама тексергішін пайдаланып, торабыңызды алдын ала қарау арқылы ақаулықтарды іздеуіңізге болады.

Ақаулықтарды табу және анықтау үшін Жасақтама тексергішін пайдалану

Жасақтама тексергіші — ықтимал ақаулықтарды табуға арналған қуатты құрал. Оның көптеген тексеру жұмыстары негізгі пішімдеу мәселелеріне арналған. Дегенмен, кейбір тексеру жұмыстары веб-жарияланымдарына әсер етуі мүмкін мәселелерге арналған. Жасақтама тексергішін қосу үшін төмендегілерді орындаңыз:

  1. Құралдар мәзірінде Жасақтама тексергіші параметрін таңдаңыз.

  2. Жасақтама тексергіші тапсырмалар аймағында Жалпы жасақтама тексерулерін іске қосу және Веб-торап тексерулерін іске қосу параметрлеріне құсбелгіні қойыңыз.

    Ескерту : Кәсіби баспа тексерулерін іске қосу параметрлеріне құсбелгінің қойылмағандығын тексеріңіз.

  3. Жасақтама тексергіші тапсырмалар аймағында Түзетілетін элементті таңдау тармағы астында түзету қажет элементтің жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Элементке қатысты ақаулықты автоматты түрде түзету үшін Автоматты түзету түймешігін басыңыз.

      Автоматты түзету ақаулыққа қарай әр түрлі болады. Көп жағдайда автоматты түзету қатынаулы болмайды.

    • Таңдалған ақаулығы бар элемент орналасқан бетке өту үшін Осы элементке өту түймешігін басыңыз.

      Одан кейін, қажетті өзгертулерді енгізу арқылы ақаулықты түзетуіңізге болады.

    • Ақаулықты толығырақ түсіндіретін және оны түзету әдісі туралы ұсыныстарды беретін «Анықтама» бөлімін ашу үшін Түсіндіру түймешігін басыңыз.

    • Тексеруді өшіру үшін Ешқашан бұл тексеруді іске қоспау түймешігін басыңыз.

      Бұл параметрді таңдау ақаулықтың барлық даналарына әсер етеді.

Веб-торапты алдын ала қарау

  • Файл мәзірінде Веб-бетті алдын ала қарау түймешігін басыңыз.

Веб-торап әдепкі шолғышыңызда алдын ала көрсетіледі. Төмендегілер үшін алдын ала қарауды тексеріңіз:

  • Торап ашылып, барлық беттер қатынаулы болады.

  • Барлық еренсілтемелер ойдағыдай жұмыс істейді.

  • Шарлау басқару элементтері ойдағыдай жұмыс істейді.

  • Барлық элементтер түгел.

  • Кез келген өң дыбыстары ойдағыдай ойнайды.

Веб-орналастыру қызметін табу

Вебте веб-торапты жарияламас бұрын, сізге ISP арқылы берілетін веб-орналастыру қызметіне жазылу керек. Бұл қызмет, адамдар веб-торабыңызға қатынай алуы үшін, сізді Интернетке қатынаспен, веб-серверінде сақтау орнымен және Бірыңғай ресурс көрсеткіші (URL) қамтамасыз етеді. Веб-торапты жарияламастан бұрын қажетті ақпаратты және веб-торабының URL-мекенжайын немесе файлдар сақтауыңызға FTP торабының мекенжайын алу үшін ISP немесе жүйе әкімшісімен хабарласыңыз.

Бәлкім, аймағыңызда бірнеше ISP провайдерлері бар. Жазылатын ISP провайдерінің қажетті қолдау түрін ұсынатындығын тексеріңіз. Егер вебке жариялауда тәжірибеңіз аз болса, сізге кез келген ықтимал мәселелер кезінде көмектесе алатын ISP провайдері қажет болуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Веб-торапты жариялау

Веб-жарияланымын тексеріп, алдын ала қарағаннан кейін және веб-орналастыру қызметіне жазылғаннан кейін, веб-торапты жариялауға дайын боласыз.

Веб торапты Веб сервер, желі серверіне, FTP серверіне немесе жеке компьютеріңіздегі қалтаға жариялауыңызға болады.

Торабыңызды компьютеріңіздегі орынға жариялау бірнеше мақсатта керек болуы мүмкін:

  • Файлдарды вебте қатынаулы етпестен бұрын, веб-торапты тексеру үшін жарияланған файлдарды пайдалануыңызға болады.

  • Файлдарды компьютеріңіздегі файл орнынан кері қотару арқылы оларды вебке жариялау үшін FTP қызметін пайдалануыңызға болады.

  • HTML файлдарының жергілікті көшірмесі мен веб-жарияланымын сақтайсыз.

Сіздің ISP провайдеріңіз сізге лайықты жариялау әдісін таңдауға көмектесетін ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

Интернетке немесе компьютеріңізге жариялағаныңызға қарамастан, Office Publisher 2007 бағдарламасы өзі жасайтын барлық қатысты файлдарды бір қалтаға жинайды. Office Publisher 2007 бағдарламасы жасайтын файлдар торабыңызды құрайтын басқа HTML беттерін, беттерде пайдаланылатын GIF және JPEG сызбалары мен ендірілген дыбыстарға арналған кез келген файлдарды қамтиды.

Веб-торабыңыз екі жолдың біреуімен жарияланатын қалтадағы осы файлдарды ұйымдастыру үшін Office Publisher 2007 бағдарламасын теңшеуіңізге болады. Әдепкіде, Office Publisher 2007 бағдарламасы бір өзіндік бетті және веб-торапқа қажетті барлық қолдаушы файлдары бар ішкі қалтаны жасайды. Немесе өзіндік бетті веб-торабыңызға арналған барлық қолдаушы файлдармен бірге бір қалтада ұйымдастыруыңызға болады.

Мен Office Publisher 2007 бағдарламасы жариялайтын веб-торабы файлдарын ұйымдастыратын жерді қалай басқарамын?

Құралдар мәзіріндегі Параметрлер пәрменін таңдап, Веб қойындысын нұқыңыз, одан кейін төмендегілердің біреуін орындаңыз:

  • Өзіндік бетті қолдаушы файлдардан бөлектеу үшін Қолдаушы файлдарды бір қалтада ұйымдастыру параметріне құсбелгіні қойыңыз.

  • Өзіндік бет пен барлық қолдаушы файлдарды бірдей қалтаға топтау үшін Қолдаушы файлдарды бір қалтада ұйымдастыру параметрінен құсбелгіні алыңыз.

Жарияланымды вебке жариялағаныңызда, Office Publisher 2007 бағдарламасы сүзгіленбеген HTML файлдарына қарағанда вебте жылдам таралатын сүзгіленген HTML файлдарын жасайды. Себебі Office Publisher 2007 бағдарламасы жасайтын сүзгіленген HTML файлдарында Microsoft Office жүйесіне тән арнайы тегтер болмайды, сондықтан HTML файлдарын Office Publisher 2007 бағдарламасында ашу және өңдеу мүмкін емес. Веб-жарияланымдағы веб-торабыңызға өзгертулер енгізіп, торапты вебке қайта жариялауыңыз керек.

Веб-торапты Интернеттегі немесе желідегі орынға жариялау

Осы іс рәсімін орындамастан бұрын, жариялауға қажетті ақпаратты және файлдарды сақтауыңызға болатын веб-торабының URL-мекенжайын алу үшін ISP немесе желі әкімшісімен хабарласыңыз.

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Вебке жариялау тілқатысу терезесінің Файл атауы жолағына веб-торапты сақтағыңыз келген веб немесе желі серверінің URL-мекенжайын енгізіңіз. Мысалы, http://www.northwindtraders.com мекенжайын теріңіз.

  3. Сақтау түймешігін басыңыз.

  4. Шақырылсаңыз, пайдаланушы атыңыз бен құпиясөзіңізді енгізіп, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

    URL-мекенжайымен байланысты каталог Вебке жариялау тілқатысу терезесінде пайда болады.

  5. Веб-торабыңызды сақтағыңыз келетін қалтаны екі рет нұқыңыз.

  6. Файл атауы жолағында өзіндік бетке арналған әдепкі атау ретінде index дегенді таңдап, одан кейін Сақтау түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Index.htm әдепкі таңдау болып табылады. Index дегенді өзіндік беттің атауы ретінде таңдау қатынасуды жеңілдетіп, пайдаланушылардың веб-торабыңызды құрайтын файлдар тізімін көруіне жол бермейді.

  7. Шақырылған кезде, OK түймешігін басыңыз.

Веб-торапты FTP тілдесу тәсілі арқылы жариялау

Осы іс рәсімін орындамастан бұрын FTP торабына жариялауға қажетті ақпаратты алу үшін ISP немесе жүйе әкімшісімен хабарласыңыз. Сондай-ақ, FTP орындары ішінде FTP торабын жасауыңыз қажет.

Қалай?

FTP торабын FTP орындары ішіндегі тізімге қоспай тұрып, Интернетке немесе интражеліге қатынасыңыз болуы керек.

Windows Vista жүйесінде

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Вебке жариялау тілқатысу терезесінде Құралдар параметрін таңдап, одан кейін Желілік дискіні құрылымдау түймешігін басыңыз.

  3. Желілік дискіні құрылымдау тілқатысу терезесінде төмендегілерді орындаңыз:

    • Дискі тізімінде дискі әрпін таңдаңыз. Кез келген қатынаулы әріпті таңдауыңызға болады.

    • Компьютерге кірген сайын қосылу үшін Кіргенде қайта қосылу параметріне құсбелгіні қойыңыз.

    • Құжаттарыңыз бен суреттеріңізді сақтау үшін пайдаланылатын веб-торапқа қосылу түймешігін басыңыз.

  4. Желі орнын қосу шеберінде Келесі түймешігін басып, Таңдамалы желі орнын таңдау параметрін таңдаңыз, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Интернет немесе желі мекенжай жолағына FTP торабының мекенжайын теріңіз (мысалы, ftp://ftp.microsoft.com мекенжайын теріңіз), одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер желілік дискіге немесе қалтаға қосыла алмасаңыз, компьютер өшірілген болуы немесе сізде тиісті рұқсаттар болмауы мүмкін. Егер қосыла алмасаңыз, желі әкімшісімен немесе ISP провайдерімен хабарласыңыз.

  6. Егер қол қоюсыз кіргіңіз келмесе, Қол қоюсыз кіру параметрінен құсбелгіні алып, пайдаланушы атын Пайдаланушы аты жолағына теріңіз, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

  7. Осы желі орнына арналған атты теріп, Келесі түймешігін басыңыз.

  8. Аяқтау түймешігін басыңыз.

Microsoft Windows XP жүйесінде

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Сақтау орны тізімінде көрсеткіні нұқып, одан кейін FTP орындары түймешігін басыңыз.

  3. FTP орындарын қосу/өзгерту түймешігін екі басыңыз.

  4. FTP торабының аты жолағына FTP торабының атын теріңіз. Мысалы, ftp.microsoft.com деп теріңіз.

  5. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Егер қол қоюсыз кіруге мүмкіндік беретін FTP торабына кіргіңіз келсе, Басқаша кіру тармағы астындағы Қол қоюсыз түймешігін басыңыз.

    • Егер пайдаланушы рұқсаттарыңыз бар FTP торабына кіргіңіз келсе, Басқаша кіру тармағы астындағы Пайдаланушы түймешігін басып, одан кейін құпиясөзіңізді Құпиясөз жолағына теріңіз.

  6. Қосу түймешігін басыңыз.

  7. OK түймешігін басыңыз.

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Сақтау тізімінде FTP орындары түймешігін басыңыз.

  3. FTP тораптарының тізімінде қажетті торапты, одан кейін веб-торапты жариялағыңыз келген қалтаны екі рет нұқыңыз.

    Ескерту : Егер ISP провайдеріңіз веб-торабыңызды кері қотару үшін сізден арнайы бағдарламаны пайдалануды талап етсе немесе сіз веб-торабыңызды бірлескен интражеліге жарияласаңыз, сізге веб-торабыңыздың нұсқасын арнайы HTML файл пішімінде сақтау және веб-торапты жариялауға басқа іс рәсімін орындау керек болуы мүмкін. Веб-торапты сақтау және жариялау әдісі туралы ақпарат алу үшін ISP провайдеріңізден немесе жүйе әкімшіңізден сұраңыз.

Веб-торапты компьютеріңіздегі қалтаға жариялау

Windows Vista жүйесінде

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Мекенжай жолағындағы Құжаттар қалтасы сияқты веб-торапты жариялағыңыз келген дискіні немесе қалтаны нұқыңыз.

    Ескерту : Егер веб-торабыңызды жаңа қалтаға қосқыңыз келсе, жаңа қалта жасау үшін құралдар тақтасындағы Жаңа қалта түймешігін басып, жаңа қалтаның атауын теріңіз, одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

  3. Файл атауы жолағында index дегенді өзіндік бетке арналған әдепкі атау ретінде таңдаңыз, одан кейін Сақтау түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Index.htm әдепкі таңдау болып табылады. Index дегенді өзіндік беттің атауы ретінде таңдау қатынасуды жеңілдетіп, пайдаланушылардың веб-торабыңызды құрайтын файлдар тізімін көруіне жол бермейді.

Windows XP жүйесінде

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Сақтау тізіміндегі Менің құжаттарым қалтасы сияқты веб-торапты жариялағыңыз келген дискіні немесе қалтаны нұқыңыз.

    Ескерту : Егер веб-торабыңызды жаңа қалтаға қосқыңыз келсе, жаңа қалтаны қосқыңыз келген жерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, жаңа қалта жасау үшін Жаңа параметрін, Қалта пәрменін таңдаңыз да, жаңа қалтаның атауын Атау жолағына теріңіз, одан кейін Ашу түймешігін басыңыз.

  3. Файл атауы жолағында index дегенді өзіндік бетке арналған әдепкі атау ретінде таңдаңыз, одан кейін Сақтау түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Index.htm әдепкі таңдау болып табылады. Index дегенді өзіндік беттің атауы ретінде таңдау қатынасуды жеңілдетіп, пайдаланушылардың веб-торабыңызды құрайтын файлдар тізімін көруіне жол бермейді.

Беттің жоғарғы жағы

Веб-торапты сақтау

Веб-торабыңызды жариялағаннан кейін, жаңа ақпаратты көрсету үшін оны қажетінше жаңартуыңызға болады. Дегенмен, сүзгіленген HTML файлдарын Publisher бағдарламасында аша алмайсыз. Сізге бастапқы веб-жарияланымын ашып, қажетті өзгертулерді енгізіп, одан кейін торабыңызды вебке қайта жариялау керек.

Ескерту : Сізге сүзгіленген HTML файлдарын Microsoft Notepad немесе Microsoft WordPad сияқты мәтін өңдегіш арқылы жаңартып көрудің қажеті жоқ. Оны орындау мүмкін болғанымен, Publisher бағдарламасымен құрылған HTML файлы өте күрделі, сондықтан оны қолмен өңдеу сізге қиын соғады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әрқашан Publisher веб-торабын веб-жарияланымы арқылы жаңартып, оны вебке қайта жариялаңыз.

Өзгертілгенді ғана жариялау

Office Publisher 2007 бағдарламасында жаңартуларды жарияланып қойған веб-торабына жаңартылған беттерді ғана жариялайтын, үстеме жарияланым арқылы жылдам жариялауыңызға болады. Егер веб-торапты жиі жаңартуды жоспарласаңыз немесе веб-торап үлкен әрі күрделі болса, үстеме жарияланым веб-торапты жаңарту тапсырмасын жеделдете алады.

Егер Office Publisher 2007 бағдарламасынан тыс Веб сервер веб-торапқа өзгертулерді тікелей енгізсеңіз, дегенмен, үстеме жарияланымды қосу Вебке жариялау пәрмені арқылы веб-торапқа кейінгі жаңартуларды жариялауыңызға жол бермеуі мүмкін. Егер тікелей веб-серверіндегі (бөлек FTP бағдарламасы сияқты) веб-торабының файлдарын басқаруды жоспарласаңыз, сізге үстеме жарияланымды өшіру керек.

Ескерту : Үстеме жарияланым Publisher бағдарламасында әдепкі бойынша қосылады.

Үстеме жарияланымды қосу немесе өшіру

  1. Құралдар мәзірінде Параметрлер пәрменін таңдап, одан кейін Веб қойындысын нұқыңыз.

  2. Сақталуда тармағы астында төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Үстеме жарияланымды өшіру үшін Үстеме жарияланымды қосу параметрінен құсбелгіні алыңыз.

    • Үстеме жарияланымды қосу үшін Үстеме жарияланымды қосу параметріне құсбелгіні қойыңыз.

Веб-тораптың өзгертулерін жариялау

Веб-тораптың жаңартуларын жариялау веб-торапты бірінші рет жариялағаннан аздап ерекшеленеді. Веб-торапты вебтегі немесе желідегі орынға жариялағаннан кейін, веб-серверінің немесе желі серверінің ені «Менің желілік орындарым» ішінде пайда болады.

Windows Vista жүйесінде

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау пәрменін таңдаңыз.

  2. Вебке жариялау тілқатысу терезесінің шарлау аумағында Компьютер түймешігін басыңыз.

  3. Файлдар тізімінде веб-торап жарияланған веб-серверіндегі немесе желі серверіндегі қалта енін екі рет нұқыңыз.

  4. Файлды сақтағыңыз келетін қалтаны екі нұқыңыз.

  5. Файл атауы жолағында жаңартылатын файлдың атын теріңіз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Windows XP жүйесінде

  1. Файл мәзірінде Вебке жариялау пәрменін таңдаңыз.

  2. Вебке жариялау тілқатысу терезесінде Менің желілік орындарым түймешігін басыңыз.

  3. Веб-торап жарияланған веб-серверіндегі немесе желі серверіндегі қалта енін екі рет нұқыңыз.

  4. Файлды сақтағыңыз келетін қалтаны екі рет нұқыңыз.

  5. Файл атауы жолағында жаңартылатын файлдың атын теріңіз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×