PowerPoint 2007 бағдарламасының слайдтар мазмұнын ортақтасу және қайта пайдалану

Маңызды : Слайдтар жинағында слайдтарды сақтап ұстау, ортақтасу және қайта пайдалану үшін компьютеріңізде Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасы орнатылып, Microsoft Office SharePoint Server 2007 бағдарламасына негізделген серверге байланысқан болуы қажет. Компьютеріңіздің Office SharePoint Server 2007 серверіне қосылғанын, не қосылмағынан білмесеңіз, сервер әкімшіңізге хабарласыңыз.

Осы мақалада

Слайдтар мазмұнын ортақтасуға және қайта пайдалануға шолу

Слайдты Слайдтар жинағында жариялау

Слайдтар жинағынан слайдтарды көрмеңізге қосу

Слайдтар жинағынан қосылатын слайдтарға өзгертулерді енгізуді тексеру

Слайдтар мазмұнын ортақтасуға және қайта пайдалануға шолу

Office PowerPoint 2007 бағдарламасы сізге Office SharePoint Server 2007 бағдарламасына негізделген сервердегі Слайдтар жинағында арнайы слайдтарды сақтап ұстау арқылы слайдтар мазмұнын ортақтасу және қайта пайдалану мүмкіншілігін береді. Белгілі бір слайдты Слайдтар жинағында жариялап, кейінірек, оны көрмеңізге Слайдтар жинағынан қоса аласыз.

Слайдтар жинағына енгізілетін жаңартулар арқасында, сіз көрмеңізге кірістірген слайдты сервердегі Слайдтар жинағында сақталатын бастапқы слайдпен салыстыруыңызға болады. Сіз компьютеріңізде көрмені ашқан сайын, PowerPoint бағдарламасы слайдтың жаңартылғаны туралы сізді хабардар етіп, жаңарту, ескі слайдқа толықтыруларды енгізу немесе ескі слайдтың орнын жаңартылған слайдпен ауыстыру мүмкіншіліктерін береді.

Сіз Слайдтар жинағында бар слайдқа өзгертулерді енгізгенде, Office SharePoint Server 2007 уақытты белгілеп, өздіктік түрде файлды тіркейді, жұмысыңыз аяқталғанда, ол аяқтау уақытын белгілеп, файлды қайтадан тіркейді. Office SharePoint Server 2007 нұсқасының слайдқа енгізілген барлық өзгертулер жұрналын жүргізу мүмкіндігі бар. Слайдтар жинағының жаңартуларды тіркеу мүмкіндігін толық түрде пайдалану үшін Office SharePoint Server 2007 Анықтамасына қараңыз.

Слайдтар жинағындағы слайдтың ең соңғы нұсқасын табу үшін, Слайдтар жинағының тізімін сүзгілеп, оны сұрыптай аласыз. Слайдтың ең соңғы нұсқасын табу тәсіліне үйрену үшін Office SharePoint Server 2007 Анықтамасына қараңыз.

Office PowerPoint 2007 бірқатар Слайдтар жинақтарының орналасу орындарын өздіктік түрде есінде сақтайды, нәтижеде оларды табу қиынға түспейді.

Слайдтар жинақтары бар Office SharePoint Server 2007 көмегімен келесі әрекеттерді орындай аласыз:

  • Ортақтаса пайдалануға арналған орында слайдтарды сақтап ұстау.

  • Слайдтарға енгізілетін өзгертулерді тіркеу және шолу.

  • Слайдтың ең соңғы нұсқасын табу.

Беттің жоғарғы жағы

Слайдты Слайдтар жинағында жариялау

Ескерту : Слайдты Слайдтар жинағында жариялаудың алдында, Слайдтар жинақтарының тізімін Office SharePoint Server 2007 серверінде құрастыруыңыз қажет. Слайдтар жинағын жасау үшін Office SharePoint Server 2007 серверінің Анықтамасына қараңыз.

  1. Слайдтар жинағында жариялауға қалаған слайдтары бар көрмені ашу.

  2. Microsoft Office батырмасын Түймешік суреті басыңыз да, Жариялау әміріне меңзерді орналастырып, сонан соң Слайдтарды жариялау тілқатысу терезесін ашыңыз.

    Слайдтарды жариялау тілқатысу терезесі

  3. Слайдтарды жариялау тілқатысу терезесінде, Слайдтар жинағында жариялағыңыз келетін слайдтардың көздеріне құсбелгі қойыңыз.

    Слайдтардың барлығын таңдау үшін Бәрін бөлектеу әміріне нұқыңыз.

  4. Файл атауы аймағында келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бір немесе бірнеше слайд файлдарын қайта атау үшін бар слайд атына нұқып, файлдың жаңа атын енгізіңіз.

    • Слайд файлдарының әдепкі аттарын сақтау үшін 5-ші қадамға өтіңіз.

      Ескерту : Көрменің атын және бірегей слайд кодын (ID) пайдалана отырып, PowerPoint әрбір слайд файлына әдепкі атты өздіктік түрде қояды. Слайдтарыңызды басқа орынға жылжытсаңыз, слайдтың (ID) коды өз реті бойынша көрсетілмейді.

  5. Сипаттама аймағында шертім етіп, слайд файлының сипаттамасын теріңіз.

  6. Жариялау тізімінде слайдтарды жариялағыңыз келетін Слайдтар жинағының орналасу орнын енгізіп, немесе оны табыңыз да, Жариялау әміріне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Слайдтар жинағынан слайдтарды көрмеңізге қосу

  1. Слайдты қосуға қалаған көрмені ашыңыз.

  2. Слайдтар тобының Мекен қойындысында Жаңа слайд аймағындағы көрсеткіге нұқып, сонан соң Слайдтарды қайта пайдалану аймағында шертім етіңіз.

  3. Слайдтарды қайта пайдалану аймағының Слайдты кірістіру жолағына Слайдтар жинағының орналасу орнын енгізіңіз де, Слайдтар жинағын табу үшін Түймешік суреті көрсеткісіне нұқыңыз. Немесе Слайдтар жинағын табу үшін Шолу батырмасын басыңыз.

  4. Қосқыңыз келетін слайдты Барлық слайдтар тізімінен таңдаңыз.

    Слайдтың үлкенірек нобайын көру үшін, меңзерді слайдтың үстіне орналастырыңыз.

  5. Слайдтар жинағынан көбірек слайдтарды көрмеңізге қосу үшін 3-ші мен 4-ші қадамдарды қайталаңыз.

Ескерту : Біреудің сіз Слайдтар жинағынан көрмеңізге қосқан слайдқа өзгертулерді енгізгені туралы хабарды қабылдағыңыз келсе, Слайдтарды қайта пайдалану аймағының төменгі бөлімінде керекті слайдқа нұқып, Маған слайдтың өзгертілуі жөнінде хабарлау көзіне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Слайдтар жинағынан қосылатын слайдтарға өзгертулерді енгізуді тексеру

  1. Серверде сақталатын Слайдтар жинағынан қосылған бір немесе бірнеше слайды бар көрмені ашыңыз.

    Көрменің Слайдтар жинағына байланысты бір немесе бірнеше слайдтан тұратыны туралы хабардар ететін Слайд жаңартуларын іздеу тілқатысу терезесі көрсетілетін болады.

    Слайд жаңартуларын іздеу тілқатысу терезесі

    Слайд жаңартуларын іздеу тілқатысу терезесі

  2. Слайд жаңартуларын іздеу тілқатысу терезесінде Тексеру әміріне нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Көрмеңізде жаңартуға керекті слайдтар жоқ болса, Қазір жаңартылған слайд жоқ, Жарайды батырмасын басыңыз деген хабар түседі. Жарайды батырмасын басыңыз.

    • Көрмеңіздегі слайдтың нобайын және Слайдтар жинағынан слайдты көрсететін Слайдты жаңартуды құптау тілқатысу терезесі пайда болады, көрсетілген екі слайдты салыстырып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

      • Жергілікті слайдты Слайдтар жинағынан слайдқа ауыстыру үшін Ауыстыру әміріне нұқыңыз.

      • Екі слайдты толық түрде салыстыру мақсатымен жаңартылған слайдты көрмеңізге қосу үшін Үстеу әміріне нұқыңыз.

        Ескерту : Үстеу әмірі жаңартылған слайдты көрмеңіздегі ескі слайдтан кейін кірістіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×